121
әрекет
үдерісін және оның мазмұндық негізін
зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде
тиімді білімге жетудің әдістеріне көп көңіл бөледі, осы
білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Педагогикалық зерттеудің теориялық негізі
туралы білім көптеген оқу құралдарының «Идея,
жетекші ой және
болжам зерттеудің теориялық
ядросы» деген тармақшаларында беріліп жүр.
Зерттеуші болашақтағы нәтижеге қол жеткізу үшін
қандай
жолмен жүру керек, ненің көмегімен
жоспарланған нәтиже алынатынын тек болжам жасау
арқылы пайымдай алады. Алдын ала жобалау
мақсатында білім алушы әуелі өзінің санасында
болжамды қалыптастырып алады.
Логикалық
тұрғыдан қолданыстағы теория түсіндіріп бере
алмайтын ғылыми фактілерді талдаудан жетекші
идеяға, одан кейін болжамға айналатын объектіні
қайта жаңартып құруға қажет жаңа ой жүйесіне қарай
ұмтылысты
қозғалыс басталып, іске асырылады.
Осыған орай ғылыми
факт туралы мәселеге оралу
керек болады. Бірақ, факт құбылыс емес. Факт
дегеніміз
–
көптеген құбылыстардың және
байланыстардың көрінісі. Демек, педагогикалық факт
деп орта жағдайлары мен тұлға дамуы факторлары
арасындағы белгіленген көп рет қайталанған және
тіркелген байланыстарды атауға болады. Фактілердің
жиналуына қарай іске асырылуының жетекші идеясы
бар жаңа теорияға қажеттілік туындайды.
Идеяның
тууы және оның іске асуы болжам түріндегі
теориялық ядроны құрайды. Бастапқы фактілерді
122
талдап және бағалап алғаннан кейін нақты зерттеудің
теориялық тұжырымдамасының негізгі қағидалары
бөлініп
көрсетіледі.
Бұндай
теориялық
тұжырымдаманың негізіне барынша тексерілген,
бірақ бұл зерттеуде
тексерілмейтін қағидаттар
алынады. Мысалы, «денсаулық мектебін» құру немесе
реабилитациялық
-
балалық орталығын құру идеясы
туралы сөз болғанда, ең жоғары адами құндылық
ретіндегі денсаулық
жайлы бастапқы қағидалар
алынады.
Енді осы бастапқы қағиданы бірнеше рет
«елегіштен» өткізіп, қағиданың келешекте керек, яғни
өзімізге
ұнайтын қалпын ойша елестетіп көру қажет.
Осы әрекеттің шарттары, тетіктері,
құралдары
іздестіріледі. Мұнда, қайта жаңғыртып құру
идеясы
өмірге келеді. Сонымен, бастапқы ұстанымды
жаңарту тізбегі былайша көрініс табады:
Достарыңызбен бөлісу: