Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік техникалық


  Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата01.04.2020
өлшемі1,2 Mb.
#61347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Кәсіптік оқыту әдістемесі дәрістер курсы,бакылау тестері, сұрақтар (1)


7.2. 
Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы  
 

Оқудың  дəстүрлі  (қайта  жасау-  репродуктивті)  технологиясы  білім, 
ептілік  және  дағдыларды  ұсынуға  бағытталған.  Ол  өтіліп  жатқан  материалдың 
игерілуін,  қайта  жасау  деңгейіндегі  білім  сапасының  бағалануын  қамтамасыз 
етеді.  Бұл  технологияның  ежелгі  түрі.  Ол  бүгінгі  таңда  да  кең  таралған  (әсіресе 
орта  мектепте).  Оның  мәні:  жаңаны  игерту–бекіту–қадағалау–бағалау  сұлбасы 
(схема)  бойынша  оқу  процесін  жүргізу.  Технология  негізіне  табысты  өмір 
тіршілігін  қамтамасыз  ететіндей  білім  ауқымын  анықтауға  мүмкіндік  беретін 
және  оны  оқушыға  жеткізу  жолын  көрсететін  білімдік  бағыт-бағдарлама 
(парадигма)  алынады.  Осыған  орай  оқу-  оқытудың  басты  әдістері  ретінде  1) 
көрнекілік  және  онымен  бірге  жүретін  түсіндіру,  2)  оқушының  жетекші  іс-
әрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап және тиімділіктің 
негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. 
Мұғалім қызметтері – түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды 
бағалау және реттеу, түзету.  
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – 
үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие процесін тиімді 
басқаруды  қамтамасыз  етуі,  білім  ұсынудың  жаңа  әдіс  –тәсілдерін  пайдалануға 
икемді келуі. Сонымен бірге дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол 
береді  –  оқу  процесін  дараландыру  мен  жіктеуге  қолайсыз,  оқушылардың ойлау 
қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.  
Дамытушы  оқу  технологиясы  мектеп тәжірибесіне  енген оқу  іс-әрекеттері 
арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин және т.б.).  
Ғалымдар  дәлелдегендей,  педагогика  бала  дамуының  өткеніне  емес, 
болашағына  бағытталуы  тиіс.  Сонда  ғана  ол  оқу  процесінде  осы  нақты  уақыт 
шеңберіндегі  жақын  даму  процестерін  жүзеге  асыра  алады.  «Жақын  даму 
аймағының» мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер 
басшылығында  не  ақылдылау  дос  –жарандарымен  араласа  жүріп  шешуі  мүмкін. 
Келтірілген  пікір  жария  болғанға  дейін  бала  дамуы,  әсіресе  оның  ақыл-ойының 
өрістеуі оқу және тәрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.  
Зерттеулер  нәтижесінде  (Л.В.  Занков)  оқу  тиімділігін  көтеру  есебінен 
оқушы  дамуын  жеделдетуге  болатыны  дәлелденді.  Бұл  үшін  оқуды  жоғары 
деңгейлі  қиыншылықта  жүргізу  принципін  ұстану  –  басты  талап.  Егер  алдынан 
рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, 
тұрмыс) шығып тұрмаса, әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бәсеңдейді.  
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны және 
оны  құрастыру  реті  анықталады.  Оқу  материалының  мазмұн  қарқыны  ұлғаяды, 
әрі  тереңдейді,  жетекші  рол  теориялық  білімдерге  беріледі,  дегенмен, 
оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.  
Дамытушы  технология  талаптарының  және  бірі  –  оқу  ілгерілі  және  жедел 
қарқында  жүреді.  Өткендерді  жиі  әрі  бір  беткей  қайталаулар  оқу  процесінің 
кедергісіне  айналып,  оқуды  жоғары  қиыншылық  деңгейінде  өтуге  мүмкіндік 
бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне  байланысты  жүйелі- іс-әрекеттік  оқу  бағытын ұстануды  қажет 
етеді (Д.Б.Эльконин).  

Дамытушы  технология  идеяларының  қатарына  сондай-ақ  оқу  қызметінің 
әрқилы  жағдайларында  оқушылардың  қажет  болғанды  өзінше  танып,  содан 
өздігінен  жауап  әрекет  орындауға  (рефлексия)  ынталандыру  идеясы  да  кіреді. 
Жауап  әрекетке  (рефлексия)  келу  дегеніміз  баланың  өз  әрекеттерін  сезінуі  мен 
түсінуі, оқу іс-әрекеттерінің тәсіл, әдістерін өзінше байқап, тануы.  
Рефлексиялық әрекет-қимылдар әрқашан өзіндік қадағалау және бағалаумен 
тығыз  байланысты  болатындықтан  дамытушы  технология  шарттарына  орай 
оларға да көп мән беріледі.  
Дамыта  оқыту  идеясы  бұл  күнде  еліміздің  мұғалімдері  арасында  кең 
қолданымда.  Алайда,  бұл  технологияның  кейбір  тұжырымдары  пікір  таласты 
болып жүр. Себебі, оқушылардың бәрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере 
алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда әбден 
күйзеліске  түседі.  Сондықтан  барша  шәкірттерді  теңдей  шапшаң  және  жоғары 
күрделілік деңгейінде оқытып, тәрбиелеуге болмайды.  
Бағдарламаластырылған  оқу  технологиясының  (БОТ)  негізгі  мақсаты  оқу 
процесінің  басқару  жүйесін  жақсарту  (П.Я.Гальперин,  Л.Н.  Ланда,  А.М. 
Матюшкин және т.б.).  
БОТ  бастауын  берген  американдық  психологтар  мен  дидакттар  (Н.Краудер, 
Б.Скиннер, С.Пресси).  
БОТ  –  бұл  арнайы  жабдықтар,  бағдарламаластырылған  оқулық,  ерекше  оқу-
машинасы,  ЭВМ  және  т.б.  көмегімен  күні  ілгері  дайындалған  бағдарлама 
бойынша  орындалатын  өзіндік  жеке-дара  оқу  технологиясы.  Бұл  технология 
әрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі 
және т.б.) оқуына мүмкіндік береді.  
БОТ-ның өзіне тән сипат белгілері:  
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;  
-  әр  бөлшекті  игеруге  арналған  нақты  әрекеттерді  орындау  нұсқаулары 
жүйесінің берілуі;  
- әр бөлшек игерілуінің тексерілуі;  
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі 
жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;  
-  дұрыс  жауап  бере  алмаған  жағдайда  оқушының  қосымша  көмек 
түсініктемелерін алуы;  
- қадағалау тапсырмаларының нәтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері 
байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.  
Проблемді  оқу  технологиясы  мұғалім  басшылығында  өтетін  оқушылардың 
оқу  міндеттерін  шешуге  орайластырылған  өзіндік  ізденіс  іс-әрекеттерін 
ұйымдастыруға  негізделеді.  Оқу  ізденістері  барысында  оқушыларда  жаңа  білім, 
ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, 
ой-өрісі,  шығармашыл  ойы  және  басқа  да  тұлғалық  маңызды  сапалары  дамиды 
(Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов және т.б.).  
Жалпы  түрінде  проблемді  технология  сипаты  келесідей:  оқытушы  білімді 
дайын  күйінде  ұсынбай,  оқушылар  алдына  міндет  (проблема)  қояды,  оған 
қызықтырады  және  оның  шешу  әдіс-тәсілдерін  табуға  ынталандырады.  Ал 
оқушылар  мұғалімнің  тікелей  басшылығында  не  өз  бетінше  олардың  шешімін 

табудың  жолдары  мен  әдістерін  зерттейді,  яғни  болжам  түзеді,  оның 
шынайылығын  тексеру  тәсілдерін  белгілейді  әрі  талқылайды,  дәйектейді, 
нәтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді.  
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз 
тараптарына  ие.  Оның  тиімділігі:  оқушыларға  тек  қажетті  білім,  ептілік  және 
дағдылар  жүйесін  меңгеруге  жәрдемдесіп  қоймастан,  олардың  ақыл-ой  дамуына 
жол  ашады,  өз  шығармашылық  қуатымен  берік  білім  қалыптастыруға 
көмектеседі,  өз  оқу  еңбегіне  қызығу  ұмтылысын  дамытады,  оқу  нәтижесінің 
бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нәтижеге жету көп уақытты 
талап  етеді,  сонымен  бірге,  оқушылардың  танымдық  іс-әрекеттерін  жүйелі 
басқару қиын.  
Модульді  оқу  технологиясы  АҚШ  пен  Батыс  Еуропада  1960  жылдары 
дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның 
мәні  -  оқушы  модульмен  жұмыс  орындау  барысындағы  нақты  мақсатқа  өз 
бетінше  (не  белгілі  шамада  мұғалім  жәрдемімен)  жетеді  (П.Юцявичене, 
Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру 
жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).  
Модуль құрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық 
мақсатқа жетудің әдістемелік көрсетпелері.  
Бұл  технологияға  орай  оқу  мазмұны  өз  алдына  белгілі  жинақы  құрамға 
келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының 
көлемін  ғана  емес,  әдістері  мен  олардың  игерілу  деңгейін  де  көрсететін 
дидактикалық мақсатқа сәйкес меңгеріледі.  
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға 
оқу  әрекеттеріне  кірісумен  өз  мүмкіндіктерін  сезінуге,  білім  игеру  деңгейін  өзі 
анықтауына,  өз  білімдері  мен  ептіліктеріндегі  кемшіліктерді  байқауына 
жәрдемдеседі.  
Модульдік  оқу  дәстүрлі  білім  игеру  жүйесімен  байланыста  пайдаланылуы 
мүмкін.  Модульдер  оқу  жүйесінің  қалаған  ұйымдастырылу  формасында  орын 
тауып,  оның  сапасын  жақсартуға  және  тиімділігін  арттыруға  қолданылуы 
ықтимал.  
Шоғырластырылған  (концентрлі)  оқу  технологиясы  педагогикада  ежелден 
танымал  пәнге  шомдыру  әдісіне  негізделген  (П.Блонский,  В.Ф.Шаталов, 
М.П.Щетинин және т.б.).  
Бұл  технология  жақтастарының  пікірі:  оқудың  дәстүрлі  сынып-сабақтық 
жүйесінде  бағдарламалар  мен  оқулықтарға  сәйкес  берілетін  оқу  мазмұны  бөлім, 
тақырып,  параграфтарға  бөлшектеніп,  өз  алдына  шартты  дербестенген  ауқымда 
ұсынылады.  Осыдан  оқушылардың  жеке  пәндерден  алатын  білім,  ептілік, 
дағдылары  жай  қалыптасады.  Оқу  проблемасының  ұзаққа  созылып  өтілуінен, 
оқушылардың  сабаққа  болған  қызығушылығы  кемиді.  Бір  дәрістің  екіншісінен 
алшақты  болуынан  бір  сабақта  қабылданған  ақпарат  келесіге  дейін  көбіне 
ұмытылады.  
Пәндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп 
ене  алмайды.  Бір  пәннен  екіншісіне  өтуде  бала  қиыншылық  көреді,  көп  уақыт 
сарп  етеді,  ендігі  сабақ  өткендегіні  көлеңкелейді,  сонымен  әр  өткен  сабақ  өз 

құндылықтарын  жойып  барады.  Әр  дәріс  оқушы  үшін  –  жаңа  жүктеме, 
мұғалімдердің  жаңа  талаптары,  жаңа  мазмұнды  материал,  жаңа  көңіл-күй 
ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сәйкес бала икемделіп, оқу іс-әрекеттерін 
орындауы  шарт.  Ал  бұл  енді  қалыптасып  жатқан  жас  буынға  оңай  шаруа  емес. 
Шомдыру  оқуында  сабақтар  топқа  (блокқа)  келтіріледі,  бір  күнге  не  аптаға 
межеленіп, қатар өтілетін пәндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту 
процесін  адам  қабылдауының  табиғи  психологиялық  ерекшеліктеріне 
жақындастыра  түседі.  Сабақта  игерілген  материалды  ұмытудың  алдын  алу  үшін 
оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында 
оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пәнмен ғана шұғылданып, толық шомуы 
қажет.  
Қашықтан оқу технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электронды 
почта,  теледидар  және  интернет  жәрдемімен  оқу  мекемесіне  қатыспай-ақ 
білімдену  қызметтерін  пайдалану.  Қашықтан  оқу  қандай  да  себептермен  білім 
иеленуге  қол  жеткізе  алмай  жүргендердің  бәріне  бірдей  үйде  отырып  оқу 
мүмкіндіктерін ашады (әсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, 
т.с.с.).  
Оқу  технологияларының  басқа  да  түрлері  баршылық:  әр  деңгейлі  оқу,  толық 
меңгеру,  ұжымдық  ықпалдаса  оқу,  икемдесе  оқу,  жобалап  оқу,  авторлық  оқу 
технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) және т.б.  
 
7.3 Кәсіптік оқытудың инновациялық тәсілдерін таңдау 
Кәсіптік оқытудың тиімділігін арттыруға таңдап алынған оқыту тәсілі үлкен 
әсер етеді. Әр тәсілдің өз кемшіліктері мен артықшылықтары бар.  Оларды таңдау 
түрлі факторларға байланысты: 
Оқытудың мақсаттары мен міндеттері; 
Оқытудың жеделдігі; 
Кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері; 
Инструкторлар, материалдар, бөлмелердің болуы; 
Оқуға  қатысушылар  құрамы  (олардың  квалификациясы,  мотивация, 
дайындық деңгейі); 
Оқытушылар квалификациясы және компетенциясы және т.б. 
Тәсілдерді таңдағанда оқушылардың есте сақтау қабылетін де ескерген жөн: 
оқығанның 10% -ын; 
естігеннің 20% -ын; 
көргеннің 30%-ын; 
естіп-көргеннің 50% -ын; 

естіп, көріп және талқылағанның 70%-ын; 
өздері айтқанның 80%-ын; 
өздері жасағанның 90%-ын. 
Осы  аталған  факторлардың  барлығын  ескере  отырып,  персоналды  басқару 
қызметінің  қызметкерлері  немесе  кәсіпорын  көмегіне  жүгінген  арнайы  ұйым 
тиімді оқыту бағдарламасын жасауы керек. Осы бағдарламалар бірнеше тәсілдің 
қосындысынан тұрады.  
Кәсіптік  білім  мен  дағдыны  дамытудың  бірнеше  тәсілдері  бар.  Олардың 
бәрін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 
жұмыс орнында қолданылатын оқыту тәсілдері; 
жұмыс орнынан тыс қоладнылатын оқыту тәсілдері;  
жоғарыда аталған екі нұсқа үшін де сай келетін тәсілдер. 
Алғашқы екі топтың негізгі тәсілдерін қарастырайық.  
Жұмыс орнында қолданылатын оқыту тәсілдері. 
Инструктаж.  Инструктаж    тікелей  жұмыс  орнында  жұмыс  әдістерін 
түсіндіру және демонстрациялау. Әдетте, бұл тәсіл жаңа қызметкер қабылдағанда, 
қызметкерді  жаңа  лауазымға  енгізуде  қолданылады.  Оған  жұмыс  орнында  не 
істейтіндігі түсіндіріліп, көрсетіледі.  
Тәлімгерлік  (оқушылық  ,  коучинг1).  Тәлімгерлік  оқыту  тәсілі  ретінде 
ежелден  белгілі:  шебер-қолөнерімен  қатар  жұмыс  істей  отырып,  жас 
жұмысшылар  мамандыққа  үйренген.  Кейіннен  бұл  тәсіл  тәжірибе  мамандарды 
даярлауда  үлкен  рөл  атқаратын  сфераларда  кеңінен  таралды.  Бизнес-
терминологияда  коучинг  термині  90  жылдардың  басында  ағылшын  бизнесмені 
және консультанты Джон Уитмордың арқасында пайда болды.Оның анықтамасы 
бойынша  коучинг  өнімділік  пен  тиімділікті  арттыру  үшін  жеке  тұлға 
потенциялын  ашу  қызметін  атқарады  да,  «тәлімгер»  мен  «оқушының»  үздіксіз 
дидарласу процесі болып табылады.  
Коучингтің  бірінші  кезеңінде  басқа  тәсілдердегі  секілді  қызметкердің 
қандай жұмыс әрекетінің аспектілерін дамыту керектігін ашып алған жөн.   Осы 
мақсатта  «үздік  болу  Профилін  салу»  деп  аталатын  арнайы  процедура 
қолданылады, оның  мәнісі  қызметкер  алдында  және бүкіл ұйым алдында  тұрған 
міндеттерді  үздік  шешу  үшін  компетенцияны  ерекшелеу.  Келесі  кезең  - 
қызметкерді  оның  шынайы  бизнес-психологиялық  портретін  үздік  болу 
Профилімен  салыстыруға  мүмкіндік  беретін  кешенді  психологиялық  бағалау, 
сонымен қатар, ең маңызды және бірақ аса жақсы дамымаған жақтарын айқындау. 
                                                           
1
От английского: сущ.  coach – тренер, наставник, инструктор; гл.  tocoach - наставлять, тренировать, 
подготавливать.
 

Коучингте  оқушы  тарапынан  өзіндік  өзгерістің  мүмкін  екендігін  мойындау 
маңызды.  Тәлімгер-консультант коучинг барысында (әдетте, тәжірибелі әріптес, 
басшы  немесе  тренингтік  компания  қызметкері)  үнемі  қызметкер  дамуын 
бақылайды, оған кеңестер арқылы көмек көрсетеді, пайда болған мәселелер және 
жетістіктерді талдайды, бағыт береді.  
Ротация.  Ротация  өз  бетінше  оқудың  бір  түрі,  онда  қызметкер  уақытша 
(әдетте, бірнеше күннен бірнеше айға дейін) басқа лауазымға  жаңа дағдылар алу 
мақсатында  ауыстырылады.  Бұл  тәсіл  цех  жұмысшыларын  толық  бір-бірімен 
ауыстырымды  етуге  мүмкіндік  береді,  ауырған,  жұмыстан  босаған  жағдайда, 
кездейсоқ жұмыс көлемінің артуына байланысты кризисті болдырмауға мүмкіндік 
береді.  
Оқыту әдісі ретінде ротация артықшылықтарына төмендегілерді жатқызуға 
болады:  
-  жұмыскерлерден  поливаленттілікті  (бірнеше  мамандықты  қатар 
меңгеруді) талап ететін кәсіпорындар үшін қажет; 
-  тек 
оқыту  эффектісін  ғана  беріп  қоймай,  сонымен  қатар 
ынталандыруға оң әсерін тигізеді
-  қызметкерге ұйымда «өзін табуға» көмектеседі; 
-  бірыңғай  өндірістік  функциялар  атқаруға  байланысты  стрестен 
арылуға көмектеседі; 
-  жоғары 
квалификациялы 
мамандардың 
өрге 
жылжуын 
жылдамдатады; 
-  жаңа идеяларды, проблемаларды шешу жолдарын сомдайды. 
Сонымен  қатар,  ротацияның  өзіндік  кемшілігі  бар  –  жұмыскерді  бір 
лауазымнан  басқаға  ауыстыруға  байланысты  өнімділіктің  төмендеуіне 
байланысты шығындар.  
Жұмыс орнында қолданылатын негізгі тәсілдермен қатар төмендегі тәсілдер 
де белгілі: 
Табыстау  (Делегирование)  –қызметкерлерге  келісілген  сұрақтар  көлемінде 
шешім қабылдау мүмкіндігімен міндеттер көлемін беру.  Менеджер оқушыларды 
жұмыс орындау барысында оқытады.  
Күрделене  түсетін  тапсырмалар  тәсілі    -  маңыздылығына  байланысты, 
тапсырма  көлемінің  кеңеюіне,  күрделенуіне  байланысты  орнатылған  жұмыс 
әрекетінің арнайы бағдарламасы.  
Оқу  әдістемелерін,  нұсқамаларды,  оқу  құралдарын,  -  мысалы,  машинамен, 
құрылғымен, қондырғымен жұмыс істеу принципі және т.б. Жұмыс орнынан тыс 
қолданылатын оқыту тәсілдері. 

Дәрістер.  Дәріс  дәстүрлі,  өте  көне,  кең  тараған  оқыту  тәсілі.  Дәріс 
талқылаудың үлесі шектеулі болатын оқытушы монологы (әнгіме, баяндау). 
Дәріс артықшылықтары: 
-  Теориялық  материалдың  үлкен  көлемін  қысқа  мерзімде  берудің 
тамаша құралы; 
-  Бір сабақ барысында көптеген теория, концепцияларды ашып, дамыта 
алады; 
-  Экономикалық  тұрғыдан  өте  тиімді,  себебі  бір  оқытушы  бірнеше 
ондаған оқушымен жұмыс істей алады. 
Дәріс кемшіліктері: 
-  оқушылар  рөлі  тек  қабылдаумен  шектеледі,  материалды  өз  бетінше 
саралайды, олар тәжірибелік іс-әрекет жасамайды; 
-  практикалық дағды мен шеберлікті шыңдауға негізделмеген
-  кәсіпорынның  және  оның  қызметкерлерінің  нақты  проблемаларынан 
аластатылған; 
-  кері байланыстың жоқтығы; 
-  материалдың  меңгерілу  деңгейін  бақылау  және  оқытуды  түзету 
күрделі; 
-  дәрістің тиімді өтуі үшін дәріс өнерінің жоғары дәрежесі қажет. 
Іскерлік  ойындар.  Іскерлік  ойындар  оқушының  шынайы  мамандық  іс-
әрекетіне  жақындастырылған  оқыту  тәсілі  –  ойын  барысында  қатысушылар 
модельденген компания қызметкерлері қимылын ойнайды.  
Іскерлік ойындар төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: 
-  оқушының  жеке  және  ұжыммен  жұмысын,  кәсіптік  даярлығын 
анықтау; 
-  оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру; 
-  кәсіпорындағы 
шынайы  ситуацияны  көрнекі  елестету,  оны 
басқарудың  мүмкін  болатын  стратегияларын  анықтау,  қабылданған 
шешім нәтижелерін алу; 
-  шынайы  практикалық  іс-әрекетке  мейлінше  жақындастырылған 
жағдайларда  шешім  қабылдау,  конфликтерді  шешу  және  т.б. 
дағдыларын қалыптастыру; 
-  адамның 
шығармашылық  потенциалын  белсендіру,  оқытуды 
интенсивтендіру және нәтижелі ету. 

Іскерлік ойындар кемшіліктері:  
-  теориялық білім мен жаңа мамандық меңгеруде тиімді емес;  
-  қымбат;    
-  арнайы дағдыларды талап етеді; 
-  ұйымдастыру және өткізу көп уақытты талап етеді; 
-  арнайы даярланған инструкторлар қатысуы талап етіледі.  
Іскерлік  ойындар  әртүрлі,  оларды  бірнеше  белгілері  бойынша  жүйелеуге 
болады.  Қатысушылардың  жұмыс  істеу  тәсіліне  байланысты  ерекшеленетін 
ойындар типтерін қарастырамыз.  
Рөлдік ойындар. Рөлдік ойындар шартты рөлді орындауға негізделген. Рөлді 
орындау қатысушыларға мынадай мүмкіндіктер береді: 
-  өзінің «табиғи», әдеттегі іс-әрекетін зерттеу; 
-  әдеттегі әрекеттік шаблондар шеңберінен шығу; 
-  жұмыс орнында қажетті әрекеттерді игеру. 
Рөлдік  ойындар  мысалдары:  Сызықтық  менеджерлер  жұппен  типтік 
сұхбаттарды ойнайды «менеджер – қол астындағы жұмысшы» немесе «қызметкер 
–  күрделі  клиент»,  тиімді  басқару  немесе  телефон  арқылы  сөйлесу  дағдыларын 
сомдайды.  
Модельдеуші  ойындар.  Рөлдік  ойындар  қажетті  нәтижеге  қол  жеткізе 
бермейді,  себебі,  тиімді  болмаса  да  қатысушылар  әдеттегі  іс-әрекеттерді  жасай 
беру қаупі бар. Ойынның мақсаты ескі, әдеттегі стеоеотиптерден арылу ғой. Сол 
себепті  модельдеуші  ойындар  жиі  қолданылады,  мұнда  шындық  модельмен 
алмастырылады.  Модельдеу ойындарының ең көп тараған түрі  – кеменің апатқа 
ұшырау,    елсіз  арал,  Арктика,  шөлді  жер  және  т.б.  ситуацияларында  шешім 
қабылдауды  модельдеу.  Сонымен  қатар,  модельдің  шарттылығы  жұмысшы 
шынайылықтан аулақ, өндірістік проблемалар қысымы байқалмайды.  
Имитациялық  ойындар.  Имитациялық  модельдеу  қолданылған  алғашқы 
облыс – әскери өнер деп саналады.  
Имитациялық  ойын  ортасында  –  ұйымдағы  функционалдық  байланыстар 
құрылымы. Имитациялық ойындар: 
-  жұмыс шындығының негізгі белгілерінің тірі бейнесін береді; 
-  нақты іскерлік ситуацияларды көрсетеді; 
-  функционалдық қарым-қатынасты қарастыруды жүзеге асырады; 

-  қатысушыларды  оперативті  шешім  қабылдауды  талап  ететін 
жағдайларға қояды. 
Практикалық жағдаят (кейстер). Практикалық ситуацияларды оқу тәсілі 80 
жылдары  Гарвардта  ойлап  шығарылған  және  кәсіптік  оқытуда  әртүрлі  пәндерде 
кеңінен  қолданылады.    Бұл  тәсіл  «шынайы  немесе  имитацияланған 
ситуацияларды,  олардың  жалпы  және  жанама  қасиеттерін  айқындау  үшін 
орындалатын  шынайы  және  имитациялық  ситуацияларды  терең,  әрі  бөлшектеп 
зерттеу»  болып  табылады.  Қатысушылар  оқудың  бастапқы  кезеңінде  топтарға 
біріктіріліп, төмендегі нұсқалардың бірінде ұсынылатын ситуациямен танысады:  
-  классикалық ашылған нұсқа
-  қысқартылған нұсқа; 
-  бейнематериал; 
-  өмірден бір жағдай; 
-  қатысушы ұсынған жағдай; 
-  сұхбат түрінде ұсынылған жағдай; 
-  осы ситуацияға байланысты қабылданған шешімді талдау. 
Мұнда ситуацияның өзі төмендегі талаптарға жауап беруі керек: 
-  проблеманың  шынайылығы  (оның  негізінде  –  бір  немесе  бірнеше 
фирмаларда орын алған нақты проблема қарастырылған); 
-  оқу  сипаты  (ситуация  қарастырылатын  дағдыларды  қолдануды 
қамтиды); 
-  сюжеттің, теке-тірестің
 
 болуы. 
Болған жайттармен танысып болған соң, топтарда талдау, дискуссия жүреді, 
сол секілді оны талдау және бағалау жүргізіледі. 
Практикалық ситуациялар тәсілінің артықшылықтары: 
-  қатысушыларға басқа ұйымдардың тәжірибесімен танысуға мүмкіндік 
береді; 
-  топ бойынша шешім қабылдау, тиімді талдау, стратегия және тактика 
жасауды дамытуға ықпал етеді
-  оқылған 
ьеориялық  материалдар  мен  басқару  әрекеттерінің 
моделдерін дәйектейді.  
Практикалық ситуациялар тәсілінің кемшіліктері: 
-  ситуациямен танысу және талдауға мейлінше көп уақыт жұмсалады; 

-  қатысушылар  тарапынан  қарсылықтар  пайда  болуы  мүмкін,  себебі 
дәстүрлі оқытуда әдетте өз бетінше ойлануға талаптандырылмайды; 
-  қатысушылар  талдау  барысында  негізгі  шешім  қабылдауға  жұмыс 
істемейтін  қандай  да  бір  мәселені  шеше  отырып,  негізгі  тақырыптан 
ауытқулары мүмкін; 
-  оқушылардан  оқытудың  басқа  тәсілдерінің  көмегімен  дамытылып 
отыратын  кәсіби  шеберліктің  және  теориялық  білімнің  қажетті 
деңгейі талап етіледі. 
Интерактивті  оқыту.    Қазіргі  кезде  интерактивті  оқыту  бизнес-оқыту 
тәжірибесінде  дәстүрлі  оқытудың  альтернативасы  ретінде  кеңінен  қолданыла 
бастады. Интерактивті оқыту деп қарым-қатынасқа негізделген оқушының қандай 
да бір  тәжірибені игеруі.    Бұл  жағдайда  оқытушы  дайын  тапсырмалар бермейді, 
ол қатысушыларды өз бетінше ізденуге тартады. Сол себепті дәстүрлі оқытудағы 
оның  рөлі  түбегейлі  өзгереді:  оқытушының  белсенділігінің  орнына  оқушы 
белсенділігі  артады,  оқытушының  міндеті  –  олардың  тарапынан  инициактива 
үшін алғышарттар жасау.Қатысушылар белсенділігі үш типті болуы мүмкін: 
Физикалық:  қатысушылар  жұмыс  орнын  ауыстырады,  басқа  жерге  орын 
ауыстырады, сөйлейді, жазады, тыңдайды, суреттер салады және т.б.  
Әлеуметтік:  қатысушылар  сұрақтар  қояды,  оларға  жауап  береді,  пікір 
таластырады, талдайды, сөз жарыстырадыжәне т.б. 
Танымдық:  қатысушылар  мұғалімнің  түсіндірмесіне  толықтырулар, 
түзетулер  енгізеді,  кәсіби  тәжірибенің  бір  қайнар  көзі  болып  табылады,  өздері 
шешім қабылдайды.  
Интерактивті оқытуда белсенділіктің жоғарыда аталған түрлерінің барлығы 
қатысады, әрі бір-бірімен тығыз байланыста.  
Оқытудың интерактивті тәсілінің мысалын қарастырайық. Менеджерлердің 
клиентпен жұмысы бойынша тренинг барысында жүргізуші төмендегі сұрақтарға 
жауаптарды жеке-жеке әзірлеуге тапсырма береді: «Сіздердің клиенттеріңіз кім?», 
«Клиенттердің  әр  типінің  қанағаттануының  қайнар  көзі  неде?»,  «Сіздердің 
клиенттеріңіздің  қанағаттануын  не  арттыра  алады?».  Соңынан  топтық 
презентация  әзірленіп,  жауаптар  кіші  топтарда  талданады.  Нәтижесінде  сабақ 
соңында,  қатысушылар  компания  клиенттеріне  қызмет  көрсету  жүйесіне 
өзгерістер жоспары жасалатын әрекеттердің толық тізімін жасайды.    
Бейне оқыту. «Бейне оқыту» терминінде бейне жазба қолдануға негізделген 
оқыту қарастырылады.  Осы тәсілді жүзеге асырудың тәжірибеде екі негізгі тәсілі 
кездеседі:  дайын  бейне  материалдарды  көрсету  және  тапсырманы  орындау 
барысында бейне таспаға түсіру, қайта қарау және талдау (бейне кері байланыс).  
Бейне түсірілімді көру. 

Оқу фильмдерін көру төмендегі міндеттерді орындай алады: 
Ақпараттану,  немесе  ақпараттың  үлкен  көлемін  жинақтап  түсіндіру, 
мысалы,  жаңа  өнім  қасиеттері  жайлы,  компания  тарихы  жайлы  және  т.б.Бейне 
түсірілімді  көру  -дәрісті,  слайдтарды  көрсетуді,  шақырылған  эксперттердің 
түсіндірмесін,  экскурсияларды,  цехтар  мен  зертханаларға  баруды  алмастыра 
алады. Ақпараттық бейне түсірілімді көруартықшылықтарына көрнекілік, ақпарат 
сыйымдылығы,  жатады.  Бірақ  ұзақ  көрсетілім  шаршатады.  Сондықтан, 
көрсетілімді  бірнеше  бөлікке бөлу  ұсынылады, ал  олардың  арасындағы  уақытты 
талдауға, сұрақтарға жауапқа, түсіндіруге арнаған жөн.   
Бейне  түсірілімді  көру  проблеманы  бейнелеуге  де  қолданылуы  мүмкін,  ал 
дұрыс шешім табу бейне материалсыз жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, топпен 
талдау арқылы.  
Бейне кері байланыс.  Осы тәсілді қолдана отырып оқыту барысында көруге 
және  талдауға  арналған  материал  ретінде  қатысушылардың  өз  әрекеттері 
алынады, сол арқылы өзгеру, қайта қарау, қайта зерделеу мүмкін болады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет