76
II бөлім. Дидактика
Дидактикалық көзқарасқа сай оқытудың мазмүнын және үрдісін бірлікте
алып оқытуды қарастыру керек. Мысалы, білім оқшауланып та,
өзінен-өзі де
оқылмайды, өздерінің игерілу және оқыту әдістерімен зерделенеді.
Дидактика
окытуды тәрбиемен
бірге қарастырады.
Практиканы толық жетілдіру мен өзгерту міндеті бар дидактика оқытуды
тек зерттеу объектісі регінде ғана емес, ғылыми-дәйектелген қүрастыру
ретінде де қарастырады.
Мүнда біз тек дидактика пәнінің негізгі сипаттамасын баяндаймыз. Бүл
сипаттамалардың қабылданғаны мен саналғанына байланысты өте қысқа
формада көрсегуге болады:
дидактиканың пәні сабақ беру (мүғалім әрекеті)
іиен окудың байланысы (оқушының танымдық әрекеті) және олардың
арақатынастары болып саналады.
Бүған коса, дидактиканың назарында оқу үрдісінің тәрбиелік рөлі,
оқушы-
лардың белсенділігі мен шығармашылық еңбегі және олардың ойларының
дамуына қолайлы жағдайлар болады деп айтамыз.
«Дидактика» түсінігі мазмүнын толық түсіну үшін,
Дидактиканың
кысқаша ғана бүл ғылыми пәннің дамуына тарихи шолу
дамуын тарихи
берген жөн. Тарихта былай болған, үзак уақыттар бойы
шолу
«педагогика» терминімен қатар «дидактика»
термині бір
мағынада қолданылып жүрген. Ең алғаш рет оны ғылымға
неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) кіргізген және өзінің лекция курсын
«Дидакгикадан қысқаша ғана есеп нәтижесі немесе Ратихияның оқыту
шеберлігі» деп атаган. Осындай магынаны үлы чех педагогы Ян Амос
Коменский де қолданган. Ол 1657ж Амсгердамда өзінің «Үлы дидактика»
атты белгілі еңбегін бастырып шығарды.
«Дидактика»
термині грек тілінен шыққан, ягни «сіісіакіікоз» - үйренуші,
ал «сіісіазко» - зерттеуші. Я.А.Коменскийдің дидактиканы «бәрін бәріне оқыту
өнері» ретінде қарастыруын осы сөздер оятқан болар. Оның қүрамында ол
«жан - жақты моралдікке бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы оқыту
мен тәрбиелеу сүрактарын қарастырады.
Педагогика ғылымының дамуы барысында дидактика білім беру мен
оқытуға көңіл қоя бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иоганн Фридрих
Гербарт (1776-1841), И.Г. Песталоцци (1746-1827), А. Дистервег (1790-1816),
К. Д. Ушинский (1824-1870), Д. Дьюи (1859-1952), Г. Кершенштейнер (1854-
1932), В. Лай (1862-1926) жэне т.б. үлкен еңбек сіңірді.
Х1Х-ХХ ғғ. аралығында отандық дидактиканың дамуына II. Ф.
Каптерев,
С.Т. Шацкий, ГІ.П. Блонский, А.К. Гастев, А.П. Пинкевич, М.М. Ііистрак және
т.б. көңіл бөлді. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидактикада П.Н. Груздев,
М.А. Данилов, 111.И. Ганелин, Е.Я.Голант, Л.В.Занков, Б.П.Есипов, М.Н.Скаткин
және т.б. табысты жүмыс істеді. Оқытудың ғылыми негіздемесіне,
объектісі
мен дидактиканың пәнін анықтауға, педагогикалык емес ғылымдармен байла-
нысын табуға, дидактикалық зерттеудің әдіснамасын, оқыту әдістері мен
дидакгиканың басқа да өзекті мәселелерінің дамуына В.С.Ильин, В.И.Загвя-
зинский, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, П.И.Пидкасистый және
т.б. маңызды үлес енгізді. Олардың дидактикаға үлесі,
басқа зерттеушілер
үлесі сияқты, қазіргі уақыттағы педагогикада туындайтын өзекті мәселелерге
жауап табуға мүмкіндік жасайды.