9.2 Қадағалау түрлері, формалары және әдістері
Оқу процесіндегі қадағалау әртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы
әдістермен атқарылады. Педагогикалық тәжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін
атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және
өтілген материал ізімен.
Алдын-ала қадағалау - әдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі.
Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік,
дағдыларының деңгей, дәрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не
тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала қадағалау нәтижесінің негізінде
мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.
Ағымдағы (күнделікті) қадағалау – оқу барысында ұйымдастырылып, білім,
ептілік және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге игерілген
материалдың қаншалықты терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.
Бұл қадағалаудың тиімділігі – оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен
олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек
көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы
оқушылардың әр сабаққа мұқият әрі тыңғылықты дайындалып жүру
жауапкершілігін арттырады.
Мерзімді қадағалау – белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың
қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында
жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау – тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң
өткізіледі.
Қорытынды қадағалау – оқу процесінің соңғы нәтижелерін жинақтау үшін
қолданылады. Ол пән бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін
қамтиды.
Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау – тақырып, курс, бөлім
өтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылады.
Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін. Мұндай
қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы нәтиже бойынша пайымдау
талаптарына сәйкес келеді.
Қадағалау әрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан мұндай
жұмыс жеке-дара, топтық және сыныптық болып бөлінеді. Қадағалау барысында
әрқилы әдістер де қолданылуы мүмкін. Қадағалау әдістері дегеніміз – бұл
оқушылардың оқу танымдық іс - әрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының
нәтижелілігін айқындауға жәрдемші жол, тәсілдер.
Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тәжірибелік, компьютерлі
(машынды) қадағалау және өзіндік қадағалаулар қолданылуда.
Ауызша қадағалау – оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол
шәкірттердің білім, ептілік және дағдылар деңгейін айқындауға, сонымен бірге
оқушының материалды баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін
процестер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін
байқауға, өз пікірін білдіру мен дәйектеу және қателікті көзқарастарға қарсы
тұрып, дәлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау
жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп беру ж. т. б.) орындау
формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау әдісі барлық оқушылар білімін бір
уақытта тексеруге мүмкіндік береді, алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп,
бағалау көп уақытты талап етеді.
Тәжірибелік қадағалау – оқу, тұрмыс және өндірістік ептілік, дағдылардың
қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орнығуын анықтауда
пайдаланылады.
Ақпараттық технологиялардың дамуымен компьютерлі қадағалау ен жаюда.
Мұндай машынды қадағалау оқытушының да, оқушының да уақытын үнемдеуге
көп көмегін тигізеді. Компьютерлі қадағалау арқылы білім деңгейін өлшестіру
мен бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу мүмкін. Бұл қадағалауда оқу
нәтижелерін статистикалық талдау мен өңдеу өте жеңіл. Білім бағалаудағы
мұғалім субьективизміне машын шек қояды.
Машынды қадағалау қолданумен өзіндік қадағалауды да оңтайлы
ұйымдастыруға болады, дегенмен өзіндік қадағалауды қарапайым жолмен де
өткізу мүмкін. Бірақ бұл үшін оқушыларды өз бетінше қателіктерін байқауға,
танымдық міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау,
түзеу және реттеуге үйрету қажет.
Әртүрлі қадағалау әдістерінің бірге қолданылуы аралас (тығыздалған)
қадағалау деп аталады. Әдетте, мұндай тексеру ауызша және жазба сауалнамалар
беру түрінде өтеді.
