Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет33/55
Дата26.12.2019
өлшемі8,24 Mb.
#55072
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Байланысты:
Sbornik Zholamanov


Литература

 

1. 


www.strategy2050.kz

 

2. Государственная  программа  развития  образования  в  Республике 



Казахстан на 2011-2020 годы / 

www.edu.gov.kz/ru/zakonodatelstvo

 

 



 

 

 



 

 


281 

 

ЗАМАНАУИ  ОҚЫТУ ─ УАҚЫТ ТАЛАБЫ 

 

Шагирбаева Б. К. 

Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті,  

Кӛкшетау қ., Қазақстан 

b_shagirbaeva73@mail.ru



 

 

Мақалада  білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  жолдары  жаңа 

ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  дүниежүзілік  озық 

тәжірибелерге  сүйеніп  жаңа  типті  оқыту,  әр  оқушының  қабілетін  жан-

жақты  дамыту  үшін  қолайлы  жағдай  туғызу,  оқу  тәрбие  үрдісінің  барлық 

деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды кӛздейтіндігі баяндалады.  

 

Еліміздің болашағы, кӛркейіп ӛркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі 



ұрпақ  бейнесінен  кӛрінеді.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  проблема  - 

әлеуметтік     педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына 

жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын 

мұғалімдерді даярлау. 

Мұғалімдерді  даярлау  қай  уақытта  да  ең  ӛзекті  мәселелер  қатарына 

кіретіні  белгілі  жәйт.  Олай  болатыны,  қоғамның  әлеуметтік  –  экономикалық 

 міндеттері  заманына  сай  ӛзгерістерге  ұшырап,  ӛскелең  ұрпақты  соған 

лайықтап ӛмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады. 

Бұл  жерде  ұстанымдар  кәсіби  педагог  кадрларын  даярлау  жүйесіндегі 

кӛзқарастардан айкыңдалары даусыз. 

Қазіргі  мектеп  жағдайындағы  білім  берудің  ұлттық  моделіне  ӛту  оқыту 

мен  тәрбиелеудің  соңғы  әдіс-тәсілдерін,  инновациялық  педагогикалық 

технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай 

алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада 

арылуға  қабілетті  және  нақты  тәжірибелік  іс-әрекет  үстінде  ӛзіндік  даңғдылы 

жол  салуға  икемді,  шығармашыл  педагог-зерттеуші,  ойшыл  мұғалім  болуын 

қажет етеді. 

Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру 

жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді [ 1]. 

Ол  үшін  болашақ  мұғалімдерді  даярлауға       жоғары  оқу  орындары 

тӛмендегідей жұмыстар атқаруға тиісті: 

1. Болашақ мүғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, 

ӛмір сүруге бейімдеу; 

2.  Жаңа  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияға 

бейімделген  білім  берудің  ғылыми-әдістемелік  базасын  жасау,  білім  саласын 

басқарудың  жаңа  формалары  мен  әдістерін  пайдалана  отырып  жоғары  білім 

беру жүйесін жаңарту; 

3.  Дүниежүзілік  ақпараттық  білім  кеңістігіне  орта  білім  беру  мен 

жоғары    білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру; 

4.   Білім  берудің  иллюстративтік  түсіндірмелі  жүйесінен  дамыта  оқыту 



282 

 

жүйесіне  кӛшу.  Оқыту  үрдісінде  оқушы   шығармашылығына    негізделген 



окыту әдістерін пайдалануға түбегейлі кӛшу; 

Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктері 

баршылық:  

 • білім сапасының тӛмендігі; 

 •  білім   саласына   мемлекет   тарапынан   реформалар  жүргізілгенімен 

оқудың         нәтижесінің болмауы; 

 • 

директивалық  



құжаттар 

кӛптеп  


шығарылғанымен 

оның 


мардымсыздығы; 

 • оқушылардың ӛздігінен білім алу дағдысының болмауы; 

 •  оқушылардың      және    окытушылардың    бірлескен  шығармашылық 

еңбегінің болмауы. 

Бұл  тығырықтан  шығудың  бірден-бір  жолы  оқу-тәрбие  үрдісінде 

инновациялық 

әдіс-тәсілдерді 

енгізу, 


оқушылардың 

білімге 


деген 

қызығушылығын, талпынысын арттырып, ӛз бетімен ізденуге, шығармашылық 

еңбек етуге жол салу. 

Оқу-тәрбие  үрдісіне  жаңалықтар  енгізу  тӛмендегідей  жолмен  кӛрсетуге 

болады: 

 

 



Білім беру 

 

Ақпарат- 



тандыру 

 

Насихат- 



тау 

 

Игеру 

Жұмысты 

жетілдіру, 

жаңалықтар 

іздестіру 

 

А 

Ақпарат 



жаңалықтарын 

меңгеру 


 

Ә 

 



Оқыту, 

игеру 


 

Б 

 



 

Пайдалану 

Инновациялардың  таралу  үрдісінің  бір  түрімен  (А,  Ә,  Б)  екінші  түрінде 

ӛту ерекше функцияларды орындайды [2 ]. 

