I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Асық ойнауда ойыншыдан қажет ететін қабілет



Pdf көрінісі
бет172/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

5.Асық ойнауда ойыншыдан қажет ететін қабілет 
A.
Toп жарған көсемдік 
B.
Тепсе, темір үзетін мықтылық 
C.
Ақылмен, айламен алар шешендік 
D.
Алдын ала болжап білер корегендік 
E.
Құралайды көзге атқан мергендік 
6.Мәтінде жауабы жоқ сұрақ 
A.
Асық ойындарының қандай түрлері бар? 
B.
Асық ойының ненің асығымен ойнаған? 
C.
Асықты кай мезгілде ойнау керек? 
D.
Асық ойындарын қайда ойнаған? 
E.
Асық ойындарының неше түрі бар? 
3 мәтін 
Тұғыр 
Құмай жүгіртіп, құс салу — ата-бабамыздан аманат болып қалған асыл өнер. 
Аушы құстарды баулуды жанына серік еткен қазақ құсбегілері оған қажетті 
жабдықтарды да өздері дайындап алған. Дана бабаларымыз ұрпағына құс 
баптаудың қыр-сырымен бірге оған қажетті құрал-жабдықтарды жасауды да 
үйретіп отырған. 
Тұғыр - бүркіттің күтіміне арналған құрылғы. Биіктігі құс отырғанда шалғысы 
жерге тимейтіндей мөлшерде, шамамен 1,5-2 қарыс (30-40 см), сирақтары жан-
жакқа талтайыңқы келген жуандығы бір білем 3-4 сирағы бар ағаштан жасалған 
"орындық". ¥сақ құстардікі, әрине, бұдан көп аласа, құс отырғанда шалғылығы 
жерге тимейтіндей ғана болады. Үстінде құс отыратын 25x10 см үстіңгі текше 
табаны немесе бір білемдей құсқонары болады. Бүркіттің тұяғы білемдей ұстап, 
таймай отыратын текше табанды тұғырдың кемері бар. Құс отыратын "құс 
басар" аталатын бөлігінің киізбен қапталуы құс тұяғын мүжілуден сақтайды. 
Қарағай, терек, самырсын сияқты ағаштардың үш ашалы бұтағынан немесе 
тамырлы түбірінен шауып жасалған тұғыр табиғи әрі берік болады. Тұғырдың 
кәдімгі бала орындығы тәрізді етіп арнайы қашап, сүргілеп дайындалғандары 
және таутекенің мүйізінен үш аяқты етіп, жиналып- кұралатын түрлері бар. 
Ауқат дәрежесіне сай құсбегілер тұғырды "алтынмен аптап, күміспен күптеп", 
сирағына құйма көз орнатып, сәндетіп дайындатады. Тіптен қасқыр, түлкі 
бейнесінде жасалған тұғырлар бүркітті алғыр етеді деп сенген. Тұғыр бүркітке 
жайлы, орнықты болып, отырғанда құйрығы, шалғылығы жерге тимеуі керек. 
Ол мойнын қайырып отырып, екі аяғын кезекпен ішіне тартып көтеріп, сыңар 
аяқпен ұйықтайды. Еркін тыныстап, денесі сергек отырады. 
Тұғыр үйдің оң жақ босағасына қойылады әрі қастерленіп, мұрагерлікке 
калдырылатын қасиетті бұйым есебінде жүреді. Тұғырға басқа табиғи заттарды 
- шым, тас, саз пайдаланады: шым құс тұяғының өсіп-жетілуін, тас өткірленуін, 
саз құс денесін салқындатуын қамтамасыз етеді. Қартайған қыран қүстардың 
аң-құсқа түсер қауқары болса, "Әлі түғырдан тайған жоқ" дейді. Ал қыран 
құстар баршын тартып, әбден қартайғанда тұғырда отырып қалғып кетіп, құлап 
қалатындығына байланысты «тұғырдан тайды» дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет