болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлт Кӛшбасшысы
Н.А. Назарбаев білім беру саласының басты міндеттерін айқын белгіледі:
Біріншіден, барлық дамыған елдердегідей сапалы бірегей білім беру
жүйесін қалыптастыру. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын
жақсарту.Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.Мектеп
түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу. Тілдерді оқыту
нәтижесі бойынша оқушылар сындарлы ойлау, ӛзіндік ізденіс пен ақпаратты
терең талдау машығын игерулері қажет, - деп кӛрсеткен болатын.
Білім беру жүйесін жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру
ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен бірлесіп
мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын» дайындады.
Жаңартылған орта білім мазмұның енгізу арнайы бекітілген кесте
16
бойынша жүргізіледі:бастауыш білім берудің жаңа стандарты, бастауыш
мектепке арналған типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары ұсынды.
Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты
енгізілетін және орта білім мазмұны ішінара жаңартылатын 30 пилоттық
мектептердің тізіміне біздің Ақмола облысының Степногорск қаласындағы
С.Сейфуллин атындағы №5 кӛпсалалы мектеп-лицейі де кірді
Бұл мектеп-лицейі үшін үлкен дәреже және сонымен қатар аса
жауапкершілікті талап етіп отыр.
Ӛткен оқу жылының басынан мектебімізде орта білім берудің жаңа
мазмұнын және бастауыш білім берудің жаңа мемлекеттік стандартын енгізу
бойынша дайындық жұмыстары қолға алынды.
Жалпы жұмыс үш бағытта жүргізілді:
1) мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды оқыту;
2) озық педагогикалық тәжірибемен танысу;
3) орта білім берудің мазмұнын жаңарту.
Деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілігін арттырған ұстаздар
мектептегі оқыту жүйесінде ӛзгерістер енгізу мақсатында ӛткен оқу жылында
инновациялық технологияны игеру, жасау, ендіру мақсатында сабақ
үлгілерін кӛрсетті. Сабақтардың мазмұны оқу пәндері бойынша
оқушылардың білімдерін, және дағдыларын кеңейту және тереңдетуге
бағытталды.
Кері байланыстар мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы
арасында, мұғалім мен мұғалім арасында жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар
мектептегі оқыту мен оқу сапасын кӛтеріп, білім саласына кӛптеген ӛзгерістер
әкелді.
Мұғалімдердің үздік сабақ бейне материалдары мектеп сайтында
орналастырылып, үнемі толықтырылып тұрады және әдістемелік материалдар
барлық мұғалімдер үшін қолжетімді. Жаңартылған білім мазмұнын енгізуде
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана, Кӛкшетау
қалаларындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» кӛптеген әдістемелік кӛмек
кӛрсетуде.
«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» тәжірибелерін тарату мақсатында екі
жақты келісілген жұмыс жоспары құрылды.Мұғалімдерге әдістемелік кӛмек
кӛрсету жұмыстары онлайн сабақтар, семинарлар, әдістемелік құралдар,
шеберлік сыныптары арқылы жүзеге асырылуда.
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ұстаздарымен бірлескен әдістемелік
семинар ұйымдастырылып.Кӛкшетау қаласының педагогикалық шеберлік
орталығының ұстаздарының кӛмегімен кӛптеген сабақтарда ӛзгерістер,
ұсыныстар мен талаптар орындалып жатыр.
Семинар барысында «критериялық бағалау жүйесі», «Сыни тұрғыдан
ойлауды дамыту», «Дарынды оқушылармен жұмыс», «Оқытудың жаңа
әдістері», «Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану»
бағыттары бойынша шеберлік сыныптар ӛткізілді.
17
Бүгінгі таңда мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі –
дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа
бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, ӛзгерістер енгізу - білім
реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян. Демек,
Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып ,тәрбиелейтін мұғалім –
шығармашыл,
жан-жақты
білімді,
парасатты,
мейірімді,
сезімтал,
интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші
болса, онда жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға
шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-ӛрісінің кеңдігі,
сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың
алдында тұрған негізгі проблемалары:
Баланы оқи білуге үйрету;
Баланы ойлауға үйрету;
Баланың ӛзін-ӛзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің
мақсаттары кеңейіп, үлкен ӛзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті –
оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті
қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге,
жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Осы қажеттіліктерді
оқушыларға меңгерту барысында инновациялық әдіс тәжірибеге енгізілуде.
Педагог үнемі үлкен ізденісте жүруі керек. Сонда ғана ол үлкен жетістікке
жетіп, еңбегінің жемісін кӛреді.
Қалыптастырушы бағалау-күнделікті сабақ және немесе үйде алған білім
мен дағдыларының және оқыту барысында мұғалім мен оқушы арасындағы
ӛзара байланысты жүзеге асыратын, оқушыларға оқу мақсаттарға жеткендігі
мен жаңа материал бойынша тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны
туралы ағымдағы деңгейін анықтайды.Оқу үрдісінде мұғалімдер, оқушылар
және ата-аналар арасында тиімді кері байланыс орнатуға қолайлы жағдай
жасалынды.Оқушылардың ӛзінің және де сыныптастарының оқу нәтижелерін
сараптауға дағдылана бастады.Критериалды бағалауда дұрыс құрастырылған
дескрипторлар оқушының жетістікке жетуіне,ары қарай оны жетілдіруге
кӛмектесетіні байқалды.
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан
ерекшелігі — пәндер бойынша ортақ тақырыптардың болуы. Жаңадан
енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, жаратылыстану және ақпараттық
технология сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер
бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану
пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады.
Жекеленген пәндерде үш тілділік мақсатын жүзеге асыруда тақырыпқа қажетті
тірек сӛздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақта қолданылуы жүзеге
асады. Оқу мақсаттарының белгіленіп беріліп, сол мақсаттар бойынша
оқушылардың оқу жетістігін «жетті», «талпынды» деп бағалау жүргізіледі.
Әрбір оқушы үшін оқу мақсатына жетудегі оқушының үлгерімін кӛрсететін
портфолио жинақталып, ол қалыптастырушы бағалау үшін қолданылады. Бұл
18
бағдарлама бойынша жетістіктермен қатар, жекелеген пәндер бойынша
қиындықтар да кездесті. Атап айтсам, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен
кезекші сӛздерін қолдануда қалыптастырушы ортаның жоқтығынан
оқушыларда тілге тӛселу баяулық танытуда. Әйтсе де пән мұғалімдерінің
шеберлігімен оқушыларға жеке жұмыстар жүргізіліп, оқушыларды алға
жылжыту үшін саралау жұмыстары атқарылуда.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні баланың функционалды
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы ӛзінің мектеп қабырғасында алған білімін
ӛмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі — «Ӛмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Пилоттық
жоба ретінде таңдалған мектептегі бірінші сынып оқушыларын жалпы
мектептің ортасына бейімдеу жүргізіліп, оқытуда әріп тануға, оқу мен жазуға
үйрету, ана тілі , орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен айтылым–тыңдалым
дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Критериалды бағалау формативті,ішкі жиынтық және сыртқы жиынтық
бағалау арқылы іске асырылады. Формативтік бағалау-бұл оқытудың қандай
сатыда екенін,оқушының нәтижесі жоғары болу үшін не істеу керектігін,
тоқсан бойы оқыту мен оқу үрдісінде үздіксіз кері байланысты қамтамасыз ету
үшін оны қалай істеу керектігін белгілеу мақсатында оқыушы мен оқытушы
қолданылатын дәлелдерді іздестіру және кӛрсету.Оқушылардың формативтік
бағалау нәтижелері «жетті»(оқыту мақсаттары) немесе «талпынды»
айқындамалары түрінде тіркеледі. Ішкі жиынтық бағалау-тоқсан ішіндегі оқыту
ақпараты блогын зерделеуді аяқтаған кезде білімді,икемділікті және
дағдыларды қолдану деңгейін айқындау және тоқсандағы,оқу жылындағы
жиынтық бағаны айқындау үшін қолданылады. Оқушылардың жасаған
жұмыстары ата-аналарға кері байланысқа қысқаша түсінікпен кӛрсетіліп
таныстырылады.
Кері
байланыс-мұғалімге
оқытудың
қалай
жүріп
жатқанын,оқушы жетістігі мен қиындығы туралы хабардар етіп,оны шешуге
кӛмектесетін құрал.
Жаңа форматта жүргізілген сабақ үлгісін мұғалімдерге ұсынып,сабақта
қолданылған бағалау түрлерімен таныстыру, тәжірибемен бӛлісу қазіргі
күннің басты талаптарының бірі. Ӛзіміздің ӛткізіп жатқан сабақтарымызды,
ата-аналар
жиналыстарымызды
барынша
жаңа
үлгіде
кӛрсетуге
тырысудамыз. Жаңа білім беру стандартына сәйкес, балалар білімді қай
жерден іздеу керек екенін, сыни тұрғыдан ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге
үйретіледі. Ұстаздар ӛз кезегінде олардың оқу процесіне деген
қызығушылығын арттыруға дағдыландырады.
Қорыта келе, мынаны атап ӛткім келеді: мектептегі білім беру мазмұнын
жаңарту жағдайында оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруға жаңа кӛзқарас
мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен
жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, кӛкейтесті
тақырып деп есептеймін. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының
жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу ретін әр мұғалім ӛзінің алдында отырған
19
оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, ӛзінің кәсіптік шеберлігіне сай
таңдауы тиіс деп санаймын. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес.
Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс
жасалуы керек.Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең
ӛзектісі-бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес
келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз.
Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді
дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі
мектеп құру - педагог- ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен
жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытындысы дегім
келеді .
Бастауыш сынып оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың
әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту
мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес екендігіне,оқу-тәрбие үрдісінің
небір қиын мәселелеріне тап болып,оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін
дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ. Міндет ауыр,
мақсат айқын. Отандық іс-тәжірибе негізінде әлемдік тәжірибедегі алдыңғы
қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылы-
ғымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын оқушылар қатарын кӛбейт-
сек, жақсы нәтижеге жететініміз сӛзсіз.
Әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.
2.
Әдістемелік нұсқау хат. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы
3.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы
4.
Ақпарат кӛздері.
ОҚУШЫНЫҢ САНАЛЫ БІЛІМ АЛУЫНА ӚЗІН-ӚЗІ
РЕТТЕУДІҢ ӘСЕРІ
Анесий Азамат
Шортанды №3 қазақ орта мектебі
Шортанды ауданы, Қазақстан
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының мақсаттарына сай,
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасыбілім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен
және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне
кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-
20
қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін
оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша
оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы
болып отыр.
Оқытудың парадигмасы ӛзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңаша кӛзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды
меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гӛрі,оған жаңалық ашуға
кӛмектескен жӛн».
Г. Галилей
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының
жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-
тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Қазіргі күнде оқу – бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол
оқушылардың мүмкіндігін немесе оқуға деген қабілеттіліктерін жақсартуға
мұғалімдер тарапынан ұсынылатын педагогикалық тетіктердің біртұтас
кешенді жиынтығы екендігі баршамызға аян.
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл
құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың ӛздері де оқу үдерісіне белсенді
қатысуын талап етеді. Оқу үдерісіне толыққанды қатысу үшін оқушылар қалай
оқу керектігін білу керек. «Қалай оқу керектігін үйренудің қозғаушы күші
метатану болып табылады». «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана
оқушыларға оқуды ӛз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін
түсінуге және оны ӛз мойнына алуға қалай кӛмектесуге болатынын кӛрсетеді.
Оқушылар білімдері мен сенімдері туралы ойлануға , сұрақтар қоюға, жаңа
білім алуға , ӛз түсінігін тереңдетуге сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Осыдан
туындайтын нәрсетоптың кӛшбасшы оқушылары қабілеті тӛмен оқушыларды
ЖАДА (Vygotsk, 1978)ілімі негізінде оқытып, басқа топтардан артта қалып
қоймас үшін барынша әрекеттенді. Осы тұста оқытуды басқара алатын
кӛшбасшы оқушылар алға озып кӛріне алды.
Қалай оқу керектігін үйрету – бұл біздің қалай оқып жатқанымыз туралы
ойлайтынымызды сезінбейтіндігімізге қарамастан, біздің бүкіл ғұмырымыз
бойы санамызда орын алатын үдеріс. Біз уақытымыздың кӛпшілігін оны қалай
оқып - үйреніп жатқанымыздан гӛрі, нені оқып-үйреніп жатқанымызға бӛлеміз.
Мен
бірінші
(ілгері)
деңгей
бағдарламасын
аяқтаған
соң
оқушылармен«Қалай оқыту керектігі модулі» негізінде тізбектелген тӛрт сабақ
құрдым. Мысалы, оқушылардың жоғарыда айтылған метатану үрдісі арқылы
түсінуін бірінші, үшінші, тӛртінші сабақтарда жаңа тақырыпты ӛткенде мен
Блум таксономиясы бойынша бағыт - бағдар ретінде сұрақтар қойып, сол
сұрақтарға оқушылар ӛздері топта бірлесіп, жұмыс жасап жүзеге асырып, алған
білімді түсіну мақсатында бір тапсырма орындады. Алған түсінікті қолдануға
жол ашты. Метатану үрдісі арқылы бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау
21
жүргізу қабілеттерін оқушыларда үшінші, тӛртінші сабақтан байқауға болады.
Үшінші сабақтағы тақырып «Наймандар, керейіттер, жалайырлар» тақырыбы
бойынша мен алдын ала оларды топқа бӛліп, сол тақырып бойынша әр топ
берілген мемлекеттер туралы біраз мәлімет жинап әкелу туралы тапсырма
берген болатынмын. Сабақта тӛрт топ болып жұмыс атқарды және зерттеуге З
және М есімді екі оқушы алынды. Сонымен қатар бақылаушы тобын құрылды.
Бұл жерде бұрын менің сабағыма ешқандай қызығушылық танытпайтын
Соқушы бақылаушы рӛліне ӛзін ұсынды. Топ тапсырма орындап жатқанда
бақылаушы топ әр топқа барып, сырттай жұмыстарын қадағалап отырды. Осы
жерде қадағалау, бақылау үрдісі жүзеге асқанын байқауға болады. Топтар
жұмыстарын орындап болғаннан кейін, тақтаға кезекпен жұмыстарын қорғап,
бір –бірлерін стикер арқылы бағалады. Бір ұсыныс, бір жұлдызша беріп
отырды. Метатану үрдісі бойынша бағалау жүзеге асты. Бірінші сабақта
қызығушылық танытпайтын З оқушы үшінші, тӛртінші сабақтарда ашылып ӛзін
–ӛзі реттеп, метатату үрдісі бойынша ӛзгергенін байқауға болады. Бала
тапсырманы мұқият талқылауға үйренеді, соңында абстрактілі ойлау мен іштей
сӛйлеуін пайдалана отырып, ӛзін толық реттей алады.Балалардың ӛзін-ӛзі
тануы және ӛзін-ӛзі оқыту туралы білімін жетілдірумен айналысатындығын
кӛрсетті.
Метатану үрдісінің ӛзін - ӛзі реттеуі бойынша мен екі оқушыны зерттеуге
алып, ӛзін ӛзі реттеу бойынша зерттеу парағын жүргіздім. Сондағы шыққан
кӛрініс тӛмендегідей:
Нәтижесінде: екі оқушыны салыстыра келе, мен мынаны байқадым.
Тарих сабағына ешқандай қызығушылық танытпайтын З оқушы қалай
ӛзгергенін кӛруге болады. З оқушы басында жаңа тапсырманы сеніммен
орындаса, қазір тапсырманы ӛздігінен шешкенді ұнатады. Алға басуды
қаламайтын М оқушы, жаңа іс – әрекетті ұсына алады. Сұрақтар қояды және
жауаптар ұсынады және ең бастысы құрдастарымен бірлескен жұмысқа
қатысады, тек ӛзімшілдік қабілетін танытатын оқушы топпен бірлескен жұмыс
жасау арқылы ӛзін ғана емес, топты да алып шығып нәтижеге жетті.
Екінші сабақта жеке оқушылармен жұмыс жасаған кезде сыныптағы оқып
- үйрену үрдісіне кӛбірек кӛңіл бӛлу үшін, мен маршрут картасын енгізуді
шештім. Алдын ала бес қағидатты (дайындық, тапқырлық, икемділік,
жауапкершілік, рефлексия) негізге ала отырып, келесі сұрақтарды дайындадым;
сабаққа қандай мақсатпен келдің?
кӛңіл – күйің қандай?
Саған сабаққа керектінің бәрі бар ма? т.б
Тақырыпты мұқият оқып, негізгі ережелер мен анықтамаларға
сүйеніп, кӛңіл бӛл. Ойлан!
Сұрақтарды талқылап, сыныпта ойыңмен бӛліс, түсінбеген
жағдайда мұғалімнің кӛмегіне жүгін
«Жарайсың сен ӛте тапқыр оқушысың!» деген соңында рефлексия
жүргіздім.
