77
психологияның бір бөлігі, ол педагогика емес, өйткені психолог оқыту мен
тәрбиелеу жағдайын
-
да адамның психикасын зерттегенде өз пәнінің аясында
қалып оты
-
рады. Педагогикалық пәндерді әр түрлі негізде жіктегендіктен
белгілі бір қиындықтар туындайды. Негізгі білім беру әрекеттеріне
–
тәрбие
мен оқытуға сәйкес оларды оқып үйренетін
тәрбие теориясы, оқыту
-
дың
педагогикалық
теориясы
–
мазмұнын, әдістерін және ұйымдас
-
тыру
формаларын ғылыми негіздейтін
–
дидактика бөлініп шықты.
Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физио-логия
және басқа ғылымдармен байланысының түрлері.
Белгілі бір мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу
жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай
-
ақ
ғылыми
танымның жалпы күйіне бағынышты.
Педагогиканың басқа ғылыми
пәндермен байланысының тетігін тек дайын педагогикалық білімдерді
іргелес ғылымдардағы сол сияқты білімдермен
жай салыс
-
тыру арқылы ғана
ашуға болмайды. Бұны тәрбие теориясынан, дидак
-
тикадан,
әдістемеден,
мектептанудан және т.б. зерттеу үдерісінің түр
-
лі типіндегі ғылымдар
нәтижелерін алудың мақсаттары мен тәсілдерін талдау негізінде ғана жасауға
болады. Бұндай
байланыс төрт түрге бө
-
лінеді. Ең маңыздысы
басқа
ғылымдардың
тұжырымдарын жинақ
-
тайтын негізгі идеяларды, теориялық
қағидаларды пайдалану болып табылады. Екінші түрі
–
ғылымдарда
қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану. Үшінші түрі
–
кейбір
ғылымдардың
мәліметтерін, олардың зерттеулерінің нақты нәтижелерін
пайдалану. Төртінші түрі
–
кешенді зерттеулер.
Тегінде,
педагогикаға кез
-
келген ғылыми білімдер жарайды, ол кез
-
келген ғылыми пәнмен әрекеттесе алады. Бірақ солардың ішінде екі ғылым
саласымен қарым
-
қатынасы ерекше. Бұл философия мен психология.
Философия
–
барлық ғылымның шығу тегі, ал психология дәстүрі және мәні
бойынша педагогика ғылымының міндетті және тұрақты серігі. Бұл
ғылымның екі саласының педагогикамен ара қатынасы арнайы қарастыруды
талап етеді. Педагогиканың филосо
-
фиямен
байланысы
–
педагогикалық
ойлардың дамуының біртұтас шарты. Философиялық білімдер
педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді.
Олар теориялық зерттеу
–
тәжіри
-
бемен тікелей, педагогикалық болмыспен
–
жанама, ал философиямен тікелей байланыста болатындықтан,
педагогикалық
теорияны құру үшін керек.
Достарыңызбен бөлісу: