C) төрт немесе бес кезеңнен;
D) үш кезеңнен;
E) екі кезеңнен.
3. Танымдық деңгейін және оқушылар білімін тереңдету мақсатымен оқу
үлгерімін бағалаудағы алынған мәліметтер:
A) сабақты меңгеру;
B) білімді жетілдіру;
C) қайталау;
D) бақылау-тексеру
E) аралас.
4. Оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалау және көтермелеу – бұл:
A) Талап қою.
B) Мадақтау.
C) Жазалау.
D) Жарыс.
E) Түсіндіру.
5. Ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау:
A) Бақылау түрлері.
B) Бақылау формалары.
C) Бақылау міндеттері.
D) Бақылау әдістері.
E) Бақылау құралдары.
10 КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫҢ ОҚУ-МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ
10.1 Кәсіптік оқыту құралдары
Оқу әдістері белгілі оқу (дидактика) құрал - жабдықтарымен іске асырылады.
Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. «Оқу
құрал –жабдықтары» түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада
бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық
саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп
білім мақсатын іске асыруға жәрдемші жағдаяттардың бәрін түсінеміз, яғни оқу
әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы
оқу жабдықтарын құрайды. Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де
жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, әдістер сияқты оқу, тәрбиелеу және дамыту
қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-әрекетті
басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей
тіркеледі:
- көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;
- есіту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, ән-күй аспаптары ж.т.б.;
- есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;
- сөздік құралдар - оқулықтар, мәтіндер;
- оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер,
ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;
- сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.
Оқушылардың іскерліктері мен дағдылары шикізат, материал, қондырғы,
инструменттер, құралдар және басқа да еңбек заттарының қолданылуымен
байланысты оқу-өндірістік еңбегі арқасында құралады. Осылардың барлығы
кәсіптік оқытудың материалдық-техникалық құралдарды құрайды.
Кәсіптік оқыту құралдарының басқа құрамдас бөлігі –оқу әдістемелік
жабдықтау. Бұл оқу-тәрбиелік процестің педагогикалық жақтарын қамтамасыз
етуші оқыту құралдары: оқулықтар, оқу және көрнекі құралдар, оқытудың
техникалық құралдары, оқу-әдістемелік құжаттар және құралдар, анықтамалық,
нормативтік, көрнекі материалдар және т.б.
Кәсіптік оқытудың материалдық – техникалық жабдықталуы. Кәсіптік оқыту
процесінің өзіне тән ерекшелігі - оқушылардың арнайы жасақталған шарттарда
(оқу шеберханаларында, оқу полигонында, оқу шаруашылықтары мен
зертханаларда, оқу қондырғыларында және т.б.) және өндіріс шарттарында
оқытуды үйлестіруінде.
Оқу шеберханалары – қажетті қондырғы, инструменттер, құралдар және
басқа да өндірістік оқытуға арналған жабдықтармен жарақталған, кәсіптік оқу
орнының арнайы бөлмесі, кәсіптік оқыту орнының құрылымдық бөлігі.
Бұл жерде оқушылар еңбекті және жұмыс орнын тиімді пайдалану
дағдыларын қалыптастырады, еңбек мәдениетін үйренеді, жұмыс уақытын тиімді
пайдалануды үйренеді, қауіпсіздік талаптары мен нормаларын, санитарлық-
гигиеналық және экологиялық талаптарды, өндірістік және технологиялық
пәндерталаптарын сақтауды үйренеді.
Оқу шеберханаларына арналған бөлменің жоспары және жабдықталуы,
әртүрлі мамандыққа арналған оқу шеберханаларында оқу – өндірістік әрекетті
ұйымдастыру ерекшеліктеріне сай әртүрлі.
Нақты конструктивтік нұсқалар да әртүрлі. Олар әдетте оқу орнының
материалдық-техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне, педагогикалық
ұжымның тәжірибесі мен шеберлігіне және басқа да факторларға байланысты.
Оқу орнының оқу шеберханалар кешені, әдетте, оқу корпусының дыбыс
тұншықтырғыш қабырғалары бар жағына салынады.
Оларды жеке ғимарат етіп те салады. Осылайша орналастырудың
артықшылықтары:
оқу кабинеттері мен зертханаларда отырған оқушыларды пайда
болған өндірістік шуыл алаңдатпайды; шаң-тозаң, ыс, газдар оқу корпусындағы
санитарлық-гигиеналық шарттарды бұзбайды; қосымша аудан көмекші қызметтер
мен тұрмыстық бөлмелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқу шеберханасының жалпы ауданы әр оқушыға кәсіптік шеберлік пен
дағды қалыптастыру үшін жеке жұмыс орнын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере
келе, жалпыға арналған қондырғы мен өндірістік әрекетке қажетті қосымша
қондырғыларды орналастыруды ескере келе анықталады.
Кәсіптік
оқытудың
жайлылығы
үшін
оқу
шеберханаларының
жарықтандырылуы, қабырғаларының түсі, температуралық тәртібі, ауа
алмастыруы, шаң сіңіргіштігі үлкен әсер етеді.
Оқу шеберханалары еңбек
қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы керек.
Оқу орнының оқу шеберханалары кешенінің негізі - белгілі бір мамандық
бойынша өндірістік оқытуға арналған мамандандырылған шеберханалар.Әдетте,
оқу шеберханалары толық оқу тобына (25-30 жұмыс орнына) арналып жасалады.
Кешен құрамына мамандандырылған оқу шеберханаларынан басқа
өндірістік-қосалқы бөлмелер мен қызметтер де кіреді. Мамандандырылған оқу
шеберханалары және өндірістік-қосалқы бөлмелер мен қызметтер көп бөлшекті
типтік өнімді дайындау технологиялық процесінің біртекті болуы принципіне
сәйкес орналастырылады.
Оқу шеберханалары ғимараттарында санитарлық-тұрмыстық бөлмелер және
құрылғылар қарастырылады.
Оқу, тәрбие мәселелерін шешуде оқу шеберханаларын жабдықтаудың мәні
өте зор.
Оқушының жұмыс орны – оқу шеберханасының (зерхананың) кәсіптік оқыту
бағдарламасына сәйкес оқу-өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті тиімді
орналасқан қондырғылар, инструменттер, басқа да жабдықтардан тұратын белгілі
бір бөлігі.
Оқушының жұмыс орны мамандыққа тән, заманауи конструкция, басқарудың
қарапайымдылығы, салыстырмалы түрде аса үлкен емес өлшемдер, тиімді құны,
қызмет көрсету қолайлылығы, жұмыс қауіпсіздігі секілді - негізгі оқу-техникалық
талаптарға жауап бере алатын жеке қолданатын қондырғылармен жабдықталады.
Қондырғыдан басқа оқушының жұмыс орны басқа да жеке инструменттер
мен
жабдықтармен
жарақталады.
Әдетте
күнделікті
қолданылатын
инструменттер, приборлар және керек жарақтармен жарақталады да, ал басқа
инструменттер мен приборларды оқушылар шеберден немесе инструменттер
бөлімінен (қоймадан) алады.
Оқушының жұмыс орны сонымен қатар, материалдар және дайын
бұйымдарды орналастыру мен сақтауға арналған құрылғылармен, қажет болған
жағдайда көтеру-транспорттық құрылғылармен жарақтандырылады.
Оқушылардың жұмыс орнының орналасуы шеберге өз жұмыс орнынан топқа
бірден ұжымдық инструктаж жасауға, әр оқушының жаттығу орындау барысын
бақылауға, оқушыға қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасауға, жұмыс барысында,
қызмет көрсетуде қондырғыға барлық жағынан келу қолайлылығына мүмкіндік
беруі керек.
Оқушылардың жұмыс орны табиғи жарық көздеріне қатысты жарық сол
жақтан немсе алдынан және оң жағынан түсетіндей етіп орналастырылады.
Оқушының жұмыс орнын орналастыру нормативтері әр мамандық
шеберханаларында әртүрлі.
Кәсіптік оқыту шеберінің жұмыс орны. Шебердің жұмыс орны дегеніміз –
оқу шеберханасының шеберге кәсіптік оқыту процесін басқару бойынша оқу-
тәрбиелік және ұйымдастыру функцияларын орындауға қалыпты жағдайларды
қамтамасыз ететіндей жарақтандырылған белгілі бір бөлігі.
Оқу шеберханасы интерьерінде шебердің жұмыс орны орталық, басты орын
болып табылады. Әдетте ол биіктігі 30-40 см, ауданы 7-12 м2 болатын подиум
үстінде орналастырылады.
Оқушылар
үшін
шебердің
жұмыс
орны
ғылыми
ұйымның,
жарақтандырылудың эталоны іспеттес болуы керек.
Шебердің жұмыс орнының жарақтандырылуы мамандық ерекшеліктеріне,
оқу орнының оқу материалдық жабдықталуының жалпы стилі мен
мүмкіндіктеріне байланысты.
Шебердің жұмыс орнының міндетті (тиімді) жарақтандырылуына:
жұмыс үстелі, орындық, сынып тақтасы;
оқытудың дидактикалық және техникалық жабдықтары;
оқылатын операциялар және типтік оқу-өндірістік жұмыстар бойынша оқу-
техникалық құжаттар;
еңбек ережелері мен оқу-өндірістік жұмыстарды орындау тәсілдерін
демонстрациялауға арналған құрылғылар (ағаш ұсталарының ұзынша үстелі,
станок, панель, электр құрастыру тақтасы, оқу кабинасы, пісіру посты және т.б.);
оқушылардың
ұжымдық
инструктаж
тыңдау
кезінде
отыратын
орындықтары;
инструменттер, құрылғылар, материалдар мен құжаттар, оқытудың
дидактикалық және техникалық құралдарын сақтауға арналған орындар (шкафтар,
жәшіктер, сөрелер және т.б.);
оқытудың дидактикалық және техникалық құралдарын қолдануға арналған
құрылғы (демонстрацциялық тақта, экран және т.б.);
оқушылардың жұмыс орнына энергияны – электр тоғын, қысылған ауаны,
жанатын газды және т.б. беріп - өшіруге арналған арнайы тақта;
оқушылардың орындалған оқу-өндірістік жұмыстарын қабылдауға арналған
арнайы үстелі жатады.
Көптеген кәсіптік оқытудың тәжірибелі шеберлері оқу шеберханалары
мүмкіндіктерін пайдаланып, өздерінің өзіндік қонструкциясын және өз жұмыс
орнын жабдықтаудың түпнұсқасын жасауда үлкен жұмыстар атқарады. Алдыңғы
қатарлы тәжірибелерді ескере келе шебердің жұмыс орнын жабдықтаудың
қосымша объектерін ерекшелеуге болады:
оқытудың дидактикалық және техникалық жабдықтарын сақтауға,
жүйелеуге және қолдануға арналған құрамдастырылған шкаф (көптеген оқу
орындарында бұндай шкаф «әдістемелік» деп аталады);
оқытудың техникалық құрылғыларын, сигнал беру және барлық
оқушыларға жалпы команда беруге арналған қашықтықтан бақылау пульттері;
оқушылардың жұмыс орнымен оперативті байланыс құралдары;
экрандық оқулықтарды демонстрациялауға арналған құрамдастырылған
тақта-экран;
интерактивтік тақта;
электромагниттік тақта;
бақылаушы және «оқытушы» құрылғылар, электр щиттері және схемалар,
интеграторлар және т.б.;
компьютер және оны басқаратын құрылғылар жинағы (емтихан алушы,
консультант, информация беруші және т.б.).
Оқу шеберханасында бос орын болған жағдайда шебердің жұмыс орнына
қосымша препаратор бөлмесін ұйымдастырады. Препаратор бөлмесінде
техникалық құралдар, сабақты дидактикалық жабдықтауға қажетті шкафтар және
стеллаждар, көрнекі құралдарды жөндеуге және жасауға арналған қондырғы
орнатылады.
Оқу полигоны.
Полигон – оқушыларды мамандық бойынша кәсіптік
оқыту үшін қажетті жағдайларды жасау мақсатында ұйымдастырылатын кәсіптік
білім беру ұйымының оқу бөлімшесі. Оқу полигондарында, әдетте, ауыл
шаруашылығы механизаторлары, түрлі көліктердің жүргізушілері, құрылыс, тау
және шахта машиналары мен механизмдері машинистері, құрылысшы-
монтажшылар, мұнай және газ өндіруші өнеркәсіпте және басқа да мазмұны және
еңбек шарттары бойынша ұқсас мамандықтарға оқушылардың кәсіптік оқуының
алғашқы этаптары өтеді.
Оқу шаруашылығы. Оқу шаруашылығы кәсіптік оқыту ұйымының оқу-
өндірістік бөлімі, ол ауыл шаруашылығы өндіріс кадрларын дайындайды. Ол
оқушыларды ауылшаруашылықөнімдерін өсіру технологияларына және мал
шаруашылығындағы көп еңбек сіңіруді керек қылатын жұмыстарды
механизациялау бойынша алғашқы өндірістік оқытуды ұйымдастыру мақсатында
құрылады.
Оқу шаруашылығында барлық жұмыстарды оқу орнының студенттері
өндірістік оқыту және практика кезінде орындайды.
11.2 Кәсіптік оқытудың оқу-әдістемелік қамтылуы
Кәсіптік оқыту процесінің қалыпты жұмыс істеуі жолында оның оқу-
әдістемелік қамсыздануы үлкен рөл атқарады. Оның екі құрамдас бөлігі бар: оқу-
әдістемелік құжаттама және оқытудың оқу-әдістемелік құралдары.
Оқу-әдістемелік құжаттаманың атқаратын қызметі – өндірістік оқытуды
жоспарлаудың мазмұны мен негізін анықтау.
Оқытудың оқу-әдістемелік құралдары – кәсіптік оқытудың қалыпты
жұмысын қамтамасыз етуші материалдық объектер.
Оқу процесін кешенді оқу-әдістемелік қамтудың мәні. Оқу процесін кешенді
оқу-әдістемелік қамту оқушыларды толық және сапалы оқытуға қажетті, оқу-
әдістемелік құжаттарды, оқытудың дидактикалық құралдарын жоспарлау және
жасау, тиімді жүйе құру деп түсінген жөн.
Оқыту процесін кешенді оқу-әдістемелік қамту талаптары мен мазмұнын
анықтауда ең алдымен, мемлекеттік білім беру стандарты талаптарын өрнектейтін
жұмыс оқу бағдарламасынан бастау керек.
Оқу-әдістемелік құжаттар және оқыту құралдары жүйесі бағдарламалық
материалдың барлық негізгі мазмұнын қамтуы керек.
Келесі қойылатын талап – оқыту құралдарының дидактикалық
мүмкіндіктерін есепке алу.
Оқыту процесі үш негізгі функция атқарады: білім беру, тәрбиелік және
дамыту.
Оқыту процесін оқыту құралдарымен, оқу-әдістемелік құжаттармен жарақтай
отырып, экономикалық факторды ескеруіміз керек.
Сонымен қатар, кешен құрамына кіретін оқыту құралдары орнатылған
эргономикалық, гигиеналық, экологиялық талаптарға, оларды оқу процесінде
қолдану қауіпсіздігі талаптарына сай келуі керек.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Оку бөлмелеріне, оларды жабдықтауға және безендіруге, оқушылардың
жұмыс орындарына қойылатын эргономикалық және психологиялық-
педагогикалық талаптар.
2. Мектеп шеберханаларының жұмыс тәртібі.
3. Кәсіптік оқытуда пайдаланылатын жабдықтардың, оқу-көрнекілік
құралдардың тізбесі.
Тест-тренинг
1. Сабағын өткізу үшін арнайы жабдықталған бөлмені атаңыз
A) оқу зертханасы;
B) оқу кабинеті;
C) препарат сақтайтын бөлме;
D) шеберхана;
E) полигон.
2. Оқу көрнекілік құралдарға қойылатын талаптар
A) ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкестігі;
B) ғөрнекілік және көрсетіп-түсіндіруі;
C) техникалық эстетика;
D) ыңғайлы болуы;
E) ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкестігі, көрнекілік және көрсетіп-
түсіндіруі, техникалық эстетикасы мен ыңғайлы болуы.
3. Оқу процесінің компоненттері:
A) білім беру, тәрбиелеу, оқу;
B) білім беру, оқыту, біліктік;
C) білім беру, оқыту, тәрбиелеу;
D) білім беру, тәрбиелеу, оқу құралдары;
E) оқу, оқыту, тәрбиелеу, оқу құралдарының мазмұндары.
4. Дидактика құрылымның қай элементі қалай оқыту керек деген сұраққа жауап
береді?
A) оқыту принципі;
B) мазмұны;
C) мақсат;
D) әдісі, құралы мен оқытуды ұйымдастыру формалары;
E) оқытудың технологиясы
5. Сабақты ұйымдастыру кезеңіне не жатады:
A) алғашқы хабарлау және жүйелендіру;
B) бекіту, үйге тапсырма;
C) ауызша және жазбаша сұрақ қою, білім белсенділігі;
D) сабықты қорытындылау, оқушыларды бағалау;
E) оқушылардың жұмыс орны мен кабинет жағдайын тексеру; ТОҚ тексеру,
оқушыларды түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
11КӘСІПТІК ОҚЫТУДАҒЫ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР
11.1 Сыныптан тыс жұмыстарының оқыту әдістері
Оқушыларды тәрбиелеу тек сабақтармен шектелмейді. Ол сабақтан тыс
уақытта да жалғастырылады және терңдетіледі. Тек сабақта ғана толық көлемде
тәрбиенің күрделі және көп қырлы мәселелерін шешу мүмкін емес. Сабақтан тыс
алуан түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ол әдетте, сыныптан тыс және
мектептен тыс жұмыстар деп бөлінеді.
Сыныптан тыс жұмысқа ұйымдастырылған, мақсатты түрде жүргізілетін
тәрбиелік және оқыту сипатындағы сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстар
жатады. Бұл сабақтар тәрбиенің жалпы жүйесінің бөлінбес бір құрамы. Олар
оқушының жан-жақты дамуына, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруына
ықпал етеді.
Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектептен тыс атқарылатын жұмыстардың
орны ерекше. Олар мәдениет үйлері, балалар кітапханалары, театрлар,
жасөспірімдер клубтары секілді мектептен тыс ұйымдар өткізетін тәрбиелік және
білім беру сабақтары, мәдени-ағартушылық шаралар. Соңғы жылдары
оқушылардың тұрғылықты мекен – жайы бойынша мектептен тыс тәрбиелік
жұмыс кең қанат жаюда. Ол балалар алаңқайларында, парк пен скверлерде
өткізіледі. Оларды әдетте, мектептен тыс ұйымдар, мектептер және кәсіпорындар
мен мекемелердің қоғамдық ұйымдары, оқу орындары ұйымдастырады.
Мектептен тыс жұмысқа жанұядағы тәрбиелік жұмыстарды да жатқызуға болады.
Оқу сабақтарынан сыныптан тыс жұмыстардың ең бірінші, басты
ерекшелігі – олар ерікті негізде ұйымдастырылып, жүргізіледі. Оқушыларды
оған сабақтардың алуан түрінен таңдау еркіндігі арқылы тартады.
Қызығушылықтары мен бейімдеріне қарай өз беттерінше түрлі үйірмелерге
жазылады, өз қалаулары бойынша сабақтан тыс уақытта жаппай орындау және
жеке жұмыстарға қатысады. Педагогтық және оқушы ұжымдарының міндеті –
сыныптан тыс жұмысқа оқушыларды түгел тарту. Оны еркінен тыс мәжбүрлеуге
болмайды. Бірақ, оқу сабақтары аяқталған соң, оқушылар сыныптан тыс
сабақтарға қатыспай өз беттерінше жүруіне жол бермеу керек.
Сыныптан тыс жұмыстың екінші ерекшелігі ол міндетті бағдарламалар
шектеріне байланысты емес. Олардың мазмұны мен формалары оқушылардың
қызығушылығы мен сұраныстарына, жергілікті жерлердің шарттарына
байланысты.
Пәндік және басқа да үйірмелердің бағдарламалары ұқсас, тұспалды.
Үйірме жетекшілері осы бағдарламалар негізінде және инструктивті – әдістемелік
нұсқаулар негізінде нақты шарттар мен оқушылар қалауын ескере отырып, жұмыс
жоспарларын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын икемді,
оқушылар қызығушылығы мен талаптарына сай етуге мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың үшінші ерекшелігі – ол әр түрлі
жастағы оқушыларды қамтиды. Мектеп хоры немесе оркестрі, шығармашылық
үйірмелер мен спорттық ұжымдардың жас айырмашылықтары сыныптан тыс
жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіре алмайды. Керісінше, әр сыныптағы
оқушыларды біріктіре отырып өткізілген сыныптан тыс сабақтар жалпы мектептік
ұжымды ынтымақтыққа тартады. Осындай үйірмелердегі жоғары сынып
оқушылары төменгі сынып оқушыларын қамқорлыққа алуға, жолдастық өзара
көмекті дамытуға жақсы жағдайлар туындайды.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың төртінші ерекшелігі –
оқушылардың өз бетінше жұмыс атқаруы басым болуы. Үйірмелер мен спорттық
ұжымдарда, көркемөнерпаздар ұжымдарында мектеп оқушыларының өз бетінше
жұмыстарын орындауға кең мүмкіндік ашылады.
Оларды сөзсіз педагогтар бағыттап отырады, бірақ оқу сабақтарынан
өзгешелігі оны мектеп оқушылары өздері ұйымдастырады. Сыныптан тыс және
мектептен тыс жұмыстарға педагогтық жетекшілік оқушылардың дербестігі мен
инициативасымен үйлеседі.
Қазіргі кезде тәрбиелік жұмысты ұйымдастырудың бесінші ерекшелігі
оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің үлес салмағының артуы.
Сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты ұйымдастырудың алтыншы
ерекшелігі олардың формалары мен тәсілдерінің алуан түрлілігі.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда көптеген жетіспеушылыктер
бар. Кейбір мектептерде осы жұмыстың бір ғана бағыты дамытылған. Кейде
педагогтық жән оқушылар ұжымы өз күштерін тек физикалық және эстетикалық
тәрбиеге ғана бағыттайды.
Басқа мектептерде тек еңбектік тәрбиеге, ғылыми-техникалық прогрестің
дамуына ғана мән беріледі. Нәтижесінде сыныптан тыс жұмыс өз мақсатына –
оқушының жан-жақты дамуына әсер ету – мақсатына жетпейді.
Кей жағдайда сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушылар емес, тек қана
белсенді топ араластырылады. Басқа мектеп оқушылары, бастапқы кезекте қиын
балалар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастыру ықпалынан тысқары қалады.
Тәрбие ғылымы бала табиғаты даму заңдылықтарына сәйкес және
бағынышты болуы керек, тану объекті ретінде оның ішкі әлемі қарастырылуы
керек, практикалық әрекеттің мақсаты – баланы өмір сүруге үйрету, басқалармен
мәдени қарым-қатынас жасауға және осы әректтерден ләззат алуға үйрету.
11.2 Тәрбие міндеттері мен қызметтері
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
– әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ
өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында
жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер,
ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
– педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін
ұйымдастырылған арнайы іс-әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты
процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық
демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі
адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп
жатуы
қажетті.
Жалпы
адамзаттық
құндылықтар
қалыптастырудың
маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты
бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік-
мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты
(тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау)
бағыттарында
дамуына
орайласады.
Мұндай
тәрбие
технологиялық
икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына
сай
орындалады),
көңіл-күйге
сәйкестігімен
(көңіл-күй
тәжірибесін
қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз
меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі
құралы – тәрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға
арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында
мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы
ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру
болған әлеуметтік процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
«мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс» мәні- процесс
нақты мақсаты болғанда ғана тәрбие деп аталуы мүмкін.
«әлеуметтік процесс» мәні – тәрбие әрқашан адамды ұнамды өзгеріске
келтіруші көптеген қоғамдық іс-әрекеттердің арнайы түрі.
«тұлға қалыптастыру» мәні – бұл тәрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай
жасау, тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, әкімшіл ықпал мүлде
болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық
қызмет және тәрбиеленушінің жауап іс-әрекеті.
«арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе» мәні: неліктен жүйе? Себебі
практикалық іс-әрекет процесінде қандай да жалғыз әдіс, тәсіл, жоба қолданумен
шектелуге болмайды. Бұлардың бәрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып,
жетілдіретін болса ғана, оқу нәтижесі тиімді болады.
«тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің ықпалдасты әрекеттері» мәні – тәрбие
процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда
мұғалім қызметінің нәтижесі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.
Тәрбие процесінде ықпалдасты іс-әрекеттердің арқасында тәрбиеленуші
ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тәжірибені игереді. Осыдан, тәрбиелеушінің
басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп,
өзінің меншікті әрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына
қосудың жолдарын табу. Сонымен, тәрбие- бұл әрқилы іс-әрекет түрлерін
ұйымдастыру процесі. Тәрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық- іс-әрекеттік
атауын алған. Оның мәні: адам барша әлеуметтік тәжірибеден өзіне табиғаты
жағынан жақын, әрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық – іс-әрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бәрінің негізі – ортақтасу (общение):
- іс-әрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
- тұлға дамуы мен әлеуметтенуі. Гуманистік педагогикада тәрбие –көзделген
мақсатқа жеткізуші тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы тиімді
қызметтестік процесі.
Мақсат –адамның қол жеткізуі тиіс нәтижені саналық деңгейде алдын-ала
ниеттеуі.
Тәрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға икемдескен
адам мұраты арқау етіледі. Тәрбие мазмұны, формасы, әдістері – бәрі де мақсатқа
тәуелді. Тәрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын
таңдауға жол ашылады. Жан-жақты әрі үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу
мақсаты ҚР «Білім туралы» Заңында бекітілген.
Оның баптары:
- тәрбие процесінің мазмұнын анықтайды;
- тәрбие нәтижесінің шарттарын белгілейді;
- педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;
- тәрбие жүйесін толықтай айқындайды.
Тәрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) және даралықты (жеке
адамға арналған) болып бөлінеді.
Тәрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-әрекеттердің ғана емес, бүкіл оқу–
тәрбие процесінің де бірлік элементі ретінде психологиялық-педагогикалық
диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны зерттеудің әрқилы
әдістерін білу және олар негізінде тұлға мен ұжымды зерттеудің бағдарламаларын
түзе алу қажеттіктері туындайды.
Бір тәрбиелік жүйеде әрдайым бір тәрбие мақсаты көзделеді, ал мақсатқа орай
орындалатын міндеттер (жалпы не нақты) көптеген болуы мүмкін. Тәрбие
мақсаттары қоғамның даму қажеттерімен айқындалып, әлеуметтік және
техникалық прогреске, қоғам, ересектер мен балалардың мүмкіндіктеріне тәуелді
келеді. Тәрбиелік іс-әрекет нәтижесінде көрініс беретін көкейкесті мақсаттар : әр
адамның даралықты дамуы және оның әлеуметтенуі, ал бұл өз кезегінде ақыл-ес,
адамгершілік, әсемдік (эстетикалық), азаматтық, еңбектік және тән-дене тәрбиесі
міндеттерінің орындалуымен анықталады.
Тәрбие міндеттерінің шешімі тұлға мәдениеттілігінің негізін қалайды
11.3. Тәрбие процесінің ерекшеліктері
Оқу және тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері
әрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп
отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.
Тәрбиелік іс-әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз
мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген
(себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:
- тәрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені
орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;
- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-әрекеттің
ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға
тәрбиелік ықпал жасайды;
- оқу және тәрбие процестерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау және т.б.)
пайдаланылады.
Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы
принциптік айырмашылық : оқу барысында шәкірт әртүрлі ғылымдар негізін
меңгереді, ал тәрбие процесі оқушының тұлғалық сапа-қасиеттерін
қалыптастыруға бағышталады.
Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:
- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігінің
кепілі);
- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің
көрсеткіші);
- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);
- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да
ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға
болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.
- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге
бірдей кезігіп отырады).
- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын
болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса
алмайды);
- кешенділігі (тәрбие мақсаты мен міндеттерінің , мазмұн, форма және
әдістерінің бірлігі);
- баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік
тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процесінде бұлар ескерілуі
шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы
ықтимал);
- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол ықпалды
қабылдаушы - оқушы);
- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы; - тәрбиеші тұлғасы –
тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының
кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт-бағдары, қызметтестік
қатынасқа түсе білу қабілеті);
- қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші
ретінде қарастырылады).
Тәрбиенің негізгі қайшылықтары оқу-тәрбие процесінде кездесетін
келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен
оған дайындауға арналған әдістер мен формалардың ескіруі; адамның табиғи
даму мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл дамудың әлеуметтік жағдайлар
бағдарламаларына тәуелді шегерілуі; адамның табиғаттан белсенді, әрекетшең
болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске нақты
қатысу үшін қажет тәжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі және т.б.
Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды шығаруға
болады: тәрбие процесі оқу процесімен бір қатар жүріп жатса да, ол бірнеше
мәнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың міндетттері және олардың
педагогикалық ерекшеліктері.
2. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті бойынша үйірме сабақтарының
сипаты
3. Сыныптан тыс жұмыстарының оқыту әдістері.
4. Тәрбие міндеттері мен қызметтері
5. Тәрбие процесінің ерекшеліктері
Тест-тренинг
1. Әлемдік көзқарастарды, идеяларды қалыптастыру - бұл:
A) меңгеру;
B) тәрбиелеу;
C) оқушылардың өзіндіқ жұмысы;
D) топтағы қарым-қатынас;
E) оқыту процесі.
2. Оқушыларға кәсіби бағыт берудің негізгі қызметі.
A) әр кәсіпке ынтасын табу;
B) әр түрлі кәсіптің негізін біліп, мағынасын табу;
C) арнайы зерттеу процесі;
D) еңбек дағдыларын қалыптастыру;
E) түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3. Кәсіптік мектептерде оқыту, тәрбиелеу, дамудың біртұтастығын біріктіруін
қамтамасыз ету:
A) арнайы пәндердің негіздерін оқып үйрену;
B) жалпы білім беру пәндерін оқып үйрену;
C) өнімді еңбекпен қатар қоғамдық-саяси пәндерді оқып-үйрену;
D) барлық сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;
E) жалпы және арнайы пәндердің негіздерін оқып үйрену, өнімді еңбекпен қатар
қоғамдық-саяси пәндерді және барлық сыныптан тыс жұмыстар жүйесін оқып-
үйрену.
4. Қандай талдауда білім берудің идеялы-тәрбиелік аспектілерін қозғайтын
материал анықталады?
A) психологиялық;
B) педагогикалық;
C) дидактикалық;
D) логикалық түсінік;
E) тәрбиелік маңыздылығын.
5. Сабақ қандай міндеттерді шешеді?
A) білімдендіру;
B) тәрбиелеу;
C) дамыту;
D) білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту;
E) арнайы білім алу.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жж.-ға
арналған мемлекеттік бағдарламасы,
2. Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдірудің 2005-2010 жж.ға
мемлекеттік бағдарламасының ережелері
3. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Педагогикалық мамандықгар
бойынша жоғары жөне орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының
студенттеріне және орта кәсіптік білім беретін оку орындарының студенттері,
өндірістік оқыту шеберлеріне арналған оқулық. Алматы: "РАДиАЛ" баспасы.
2006-240 бет.
4. Мельникова Л.В., Осипова Л.В., Фридман Т.В. Методика трудового
обучения. М.:Просвещение, 1989. - 254 с.
5. Поляков В.А., Ставровский А.Е. Общая методика трудового обучения в
старших классах. М.:Просвещение, 1987. - 191 с.
6. Методические разработки уроков. /Под ред.
И.Н.Федорово.М.:Просвещение, 1981. - 186 с.
7. Методические разработки уроков. /Под ред.
И.Н.Федорово.М.:Просвещение, 1981. - 186 с.
8. Воспитание учащихся в процессе трудового обучения. Т.М.Мальковский и
др. М.:Просвещение, 1976. - 190 с.
Достарыңызбен бөлісу: |