Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық


тұЛғаЛар Есімшенің анықтауыштық қызметі. Ортақ етіс V БӨЛІМ



Pdf көрінісі
бет29/33
Дата11.11.2019
өлшемі20,41 Mb.
#51584
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
OKB12018


тұЛғаЛар
Есімшенің анықтауыштық қызметі.
Ортақ етіс
V БӨЛІМ
екІншІ 
саБаҚ
Есімшенің анықтауыштық қызметі
 
 
 
 
Есімше  формалары  сын  есім  сияқты  заттың  белгісін  аңғартып,  сөйлемде  қандай?  деген 
сұраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. 
 
Кеше кел
ген
 адам не айтты? 
 
Қазақстанда көрме
ген
 қалаларым көп екен ғой.
 
Айт
қан
 сөзі шын емес, мен оған сене қоймаймын.
 
Әуежайдан күтіп ал
ған 
затың қайда?
Сын есім мен есімшенің заттың белгісін білдіруі бірдей емес. Сын есімдер заттың тұрақты 
белгісін білдіреді, ал есімшелер қимыл-әрекет нәтижесінде пайда болған өзгерісті аңғартады.
 
ақ шаш – ағарған шаш
Есімшелер сын есім сияқты көптеледі, тәуелденеді, септеледі.
Ортақ етіс
Етіс –  іс-қимыл мен оны орындаушының арасындағы қатынасты білдіреді. 
Ортақ етіс –  істің бірлесіп, ортақтасып істелгенін білдіреді. 
Тапсырманы орында
с
қан адам осы кісі. 
Әсемнің айт
ыс
қан
 
кісісі менің ағам екен. 
Жасалуы: 
Етістік +  -ыс, -іс, -с +жіктік жалғауы
Бізбен дүкен аралап, киім көр
іс
кен 
 
сенсің.
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер де ортақ етіс 
мағынасын береді:
 
Сен әкеңмен ақыл
дас
.
 
Біз танымал жазушымен пікір
лес
тік.

305
МаМандыҚтың БәрІ жаҚсы
 Зат есім тудырушы жұрнақтар
Белгісіздік есімдігі
VI БӨЛІМ
БІрІншІ 
саБаҚ
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі – заттар мен құбылыстарды және олардың сан, сапа белгілерін, мекен, 
амал т.б. анық ашпай, тұспалдап қана көрсететін, яғни мағыналары нақтылы түрде берілмей, 
белгісіз  мәнде  айтылатын  есімдіктің  түрі.  Мысалы,  кейбіреу,  қайсыбір,  әркім,  әрбір,  әлдекім, 
бірнеше, әлдеқашан т.с.с.
 
Біреу
 маған қараған сияқты. 
 
Бұл ұшу кестесі 
әлдеқашан
 өзгеріп кеткен.
 
Бірнеше
 кітапханадан іздегенімді таппай келемін.
Белгісіздік есімдігі жіктеледі, тәуелденеді, септеледі.
Жіктелуі:
Мен біреу
мін
Біз біреу
міз
Сен біреу
сің
Сіз біреу
сіз
Сендер біреу
сіңдер
Сіздер біреу
сіздер
Ол біреу
Олар біреу
Тәуелденуі:
Менің біреуім
Біздің біреуіміз
Сенің біреуің
Сіздің біреуіңіз
Сендердің біреулерің
Сіздердің біреулеріңіз
Оның біреуі
Олардың біреулері
Септелуі:
септік
әлдекім
кейбіреу
А.
әлдекім
кейбіреу
І.
әлдекім
нің
кейбіреу
дің
Б.
әлдекім
ге
кейбіреу
ге
Т.
әлдекім
ді
кейбіреу
ді
Ж.
әлдекім
де
кейбіреу
де
Ш.
әлдекім
нен
кейбіреу
ден
К.
әлдекім
мен
кейбіреу
мен

306
Зат есім тудырушы жұрнақтар
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Туынды зат есімдер жұрнақ арқылы жасала-
ды.
Менің анам тігін
ші.
Сенің басты жауың – жалқау
лық.
Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар:
Зат есім+
жұрнақ
мысалы
-шы, -ші
жұмысшы
-шылық, -шілік  
адамшылық
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
адалдық
-кер, -гер
саудагер
-кеш, -стан, -паз, -қой, -қор, -хана
шайхана, сәнқой
Біздің бастық еңбекқор
лық
ты жоғары бағалайды.
Бұл қызмет орнына үміт
кер
 саны өте көп. 
МаМандыҚтың БәрІ жаҚсы
Біріккен сөздер. Қос сөздер.
Бөлшектік сан есім
VI БӨЛІМ
екІншІ 
саБаҚ
Қос сөздер
Қос сөз – екі сөздің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз. Қос сөз де-
фис арқылы жазылады. 
Бұл дәріхана 
күндіз-түні
 ашық, тәулік бойы жұмыс істейді.
Неге 
қайта-қайта
 сұрай бердің? 
Су-пу
 іше салшы, кешігіп барамыз?
Түрлері:
Қайталама қос сөз – сыңарлары бір түбірден, яғни бір түбірдің  қайталануынан жасалатын 
қос сөз. Біз 
көзбе-көз
 сөйлесуіміз керек.
Жасалуы:
жасалуы
мысалы
Бір түбірдің қосымшасыз түрде қайталануынан жасалады.
үлкен-үлкен
Бір  түбірі  қосымшала,  бір  түбірі  қосымшасыз  түрде 
қайталануынан жасалады.
бір-біріне
Бір  түбірдің  әртүрлі  қосымшамен  қайталануынан 
жасалады.
орынды-орынсыз

307
Түбірдің  бір  сыңары  дыбыстық  өзгеріске  ұшырап 
жасалады.
түп-түзу
Екінші  сыңары  бірінші  сыңарына  еліктеу  мәнінде  келіп 
дауыссыз  дыбыстан  басталатын  сөздің  бірінші  дауыссыз 
дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын 
сөздің алдына м, п, с дыбыстары қосылып жасалады.
кісі-місі, қағаз-мағаз
Қосарлама қос сөз  – әр түрлі сөздердің қосарлануынан жасалатын қос сөз. 
 
Тойға алыс-жақын туыстардың бәрі жиналды. 
Жасалуы:
жасалуы
мысалы
Сыңарлары синонимдес болып келеді.
ашу-ыза
Сыңарлары антонимдес болып келеді.
ілгері-кейін
Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келеді.
бала-шаға
көрші-қолаң
Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.
Анда-санда
бірен-саран
Сыңарлары әртүрлі сөздер болып келеді.
ғылыми-көпшілік
саяси-әлеуметтік
Біріккен сөздер
Екі немесе одан да көп түбірлердің бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап 
беретін сөз біріккен сөз деп аталады.
 
Бұл 
кәсіпорын
 немен айналысады?
 
Оның 
еңбекақысы 
жоғары екен.
 
Көшбасшы
 болу үшін табандылық, білімділік деген  қасиеттер керек.
Жасалуы:
1) Күрделі сөз құрамындағы түбірлердің тұлғалары сақталып, өзгеріске ұшырамайды. 
 
Мынау –
 Темірқазық
 жұлдызы.
2)  Сөз  құрамындағы  түбірлердің  тұлғалары    өзгеріске  ұшырайды,  дыбыстық  жағынан 
ықшамдалады. Мұндай сөздер кіріккен сөздер деп аталады.
 
Қорытынды жиналыс 
бүгін
 болады. 
Емлесі:
1. Біріккен сөздер үнемі бірге жазылады. 
Бұл жерде
 кәсіпорын
 бар ма?
2. Жан-жануарлар мен өсімдік атаулары бірігіп 
жазылады. 
Ақбөкендер
  мекендейтін  жер. 
Бұл жерде 
есекмия
 өспейді.
3.  Терминге  айналған  техника,  мәдениет,  өнер, 
спорт,  дін,  саясат,  т.б.  салаларға  қатысты  зат, 
ұғым атаулары мен әр түрлі мамандық атаулары 
және күрделі жалқы есімдер бірігіп жазылады. 
Мен  дүкеннен 
шаңсорғыш 
сатып алдым. 
4. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен 
есімдіктер мен үстеулер түбір тұлғасын сақтап, 
бірге жазылады. 
Ешбір
 адам келмеді.
Ол 
біржолата
 кетіп қалды.
5.  Екі  немесе  үш  түбірден  біріккен  кісі  аттары 
мен географиялық атаулардың түбірі сақталып, 
бірге жазылады.
Оның 
досы 
Талдықорған 
қаласында тұрады. 

308
6. Екінші сыңары к, қ дыбыстарынан басталатын 
кейбір  кісі  аттарын  жазу  кезінде  алдыңғы  сөз 
қатаң дыбысқа аяқталса к, қ, ал алдыңғы дыбыс 
дауысты  немесе  ұяң,  үнді  болса,  келесі  түбірде 
алғашқы дыбыс г, ғ дыбыстарымен жазылады. 
Біздің 
топта 
Амангелді, 
Нұргелді 
және 
Ботагөз 
оқиды. 
Бөлшектік сан есім
Заттың бөлшектік санын білдіретін сан есім, математикалық ұғымға негізделген сөздер. 
Құрамы жағынан тек күрделі ғана болады.  
 
Жұмыстың 
үштен бірі
 бітті.
 
Өнімнің 
тең жартысы
 жөнелтілді.
 
Жұмыссыздық 
2,5
 пайызға артып отыр.
Құрамы:
1)Сөздердің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда тұрады: үштің 
екісі, жүздің жиырмасы.
2)Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда болады: екіден бірі, 
сегізден алтысы.
3)Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септікте болып келеді: оннан төрт, 
жүзден он, мыңнан бір.
4)Бірінші  сыңары  шығыс  септікте,  екінші  сыңары    тәуелдік  жалғаудағы  бөлік  сөзінің 
тіркесуімен жасалады: жүзден он бөлігі.
5)Белгілі бір заттың тиісті бөлшегін атау үшін есептік сан есімдерге жарым, ширек, жарты 
сөздері тіркеседі: алты жарым, үш ширек.
6)Таза  математикалық  бөлшектік  санда  бүтін  сөзі  қолданылады:  он  бүтін  алтыдан  екі, 
отыз жеті бүтін жиырмадан тоғыз.
ОтандыҚ тауар
Болжалдық сан есім
Мөлшер үстеуі
VII БӨЛІМ
БІрІншІ 
саБаҚ
Болжалдық сан есім
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл көрсетпей, шамалап, болжалдап білдіреді.
 
Он
даған 
адам келе жатыр. 
 
Айымның әкесі қырық
тар
дағы кісі екен.
 
Оның шет елден алған хаттары
 
он
 шақты 
болып қалады.
Жасалуы:
Жалғаулармен:
 
1. Көптік жалғаумен: Сағат 
алтылар
 болды.
 
2. көптік және септік жалғаулармен: Мен сағат 
алтыларда
 келемін.
Жұрнақтармен:
 
1. -даған, -деген, -таған, -теген: Ол 
ондаған 
кітапты ақтарып отыр.
 
2. –дап, -деп, -тап, -теп, -лап, -леп: Адамдар 
ондап, жүздеп
 келіп жатыр.
 
3. –дай, -дей, -тай, -тей: Содан бері алты 
сағаттай
 өтті.

309
Синтаксистік тәсіл:
1. Есептік сан есімдердің қосарлануымен: бес-алты, жиырма-отыз.
2. Шақты, шамалы, шамасы, қаралы сөздерінің тіркесуімен: жүз қаралы, он шақты.
Мөлшер үстеуі
Мөлшер үстеуі   қимылдың мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді. 
 
Бұл жылы қыста 
онша
 суық болмады.
 
Отандық өнім 
едәуір
 көбейіп қалды. 
Сұрақтары: қанша? қаншама? қаншалық?
 
Бұл бөлім қызметкерлерінің білімі 
анағұрлым
 жоғары екен.
ОтандыҚ тауар
Одағай
Өзгелік  етіс
VII БӨЛІМ
екІншІ 
саБаҚ
Одағай
Одағай  дербес  мағынасы  жоқ,  адамның  көңіл  күйін  білдіретін  немесе  жануарларға 
қаратылып айтылатын сөз.
 
Бәрекелді
, жоспарды асыра орындапсыздар!
 
Ойпырым-ай
,  биыл қыс суық болатын сияқты.
 
Қап!
 Бүгінгі істі ертеңге  қалдырмау керек еді.
 
Қазір демалысқа кетсем ғой,
 шіркін
!
Түрлері:
атауы
мағынасы
мысалы
Көңіл күй одағайы
Адамның көңіл күйін білдіретін сөздер
алақай
әттең 
бәрекелді
Жекіру одағайы
Жекіру,  тыйым  салу  мәнін  білдіретін 
сөздер
тәйт
жә
тек
Шақыру одағайы
Мал,  ит-құсты  шақыруға  не  қууға 
байланысты айтылатын сөздер
шөре-шөре
құрау-құрау
көс-көс
Тыныс белгісі:
Сөйлемде үтірмен ажыратылады.

310
Өзгелік етіс
Өзгелік етіс істің үшінші біреу арқылы орындалғанын білдіреді.
 
Бұл ойыншықтар баланы еріксіз күл
дір
еді. 
 
Олар осы жобаны іске ас
ыр
ады. 
Жасалуы:
Етістік +
 -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір
 
Дайын өнімді тікелей дүкенге жөнел
т
еміз. 
 
Ағаштарды көктемде осы жерге отыр
ғыз
амыз.
сән әЛеМІ. ҚазаҚстандыҚ сәнГерЛер
Есімше
IX БӨЛІМ
БІрІншІ 
саБаҚ
Есімше – етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. 
Есімше – сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол 
жіктеліп, етістік қызметін атқарса, ал есімдерше түрленіп ( септеліп, тәуелденіп, көптеліп), есім 
қызметін атқарады.
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:
1. -ған, -ген, -қан, -кен: айт -қан, жаз - ған, көр - ген, кет – кен
2.  -ар, -ер, -р және етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін  -с: айт -ар, жаз -ар, көр -ер, көр -ме -с. 
Мысалы: Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес. Асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар.
3. – атын, - етін, - йтын, - йтін: бар - атын, кел - етін, қара - йтын, сөйле – йтін
4.- мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек: бар - мақ, кел - мек, жаз - бақ, без - бек, шаш - пақ, төк – пек. 
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
  Бастауыш:  Сөйлемде  атау  септігінде  тұрып  бастауыш  болады.  Мысалы:  Жаз+ған  үндемеді. 
Оқы+ған білімді болады. 
Баяндауыш:  Жіктеліп,  баяндауыш  болады.  Мысалы:  Ертең  мектепке  бар+ар+мын.  Қызықты 
қазір көр+ер+сің. 
Толықтауыш: Атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып, толықтауыш 
болады. Жұрнақтары: -ған-ген-қан-кен
Мысалы: Ұял+ған+ды Құнанбай кешірмейтін. Ол оқы+ған+дар+ын айтып берді. 
Пысықтауыш: Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде немесе көмекші есіммен, септеулік 
шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады. Мысалы: Біл+мек+ке (Б.с.) кетті көңілі. Осыны сез+ген 
сайын (қашан?) Абай тоқтаусыз жыр тереді. (М.Ә.) 
Анықтауыш:  Есімше  зат  есіммен  тіркесіп  немесе  ілік  септігінде  тұрып  анықтауыш  болады. 
Жұрнақтар:  -ған-ген-қан-кен-атын-етін-йтын-йтін-ушы-уші.  Мысалы:  Көш+кен  (қай?)  ауылды 
іздеп табалық. (Ы.А.) Айт+қан+ның (кімнің?) аузы жаман, көр+ген+нің (кімнің?) көзі жаман. 
Ескерту:  Көптік  жалғау  –ған,-ген,-қан,-кен,-атын,-етін,-йтын,-йтін  тұлғалы  есімшелерге  ғана 
жалғанады. 
Есімшенің  –ар,-ер,-р,-с,-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек  тұлғаларына  көмектес  септік  жалғауы 
жалғанбайды. 

311
Есімшенің жұрнақтары арқылы етістіктің шақ категориясы жасалады. 
1. –ған-ген-қан-кен : бұрынғы өткен шақ есімшесі. 
2. –ар-ер-р : болжалды келер шақ есімшесі. 
3. –атын-етін-йтін-йтын : ауыспалы өткен шақ есімшесі. 
4. –мақ-мек-бақ-бек-пақ-пек : мақсатты келер шақ есімше. 
сән әЛеМІ. әЛеМдІк сәнГерЛер 
Сын-бейне үстеулері
IX БӨЛІМ
екІншІ 
саБаҚ
Сын-қимыл (бейне) үстеу
Сын-қимыл (бейне) үстеу қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіреді. 
Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? 
Сын-қимыл (бейне) үстеуі, көбінесе, етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, 
тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос 
жүрді т. б. 
Сын-қимыл (бейне) үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды  түбір немесе күрделі 
түбір бола береді.
ас МОЛ БОЛсын 
Белгісіздік, сұрау есімдіктері
X БӨЛІМ
БІрІншІ 
саБаҚ
БЕлГІСІЗДІК ЕСІМДІГІ
Затты,  сындық  белгіні,  сан-мөлшерді  белгісіз  етіп  жорамалдап,  тұспалдап  көрсету  мәнін 
білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. 
Белгісіздік  есімдігіне  біреу,  кейбіреу,  бірдеме,  әрне,  әлдекім,  әлдене,  әркім,  кімде-кім, 
бір,  қайсыбір,  кейбір,  қайсыбіреу,  әр,  әрбір,  қайбір,  бірнеше,  әлденеше,  біраз,  әрқалай, 
әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан дегендер жатады.

312
Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар:
1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері екінші есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз т. 
б.) тіркескеңде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есімдермен) тіркескенде, 
бөлек жазылады. 
2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік 
есімдіктер зат есім орнына жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында жұмсалып, 
сөйлемде  атау  септікте  бастауыш,  барыс,  табыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  септіктерде  тұрып 
толықтауыш, ілік септікте анықтауыш қызметтерін атқарады.
3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір дегендер сын есім орнына жұмсалып, әлденеше, бірнеше, 
біраз дегендер сан есім орнына жұмсалып, әдетте анықтауыш қызметінде қолданылады. 
Белгісіздік  есімдігінің  бұл  түрі  кейде  тәуелденіп,  септеліп  келіп,  заттанып,  атау  септікте 
бастауыш,  барыс,  табыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  септіктерде  толықтауыш  қызметінде  де 
жұмсалады. 
4.  Әрқашан,  әрқалай,  әлдеқашан,  әлдеқалай,  әлдеқайда,  әлдеқайдан  деген  белгісіздік 
есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін 
атқарады. 
ас МОЛ БОЛсын 
Көсемшенің қимыл-сын пысықтауыш қызметі
X БӨЛІМ
екІншІ 
саБаҚ
Көсемше — өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категория. 
Негізгі көсемшені сөйлемдегі басты функциясы негізгі іс-әрекеттің өту амалын жанама түрде 
сипаттау.

313
 
Негізгі  іс-әрекет  әр  түрлі  формада  және  түрлі  қызметте  тұруы  мүмкін  (әсерлене 
оқыды,  сылдырап  аққан  су,  ишаралап  айтқанды  түсінбедің  т.  б.).  Негізгі  көсемше  сөйлемде 
пысықтауыштық қызмет атқарады. Бұл жағынан алғанда ол үстеу мен етістікті жалғастырушы 
буын ретінде әрекет етеді. Үстеулердің сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарып, етістіктің 
сын-сипатын, мақсатын, мезгілін т. б. амалдарын сипаттайтыны секілді негізгі көсемшелер де 
осы міндеттерді толығымен орындайды. 
БІЛІМ. БІЛІМ - теңІз, Мектеп - кеМе
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
XI БӨЛІМ
БІрІншІ 
саБаҚ
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - 
сөйлемнің
 бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір 
ғана 
сұраққа
 жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір 
сөз табынан
 жасалып, бір ғана 
сөзге 
қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері 
бола алады.
Бірыңғай 
бастауыш
:  Жаз  келер,  қыстыгүні  қысым  етіп,  Қар,  суық,  аяз,  боран  — 
бәрі  кетіп.  Бірыңғай 
баяндауыш
:  Ат  міндім,  атан  алдым, 
шекпен
  кидім,  Жөнім  жоқ 
сені  мақтай  сөйлемеске.  Бірыңғай 
толықтауыш
:  Бай  бейілін,  мейірін,  Сән,  салтанат 
сейілін,  Ақыл  күшін,  зейінін,  Ең  ақыры,  төбетін,  Күймен,  жырмен  мадақтап,  Бәйіт  қылып 
беретін. Бірыңғай 
анықтауыш
: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте 
берсең . 
Көсемше
етістіктің негізгі бір түрі
есімше сияқты екі түрлі мәнде, екі 
түрлі қызметте жұмсалады
Көсемше
негізгі қимыл, амалды 
білдіреді
көбінесе күрделі 
етістіктің құрамына 
келеді
жекеше, көпше болып 
бөлінбейді
сол қимыл, амалды 
айқындап тұрады

314
БІЛІМ 
Болашақтың кілті – білімде 
XI БӨЛІМ
екІншІ 
саБаҚ
СЕБЕП-САлДАР САлАлАС ҚҰРМАлАС СӨйлЕМ
Құрамындағы  жай  сөйлемдердің  бірі  екіншісінде  айтылған  ойдың  болу  себебін  білдіретін 
салаластың түрін себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дейді.
Жалғаулықтар:өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десең, сол себепті т.б.
Себеп-салдар  салаласта  бір  жай  сөйлем  екіншісінде  айтылған  ойдың  болу  себебін  білдірсе, 
екіншісі білдіретін ой оның салдары болып табылады. 
Себеп-салдар салалас құрмалас

315
Жалғаулықты себеп-салдар салаластар
өйткені,  себебі  деген  шылаулар  арқылы 
құрмаласқанда,  алдыңғы  жай  сөйлем  салдар 
мәнді  болып  келеді  де,  екінші  жай  сөйлем 
ондағы ойдың болу себебін білдіреді.
сондықтан, сол себепті шылаулары арқылы 
құрмаласса, алдыңғы жай сөйлем екінші жай 
сөйлемдегі ойдың болу себебін білдіріп, себеп 
мәнді  болып  келеді  де,  екінші  жай  сөйлем 
салдар мәнді болады
Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластар
Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар 
мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. 
Мысалы:  Үлкендер  көрші  ауылға  кеткен 
еді,  сондықтан  жастар  кешкілік  сауық-сайран 
құрмақ болады.
Жалғаулықсыз  салдар  мәнді  сөйлем 
себеп  мәндіден  бұрын  тұрса,  арасына  қос 
нүкте қойылады. 
Мысалы:  Жастар  кешкілік  сауық-
сайран  құрмақ  болады:  өйткені  үлкендер 
көрші  ауылға  кеткен  еді.  Екінші  жай 
сөйлем 
бірінші 
сөйлемнің 
себебін, 
салдарын, нәтижесін білдіреді. 
Себеп-салдар  салаластың  құрамындағы  жай  сөйлемдердің  орындарын  ауыстырып  айта 
беруге болады. 
ресМи Іс-Қағаздар 
Жеке тұлғаға қатысты құжаттар  
XII БӨЛІМ
БІрІншІ 
саБаҚ
-ып береді
-ып тапсырады 
-ып, -іп, -п береді / тапсырады құрылымы негізгі етістікке тіркесіп келгенде субъекті өз 
меншігінің немесе әрекетінің өзгенің жүзеге асыруына келісетіндігін, растайтындығын, сенім 
білдіретіндігін көрсетеді.
Менің атымнан қол қоюды сен
іп
 
тапсырамын.
Сенімхатты нотариус куәландыр
ып береді.

316
Көсемшенің жұрнақтары
Мысалы
1. -а, -е, -й
Ал 

, кел 

, қара 

2. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі
Жаз 
-ғалы
, көр 
-гелі
3. -ып, -іп, -п
Бар 
-ып
, кел 
-іп
«уға/уге + күрделі етістік » 
-уға  /  -уге  қосымшасы  күрделі  етістіктермен  тіркесіп  келіп,  белгілі  бір  іс-әрекеттің 
орындалуына рұқсат ету, келісім беру немесе тыйым салу мағынасында жұмсалады.
Менің орныма қол 
қоюға сенім білдіремін.
Менің атымнан ақша 
алуға рұқсат етемін.
ресМи Іс-Қағаздар 
Ұжымдық құжаттар  
XII БӨЛІМ
екІншІ 
саБаҚ
Етіс + келер шақ
Етіс
Етістің түрлері
Қимылды,іс-әрекетті және осы әрекет пен оны жүзеге асырушы 
арасындағы қатынасты білдіретін етістік түрі етіс деп аталады.
Мысалы: Балаларға тез тапқызып алды. Мұғалім оқушыларға 
диктант жаздырды.
1.  Өздік етіс
2.  Өзгелік етіс
3.  Ырықсыз етіс
4.  Ортақ етіс
 
Ырықсыз етіс
Ырықсыз етістің жасалу жолдары
Қимыл,әрекет иесі белгісіз болатын етістің 
түрі.  Мысалы:  Жауап берілді. Бөлме 
тазардылды, гүлге су құйылды, бақшадан 
жеміс терілді.  жуылды, терілді, шешілді.
-ыл,-іл,-л: жуылды, терілді, күрелді.
-ын,-ін,-н:  етістік негізінде -л дыбысынан 
аяқталса ,онда ырықсыз етіс болады. ал-ын-ды, 
сал-ын-ды

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет