КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 288
тапсырма туған өлкенің тарихын оқушылардың жеке тарихымен біріктіруге көмектеседі [2, 30б.].
Түрлі тақырыпта апталықтар өткізу Мысалы: мектептегі туған өлке тарихы апталығы. Осы аптада тарихшылармен және
өлкетанушылармен кездесулер, тарихи тақырыптағы фильмдер көрсетілімдері және тақырыптық
байқаулар сияқты түрлі іс
-
шаралар ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай іс
-
шаралар оқушылардың
өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығын арттыруға және олардың жергілікті тарих пен
мәдениет туралы терең білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді.
2. Көпұлтты және көпмәдениетті аспект Қазақстанда тарихты оқытудың бір ерекшелігі
-
елдің көпұлтты және көпмәдениетті
сипатына баса назар аудару. Туған өлке тарихы сабақтарына әртүрлі этникалық топтар, олардың
Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы ақпарат кіреді. Бұл толеранттылықты
тәрбиелеуге және әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді құрметтеуге ықпал етеді [3, 40б.] .
3. Жергілікті тарихи ресурстарды пайдалану Туған өлкенің тарихын оқыту барысында мұражайлар, мұрағаттар, ескерткіштер мен
тарихи орындар сияқты жергілікті тарихи ресурстарды пайдалану маңызды. Өйткені, далалық
экскурсиялар мен практикалық сабақтар оқушыларға өткеннің ізін көрнекі түрде көруге
мүмкіндік береді, бұл оқу процесін қызықты әрі тиімді етеді.
Білім беру процесінде жергілікті тарихи ресурстарды пайдалану оқу бағдарламасын
жетілдіріп, оқуды қызықты етеді.
Зерттеулерге негізделген жобалар Мысалы: оқушылар жергілікті қоғамдастықтың тарихын, аймақтың көрнекті тұлғаларын
немесе олардың қаласына, ауылына айтарлықтай әсер еткен оқиғаларды зерттеу арқылы
жобалармен жұмыс істей алады. Зерттеу нәтижелері ғылыми жұмыстар, бейне деректі фильмдер
немесе интерактивті веб
-
сайттар түрінде ұсынылуы мүмкін.