Картаны сабақтың басында әр оқушының үстеліне қойдым. Оқушылар
22
картаны негізге ала отырып, маған шамалы болсада тәуелді болатынына кӛз
жеткіздім. Маршрут картасы арқылы оқушылар сабақта қалай қарай жүру
керектігін, мысалы, берілген тапсырмаларды жүйелі түрде орындау үшін және
қандай да бір тапсырмада тұрып қалған жағдайда, берілген тапсырманы
түсінбей қалған жағдайда немесе оны одан әрі қалай орындау керек болған
жағдайда не істеу керектігін біліп отыруына кӛп кӛмегін тигізді. Атап айтар
болсам, картаны қолдану арқылы мен уақытымды үнемдедім, оқушылар
мүмкіндігінің қандай болуына қарамастан табысқа, нәтижеге жете алдым. /1
кесте/
1-кесте. – Маршрут картаның артықшылығ, тиімділігі
Тӛртінші сабақта метатану үрдісі бойынша оқу тәжірибесіне қадағалау,
бақылау, бағалау жұмыстарын жүргізу қабілеттерін дамыту бойынша кӛрініс
тапты. Бұл сабақта әр топ ӛзінің топ басшысын сайлап, ол барлық сабақ бойы
топтың оқу әрекетін қадағалап, бақылап, бағалап отырды. Ӛтілетін тақырып
бойынша мен тақтаға сұрақтар әзірледім. Топ басшылары сұрақтарды негізге
алып, оқулықтағы білімді пайдалана отырып ӛз тобына жаңа тақырыпты
түсіндірді. Бұл сабақта топ басшысы жетекші рӛл атқарады, тобын тек
қадағалап, бақылап отырады және бағалайды, ал қалған топ мүшелері топ
басшысы түсіндірген материалды қалай түсінгенін, қалай меңгергенін анықтау
мақсатында жауап береді. Сондықтан біз оқушыларды ӛздігінен, тәуелсіз білім
алуға жетелеуіміз керек. Метатану үрдісін меңгерген оқушылар білім беру мен
оқытудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең дәрежеде
әрекеттеседі, ақыр соңында мұғалімнің қызметін оқушылар ӛздері атқара
алатын болады.
Егер оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда, қызығушылық
танытқанда ғана жаңа материалды терең ұғынып меңгеруге қол жеткізеді.
Басқаша айтсақ, сабаққа келген мұғалім оқушы бойында бастапқы сенімділікті,
ӛзіндік ойын айта білуге жол ашуға ӛз пайымдауын жасауға, әр оқушының нені
жақсы кӛретінін, не істегісі келетінін түсінуге жағдай жасау керек. Қалай оқу
керектігін үйрету модулі бойынша дарынды, талантты оқушы «мұзтаудың су
бетіндегі бӛлігіндей» белгісіз болып кӛрінеді. Оқушының бойында таным
тұжырымдамасы қалыптасқаннан кейін метатану үрдісі арқылы қалай бақылау,
қадағалау, бағалау және ӛзгерту керек деген сұрақтар туындау арқылы қалай
оқу керектігі жүзеге асады. Бұл ӛзгеріс байқалғаннан кейін түсіну және оны оқу
дағдылары арқылы қалай нәтижелерге жету және оларды бағалау шыңына
23
жетуге болады. Сонда ғана оқушының ішкі дүниесі танылып, қабілеттері
шыңдалады.
Бүгінгі таңда, қалай оқу керектігін үйрету бойынша білім алатын оқушы:
ӛзін - ӛзі ынталандыра алатын оқушы болу;
оқуға деген оң кӛзқарасты дамыту;
оқушы ретінде ӛздеріне деген оң қарым-қатынасты дамыту.
Егер оқушылар метатану үрдісі сәйкес дербес, тәуелсіз білім алу
бойынша жұмыс атқарса, мына нәтижені кӛруге болады:
Оқушы материалды «есте сақтайды» және «түсінеді»
Материалды сараптай алады
Алған білімді тәжірибемен ұштастыра алады.
Оқушы жұмыстың жеке құндылығын айқындайды
Бір нәрсені үйрену қажет болған кезде кез келген жағдайда оны іске
асыра алады.
Қарқынды дамып келе жатқан ӛмір жағдайында үздіксіз білім алу
қажеттілігі арқасында тәуелсіз оқи білу қабілеті шыңдалады.
Мұғалім қалай оқу керектігін үйретеді, ал жеке тұлғаны қалай оқу
керектігін үйренеді, Ӛзбетінше жұмыс істей алатын, білімін жалғастыра
алатын, жауапкершілікті түсінетін оқушы ӛзін-ӛзі реттеу арқылы ол түсінеді,
бақылайды, қадағалайды және ӛзгертеді. /2-кесте/
2-кесте. – Мұғалім үшін маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |