253
Бірак, әрқашан: «Ұшкан шыбын, жорғалаған қоңыз жоқ» деп қайтып келеді.
«Іште қалады! Шыңғыс ішіне тартады!» деп, ол жақты да арылтады. Сонда да
дерек болмайды.
Балағаз болса, өз айласын қатерге сүйеп, үлкен ерлікпен істейтін. Ол
қадалған аулынан қалаған малын алысымен қаша жөнелмейді. Найманға да тез
жөнелтпейді. Қайта бес-алты күн өткенше, жұрт аяғы басылғанша,
Тобықтының өз ішінен тапжылтпайды. Алысқа да әкетпейді. Тіпті, сол мал
жоғалтқан ауылдың дәл өзінің қасында, қой ерісіндей ғана жерде жүреді.
Сезікті болатын қиындарға, қарауыл биіктерге әсте жоламайды. Бұл жазда ол
жерлерді шалғыншылар ғана кезетін.
Бір алғанда, жылқыны бес-алтыдан артық алмайды.
Сол топты, жылқы
ішінен шығарып алысымен, Балағаз өз жігіттеріне тегіс мінгізіп қояды.
Жылқы алардың алдында бұл жолдастарын жаяу ұстайды. Оларда жүген мен
ішпектен басқа түк болмайды. Түн ішінде елеусіз бір адырларға соларды әкеп
тастайды да, Балағаз, Әділхан, Абылғазылар жылқы әкеледі.
Алынған жылқыны жігіттер мініп алған соң, Балағаз өзі әрқашан
қарауылда отырады. Аналар ойда жатып, мұның белгісін тосып отырады. Ауыл
жақтан шыққан қуғыншы мен жай жүргінші көрінсе, Балағаз саспастан отырып,
бетін бағады. Жігіттеріне бұйрық етіп аттарына мінгізіп қояды да, анау
кісілердің бетінен ғана тайдырып отырады. Олар әсте қашпайды, тек қана бір
бел асып түсіп, бір қолаттан екінші қолатқа ғана ауысады. Сүйтіп, кей уақытта
жоқшылар мен бұл жігіттердің
арасында бір-ақ қана далда, бір ғана бел қалып
отырады. Малы алынып, сабылып жүрген ауылдың иегінің астында болады.
Тынығу керек болғанда, қуғыншылардың жаңа ғана арылтып келген
жерлеріне барып бекінеді. Осындаймен бірнеше күн өткізеді де, жалғыз-ақ
түннің ішінде, жолдастарының бетін Найманға қарай бірақ түзейді.
Қарашаның аулына Құнанбай жіберген кемпір бұл айланың бірін де білген
жоқ. Ол түк білмей қайтушы еді. Өйткені Балағаздар өз үйлеріне мал
соймайтын. Алған жылқыларын әсте маңайлатпаушы еді. Жалғыз-ақ, бір-ақ
жол ғана Абылғазы ашқарақтық істепті. Найман
жігіттерін алысқа ұзатып,
қуғыннан құткарып болған соң, елсіз судың басында бір семіз тай сойылып еді.
Соның бір ғана телшесін Абылғазы өз үйіне әкепті.
Осы ет ел жатар кезде, түнде асылып еді. Бірақ кемпірдің мұрны жылқы
етінің иісін біліп қапты. Ол ет піскенше, сырттан аңдып, дәл табаққа салып,
Абылғазының алдына келген уақытта оқыс кіріп келіп, телшені көрген. Тайдың
телшесі екенін де танып алған.
Құнанбай Байдалыға кісі салды. «Қараша туысқанын өзі қақсын, сыбысы
шықты. Айғағым бар. Тек арылып берсін.
Егер Қараша танатын болса,
Кауменді кепілге өткізсін. Қаумен сезетін болу керек. Жалғанға жанын
бермейді. Сенсем, тоқтасам, соның ар-иманына сеніп қана тоқтаймын», депті.
Байдалы Қарашаға салмақ салған жок. Тұп-тура Қауменге жабысты.
Қаумен өзінің Қарашадан да, тіпті Балағаздан да безгенін айтты. Байдалы
болмады. «Не қара деп шық! Немесе ақтап кет. Құнанбай сенен жан алса ғана
тоқтайды. Көзің жетсе, адал болса, жан бергеннің күнәсі жоқ. Қайта ағайының
мен туысыңды нақақ жаладан құтқарасың» деген еді.