Оқу процесіндегі қадағалауларға төмендегідей педагогикалық талаптар
қойылады:
– қадағалаудың даралықты сипаты. Әр оқушы жұмысы, оның жеке оқу іс-
әрекеттері өз алдына қадағаланады. Бір шәкірттің оқуындағы нәтижелерді
ұжымдық жұмыстар қорытындыларымен не керісінше алмастыруға болмайды;
– жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде үздіксіз, ретімен өтіп
тұруы;
– қадағалау формаларының әртүрлігі. Осыдан қадағалаудың оқыту-үйрету,
дамыту және тәрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі;
– қадағалаудың жан-жақтылығы. Қадағалау баланың теориялық білімдерін,
ақыл-ой парасаттылығын, тәжірибелік ептіліктер мен дағдыларын тексеруге
мүмкіндік береді;
– қадағалаудың шынайылығы. Қадағалауда субъектив және қателікті пікірлер
мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;
– жекелестірілген бағыт-бағдар. Оқушылардың жеке-дара тұлғалық сапа-
қасиеттері ескерілуі тиіс;
– мұғалім тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы.
Соңғы кездері тестік қадағалау көптеп қолданылуда. Мұндай тексерудің
негізгі құралы – тест тапсырмалары. Өлшестіру, анықтау нысаны тұрғысынан
педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік – психологиялық, мәдени –
эстетикалық таным тестері ажыратылады.
Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі.
9.2 Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бағалау
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.
Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау
нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады.
Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің
мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы
қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан
объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудың құралы. Білімді,
іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің
бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау,
олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.
Мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп
қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді
және біліміндегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.
Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:
а) оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;
ә) баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі төмендетуге, оған өте
жеңіл-
желпі қарауға және ымырашылдыққа салынуға болмайды;
б) әрбір баға – бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал.
Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды;
в) оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде
қарастыруға болмайды;
г) оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске
асыру керек.
Үлгерімді бағалау «балл» есебінде көрсетіледі. Біздің мектептерде үлгерімді
бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған:
«5» бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық бір ізділікпен айтылған
жауапқа қойылады;
«4» бағасы – материалды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа
қойылады;
«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір
проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
«2» бағасы – оқушы жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар;
«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан
өрескел қателері үшін қойылады.
Оқушылардың білімін тексеру процесінде, оларға тек қана баға қоюмен
шектелуге болмайды. Мұғалім оқушы оқу материалын қалай ұқты, білімі
қаншалықты берік, терең, дәл, анық, міне, осы жағынан баса көңіл аудару керек.
Оқытушы тексерудің барысында оқушылардың үлгерім динамикасын, білімдерін
тексеруде олардың ынтасын зерттейді, тексерудің үнемі жүйелі түрде болып
отыруын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері «балл»
түрінде басқа елдерде де қолданылады.
Венгрия, Югославия және Чехославакия елдерінде «бес» балды жүйе
қолданылады. Венгрия мен Югославияда «бес» жоғары, «бір» төмен баға
Чехославакияда «бір» жоғары, «бес» төмен баға болып қойылады.
Румыния, Голландия және Ауғаныстан мектептерінде оқушыларға 1-ден 10-ға
дейің баға қойылады. 10 – өте жақсы, 1 өте төмен, ал сыныптан сыныпқа көшіру
5,6 сандық белгілермен бағаланады.
Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға 10 балдық жүйе бойынша,
ал лицейде 20 балдық шкала арқылы баға қойылады.
9.3 Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын есепке алу
Есепке алу – бұл оқытудың белгілі кезеңдерінде оқушылар мен мұғалімнің
жұмысын жинақтап қорыту.
Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді еске алған жөн:
оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып үйрену
процесінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан – жақты
бақылау керек;
әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы
жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру;
оқушылардың үлгерімін орта арифметикалық мәліметтерге сүйеніп
бағалауға болмайды;
оқушыларға байымды толық мінездеме беру үшін олардың бірнеше оқу
жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.
Сонымен, әрбір мұғалім оқу жұмысын есепке алудың әдісін және техникасын
жақсы білумен бірге оқу жұмысы жөнінде объективті мәліметтердің болуы тиіс.
Осы мәліметтерге сүйеніп, мектеп басшысы әрбір мұғалім жұмысының нәтижесін
және дәрежесін анықтайды.
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың
жаңа технологиясы. Оқыту – динамикалық процесс. Білім беру саласында оқу-
таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бақылау дағдының
нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір
талабына сай жетілдіріп отыру оқыту шарты. Қазіргі кезде жоғары оқу
орындарында
оқыту
процесіндегі
рейтинг–тестік
жүйе
қолданылады.
Рейтинг – ағылшын тілінде torat – “бағалау” немесе “жетістік өлшемі”
деген ұғымды білдіреді. Рейтинг - оқу–таным әрекетінің сапасын тексеру,
бағалаудың
тиімділігін
жетілдіру
және
әділдігін
орнықтыру;
-
оқу–таным дәрежесін
бақылауда
жүйелілікті
қамтамасыз
ету;
- оқу – таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін
арттыру;
-
тексеруде
уақытты
үнемдеу.
Тест – оқытудың белгілі бір көлемін өлшеуге бағытталған тапсырмалар
жиынтығы.
Олар
уақытты
көп
жоғалтпас
үшін
көлемінің
шағын болуы, немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі
қысқа
әрі
жинақы
болуын,
тапсырма
мен
жауаптағы
дәлдік
пен
айқындықты
қамтамасыз
етуді
т.б.
талап
етеді.
Бақылауда рейтинг–тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу көлеміне байланысты
белгіленеді.
Модульдердің
құрылымы
оқу
материалының
белгілі
бір
бөліктерінен
(порция)
құралады.
Рейтинг – тестік бақылау түрлеріне: a) күнделікті немесе ағымдық (текущий);
ә) аралық (рубежный); б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады. Ол курстың
белгілі
бір
тарулары
немесе
бөліктері,
болмаса
күрделі
тақырыптары
аяқталған
кезеңде
жүргізіледі.
Осы
аралықта коллоквиум болады. Дегенменде, тестік жұмыстарын қолдану
артықшылығы басым болады.
- бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді;
Тестік тапсырманың түрлері бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына
сай анықталады.
Баға – бала өміріндегі маңызды оқиға. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте
мұқият болу керек. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және
бағалау – оқушылардың танымдық іс - әрекетін басқару. Мұғалім
оқушының танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Оқушы баға
алған соң өзінің білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік
алады.
Білім,
іскерлік
және
дағды
тәрбиеге
де
ықпал
етеді.
Баға
оқушының
өзі
туралы
ойына
қозғау
салады.
Білім беруді жаңарту бұл – үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үдерісі, бұл – білім
беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіп,
талданатын өзгерістер. Сонымен қатар, білім беруді жаңарту үрдісі – салт-
дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай
сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.
Сондықтан да, 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі
мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен
оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен
сезімталдықты қажет ететін үдеріс.
Бүгінгі өскелең ұрпақ өмір сүріп отырған уақыт өткен буын заманына
ұқсамайды. Осыған байланысты қазіргі заманда жеке тұлғаға қойылатын нақты
талаптар:
- креативтілік,
- белсенділік,
- әлеуметтік жауапкершілік,
- жоғары ой-өріс,
- терең білімділік,
- кәсіби сауаттылық. Сондықтан да тұлға қалыптастыруда М.Жұмабаевтың «...
баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала
жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек» деген ұлағатты сөзін
ұстаным етуіміз керек.
12 жылдық мектепте мұғалім тек ақпарат жеткізуші ғана емес, ол –
оқушының білім алу кезеңіндегі өмір жолын анықтаудағы сенімді серігі. Жаңа
педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруы, сондай-ақ
түрлі ситуацияларда нақты шешім қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін
жеткізе білуге, өзінің іс-әрекетін бағалай білуге үйретуді мақсат етеді. 12 жылдық
мектептің басты міндеті – тұлғаның танымдық және шығармашылық қабілеттерін
дамыту. Осыған орай оқушының алған білімінің нәтижесі мен оны өзін-өзі
бағалауының маңызы зор. Оқушыны бағалау өмір сүріп отырған ортасына
бейімделуіне, жинаған тәжірибесіне қарай икемделуіне, білім мазмұнын рухани
қажеттілігіне қарай игере білуіне орай бағаланады. Осы тұста жаңа
технологиялар, оның ішінде бағалау жүйесіне енетін жаңа форма ретінде –
«портфолио» технологиясының тиімділігі жоғары деп ойлаймын. «Портфолио»-
жеке білім жетістігінің портфелі, бұл – белгілі бір білім алу кезеңіндегі оқушының
жеке жетістіктерінің жиынтығы мен өзін-өзі бағалауын есепке алу тәсілі. Бұл
технология бойынша оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас өзара
әріптестік жағдайында, өзара көмек көрсету іс-әрекеті негізінде шешіледі.
Оқушылардың жетістік нәтижелері өздерінде жасақталады. Бұл оқушының өзіне
деген сенімділігі мен жетістікке деген ұмтылысының тетігі болады. Қазір
оқушылардың денсаулығы төмендігі деңгейде екендігі статистикалық
мәліметтерден баршаға мәлім. Бұл қазіргі мектептегі бағалау жүйесінің кері
ықпалынан да болуы мүмкін екендігі ғалым педагогтар пікірлерінде айтылып
жүр.
Оқу процесінде оқушылардың өзін өзі бақылауы мен бағалауы өте қажет.
Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі
және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді, өзін-өзі
тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу,
есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Баға – білімді
есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда
немқұрайлылыққа салынуға болмайды.
Сонымен, мектептегі білім процесінен бөлінбейтін, бағалаудың екі
функциясы бар: ол кері байланыс және мадақтау. Ең бастысы – оларсыз оқу және
үйрену мүмкін еместігін ескеру керек.
Мысалы бағасыз бақылауды былай жүргізуге болады:
Баға ықшамдалған және бағалау таңбасында тұрғандықтан, баланы оны оқи
білуге үйрету керек. Оқушыны жұмыстағы жақсы жетістігіне, кемшілігіне қарай
дәлелдеу арқылы өзін бағалауға үйрету қажет.
Бірінші сынып мұғалімдері оқушылардың өзін-өзі бақылау және бағалауды
қалыптастыруында рефлексиялық біліктері мен дағдыларының дамуына ерекше
көңіл бөлгені жөн. Бірінші сыныптан бастап бала өз жұмысын көп білімнің
қосындысы ретінде көріп, олардың әр қайсысын бағалайтын өз белгісі
болатынын білуі шарт. Мысалы:
- Оқушы өздігімен жұмыс орындап, екі сөзден қате жіберді дейік. Мұғалім
оны түземей, астын сызып, оқушының өзіне қатесін тауып түзетуге мүмкіндік
береді.
- Мұғалім қате кеткен сөзді түземей, сөйлем жазылған жолдың жиегіне
белгімен көрсетеді. Оқушылар бір-бірлеріне дәптерлерін беріп, ауыстырып
қателерін тексереді.
- Жазба жұмысының соңында, әркімге қателерін тауып, оны түзеп,
қорытындылап, не ұнады, не ұнамады, ойдағыдай болды ма, неліктен дұрыс
болмады? – деп сұрайды.
Бұл жағдайда мұғалім оқушының қасына отырып онымен бірге жұмысын
талдайды.
Оған жеке көмек көрсетеді. Бағалауда біркелкі бағаланатын тапсырмаларды
алған жөн. Субъект түрінде (мысалы: жұмыстың таза, әдемі орындалуы)
бағалатын
тапсырмалар
алынбайды.
1-сыныпта үй
тапсырмалары
берілмейді.Мұғалім өз жұмысын жоспарлағанда сабақта әрбір оқушының толық
түрде білім мен дағдыларын меңгеріп, қабылдауын қамтамасыз етеді. Әрбір
сабақта өткен тақырыптар бекітіліп, қайталанып және бақыланады. Оқу, жазу,
математика пәндерімен байланысы жоқ, бірақ, баланың өз отбасымен қарым-
қатынасын керек ететін кейбір тапсырмалар беруге болады. Мысалы: әртүрлі
ағаштардың жапырағын жинау, мұражайға бару, өз жерлеріндегі
жануарлардың суреттерін сұрыптау, көше аттары кімнің есімдерімен
аталатынын білу, ертегілер, жұмбақтар айту, сөздік ойындар ойнау.
Қажетті дағдылардың қалыптасқанын байқау үшін тақырып соңында
өткізілетін тексеру жұмыстарының түрлері болады:
- ағымдағы диагностика;
- тақырыптық диагностика;
- қорытынды диагностика.
Сонымен қатар оқушылардың пәндік білімі мен біліктерін бақылайтын
келесі жұмыс түрлері:
- ауызша сауал;
- жазбаша сауал.
Өткен тақырыптардан алған білімін практикада қолдана білуін көрсететін
өзіндік жұмыстар белгілі бір тақырыптарды өткеннен кейін оқушылардың өзін-өзі
бақылауы мен бағалауын қалыптастыратын өзіндік тексеріс жұмыстары болады.
Бағалауда қандай да болмасын таңба (жұлдызшалар, ұшақтар т.б) белгілерін
қолдануға болмайды. Сонымен бірге, оқушының жұмыс қарқыны, жеке тұлғасы,
психологиялық (ақыл-есі, зейіні, қабылдау ойы) процесс ерекшеліктері
бағалауға жатпайды. Қорытынды ретінде, бағалау шартының тізімі ұсынылады,
оны оқу процесі барысында толықтыруға болады.
1. Мақтауға шек қойылмайды.
2. Орындаушыны
мақтап,
орындағанды
сынауға
болмайды.
Мысалы: «Осы мысалда, сен үш қате жібердің» дегеннің орнын, «Қане,
екеуміз осы мысалдан қателерін табайық», - деп айтқан
дұрыс.
3. Кішкене болса да көп кемшіліктердің ішінен де жетістіктерді тауып,
белгілеуге болады.
4. Баланаң алдына нақты мақсаттар қою қажет. «Әріптерді жазуда қате
жібермей, зейін қойып жазбайсың ба»,дегеннен гөрі «Сен өткен жолы алты
қате жібердің, бүгін бес қатеден артық емес екен» деген жөн.
5. Бірінші сынып оқушыларына бір уақытта бірнеше сауал қойылмайды. Егер
де сөйлем соңында нүкте болатынын ұмытпауы қажет болса, «Д» бас әріпі
қалай жазылатынын ұмытып кетсе оны кешіруге болады.
6. «Сен тағы да...» - деу, нағыз дербестікті білдіретін тәсіл.
7. Мұғалім бағалау шарты практикасын өзінен бастаған жөн.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Оқушылар үлгерімін есепке алудың және білімдерін тексерудің
міндеттері
2. Үлгерімді есепке алудың түрлері
3. Оқушылардың білім мен ептіліктерін тексерудің түрлері
Тест-тренинг
1.Оқушылардың білімін бағалау дегеніміз не?
A) өтілген материалмен жаңа материалды меңгеруін бағалау;
B) өтілген материалмен жаңа материалды меңгеруін бағалау;
C) оқушының тапқырлығын, ойының ұшқырлығын бағалау;
D) Жазба жұмыстары бойынша: жаттығу, бақылау,
үлестірмелі тапсырманы орындау жұмыстарын бағалау;
Е) өтілген материалмен жаңа материалды меңгеруін бағалау, өтілген материалмен
жаңа материалды меңгеруін бағалау, оқушының тапқырлығын, ойының
ұшқырлығын бағалау.
2. Бақылау сабағы қанша кезеңнен тұрады?
A) алты кезеңнен;
B) бес кезеңнен;
Достарыңызбен бөлісу: |