35
осылайша: «ойбай баурым» деп шабады. Үйдегі екеуінің де жүректері су
ете
түсті. Кәрі шеше бұл дауысты естіген жоқ.
Ұлжанның көңіліне алғаш қорқыныш үстінде кеп қалған ой: «Осы үйдің
біреуі жазым болды ма, әлде Құнанбайдың өзі жазым болды ма?» деп еді.
Шошып, елең еткен бойында құлағын сыртқа бұрды.
Үркіп қалғандықтан аңғара алмапты. Тасырлатып шапқан ат даусы жоқ.
Өзі жақын жерде және жаяудың үні. Абай бұрын біледі. Даусын әдейі
жуандатып зорайтып айғайлағанмен, баланың үні. Тіпті, дәл тентек Оспанның
үні екен.
Ол даладағы ойыннан қайтып келе жатып, «жаман ырым»
анау-мынау
дегенге қарамастан, қаннеи-қаперсіз өтірік жылауды үдетіп:
- Ойбай, бауырым Қодар!.. Ойбай, Қодар, - деп, санын сабап шауып келді.
Қодардың өлімі барлық ауылға да, оған да естілген. Жаңа, кешке жақын, бұлақ
басындағы бір тақырға жиналған өзі кұрбы балаларды бастап осылай ат қоюды
көп ойын қылған. Тақырдың ортасынан шұқыр қазып, соған бір қу сүйекті әкеп
бейітше томпайтып көміп қойып жан-жақтан андыздап «ат қойып», ұзақ
шуласқан.
Ұлжан Абайдың сырқатының үстінде өзін жаңағыдай жаман шошытқан
Оспан мінезіне қатты ашуланды.
Күні бойы батпақ кешіп, аяғы әрі былғаныш, әрі күс-күс болған Оспанды:
- Бері келші, әй, балам! Бері келші! - деп, ешбір сыр білдірмей, ұрыспай
шақырды. Ұрсып, зекіп сөйлесе Оспан мұндайдағы әдетіне басып, қаша
жамандасып, колға түспей қояды. Ол қазір шешесіне қарай тарпылдап жүгіріп,
дәл от басынан Абайдың төсегіне дейін бір-ақ секіріп,
Ұлжанның тізесіне соға
дүрс етіп кеп түсті.
Шешесі мұны сол қолынан шап беріп ұстап алып:
- Сен жаңағы ат қойған деген пәлені қайдан шығардың? Оның жаман ырым
екенін айтпап па едім! Үйде бала ауырып жатқанда, өй итқуар жынды неме! -
деп, жұлқып қалып етпетінен салып, құйрығана шапалақпен салып-салып
жіберді.
Оспан әкесі ұрғанда жыламаса да, шешесі ұрған уақытта тіпті жылауық.
Әке жылағанға қарамайды. Ал, шешесіне қарсы кейде бұның емі бар. Бас
қорғаудың жылауы. Қазірде де бақырып,
бар даусымен шырқап, азан-қазан
қылды. Шешесінен босап барып сол жақтағы биік сүйек төсектің үстіне секіріп
шығып, етпетінен жатып ап жылады. Бірақ, бұл жолы қанша жыласа да, оған
қайысып, уатам деген шеше жоқ. Оны біледі. Сондықтан аяқ кезде көзде жас
болмаса да, өтірік анда-санда бір бақырып қойып жатыр. Өзі де жылауынан
жалыға бастады. Енді тағы да ойнақы тентек мінезіне бой ұрып,
жылаған боп
жатып, әредікте қысқа ғана:
- Ойбай, бау-рем! - деп қояды. Бір-екі рет қайырып көзінің астымен шеше
жаққа қарап жатыр, қозғалған кісі көрінбейді. Сондықтан тағы бір бақырып
қойып, соның артынан және бір тың бәлені шақырып, жынды ұлғайтты.
- Ойбай, бау-рем Абай! - деп қойып, сұнк етті. Абай басы ауырып жатса да,
еріксіз күліп жіберді.