 

 А - новациялар белгілі болады, кӛпшілікке таралады. Жаңалықтарға жол 



   ашылады; 

 Ә - олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі; 

 Б  -  жаңалықтарды    енгізу    жолдары    қарастырылады,  білім  беру      

ұйымдарының жұмыстарына енгізіледі; 

Оқу – тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңінен 

тұрады. 


I кезең: Жаңа идеяны іздеу 

Ақпараттандыру  және  инновацияларды  ұйымдастыру,  жаңалықтарды 

іздестіру. 

II кезең: Жаңалықтарды ҧйымдастыру 

Оқу-тәрбие  үрдісінде  жаңалық  енгізулерді  алғашқы  байқаудан  ӛткізу, 

ұйымдастыру және кеңес алу. 

III кезең: Жаңалықтарды енгізу 


283 

 

Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану. 



IV кезең: Жаңалықтарды бекіту 

Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау. 

 Инновациялық     үрдістің     негізі     -     жаңалықтарды  қалыптастырып 

жүзеге асырудың тұтастық қызметі. 

Инновация  білім  деңгейінің  кӛтерілуіне  жағдай  туғызады.  Мектеп 

ӛмірінде  болып  жатқан  ӛзгерістер,  олардың  инновациялық  бағытқа  бет  бұруы 

болашақ  мұғалімдерді  даярлаудағы  әдістемелік  ӛзгерістермен  тығыз 

байланысты. 

Педагогикалық   инновациялар   мағынасына,    мазмұнына,  нәтижесіне 

қарай 2 түрге бӛлінеді: 

• білім беру жүйесіндегі инновациялар; 

•оқу-тәрбиелеу  жұмысының  жоспарлары  мен  бағдарламаларының   

мазмұны  мен  құрылысына               жататын инновациялар. 

Педагогика  ғылымында  білім  алушыны  оқыту  мен  тәрбиелеудің  міндеті 

жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болғандықтан,  жаңа 

технология  бойынша  әдістемелік  жүйенің  басты  бӛлігі  оқыту  мақсаты  болып 

қалады.  Сондықтан  танымдылық  іс-әрекеті  белгілі  бір  дәрежеде  белсендірілуі 

қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бӛліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі 

мен құралдарының)  ӛзара байланысы  қалпында ӛзгертілуін  талап  етеді.  Мұны 

орындау үшін тӛмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс. 

1.  Оқушылардың  ӛзіндік  іздену  іс-әркетінің  әдістерін  меңгеру  талап 

етіледі.  Ӛйткені  бұл  әдістердің  күнделікті  пайдаланып  жүрген  оқыту 

әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп 

отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының ӛзара тығыз байланыстылығы. 

Демек,  мұнда  бірінші  орында  оқушы  тұрады  және  оның  ӛз  бетімен  білім 

алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. 

2.  Жаңаша  оқытудың  негізгі  түрлері:  оқытудың  дербес  және  топтық 

түрлері  болып  табылады.  Бұл  жерде  алға  қойылатын  басты  мақсат  -  оқушыға 

деген  сенім,  оның  ӛз  ісіне  жауап  беру  мүмкіндігіне  сүйеніп  беделі  мен  қадір-

қасиет  сезімін  дамыту.  Ал  оқытудың  фронтальды  түрі  кӛбінесе,  бағыт  беру, 

талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады. 

3.  Жаңа  технологияның  мақсаты  бойынша  "оқытуды  ізгілендіру"  қажет. 

Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың ӛздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе 

алатындай  болуы  керек.  Бұрынғы  дәстүрлі  оқулықтар  мұндай  талапты 

қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың ӛз бетімен білім алуына аса 

бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ. 

Жаңа  технологияның  тағы  бір  психологиялық  негізі  болып  табылатын 

теория  -  Л.С.Выготскийдің  "оқыту  үрдісінде  оқушының  ақыл-ойының  дамуы 

"актуалды  даму"  аймағынан  жақын  арадағы  даму"  аймағына  ауысуы  туралы 

теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші 

деңгейден ӛнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу  негізіндегі 

іс-әрекет  арқылы  жүзеге  асады.  В.П.Беспалько  бұл  деңгейлерді  тӛртке  бӛледі: 

бірінші  деңгей  -  "міндетті,  оқушылық",  екінші  -  алгоритмдік,  үшінші  - 


284 

 

эвристикалык, тӛртінші - шығармашылық. 



Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру 

мен  демократияландыруға,  оқушылардың  ӛздігінен  бағыт-бағдарын  анықтап, 

дамуына,  ең  бастысы,  ӛзін-ӛзі  тәрбиелей  алатын  тұлға  ретінде  калыптасуына 

жағдай  жасауға  болатыны  күмәнсіз.  Сондықтан  да  білім  беру  жүйесінің 

алдында  тұрған  басты  мақсат:  жаңа  технологияның  талаптарына  сай  жаңа 

оқулықтар  буынын  жазу  болып  отыр.  Бұл  жаңа  оқулықтар  мен  дидактикалық 

құралдардың  ерекшелігі  сол,  олардың  мазмұнын  қысқа  мерзімде  ешқандай 

бейімдеусіз-ақ  компьютерге  кіргізуге  болады  екен.  Себебі,  бұл  құралдардың 

құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.[3] 

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі дамытуға, оның 

ӛзіндік  және  шығармашылық  қабілетін  арттыруға,  қажетті  іскерліктері  мен 

дағдыларын қалыптастыруға және ӛзін-ӛзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға  

қажетті  объективті  әдістемелік  мүмкіндіктерін қамтиды. 

Жеке  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  дамыту  технологиясында  оқу  пәндері 

әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. 

Қазір білім беру саласында жаңа жүйе жасалып, әлемдік білім кеңістігіне 

ену  бағытында  елеулі  істер  атқаруда.  Инновация  білім  деңгейінің  кӛтерілуіне 

жағдай  туғызады.  «Білекке  сенер  заманда  ешкімге есе бермедік,  Білімге  сенер 

заманда, қапы қалып жүрмейік» – деп Абылай хан айтқандай әр мұғалім жаңа 

технологияның идеяларын іздене оқып, педагогика саласында ӛз жолын, ӛз тың 

еңбегін, ӛз сүрлеуін салуға үлес қосуға тиісті.  

 

Әдебиеттер:  

 

1. 


Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, 

или как интересно преподавать. – Алматы, 2012.  

2. 

Давыдов В.В. Теория развивающегося обучения. – М., 1996.  



3. 

Оспанов  С.И.  Кредиттік  оқыту  жағдайында  студенттердің  ойлау 

белсенділігін кӛтеру әдіснамасы: Жоғары оқу орнына арнлаған әдістемелік оқу 

құралы. – Алматы, 2012.  

4. 

Прищепа  Т.А. Педагогическая  технология  "Альтернатива"  в 



проблемном  обучении  //  Интернет-журнал  "Эйдос".  -  2005.  -  20  мая.  // 

http://www.eidos.ru/journal/2005/0520-01.htm

.  

5. 


Шадриков В.Д. Качество педагогического образования: монография / 

В.Д. Шадриков. – М.: Логос, 2012.  

6. 

Facilitating  self-actualization  in  high  school  youth:  Faculty  strategies  // 



http://search.proquest.com//docview/304704394 

7. 


Hopson  S.  Self-Actualization:  Definition,  Lesson  &  Quiz  // 

http://education-portal.com/academy/lesson/self-actualization-definition-lesson-

quiz.html

 

8. 



http://www.at-bristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc

http://www.ltscotland.org.uk/glossary/l/listeningtriads.asp?strReferringChannel=learn



ingaboutlearning

 

 



285 

 

ОБ ОБУЧЕНИИ ЕСТЕСТВОЗНАНИЮ В РАМКАХ ОБНОВЛЕННОГО 



СОДЕРЖАНИЯ СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ 

 

Шаяхметова А.А., Нурмуханбетова Н.Н., Фахруденова И.Б. 

Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова,  

г. Кокшетау 

nn_nurgul@mail.ru

 

 

В  статье  актуализируется  один  из  важных  вопросов  современного 



образования  – обновление содержания обучения предмету «Естествознание», 

требующее  от  педагога  специальных  компетенций.  Авторы  подчѐркивают 

необходимость  системного  подхода  к  подготовке  кадров  в  высшей  школе  и 

предлагают своѐ видение данного вопроса. 

 

Предмет  «Естествознание»  в  начальной  школе  требует  специальных 



компетенций будущих педагогов. Согласно рабочей программе (март 2016 г.), 

разработанной 

учеными 

и 

преподавателями 



АОО 

«Назарбаев 

Интеллектуальные школы» совместно с Национальной Академией образования 

им. И. Алтынсарина,  при  изучении  учебного  предмета  «Естествознание» 

используются следующие подходы: 

- ценностно-ориентированный; 

- лично-ориентированный; 

- деятельностный; 

- коммуникативный; 

- на основе сквозных тем; 

- игровое обучение; 

- проектный [1, с. 8]. 

Многие из перечисленных подходов с успехом используются в обучении, 

как в высшей, так и в средней школе.  

Данная  учебная  программа  в  рамках  обновления  содержания  среднего 

образования  в  Республике  Казахстан  представляет  дисциплину,  которая 

призвана  обеспечить  естественнонаучное  образование  младших  школьников, 

способствующей  развитию  природной  любознательности,  расширению 

кругозора  о  мире,  развитию  научного  понимания  и  целостного  видения 

окружающего мира [1, с. 7]. 

В 

советский 



период 

учеными-педагогами 

была 

разработана 



экспериментальная  учебная  хрестоматия  «Естествознание»  для  учащихся  3-го 

класса,  трехлетней  начальной  школы  по  системе  развивающего  обучения 

Л.В. Занкова [2]. 

Система развивающего, а если быть точнее, опережающего обучения по 

Л.В. Занкову  опиралась  на  принципы, направленные на  достижение  возможно 

более  высокой  эффективности  развития  младших  школьников  в  процессе 

обучения. 

Принципы образования по Л.В. Занкову следующие: 



286 

 

-  ведущая  роль  теоретических  знаний  в  содержании  обучения,  на  базе 



возможно более глубокого осмысления соответствующих понятий, отношений, 

зависимостей; 

-  осознание  учащимися  всех  звеньев  процесса  учения  и  необходимость 

работы, над развитием всех учащихся, в том числе и наиболее слабы; 

- обучение на высоком уровне трудности, заключающиеся в том, что если 

учебный  материал  и  методы  его  изучения  таковы,  что  перед  школьниками  не 

возникает  препятствий,  которые  должны  быть  преодолены,  то  развитие  детей 

идет вяло и слабо; 

- в изучении программного материала необходимо идти вперед быстрым 

темпом,  поскольку  непрерывное  обогащение  ума  школьника  разносторонним 

содержанием  создает  благоприятные  условия  для  все  более  глубокого 

осмысления  получаемых  сведений,  поскольку  они  включаются  в  широко 

развернутую систему[3]. 

Содержание  учебника  «Естествознание»,  структура  его  построения 

демонстрирует  теоретический,  изложенный  в  доступной  для  детей  младшего 

школьного возраста форме, материал. Детям 7-8-летнего возраста предлагается 

темы  по  анатомии  человека,  например,  «Скелет  –  надежная  опора  человека», 

«Мышцы, и их работа», встречаются темы про здоровый образ жизни, такие как 

«Наш  организм»,  «Зачем  школьнику  режим»,  «Телевизор  в  доме»,  «Секрет 

долголетия»,  «Для  чего  нужно  закаливание»  и  т.д.  Также  в  содержании 

хрестоматии  можно  встретить  материал  по  развитию  психических  процессов: 

память, ощущение, восприятие, темперамент, способности.  

По результатам анкетирования детей прогимназического класса детского 

комбината  «Балауса»  (г. Аркалык,  1998  г.)  были  выявлены  следующие 

результаты:  73%  детей  очень  заинтересовали  темы  по  психологии  развития 

личности,  68%  понравились  материалы  темы  «Зачем  человек  ест»,  более 

трудными для понимания детей младшего школьного возраста (87%) оказались 

темы:  «Кровь.  Сердце  и  его  работа»,  «Мозг  и  органы  чувств»,  несколько 

неожиданным для детей оказался материал, выделенный для дополнительного 

чтения,  например,  «Клятва  Гиппократа»,  «Аппендицит»,  «В  лаборатории», 

«Что  может  и  не  может  рентген»,  «Откуда  берутся  дети».  Вместе  с  тем, 

учащиеся  с  интересом  изучали  многие  темы,  задавали  большое  количество 

дополнительных  вопросов,  которые  требовали  от  педагога  разносторонней 

подготовки по всем направлениям науки «Естествознание» [4]. 

Учебник  «Естествознание»  (1998  г.)  предлагает  большой  практический 

материал,  о  том,  какой  должна  быть  осанка  человека,  различные  упражнения 

для определения силы, проверки быстроты движения, выносливости и т.д. 

Педагогическая  наука  современности  требует  быстрого  реагирования  на 

все, что происходит не только в образовании, но и в мировом сообществе, и от 

этого задачи образования становятся шире и значительнее.  

Считаем, что переход на обновленное содержание среднего образования в 

Казахстане является верным в направлении эффективности и качества знаний, 

их умелом использовании в повседневной жизни. 


287 

 

В  содержании  учебной  программы  «Естествознание»  прописаны  все 



основополагающие  требования  и  правила  преподавания  дисциплины, 

например,  дается  описание  кабинета,  использование  информационно-

коммуникативных  технологий,  организация  содержания  предмета,  согласно 

которому  данный  предмет  изучается  на  протяжении  всей  учебы  в  начальном 

звене, по 1 часу в неделю в 1 и 2 классах и по 2 часа в неделю в 3 и 4 классах.  

В  отличие  от  содержания  учебника  1998  года,  новая  программа 

представляет изучение основ естественных наук, обобщая и синтезируя многие 

темы,  делит  их  на  разделы  и  подразделы.  Так,  раздел  «Я  –  исследователь» 

имеет  такие  подразделы:  1.1  «Роль  науки  и  исследователей»,  1.2  «Методы 

познания 

природы» 

необходимо 

изучать. 

Система 


преподавания 

распределяется  следующим  образом:  первое  число  обозначает  класс,  второе  и 

третье  числа  –  подраздел  программы,  четвертое  –  нумерацию  учебной  цели 

(См. Таблицу 1 – система целей обучения) [1, с. 19]. 

Таблица 1 

 

Подраздел  



1 класс 

2 класс 


3 класс 

4 класс 


1.1 

Роль 


науки 

и 

исследовате



лей  

1.1.1.1  объяснять 

необходимость 

изучения 

явлений, 

процессов 

и 

объектов 



окружающего 

мира 


2.1.1.1 

определять 

условия 

и 

личностные 



качества, 

необходимые  для 

изучения 

явлений, 

процессов 

и 

объектов 



окружающего 

мира 


3.1.1.1 

рассказывать 

о 

наиболее 



значимых 

научных 


открытиях  и  их 

влиянии 


на 

повседневную 

жизнь человека 

4.1.1.1 


определять 

актуальные 

направления 

на 


основе 

собственных 

размышлений 

 

Учитель  начальных  классов,  как  следует  из  данной  программы,  должен 



иметь глубокие знания по биологии, химии, физике, астрономии, зоологии. Все 

это как  мы  видим, задает вузам, которые осуществляют подготовку педагогов 

начального образования расширять траекторию образовательной программы.  

Анализ  типовых  программ  показывает,  что  начальное  образование 

гуманизировано,  т.е.  большее  внимание  уделяется  предметам  языковым, 

художественному  слову,  математике,  так  сказать  предметам  традиционного 

образования.  

Таким образом, новая программа «Естествознание» требует тщательного 

методического  и  методологического  изучения,  к  которому  следует  подходить 

на основе комплексного и систематизированного изучения в высшей школе. 

 

Литература: 

 

1. Естествознание. 



Учебная  программа  (в  рамках  обновленного 

содержания среднего образования). Начальная школа (1-4 классы), март, 2016. 

Астана, 2015. 


288 

 

2. Товпинец  И.П.,  Дмитриева  Н.Я.  Естествознание:  Учеб.-хрестоматия 



для 3 кл. трехлет. нач.шк. – М.: Просвещение, 1997. – 224 с. 

3. Занков Л.В. Избранные педагогические труды. Новая школа. – 1996 г., 

432 с. 

4. Шаяхметова  А.А.  О  психологической  культуре  будущего  учителя. 



Материалы региональной научно-практической конференции. – Аркалык, 1998. 

 

 



 

ЖАҢАША ОҚЫТУ ЗАМАН ТАЛАБЫ 

 

Шегенева Б.Б. 

№ 17 орта мектеп, Кӛкшетау қ., Қазақстан 

bakyt__bolatkyzy@mail.ru

 

 

 



Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпен біріккен 

және  оқыту  мен  тәрбиелеудегі  инновациялық  технологияларды  қамтыған, 

оқыту,  тәрбиелеу  және  басқару  түрлерінің,  әдістері  мен  оқу  құралдарының 

жиынтығы.  Оқушыға  белгілі  бір  кӛлемдегі  білім,  білік  дағдыларды 

меңгертумен  қатар  дүниетанымын  кеңейтіп,  оларды  шығармашылық 

бағытта  жан-жақты  дамыту  бүгінгі  күннің  басты  талабы  деп  отырмыз. 

Бұл,  әрине  ұстазға  да  кӛп  ізденісті  талап  етеді. Осы  тұрғыдан  келгенде, 

автор  мақаласында  жаңаша  оқытудың  бір  модулі  –  диалогтық  оқытуға 

тоқталған.  

 

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік 

білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі 

ӛзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы ӛзгерді, 

білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа кӛзқарас, жаңаша қарым- қатынас пайда 

болуда.  Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде 

мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін 

меңгеруі  маңызды  мәселелердің  бірі.  Ӛйткені,  жаңа  педагогикалық 

технологияны  меңгеруге  оқытушыларды  даярлау  –  оларды  кәсіби  білімін 

кӛтеруге  дайындау  аспектісінің  бірі  және  педагогтың  жеке  тұлғасын 

қалыптастырудың  үрдісіндегі  іс-әрекеттің  нәтижесі  болып  табылады.  Ғылым 

мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны  күшейген 

заманда  ақыл-ой  мүмкіндігін  қалыптастырып,  адамның  қабілетін,  талантын 

дамыту  білім  беру  мекемелерінің  басты  міндеті  болып  отыр.  Ол  бүгінгі  білім 

беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы 

мен  шығармашылық  жемісімен  келмек.  Сондықтан  да  әрбір  студенттің 

қабілетіне 

қарай 


білім  беруді, 

оны 


дербестікке, 

ізденімпаздыққа, 

шығармашылыққа  тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық 

технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Ӛйткені мемлекеттік 

білім  стандарты  деңгейінде  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа  педагогикалық 


289 

 

технологияны ендіруді міндеттейді. 



Оқушылардың    қалай  оқу  керектігін  үйреніп,  соның  нәтижесінде  еркін, 

ӛзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір 

–  кӛзқарастары  жүйелі  дамыған,  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  ӛз  деңгейінде 

меңгерумен  қатар,  сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы 

ретінде   қалыптасуын  қамтиды.  Еліміздің  ертеңі  жас  ұрпақ  қолында.  Қазіргі 

заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға 

қойып  отыр.Сондықтан  сапалы  білім  беруде  атқарылатын  қарқынды  жұмыс 

мұғалімдердің  еншісінде  екенін  айтпасақта  белгілі.Қазіргі  заман  талабына  сай 

 оқыту  да  білім  беруді  жаңашаландыру  –  оқу  тәрбие  үдерісін  даралау, 

демократияландыру  –  жаңа  тақырыпты  оқушылардың  ӛздеріне  меңгере 

алатындай  мүмкіндік    беру,  ізгілендіру,  түрлендіру,  тұлғаға  бағытталған  білім 

беру  ұстанымдары  арқылы  жүзеге  асырылады.  Оқыту  мен  оқудағы  жаңа 

тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес.Ол оқыту әдісін таңдау, жүйелі 

ойлауға  үйрету,  оқушының  талантын  зерттеу  және  анықтау,   сандық 

технологиялар 

саласындағы 

жоғары 

құзыреттілікті 



дамыту 

болып 


табылады.Мен    жаңа  тәсілдерді  қолдануда  «диалогтік  оқытудың  маңызын» 

басшылыққа  алдым.  Оқыту  мен  оқудағы  оқушы  мен  мұғалімнің  арасындағы 

байланыс  ол  диалог  арқылы  болары  сӛзсіз.  Осы  диалогтікті  оқытуды  сабақ 

барысында  тиімді  қолданылғанда  оқушылар  ӛз  ойларын  жетік  білдіруге, 

кӛзқарастарын  ашық  айтуға,  еркін  сӛйлеуіне,    ізденіс  жасай  отырып  дамуына 

кӛмектеседі.  Бұл  үдерісте  оқушылар  түсінеді,  бақылайды,  ізденеді,  зерттейді,  

ӛздерін  қадағалап  отырады.  Берілген  тапсырмалар  арқылы  ӛзін-ӛзі  реттей 

отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады. Себебі топ мүшелері бірге 

жұмыс  жасауға  тырысады,  топта  ынтымақтастық  атмосферасын  құра  отырып, 

жаңа  тақырыпты  ӛз  бетінше  меңгеруге  мүмкіндік  туындайды.Әр  мұғалім  ӛз 

сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сӛзсіз. Сол арқылы 

оқушының  сабақты  қаншалықты    меңгергенін  біліп,  олардың  сабақты  қалай 

игеріп отырғанын қадағалап, сабақтың барысын бағыттаушы ретінде іс әрекет 

жасауға  мүмкіндік  туады.Сондықтан  оқушыларды  диологке  тарту  барысында 

сұрақ қоюдың  тӛмен және жоғары дәрежелі болып бӛлінетін екі түрі бар екенін 

естен шығармаған жӛн шығар.Тӛмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс 

емес»  деп  бӛлінеді.  Бұл  сұрақ  түрлері  оқушыны  терең  ойландармайды.Ол 

жаттап  алуға  бағытталып  бағаланып  отырады.  Ал  жоғары  деңгейлі  сұрақтар 

оқушыны  жан-жақты  ойландырып,  ішкі  пікірін  ортаға  сала,  іздене  отырып 

жауап беруге жетелейді. Сонымен бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа 

байланысты  түсіндірме,  сынама,ӛткір  сұрақтар  арқылы    білімдерін  бекітуге 

болады.  Ал  оқушының  берген  жауабы  қате  болған  жағдайда,  оларды  бірден 

тоқтатып, қате деуге болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып,ӛз қателерін 

табуға,  түзетуге мүмкіндік беруіміз керек.Ӛз қатесін түзете отырып  сабақ алуы 

керек  ,оларды  тақырыпқа  қарай  бағыттап  сұрақ  қоя  отырып  дұрыс  жауабын 

табуға    кӛмектесуіміз  қажет. Сол  себепті  мұғалім      қате  жауабын  бас  изеп 

қабылдай  берсе  оқушы   «мен  білемін»  деген  оймен   тақырыпты  меңгермей 

қалуы да мүмкін. Диалогтік оқытудың тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда 



290 

 

жетекші,  кесімді  сұрақ  қою  арқылы  оқушының  сындарлы  сӛйлеуіне 



ынталандыруға,  білімге  құштарлығын  оятуға,  сыни  тұрғыда  ойлауға  ықпал 

етуге  тырысамын.Оқушылар  бір-бірін  үйретіп,  үйренуге,пікір  бӛлісіп,  оны 

құрметтей  білуге,  ӛздерін  және  ӛзгені  бағалай  білуге,  бірімен  бірі  диалогтік 

қатынасқа  түсуге,  бір-біріне  сұрақтар    қоя  білуге,  ойын  жинақтап,  талдауға 

үйренетіндігін,  кез  келген  жағдайды  шешуде  мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен 

оқушы  және  ӛзгелер  арасында  серіктестік  құру  арқылы  ой  бӛлісетіндігін 

қадағалап  басшылыққа  алып  отырамын.Мерсердің   зерттеуіне  сәйкес, 

әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының ажырамас бӛлігі 

деген.Оқушылардың білім алуда сұраққа ізденуі, зерттеу арқылы  жауап беруі, 

тыңдауы  мен  сӛйлеуі  арасында  байланыс   анағұрлым  нәтижелі  болатынына 

кӛзім  жетті.  Оқушылар  шағын  топтарда  жұмыс  жасай  отырып,  бір-  бірімен 

пікір  алмасып,  ойларын  ортаға  салып,  баға  бере  біледі.Оқушы  қойылған 

сұрақтарға  жауап  беру  арқылы білімдерін  шыңдайды.Сонымен  қатардиалогтік 

оқыту  әдісі    оқушыларды  сұрақ  қойып,  әңгіме  жазуға,  пікірталас 

ұйымдастырып, ӛз ойын дәлелдей білуге машықтандырады. Диологтік оқытуды 

ӛз  тәжирбиемде    қолдану  арқылы  оқушыларды  ӛзіне  деген  сенімділігін,  ӛз 

бетінше  ізденіп  ақпаратты  сараптай  алуға  ұмтылыс  жасай  бастағандарын 

байқадым.Оқушылар  сабақта  берілген  тақырыптан  тыс  ақпарат  жинап  келіп, 

оны  ӛз  топтарында  еркін  бӛлісуі  бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  үлкен 

жетістік.  Диологтік  оқыту  арқылы  сыныпта  оқушылар  бір-  біріне  деңгейлік 

сұрақтар  қоюға,олардың  жауаптарына  ӛз  пікірлерін  қоса  отырып  ақпаратты 

толықтыруға  дағдылана  бастады.  Себебі оқушы  ӛзін ойландырған сұраққа  тек 

жауап  қана  алып  қоймайды, ӛзі  білетін  ақпаратқа  қосымша  ақпарат  алып  оны 

жүйелеу, сараптауға үйренеді. Осындай әдіс- тәсілдер оқушының алған білімін 

шыңдап, оның есінде ұзақ уақытқа сақталады. Қай кезеңде болмасын ұстаздар 

ӛз  сабақтарында    диологтық  окыту  әдісін  қолданып  келеді.Бұл  әдіс    барлық 

пәндерде  қолданылады.  Тек  қазіргі  кезде    заманның  талабына  сай    жаңа 

ақпаратпен  оқушы  ӛзінің  ізденуі  арқылы  білімін  толықтырып  отыруы 

тиіс.Сонда  ғана  олардың  алған  білімдері  шыңдалып,  ұзақ  уақытта  естерінде 

қалады.Менің  байқағаным  оқушылар  бір-  бірімен  сұхбаттасып,  бір-  біріне 

сұрақтар қойып, пікір таласқа түскенде алған жаңа ақпараттары олардың есінде 

ұзаққа  сақталып  жүйелініп  отыратынын  кӛрсетті.Диологтік  оқыту  сонымен 

қатар  ӛздеріне  сенімсіз,  сӛздік  қоры  аз,  ұяң  оқушылардың  ашылуына  да  әсер 

етеді.Бұл  оқушылар  диологқа  түсу  арқылы  ӛз  ойларын  топпен  бӛлісуге 

тырысады,  ӛзін  ойландыратын  сұрақтарға  белсене  жауап  іздей  бастайтынын 

байқадым.  Дүниетану    пәнінде  оқушыларға  түрлі  деңгейдегі  сұрақтар  қою 

арқылы  тақырыптың  тӛңірегінен  шығып  жан-  жақты  қызықтар  деректер  мен 

ақпараттар жинайтын болды.Себебі сабақта олар ӛздері жинақтаған деректерді 

«Қар  кӛшкіні»  әдісі  қолдану  арқылы  ортаға  салып,  белсенді  пікір  таластыра 

бастады.Сыныпта  кімнің  жинақтаған  деректері  қызықты  және  тақырыпқа  сай 

қосымша ақпарат беретінін ӛздері талдап, бағалау барысында ерекше атап кету 

арқылы марапаттау жұмысын жүргізіп отырды.Осындай пікір таластар арқылы 

оқушылардың пәнге деген ерекше қызығушылықтарын байқадым.Қазіргі кезде 


291 

 

тәжірибемде  бұрынғы  дәстүрлі  сабақтарда  қойылатын  сұрақтарды  қоймауға 



тырысамын,  олар  оқушылардың  сыни  тұрғыда  ойланып  жауап  айтуларына 

мүмкіндік    бере  алмайтын  ашық  түрдегі  сұрақтар.Себебі  диалогті  бұлай 

қолдану  оқушының  терең  ойлауына,   алған  білімін  талдап,  сараптауына 

мүмкіндік  бермегенін  түсіндім.   Егер  оқушы  ортада  ӛз  пікірін  еркін  жеткізе 

алмаса,  ол  білімін  толықтырып,  жетілдіре  алмайды.   Сондықтан  диалогтік 

қарым-қатынас  жоғары  деңгейде  болу  керек.Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша 

нәтижелер  дәлелдегендей,  сабақта  диалогтің  орны  бӛлек. Оқушылар  осы  әдіс 

арқылы  сабаққа  қызығушылықпен  қатысатын  болды.   Оқытудың  қай 

технологиясымен  жұмыс  жүргізсем  де  диалогтік   тапсырмаларды  қамтуға 

тырыстым.  Себебі  диалог  барысында  сабақтарда  сыни  ойлауға  бағыттайтын 

сұрақтарды  пайдалану  арқылы  оқушы  пікірін  біліп,  сұрақ    қойып  диалогқа 

түсуге жетеледім. 

Диалогтік оқытудың тиімді жақтары мынада болғанын байқадым: 

–  Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалануға кӛмектеседі; 

–  Оқушылар  бір-  бірін  тыңдай  білуге  үйренді.  Сұраққа  жауап  бере 

алмаған оқушы басқаларды мұқият тыңдайды; 

 – Оқушыларға сыни ойлауға кӛмектеседі, пікір алмасады. 

 –  Оқушылар  бір- бірін оқытады; 

 –  Оқушылар ӛздері қызықтыратын  тақырыптарды зерттейді; 

 –  Оқушылардың  деңгейлік  сұрақтарды  қою  арқылы  жан-  жақты  іздену 

белсенділігі артады.   

 Себебі  оқушылар  қысқа  ғана  жауап  беретін  мұғалімнің  сұрағымен 

салыстырғанда  диалогтік  сұхбаттасу  мұғалімдер  де,  оқушылар  да  білім  алуға 

қомақты  үлес  қосатын  ӛзара  іс-қимылдыңшын  мәніндегі  тиімді  түрі  болып 

табылады. Сол себепті мұғалім  ретінде сабақты  жоспарлауда  нені  ескеруіміз  

қажет: 


- оқушылардың  қажеттіліктеріне  қарай  жоспарлау,  

- ынтымақтастық  атмосферасын құра отырып жоспарлау; 

-  белсенділігі  мен  қызығушылығын      арттыруға    жағдай    жасай  отырып 

жоспарлау; 

-  оқушылардың    ой-пікірлерімен    келісе    отырып,  оны    дәлелдеуге 

мүмкіндік беру; 

-  рефлексия, кері байланысты  үнемі қолдану; 

Ӛз  ойларымды  қорыта  келе,  диологтық  оқыту  жүйесін  сабақта 

қолданғанда  оқушылардың  ой  –  пікірлерін  білуге,  олардың  кӛзқарастарының 

алуан түрлілігі мен ӛзара ынтымақтасуға әкелетініне сӛзсіз сенемін. Сұрақ қоя 

отырып,  оқушылар  бір-бірімен  түрлі  ой  алмаса  отырып,  білімдерін  тереңдете 

алуға  мүмкіндік  алады.  Сабақтардың  мазмұнды,  сапалы    ӛткізілуіне    барлық 

күш-жігерді,  білімді,  біліктілікті      болашақ    ұрпақ    үшін    жұмсау  ол  барлық 

педагогтың міндеті деп ойлаймын. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет