барынша қолдану – максимальное использование
ашытқы - дрожь
тыңайтқыш – удобрение
тіскебасар – закуска, снэк
өнім – товар, продукт
кесек тартылған ұн – мука грубого помола
аңғарту – подразумевать
бүтін астық дәні – цельные зерна
табиғи – органический
балқытылған ірімшік – плавленный сыр
көздің жауын алады –глаза радует
шектен тыс – чрезмерный
қытырлақ – хрустящий
толықтырғыш қоспа – наполнители
кептірілген - сушеный
сұлы - овсянка
бұзылу - испортиться
толық піспеген – не спелый
қабық - кожура
ылғал сіңіру – пропитывать влагу
қабыршақ - корочка
шіру - гнить
балғындық - свежесть
көгеру – покрываться плесенью
тұнба түзілу – образование осадки
көкөніс мәйегі – мякоть овощи
баялды - баклажан
солу - увядать
тоңып секіру – прыгать от холода
қою шай – крепкий чай
323
асық болу – желать, хотеть
машық бол – уметь делать
өңеш - гланды
асқазан - желудок
10-
бөлім. Тағам. 2-сабақ
ағза - организм
көмірсулар - углеводы
тіл үйірер – очень вкусный
ішек – кишечник
жүйке жүйесі – нервная система
тұжырым – заключение
қабыну – обострение
жігерлендіруші – мотивирующий
зақымдану - повреждение
біртіндеп - по одному
құлшыныс – желание
мөлшер – объем
семіздік – ожирение
тыю – прекратить, остановить
шөл – жажда
бояғыш заттар – красители
шөлді қандыру – утолить жажду
айығу – вылечиться
қиынға соғады – будет трудно
11-
бөлім. Білім. 1-сабақ
ұстаз, мұғалім, оқытушы – учитель
мәре-сәре болу – сильно радоваться
толқу –волноваться
қасиет – качество
ынта – желание
таяқ жеу – получать от родителей за непослушание
мектеп табалдырығы – порог школы
жібермей қарау – смотреть не пропуская
әулет, отбасы, жанұя – семья
тап жанында – совсем рядом
бастауыш сынып – начальные классы
ентігу - запыхаться
орта сынып – средние классы
ентелеп кіру - врываться
жоғары сынып – старшие классы
бажайлап қарау – пристально смотреть
мәңгі – вечно
ел қатарлы болу – быть как все
мәңгі есте қалу –оставаться в памяти на вечно
мәдениет орталығы – культурный центр
күні бүгінге дейін – до сих пор, по сей день
заңитану - правоведение
бұлжытпай орындау – выполнить как сказано
көрнекті ағартушы – выдающийся просветитель
ширек ғасыр – четверть века
жаңашыл – современный
сіңу – впитаться
әліпби – алфавит
тәлім, тәрбие - воспитание
алғашқы қарлығаш – первая ласточка
кепілдік - гарантия
қолөнер – рукоделие
зиялы - интеллигент
міндетті - обязан
11-
бөлім. Білім. 2-сабақ
алаңдаушылық білдіру – проявить беспокойство
уайымдап отыру – переживать
ұқпау – не понимать
жаратылу – создаваться
кедергі болу – быть препятствием
жер шары – земной шар
жоғары оқу орны – высшее учебное заведение
жергілікті – местный
өзіндік - своеобразный
академиялық еркіндік – академическая свобода
әлемнің түкпір- түкпірі – со всех уголков мира
оқыту жүйесі – метод преподавания
дәріс - лекция
талдау жабдығы – аппарат анализирования
жатақхана – общежитие
кір жуатын орын – прачечная
зертхана - лаборатория
мемлекет тарапынан – со стороны государства
материалтану - материаловедение
грант иелері – обладатели гранта
жағымсыз – неприятный
жатын орны – место жительство
сыртқы әсер –внешнее влияние
шешендік өнер – ораторское искусство
көпшілік алдында сөйлеу – публичное
выступление
білім беру жүйесі – система образования
қосымша
дайындық
–
дополнительная
подготовка
кемшіліктерге қарамастан – несмотря на недостатки жарқын болашақ – светлое будущее
324
12-
бөлім. Ресми іс-қағаздар. 1-сабақ
өз атынан – от своего имени
жауапкершілік – ответственность
сеніп тапсыру – доверять
куәландыру – заверять
тапсыру
мәміле жасау – сделка
уәкілдік – полномочие
қол қою – подписать
рұқсат беру – разрешить
жылжымайтын мүлік – недвижимость
пайдалану – использовать
себеп – причина
өкіл – представитель
қаржы – финансы
сенімді тұлға – полномочный представитель
иелік ету – владеть
жеке тұлға – частное лицо
заңды тұлға – юридическое лицо
сенімхат – доверенность
өзара – между собой
мерзімі – срок
жүзеге асыру – осуществлять
12-
бөлім. Ресми іс-қағаздар. 2-сабақ
жазбаша нысанда – в письменном виде
лауазымды тұлға – должностное лицо
тараптар – стороны
бас тарту – отказать
елтаңбалы мөр – гербовый печать
тармақ – пункт
өтiнiш – просьба; прошение; ходатайство
тағайындау – назначать
ресiмдеу – оформлять
қосымша жағдайлар – дополнительные
меры
бұйрық – приказ
қаржылық
мүмкiндiктер
–
финансовые
возможности
еңбек-шартты жасау тәртiбi – правила сотавление
договора
сынақ мерзiмi – испытательный срок
күшiне ену – вступить в силу
еңбек кiтапша – трудовая книжка
лауазымдық
нұсқаулықтар
–
должностные
объязанности
бiлiктiлiк талаптары – квалификационные
требования
ұзарту – продлить
еңбек демалысы – трудовой отпуск
созу – продлить
күшіне ену – вступить силу
өзгерту – изменить
күшін жою – терять силу; денонсация
еңбек даулары – трудовые споры
мерзiмiнен
бұрын
бұзу
–
расторгнуть
преждевременно
келісімшартты тоқтату –приостановить договор
325
АуДИОМӘТІНДЕР
№1 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Суретті мәтінге сай нөмірлеңіз.
№ 1 Менің әкем – мен үшін өте жақын адам. Мен оны құрметтеймін, сыйлаймын. Оның істері маған
әрқашан үлгі болған. Мінезі өте салмақты. Екі жыл бұрын ауылдан қалаға көшейік дедім. Ол келіспеді. Ал
мен отбасыммен көшіп кеттім. Алғашқыда әкем ренжіді. Кейін менің бұл әрекетіме түсіністікпен қарады.
№ 2 Мен құрбым Ақмарал туралы айтқым келеді. Ол менің он екі жыл жақын құрбым болды. Мен онымен
дос болғанға дейін, көбінесе, ұлдармен дос едім. Менің жақын құрбым болмаған. Мен оны университетте
кездестірдім. Күндіз сабаққа бірге дайындаламыз, кешке киноға, театрға барамыз. Емтихандарға бірге
дайындаламыз. Түні бойы кофе ішеміз, сұрақтарды қайталаймыз. Өкінішке орай, біз қазір дос емеспіз.
Неге екенін білмеймін, университет бітіргеннен кейін хабарласпай кеттік. Ол басқа қалаға көшіп кетті.
Мен оны сағындым.
№3 Мен супермаркетте екі жыл бойы есепші болып жұмыс істедім. Барлық әріптестеріммен жақсы
қарым-қатынаста болдым. Сол жерде Сара деген қызбен таныстым. Екеуміз жақсы араласып кеттік. Қазір
біз өте жақын достармыз.
Енді екінші рет тыңдаңыз.
№2 Аудиофайл
Сөйлеушілердің әңгімелері бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
№ 1 Есімім – Мұрат. Мен ең жақын досымды университетте оқып жүргенде таптым. Мен де, ол да
жатақханада тұрдық. Ол көрші бөлмеде тұрған. Үнемі ән айтады әрі түсініксіз әндер тыңдағанды ұнатады.
Мен қытай тілін оқыдым. Сабақтарым қиын. Сонда «мына жігіттің бос уақыты көп екен әрі қызықты
өткізеді екен» деп ойлағанмын. Университетті аяқтап, әр жаққа кеттік. Менің онымен байланысым үзіліп
қалды. Бірақ кейін басқа қалада кездейсоқ қайта кездестік, содан бері доспыз.
№ 2 Атым – Бауыржан. Досым Әнуармен көлік тұрағында танысқанмын. Мәшинемді автотұраққа
қойып жатып, оның мәшинесін соғып кеттім. Бір жақсысы, ол мені түсініп, кешірді. Екеуміз бұл жағдайға
күлдік те, дәмханаға кеттік. Сол күннен бері жақын доспыз.
№3 Мен – Әйгеріммін. Сәулемен кеңседе таныстым. Мен жұмысқа орналасуға келгенмін. Ол хатшы
екен. Сондай ақкөңіл, мейірімді болып көрінді. «Өте жақсы қыз сияқты» деп ойладым. Кейін мен оны туған
күніме шақырдым. Қазір кештерге, киноға бірге барамыз. Ол өте пысық, жомарт адам. Маған ұнайды.
№4 Атым – Шолпан. Ғаламтор – менің екінші үйім. Университеттен келгеннен кейін тамақтанып
аламын. Сосын бірден агентке кіремін. Әсемді агенттен тапқанмын. Өкінбеймін. Тек ол басқа қаладан.
Демалыс болған кезде ғана кездесе аламыз.
№ 5 Аты-жөнім – Арман Әнуарұлы. Күтпеген кездесу болды. Мен де, досым да әуежайда болғанбыз.
Мәскеуге ұшатын ұшақ 4 сағатқа кешігіп, дәмханаға бардым. Олжас та келді. Екеуміз сөйлесіп отырып, бір
қалаға, бір қонақүйге баратынымызды білдік. Әлі күнге дейін араласып тұрамыз.
№3 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұхбатты тыңдап, бос орынды толтырыңыз.
Досымның аты – Сәния. Ол – менің жақын құрбым. Ол менен ұзынырақ. Әдемілеу. Мен солай ойлаймын.
Мінезі кейде жұмсақтау, кейде қаталдау. Бірақ оның мінезі маған ұнайды. Ол барлық жұмысты баяу
жасайды. Асықпайды. Сол үшін кейде ренжісіп те қаламыз. Қайтадан тез татуласамыз.
№4 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұхбат не туралы? Дұрыс жауаптың тұсына белгісін қойыңыз.
– Құралай, журналистер газет-журналға, теледидарға беретін ақпаратын қалай қызықты етеді?
– Оқырманды, көрерменді қызықтыру үшін кез келген ақпарат нақты болуы керек. Күнделікті өмірдегі
оқиғалар. Сонда адамдар мақаланы оқығанда тез түсінетін болады.
№5 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Айтылу ретімен нөмірлеңіз.
– Құралай, журналистер газет-журналға, теледидарға беретін ақпараттарын қалай қызықты етеді?
326
– Кез келген ақпарат оқырман оқығанда, көрермен көргенде қызығатындай болуы керек. Екі өте
маңызды нәрсе бар. Бірінші, күнделікті өмірдегі оқиғалар. Сонда адамдар мақаланы оқығанда тез
түсінетін болады.
– Ал екіншісі ше?
– Екінші атақты адамдар, киножұлдыздар, спортшылар, саясаткерлер, олардың отбасы туралы оқыған
қызығырақ деп ойлаймын.
– Басқа бір адамның жеке өмірі туралы жазу дұрыс деп ойлайсыз ба?
– Бұл дұрыс деп ойлаймын. Себебі олардың өмірі оқырмандар үшін қызық.
– Кейбір газет-журналдар 24 сағат бойы атақты адамдарды аңдып, суретке түсіріп жүреді. Сол дұрыс
па?
– Дұрыс. Өйткені кейбір газет-журналдар тек атақты адамдар, жұлдыздар туралы ғана жазады. Халық
та сол себепті сол газет-журналды сатып алады. Сонымен қатар кейбір жұлдыздар баспасөз қолдауын
қажет етеді.
– Суретшілер де сізбен келіседі деп ойлаймын.
– Мен де солай деп ойлаймын.
№6 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Төмендегі сөздерді айтқан адамның мамандығын жазыңыз.
Мен бағдарламалар продюссерімін. Біз үшін ең қиын мәселе – техникалық қиындықтар. Барлық адам
студияда болады. Бір кезде айнала қап-қараңғы болып кетеді. Кейде бар мәселе микрофонда болуы
мүмкін. Кейде адамдар микрофонды өшіру туралы ұмытып кетеді. Ал олардың айтқан сөздерін мен де,
басқа теледидар көрермендері де естіп тұрады. Өйткені микрофон сіздің жейдеңізге тағылып тұрады ғой.
Мен жаңалықтар оқимын. Кейде мен өте қиын сөздерді оқимын. Жаңалықтардың айтуға қиын жер-
су немесе адам аттары жайлы болғанын ұнатпаймын. Кейде ондай жер-су аттарын бірінші рет естимін.
Сондай-ақ, мен үшін эфирде киетін киім табу да қиын.
Мен тілшімін. Сен шаршағанда көп қателіктер жібересің. 3 күн бұрын бір әншіден сұхбат алдым. Ол
кісінің атын қайта-қайта ұмытып қала бердім. Қатты ұят болды. Немесе кейде адамдар қатты толқып
кетеді. Айтатындарын айта алмай қалады. Сен сұрақ қоясың, ол жауап бермейді. Мен үшін бұл да қиын
жағдай. Кейде олар өте күлкілі нәрсе айтып, күлкіңді тоқтата алмай қалатын кездер де болады.
Мен опера әншісімін. Ең жаман нәрсе – сөзіңді ұмытып қалуың. Қорқатыным да – осы. Жарық та, дауыс
та, басқа әртістер де жап-жақсы, бірақ сен не айтарыңды білмейсің. Мен үшін ең қиыны – осы. Немесе
жиһаздардың құлауы. Өткен спектальде мен шкафтың есігін жауып едім, терезесі сынып қалды.
№7 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұраққа жауап беріңіз.
– Үлкен қалада өмір сүру туралы қандай ойдасыз?
– Үлкен қалада тұру, өмір сүру қызық деп ойлаймын. Бірақ үлкен қалалар мен кіші қалаларды салыстыру
өте қиын.
– Иә, сізбен келісемін. Кіші қалаларда өмір сүру жеңілдеу.
– Өте дұрыс. Тағы бір қызығы – қалада тұратын адамдар, әдетте, қаланы мақтамайды, бірақ әрқашан
өз қалаларын ең жақсы қала деп санайды. Қай қалаға барсаң да, жергілікті тұрғындар сізге: «біздің қалада
тамақ өте дәмді, ескерткіштер, тарихи мұражайлар өте көп» деп мақтайды.
– Сіз әлемдегі ең жақсы қала Ванкувер дегенмен келісесіз бе?
– Олай деп айту қиын. Себебі мен Гон-Конг ең әдемі, өмір сүруге жеңіл қала деп ойлаймын. Жан-жағын
теңіз қоршап жатыр.
– Ал Токио мен лондон туралы не ойлайсыз?
– лондон жақсы қала және ол Токио сияқты қымбат емес. Бірақ Токиода қоғамдық көлік өте жақсы
жұмыс істейді. Бұл басқа адамдар үшін маңызды емес болар. Мен үшін өте маңызды.
№8 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Менің атым – Сәкен. Мен қаланың сыртында тұрамын. Менің өмір салтым, қалай айтсам екен, үнемі
қозғалыста. Мен жұмысқа күнде костюм-шалбар киемін. Аптасына 60 сағат жұмыс істеймін, сонда бір
күнде он екі сағат. Мен өз өмір салтымды өзгерткім келеді. Мен қаланың ішінде, әдемі үйде тұрғым келеді.
Бірақ мен жұмысымнан шаршадым, сондықтан бір жыл жұмыс істемеймін. Ауылға, ата-анамның жанына
327
барып, табиғатта, таза ауамен демаламын. Әке-шешеммен бірге үй шаруашылығымен айналысамын. Мен
үшін ең маңызды нәрсе – компьютерсіз өмір сүру, таңертең оятқышсыз ұйқыдан тұру, ұялы телефонды
және басқа да техникаларды бір жыл бойы қолданбау. Сонда мен толығымен демалып, жұмысқа сергек
болып ораламын. Бұл жыл менің өмірімдегі ең керемет жыл болады деп ойлаймын. Енді осы ойымды
тезірек жүзеге асыруым керек.
Есімім – Гүлшат. Мен шағын аудан орталығында тұрамын. Бұл – адамды зеріктіретін, жалықтыратын
жер. Бұл жер тыныш өмір іздеген адамдарға керек. Мұнда бір мектеп, бір пошта кеңсесі, бірнеше жергілікті
дүкен бар, болды, басқа ештеңе жоқ. Мен қала өмірін көргім келеді. Менің қалаға көшкім келеді. Менің
досым үлкен қалада жұмыс істейді. Сол көмектесіп, жалдайтын пәтер таптым. Маған ұнады. Ол пәтер мен
үшін үлкендеу секілді. Қалада тұру үшін жұмыс істеу керек. Қалада өмір сүру өте қымбат қой. Ал жұмыстан
бос уақытымда қалада жаңа достар тапқым келеді. Ол үшін спортзалға, театрларға, бару керек. Мен шет
тілдерін үйренгім келеді.
№9 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
– Сәлеметсіз бе! «Астана» қонақүйі. Сізді тыңдап тұрмын.
– Сәлеметсіз бе! Мен бөлмеге тапсырыс берейін деп едім.
– Жақсы. Қанша түнге?
– Екі түнге.
– Қай күндерге екенін айтасыз ба?
– Мамыр айының 15-і мен 16-на.
– Жақсы, болады. Сізге қандай бөлме керек: біркісілік пе, әлде екікісілік пе?
– Маған екікісілік үлкен бөлме керек еді. Оның ішінде жеке жуынатын бөлмесі бар ма?
– Иә, біздің барлық бөлмелердің ішінде жеке жуынатын бөлме бар, ханым.
– А-а, солай ма? Жақсы екен. Жарайды, қанша тұрады мұндай бөлме?
– Қырық төрт мың. Бір түнге жиырма екі мыңнан.
– Ал бұл бағаға таңғы ас қосылған ба?
– Жоқ, таңғы асқа бөлек төлейсіз. Таңғы ас бір мың екі жүз теңге тұрады.
– Жарайды. Соңғы сұрағым бар: келмес бұрын сұлулық салонына жазылып қояйын деп едім. Бұл
мүмкін бе?
– Иә, ханым. Сізді сұлулық салонына қоса аламын. Бірақ алдымен маған өз аты-жөніңізді айтып
жібересіз бе? Тапсырысыңызды толтырайын деп едім.
№10 Аудиофайл
Сөйлеушілерді тыңдаңыз. Олар не туралы шағымданды?
Кестені толтырыңыз.
№ 1 (Нөмір бір)
– Сәлеметсіз бе! Сізді тыңдап тұрмын.
– Сәлеметсіз бе! Мен екікісілік кең бөлмеге тапсырыс беріп едім.
– Иә.
– Сіз маған біркісілік кең бөлме беріпсіз.
– Солай ма? Кешірім өтінемін, ханым, мен тексеріп көрейін.
– Маған екікісілік кең бөлме керек. Өтінемін.
– Әрине, кешіріңіз. Қазір бәрін дұрыстаймын. Кең бөлме екінші қабатта бар екен.
№2 (Нөмір екі)
– Тіркеу бөлімі. Сізге көмегім қажет пе?
– Иә, мен таңғы асыммен бірге шайға тапсырыс беріп едім.
– Иә, Сізге шай әкелмеді ме?
– Маған шай емес, кофе әкеліпті.
– Айып етпеңіз. Қазір мейрамханаға телефон шаламын. Сізге шай әкеліп беретін болады.
– Көп рақмет сізге.
№3 (Нөмір үш)
– Тіркеу бөлімі. Сізді тыңдап тұрмын.
– Мен бүгінге таңертеңге гольф ойнауға тапсырыс беріп қойып едім.
– Иә, мырза. Қандай көмек қажет?
328
– Гольф клубының тіркеушісі ешқандай тапсырыстың жоқ екендігін айтты.
– Қызық екен. Бір қателік кеткен болар. Мен қазір оларға телефон шалып, анықтап берейін.
– Рақмет.
№11 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Әр сөйлемді кім айтқанын жазыңыз.
– Сәлеметсіздер ме! Сізден бастасақ жөн болар. Өз демалысыңызды жоспарлайсыз ба?
– Менің атым – Сәния. Студентпін. 4-курста оқимын. Менің демалысым емтихандарды тапсыруыма
байланысты.
– Есімім – Жанболат. Банк қызметкерімін. Иә, демалысты асыға күтемін. Алдын ала ойланамын.
Балаларым бар, сондықтан оларға не ұнайтыны туралы әйеліммен ақылдасамын.
– Менің атым – Рабиға. Сұлулық салонының меңгерушісімін. Міндетті түрде. Әр демалысымның естен
кетпестей болғанын қалаймын.
– Егер алыс мемлекетке саяхатқа шықсаңыз, кіммен барар едіңіз?
– Мен әкеммен барар едім. Себебі менің әкем көп саяхаттаған. Әрі онымен саяхаттау өте қызық.
– Жалғыз барар едім. Ешкіммен ақылдаспайсың, не істегің келсе, соны істейсің.
– Мен құрбыммен барар едім. Ол ағылшын тілін жақсы біледі.
– Саяхатқа шығар алдында не істеу керек?
– Барар жеріңіз туралы көбірек ақпарат жинау керек. Қазір ғаламтор бар, оңай.
– Жан-жақты дайындалған дұрыс болар. Себебі алыс жерде не боларын білмейсің ғой.
– Мен жеткілікті ақша жинауға тырысамын. Егер ақшаң аз болса, саяхатың да қызықсыз болады.
– Сауалнамаға қатысуға келіскендеріңізге көп рақмет.
№12 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақ тарихын зерттеуге үлес қосып жүрген Хироки Накаяма
Хироки Накаяма - к
өшпенділер тарихын насихаттап жүрген жапон жігіті.
Сонау Жапониядан келіп еліміздің тарихын зерттеумен айналысып жүрген Хироки Накаямамен
Қазақстан туралы пікірлесуді жөн көрдік.
– Накаяма мырза, сіздің Қазақстанға келуіңізге не себеп болды?
– Әйелім - Нацуко Ока Қазақстанда зерттеу жұмыстарымен айналысайын деп, содан отбасымызбен
2011 жылы мамыр айында Алматыға келдік. Алматыда желтоқсан айына дейін тұрдық. Қазақ, орыс
тілдерін үйреніп, Есік мұражайы тарапынан жүргізілген қазба жұмыстарына қатыстық.
– Қазақстанды алғаш көргенде қандай әсер алдыңыз?
– Мен Алматыны көрдім. Сосын Астананы да көрейін дедім. Экономикалық, қоғамдық тұрғыдан
қарқынды дамып келе жатқан, заманауи шаһарлар деген ой түйдім. Қазір Қазақстан Орта Азияның ең ірі
мемлекеті екенін отандастарыма айтып жүрмін.
– Қазақстанда сізді таң қалдырған нәрсе болды ма?
– Алматыға келгенде алғаш байқағаным, қала көшелерінде автокөліктер шектен тыс көп екен.
Бастапқыда жолдан өтуге жүрексіндім. Қазір үйренейін дедім. Жапонияда ел тротуардың бойында
велосипедпен жүреді. Велосипедке арналған тұрақтар бар. Қазақстанның ірі қалаларында велосипедті
көбейтіп, жекеменшік автокөліктер азайса, ауа анағұрлым таза болар еді.
– Болашақтағы жоспарларыңыз қандай?
– Жаһандану заманында әлем шекарасыз ортақ кеңістікке көшкен кезде ағылшын тілін, басқа да
шет тілдерін меңгеріп, ең жетік технологияларды меңгеру аса маңызды. Бірақ өз ұлтыңның тарихын,
мәдениетін терең білу де өте маңызды. Болашақта Қазақстан тарихшыларымен бірлесе зерттеу жүргізу
ойымда бар.
– Әңгімеңізге рақмет! Ісіңізге сәттілік тілеймін!
– Сау болыңыз! Сізге де рақмет!
№13 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіз жолда кетіп бара жатып, Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген адамды жолықтырып
көрдіңіз бе? Ал біз ондай рекордшымен кездестік. «Ол адам Қазақстанда тұрады, ұлты қазақ». Ол кім екен?
Сіз білесіз бе? Білмесеңіз, танысыңыз! Ол – әйгілі желаяқ марафоншы, әлемнің ең үлкен шөлдерін жүгіріп
329
өткен жер бетіндегі жалғыз адам. Оның аты-жөні – МАРАТ ЖЫлАНБАЕВ! Біз бүгін Марат ағамен болған
сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
– Марат аға, алдымен өзіңіз туралы айтып беріңізші.
– Мен Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туылдым. Ата-анамнан ерте айырылғанмын, сол
себепті 1-сыныптан бастап балалар үйінде тәрбиелендім.
– Мектептегі кезіңізден естелік айта отырсаңыз.
– Егер мен «міне, мынаны істеймін» десем, онда ол мақсатыма жетемін. Нәтиже шығуы үшін
дайындаламын. Мектепте оқып жүргенде, турникке алты-ақ рет тартыла алатынмын. Ринат деген
досыммен турникке тартылып ұзақ жаттығатынбыз. Соның нәтижесінде мен турникте 50 рет
тартылғанмын. Сонда ұстазым: «Міне, үйреніңдер! Мектебіміздің жаңа рекорды», – деген еді. Қазірге
дейін турникке тартылумен айналысамын.
– Марафон жүгіруді қалай бастадыңыз?
– Марафонды бастағанда барлығы бұл менің қолымнан келмейтінін айтты. Бірақ мен өзіме
сенімді болдым. Рекорд орнатамын бірден деп бастап кеткем жоқ. Бірінші зерттеу жүргіздім. Үлкен
саяхатшылардың кітаптарын оқыдым. Марафонды бастарда физикалық, психологиялық тұрғыдан
дайындалдым. Марафонның ортасында не соңында аяғымда әл қалмаған кезде жүгіруге қолымды
қосамын. Жүгірген сайын қолымды көбірек сермеймін де, белгіленген межеге дейін жетемін.
–
Алғашқы марафоныңыз қиын болды ма?
– Ең бірінші Қарақұм шөлінде жалғыз жүгіргенмін. Сондықтан тамақ, су, шатыр салынған жүкпен
жүгіруіме тура келді.
– Шөлді жүгіріп өту кезінде қандай сәтті ең қиын дер едіңіз?
– Шөлді жүгіріп өтудегі ең қиын сәт… онда бәрі қиын. (күледі)
– Сіз әлемнің Невада, Үлкен Виктория, Сахара, Қарақұм шөлдерін бағындыра алдыңыз. Сіздің қазір
арманыңыз бар ма?
– Иә, менің қазіргі арманым – марафоншылар мектебін ашу. Өз тәжірибемді басқа елдің балаларына
емес, бірінші Қазақстанның балаларына үйретіп, бөліссем деймін.
– Жүгіруден басқа әуес ісіңіз бар ма?
– Сурет салумен айналысатынмын. Қазір қойдым.
– Марат аға, сізге қарап өмір сүруге шабыттанып отырмын. Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңыз үшін көп
рақмет! Арманыңызды жүзеге асыра беріңіз!
Достарыңызбен бөлісу: |