болып, майлы етке ңарынды кептеп, шамасы жеткенше
ңымыз бен араққа басып келе жатыр екен.
Тау алқабына жазғы жайылымға шығатын ңойшы-
лар, жылңышылар Оразқұлды қонаңңа жиі шаңыра-
тын. Олардың көбісі көз көрген дос-жарандар. Бұл ша-
ңырыстың да өз есебі және бар, Оразқұл — керек адам.
Өсірөсе, өздері тауды мекендеп орталыңңа үй салуға
ойы барлар алдымен Оразқұлды айналдырады. Вағып
отырған малыңды тастап, үй тұрғызуға керек дүниені
ңайдан іздерсің? Ең керегі ағаш емес пе? Көз алдыңда
қалың орман тұнып тұр,
егер Оразңұлдың ойынан
шыңсаң, ңалаған жөріңнен үш-төрт бөренө ңиып ала-
сың. Осылай етіп есебін таппасаң, өмір бойы таудың
жыңпылдарын аралап, меншікті үй көрмей мал соңын-
да кетесің...
Ңұрым етік киген Оразқұл анда-санда үзеңгіге ая-
ғын бір тіреп, ңалғып-мүлгіп, дел-сал болып келө жа
тыр.
Портфелін бұлғаңтатып ңарсы алдынан бала шыға
келгендө оңыс көріністен Оразқұл шошып кетіп аттың
үстінен ұшып түсе жаздады.
— Оразқұл аға, менің портфеліи бар,
мен мектепке
баратын болдым. Міне, портфелімді көрдіңіз бе? —
деді.
— Ә, сенің...— деп боңтың айтып жіберген Ораз-
ңұл, аттың жүгенін қармана берді. ¥йңы жеңіп келе
ясатқан ол қанталап кеткен көзін ашып, балаға ежірейө
қарады.
— Бұ немене, ңайдан жүрсің?
— Үйге бара жатырмын. Мына портфелімді жаңа
ғана Сейдахмет ағаға көрсеттім,— деді бала сесі ңай-
тып қалған үнмен.
— Бар ендеше, ойна! — деп бұрң етө ңалды Ораз-
құл. Ер үстінде теңселген күйі өрі ңарай жүре берді.
Мұның портфелінің Оразңұлға керегі не?
Ата-ана-
сы тастап кеткен, өзінің өйелінің немересі боп келетін
мүндай қу жетімекті ол нө қылсын. Тағдырдың мұны
мазақ еткені аз ба, ңасарысңан ңұдай өз қанасынан
шыңңан бала бермөді. Басңаларға торайдай шұбыр-
тып бергенде, бұған келгенде ңұдайдың көзі неге жұ-
мулы?
Оразқұл кемсеңдеп көзіне жас алды.
Аяныш пен
ашу-ыза аралас алңымына тығылды. Бұл өмірден ізсіз-
түвсіз кеткенім бе деген пұшайман ой зығырданын ңай-
натты. Осы ашуды енді бедеу ңатыны Бекейден а лады,
Т
195
бар бәле содан. Ңанша жыл болды, әлі сол бір қысыр
жылан...
«Сені ме, сені...» — деді іштей Оразңұл,— жұдыры-
гын тістене түйіп. Жылаған үнім шығып кетпесе екен,
деп өзін-өзі әзер ұстай, ентіге булығады. Үйге келісімен
ойелін қамшының астына алары белгілі. Оның ішкен
сайынғы салты осы. Осы бір тоң мойын өгіз қара ашу
қысңанда хайуан болып кетеді.
Бала осының артында
жалғыз аяқ жолмен келе
жатты. Кенет Оразқұлдан көз жазып қалғанына таң
қалды. Ол өзен жаңқа атын бұрып, түсті де, жүгенді
тастай салып қалың қау шөп аралас шатбұталарды ңақ
жарып жүріп кетті. Құларман теңселіп зорға барады.
Мойнын ішіне тартып, екі қолымен бетін басып алған.
Өзеннің жағасына жетті де жүресінен отыра кетті. Сөй-
тіп, қосңолдай алған мұздай суды бетіне себе берді.
Оразқұлдың мына қалпын көріп: «Е, басына күн
өтіп кеткен екен ғой, мынау ыстықта»,— деп ойлады
бала. Ол Оразқұлдың еңіреп өксігін баса алмай отыр-
ғанын сезген де жоң. Оразқұл болса қарсы алдынан
шықңан баланың өз баласы
болмағанына ыза-қорлық-
тан жылайды. Тым болмаса портфель алған баланың
қуанышына ортақ боп, адам сияңты бір-екі ауыз жылы
сөз айта алмағанына опық жейді.
Достарыңызбен бөлісу: