Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1. Кәсіптік оқытудың болашақ ұстаздары нені білу керек, нені меңгеру керек?
2. Оқушының кәсіби-еңбектік іс-әрекеті құралатын іскерлік түрлерін ата.
3. Қ.Р. білім туралы мемелекеттік стандарттарының кәсіптік білім берудегі
міндеттері.
4. Пәндер циклы бойынша білім, іскерлік және дағдыларға қойылатын
талаптар.
5. Пәннің сағаттық профилі, оның мәні және мазмұны.
6. Бағдарламалр материалының тізбек бойынша немесе шоғырланып
орналасуының ерекшеліктері неде?
7. Оқу бағдарламаларында қолданылатын пән аралық байланыстарды жүзеге
асыру түрлері.
8. Кәсіби мектептерде бағдарламалар жасаудың дидактикалық принциптері.
9. Сағаттық жүктемені жоғары өрлеуші, төмен құлдаушы және гоизонталь
профиль бойынша жоспарлаудың маңызы неде?
10. Қазақстан Республикасы білім туралы заңы.
Тест-тренинг
1. Кәсіпті терең, әрі саналы түрде меңгерту үшін оқушыларды қажетті көлемдегі
білім жүйесімен қамтамасыз ету:
А) Теориялық оқыту;
В) Өндірістік оқыту;
С) Бағдарламаландырылған оқыту;
D) Көрнекілікті оқыту
Е) Дұрыс жауап жоқ
2. «Оқыту мазмұны» терминінің анықтамасы қайсы:
А) Оқыту мазмұны- білім, дағдылардың жиынтығы, практикалық және өндірістік
қызметті меңгеру, гармониялық дамыған тұлғаны тәрбиелеу;
В) Оқыту мазмұны- бұл оқушылардың кәсіпті игеруге қажетті білімдер
жиынтығы;
С) Оқыту мазмұны- бұл белгілі –бір біліктілік разрядындағы жұмысшының кәсіби
шеберлігін қалыптастыру мақсатында оқушылармен атқарылатын жұмыс;
D) Оқыту мазмұны- бұл қазіргі қоғамға жан - жақты дамыған жеке тұлғаны
тәрбиелеу;
Е) дұрыс жауабы жоқ
3. «Кәсіп» терминінің нақтылы анықтамасын таңдаңыз:
А) Еңбектік іс-әрекеттің қандай да бір бөлігін құрайтын индивидуум орындаған
жұмыс түрі, функциялар кешені немесе нақтылы бір іс- әрекет;
В) Жеке тұлғаның ақша мәселесін шешуге жұмсаған қызмет түрі;
С) Жеке тұлғаның белгілі-бір сапаларын қалыптастыру тәсілі;
D) Жеке тұлғаның жан-жақтылы дамуына қажетті жұмыс түрі;
Е) Дұрыс жауабы жоқ.
4.Нақтылық, табиғат және қоғамның даму заңдары туралы оқушылардың
түсініктері мен ұғымдары. Осы анықтама қайсы ұғымға жақынырақ:
А) дағды;
В) іскерлік;
С) оқыту тәсілі;
D) білім;
Е) дұрыс жауабы жоқ
5.Келесі анықтама қайсы ұғымға сәйкес келеді: Берілген жағдайға қажеттіні
таңдап әрі қолдана отырып, оқушының еңбек әрекеттерін саналы түрде дұрыс
орындауға дайындығы.
А) Білім;
В) Дағды;
С) Іскерлік;
D) Оқыту тәсілі;
Е) Дұрыс жауабы жоқ
2 КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЛПЫ
ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР
2.1 Оқу процесінің мәні және дидактика жөнінде түсінік
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу
процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму
процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты
анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан
әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын
қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі және ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу
процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание)
білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі
бірлікті – оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу
материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену
(учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-әрекетін
танытады. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет
тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де , мұғалімдер мен
оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының
бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін
аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі
тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім
тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6)
оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен
тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын
бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы
«үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг
Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін аңдатқан.
Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап
өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт
дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы
ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен
қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету
проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай жерде,
кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде.
Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген:
оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу
мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдістері, құрал-
жабдықтары, нәтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе және оқу технологиясы да осы
категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды
анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу және білімдену, олардың
мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен
нәтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу
процесінің барысы мен нәтижесіне негіз болар тәуелділіктерді талдайды,
жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші әдістер,
ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында
ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика және болжастыру);
2) практикалық (қалыпты іс-әрекет, құралдар дайындау).
Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс-әрекетінің барлық деңгейіне
орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне
байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып бөлінеді. Жалпы
дидактиканың зерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан
жағдаяттары мен оларды орындау шарттары және соның арқасында жетілетін
нәтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту әдістемесі
деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары
мен әдістерін қарастырады. Әр оқу пәні өз әдістемесіне ие.
Дидактикалық процесс мәнін түсіну үшін «оқу» және «оқу процесі»
түсініктерінің мән-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар
теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. «Оқу» түсінігі құбылысты
білдіреді, ал «оқу процесі»- бұл процестің уақыт және кеңістікте дамуы, оның
кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде
қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл
түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-әрекеттеріне ерекше назар аударылатын
болды.
Оқу процесі – шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол
өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі әр текті және табиғаты бір-біріне ұқсамаған
жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан
да «оқу процесі» түсінігіне толық және жан-жақты анықтама беру қиындау. Солай
да болса, қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай келесідей
анықтама қабылданған: «оқу процесі – бұл барысында білім беру, игеру,
тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен
оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -әрекет».
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи
байланыстағы екі түрлі әрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын
меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-әрекеттері және оқып үйрену –
білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-әрекеттері. Бұл екеуі арасындағы
байланыстырушы тетік – бірлікті іс-әрекеттерді жанамаластыратын оқу мазмұны.
Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері
болып есептелетін, әрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білімдер,
ептіліктер және дағдылар жатады.
Оқып-үйренудің аса маңызды элементі – сеп-түрткілер (мотивтер). Қандай
да оқу әрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы сеп-
түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, әрі сан
қилы. Олардың әрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз
ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады. Ақыл-ой
әрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен
қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы
ғылыми мазмұн және педагогикалық мақсат бағдарында ұйымдастырылған
белсенді де дербес таным қажет.
2.2 Кәсіптік оқыту принциптері
Кәсіптік оқыту принциптері - орындалуы қажетті тиімділікті қамтамасыз
ететін қандай да бір мәліметтер жүйесі, оқыту процесіне қойылатын негізгі
дидактикалық талаптар. Окыту принциптерінің тарихи сипаты бар, уақыт өтуіне
байланысты ескіріп, орнына қоғамның жаңа талаптарын зерделейтін жаңа
принциптер келуі мүмкін. Дидактикалық принциптер бір-бірімен тығыз
байланысты, кешенді түрде қолданылады. Сондықтан, педагог сабақ жүргізу
барысында олардың көпшілігін, кей жағдайда барлық принциптерді басшылыққа
алады.
Кәсіптік оқыту негізін қалаушы қағидалар:
-
оқыту, тәрбие және оқушыны дамыту міндеттерін шешудегі тығыз
байланыс;
-
оқытудың ғылымилығы;
-
оқытудың жүйелілігі және реттілігі;
-
оқытудың қолжетімділігі;
-
оқытудың көрнекілігі;
-
оқытудағы саналылық және белсенділік;
-
оқытудың түрлі тәсілдері, формалары мен құралдарының тиімді
үйлесуі;
-
оқыту, тәрбие және оқушыны дамыту нәтижелерінің беріктігі және
ықпалдылығы;
-
білім, іскерлік және дағды қалыптасуы.
Кәсіптік оқыту педагогының қызметі - кәсіптік оқытудың теориялық оқуын
жүргізуге, өндірістік тәжірибеге басшылық етуге бағытталған. Кәсіптік оқытудың
теориялық оқуын жүргізу – педагогтың білімді хабарлау, іскерлік пен дағдыны
қалыптастыру, оқу-танымдық және кәсіптік іс-әрекетін кәсіби түрде жүргізуі.
Оның барысында оқушыларға ақпарат тарату, алған білімдерін практикада
қолдануды ұйымдастыру жүзеге асырылады. Сабақ жүргізу – оқыту немесе
дидактикалық іс-әрекет технологиялық іс-әрекет сипатында болуы шарт.
Дидактикалық іс-әрекет мәні оның мақсаттары, функциялары, құрылымы
және мазмұнында айқын көрсетіледі.
Салада жұмысшыларды кәсіптік оқытудың мақсаты төмендегі шарттармен
байланысты: ғылыми-техникалық прогресс талаптары; қоғамның әлеуметтік
тапсырысы; ҚР «Білім туралы заңы»; әлемдік ғылым және ғылым мен техниканың
әлемдік жетістіктері байланысы; әлеуметтік-экономикалық, психологтық-
педагогикалық, материалдық-техникалық және мәдени қатынастар; адамзаттың
табиғат пен техносферадағы орны.
Дидактикалық іс-әрекет функциялары:
-
оқыту функциясы – білімдер жүйесін меңгеруді, оқушылардың
түсінуге жетуін және пән бойынша іскерлік қалыптастыруды
қамтамасыз ету (жалпы кәсіптік, арнайы, меңгерудің белгілі бір
дәрежесінде);
-
дамыту функциясы – ойлауды, елестетуді, сөйлеуді, жадыны,
ұқыптылықты,
белсенділікті
және
өз
бетінше
орындауды
қалыптастыру, әрі жетілдіру;
-
тәрбиелік функция –кәсіптік маңызды сапаларды қалыптастыру,
кәсіптік бағдарлауды, мамандыққа қызығушылықты қалыптастыру,
кәсіптік қатынастар нормасын жетілдіру, еңбектік, эстетикалық,
ұжымдық тәрбиені қалыптастыру;
-
әдістемелік функция – оқу процесін жүргізуді жетілдіру, оның
тиімділігін арттыру, педагогтық шеберлікті қалыптастыру.
Сурет 2. Оқытудың дидактикалық принциптері
Осы аталған принциптер жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқытуда,
сол секілді өндірістік оқытуда олардың оқу процесіндегі мазмұны мен орнына
сай қолданылады. Өндірістік оқыту процесінің өзіндік ерекшеліктері бар,
ондағы принциптер мынадай:
заманауи өндіріс талаптарына сәйкестік. Осы принципке сәйкес
оқушыларды қазіргі техника мен технологияның деңгейіне ғана емес,
олардың даму перспективасын ескере отырып даярлау керек. Тек
осындай жағдайда ғана кәсіптік оқу орындарын бітіретін жастар
өндірісте сұранысқа ие болады, күрделі машина мен механизмдерді,
техникалық құрылғыларды басқара алады. Осының барлығы түптеп
келгенде, оқу процесінде оқытудың проблемалы-ізденісті тәсілдерін,
зерттеу
зертханалық-машықтану
жұмыстарын
жүргізуді,
шығармашылық сипаттағы жаттығуларды орындауды, оқытудың
заманауи құралдарын қолдануды талап етеді.
теория мен практиканың байланысы. Білімді алып қана қоймай, оны
практикада қолдана білу қажет. Осы принципті жүзеге асырудың негізгі
бағыттары:
- ұғымдық-мазмұндық,
оқу материалының мазмұны бойынша
байланыстар;
- ретті-уақыттық, бір-бірімен байланысты оқу материалының уақыт
бойынша және оқу реттілігі бойынша байланыстары;
- танымдық-практикалық – танымдық, және пәндік-практикалық,
еңбектік, оқу-өндірістік іс-әрекеттің педагогтық құралдарының
координациясы.
оқытуды оқушылардың өнімді еңбегімен біріктіру. Бұл принцип
кәсіптік оқу орнының оқу-тәрбиелік жұмысының негізгілерінің бірі.
Еңбек алған білімді қолданып, оны бекітеді. Еңбек барысында
оқушының психологиялық қасиеттері және іскерлік қасиеттері
дамытылады, еңбек ерік-жігерді шыңдайды, ыждағаттылыққа,
талаптанушылыққа тәрбиелейді.
кәсіптік-политехникалық
бағыттылық.
Ғылыми-техникалық
прогресс, соның нәтижесінде қазіргі жұмысшы, маманның еңбек
мазмұны мен сипатындағы өзгерістер оларға осы өндіріс жүйесінде
бейімделе алуын, технологиясы бойынша бір-бірімен байланысты
бөлімдерге ауыса алуды, жаңа мамандық меңгеруді де талап етеді.
Сондықтан, оқу орындарында кәсіптік-политехникалық дайындық
деңгейіне талаптар арттырылады.
дербестік. Өндірістік оқытудың бұл принципін мақсат та, амал да деп
білген жөн. Кәсіптік дербестік, өзін-өзі билеушілік – профессионал-
маманның шеберлігінің негізі.
Жоғарыды айтылғандай, оқыту принциптерінің тарихи сипаты бар, олар
қоғамдық талаптарға сәйкес дамытылып отырады. Қоғамдық дамудың
негізгі қозғаушы күші бәсекелестік болғандықтан, жаңа тенденциялар
пайда болады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Кәсіптік окыту қағидалары туралы түсінік.
2. Еңбек технологиясы және кәсіптік оқыту негізін қалаушы қағидалар.
Тест-тренинг
1.Келесі көрнекілік құралдарына анықтама беріңіз: Оқу жоспары, бағдарламасы,
заттың жазбаша сипаттамасы: техникалық құралдар, натуралды обьект.
А) Оқыту әдісі;
В) Оқыту тәсілі;
С) Оқыту құралдары;
D) Оқыту үрдісі;
Е) дұрыс жауабы жоқ
2.Дидактикалық тұрғыдан қате құрастырылған сұрақты белгілеңіз.
А) Шойынның қандай беріктілік сипаттамасы болады;
В) Шойынды алу принципін түсіндіріңіз. Сызба түрінде көрсетіңіз.
С) Шойын деген не?
D) Шойын мен болаттың беріктілік көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз және
салыстырыңыз.Материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыз.
Е) дұрыс жауабы жоқ
3. Дидактикалық тұрғыдан қате құрастырылған сұрақты белгілеңіз.
А) Винт, бұранда материалдарының қандай сапалары болуы тиіс;
В) Айналмалы қозғалыс беріліс бөлшектерінің материалдарына қандай талаптар
қойылады
С) Винт пен бұрандалар жасауға арналған материалдар жоғары төзімді, қайта
өңделуге икемді болуы тиіс пе;
D) Винт, бұранда беріліс бөлшектерінің беріктік сипаттарын айқындаңыз
Е) дұрыс жауабы жоқ
4. Дидактикалық тұрғыдан қате құрастырылған сұрақты белгілеңіз.
А) Темір балқытатын пештерде не балқытады ;
В) Құрылым қаттылығының анықтамасын бер;
С) Өнеркәсіпте қолданылатын негізгі машина жасау материалдарын көрсет;
D) қандай материалдарды металл емес материалдарға жатқызуға болады;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
5. Дидактикалық тұрғыдан қате құрастырылған сұрақты белгілеңіз.
А) Машина бөлшектері құрылымына қандай технологиялық талаптар қойылады;
В) Біріктіріп қосудың құрылымы мен тойтармасының негізгі түрлерін ата;
С) Қайнағаннан кейін 10 минут өткен соң судың температурасы неше градусқа
көтеріледі;
D) Тойтарып біріктіру схемасы мен оған қойылатын талаптарын сипатта;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
3 КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ
3.1 Өндірістік оқыту жүйесі
Өндірістік оқыту жүйесі дегеніміз – өндірістік оқыту мазмұнын құру
тәртібін, оның бөлімдерін топтастырушы және оқушылардың меңгеру ретін
анықтаушы принциптер, негізгі жағдайлар. Өндірістік оқыту жүйесін қабылдауды
ескере отырып, оны жүзеге асырудың формасы, әдістері және оны жүзеге асыру
құралдары анықталады. Сонымен, өндірістік оқыту жүйесінде өндірістік оқыту
процесінің жалпы концепциясы қаланған. Кез келген мамандықтағы, оқыту
процесінің барлық кезеңдеріне сай келетін, квалификациялы жұмысшыларды
даярлауға арналған өндірістік оқытудың бірегей жүйесі болуы мүмкін емес.
Өндірістік оқыту жүйесінің негізгі ережелері белгілі топ кәсібі жұмысшыларының
еңбек мазмұны ерекшеліктерінен туындайды.
Өндірістік оқыту жүйесінің дамуы белгілі бір дәрежеде кәсіптік білім
берудің даму тарихын сипаттайды және бейнелейді.
Тарихқа жүгінсек, ең алдымен пәндік жүйе пайда болды. Осы жүйеге
сәйкес оқушы меңгерілетін мамандыққа сай типтік жұмыстар жиынын
орындайтын. Мұнда жұмыс күрделілігі біртіндеп өседі. Жұмыстарды орындау
процесі дидактикалық тұрғыда жекелеген операцияларға бөлінбеген. Оқушы
жекелеген еңбек қимылдарын орындау ережелерімен арнайы таныстырылмайтын,
тек оқытушының еңбек қимылдарын қайталауға ғана тырысатын. Бұл
қарастырылып отырған жүйенің кемшілігі ретінде – оның жаңа, таныс емес
жұмысты орындау үшін алған білімі мен іскерліктерін қолдана алмауында, жаңа
жұмыс орындау үшін қайта оқуға мүдделі.
Пәндік жүйе негізінде өндірістің қолөнер тәсілін бейнелеген.
Фабрика-заводтық (мануфактуралық) өндірістің пайда болуы және оған
байланысты жұмысшылардың еңбек бөлінісі - технологиялық процесті жекелеген
операцияларға бөлуге әкелді, сондықтан жұмысшыларды кәсіпке дайындауды
қайта қарауға тура келді.
Кәсіптік дайындықтың операциялық жүйесі пайда болды. Операцичлық
жүйе бойынша оқытуда оқушылар өздері меңгеріп жатқан кәсіптің мазмұнын
құраушы еңбек операцияларын игерді. Осының нәтижесінде оқушылар кез келген
бұйымды әзірлеу - кәсіпке сәйкес технологиялық операциялар жиынынан
тұратыны жайлы мәлімет алды. Айырмашылығы - тек оларды қолдану ретінде
және орындау сапасына қойылатын талаптарда.
1920 жылдардың аяғында ССРО – да моторлы-жаттығулық жүйе кең
қанат жайды. Бұл жүйе бойынша өндірістік оқыту негізі - бірнеше рет
қайталанатын жаттығуларды орындау.
Моторлы-жаттығулық жүйенің артықшылықтары ретінде – бірінші рет
дидактикалық негізделген, психофизиологиялық заңдылықтарға сәйкес еңбек
іскерліктері мен дағдыларының құрылуын (еңбек тәсілі – еңбек операциясы –
еңбек процесі) атауға болады.
Операциялық – пәндік және моторлық жүйелер өндірістік оқытудың
операциялық-кешенді жүйелерінде өз жалғасын тапты. Бұл жүйе қазіргі кезде
де кәсіптік оқу орындарында негізгілердің бірі болып табылады. Операциялық-
кешенді жүйе бойынша оқытуда оқушылар алдымен екі-үш кезекті
операцияларды меңгеріп, осы операциялардан тұратын кешенді жұмыстарды
орындайды. Ары қарай олар операциялардың жаңа тобын игереді де кешенді
сипаттағы жұмыстарды орындайды.
Операциялық-кешенді жүйенің басты кемшілігі – оқушылардың өндірістік
еңбек процесінде операцияларды оқуды ұйымдастыру күрделілігінде.
Осы кемшіліктің негізінде өндірістік оқытудың басқа да жүйелерін іздестіру
қажеттігі туындады. Осы орайда пәндік-технологиялық жүйені атауға болады.
Өндірістік оқыту жүйесінің негізі – пәндік құрылым. Негізгі оқу бірлігі –
жұмыс объекті (тетікбөлшек). Өндірістік оқытудың мәнісі - осы кәсіпке тән
бұйым-бөлшектерді өңдеуде қолданылатын типтік еңбек жолдарын, операциялар
мен процестерді жан-жақты, әрі толық қарастырылуында.
Екінші топ бойынша жұмысшыларды даярлауда соңғы жылдары өндірістік
оқыту жүйелерінің бірнеше қатары ұсынылған. Солардың бірі – проблемалы-
аналитикалық жүйе.
Заманауи өндіріс жұмысшылардан технологиялық процесс барысын
бақылаудың дамыған іскерлігін талап етеді, машина, агрегат, приборлардың
жұмысын реттеуді, жұмы орын топтарына қызмет көрсетуді талап етеді.
Өндірістік оқыту процесі кезекті үш кезеңнен тұрады: жекелеген
ситуациялармен танысу және осы ситуацияларға байланысты еңбек тәсілдерін
орындау; мәселемен толық танысу және қателіктерді жою мақсатында қажетті
жаттығуларды орындау; технологиялық процеспен толық танысу және оны
жүргізу, реттеу және бақылау бойынша тапсырмаларды өз бетінше орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |