4.3 Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі
Өндірістік оқыту процесінде көбінесе, қолмен және машинамен
басқарылатын кәсіп салаларында шебер оқушыларға қайталау, «көшірме жасау»
тәсіл арқылы іс – қимыл әрекетін көрсету жолымен үйретеді. Шебердің
қимылының дәлдігі, шапшаңдығы және жұмысты сапалы атқаруда оқушыларға
үлгі болады, олар да соны «дәл солай» етіп істегісі келеді. Әрине, бұл жерде
өндірістік оқыту шеберінің кәсіби біліктілік деңгейі жөнінде айтып отырмыз,
практикада бұл жай кейде басқа да болады. Кейде бұл іс - әрекеттерді
көпшілікпен бірге мән бермей, қателіктер мен кемшіліктерге жол беруі мүмкін,
қайталана берсе кейін ол дағдыға айналып, жұмысты сапасыз атқару әдеті пайда
болады, бұл жас жұмыскерлердің қабілетіне, біліктілігінің қалыптасуына кері
әсерін тигізеді. Сондықтан, ұжымдық үйрету кезінде шебер қимылы дәл әрі
нақты, үлгі түрінде жасалынып, дұрыс қабылдануы тиіс. Алғашқы үлгі олардың
санасында дағдының іргетасы ретінде қаланып, көпке дейін есінде қалып қояды.
Бұл тек өолмен атқаратын жұмыстарға ғана емес, ол құрал – жабдықтармен,
машиналар мен аппараттар арқылы істелінетін жұмыстарға да тиесілі. Мына
төменде: Еңбек процесін көрсету плакатының жалпы сұлбасын беріп отырмыз.
Бұл жағдайда тыңдаушылардың назарын мына нәрселерге аударк керек:
1. Еңбек тәсілдерін бастау және аяқтау процестерін біртұтас етіп көрсету
қажет. Алдымен бөліктерді жайлап, сосын ара – жігін қосып, іс -әрекетті тұтастай
қимылға көшу арқылы ұғындырған абзал.
2. Педагогикалық қимылына тәсілмен жауап беру, оның қимыл элементтері
бөлшектеп, әрі тұтастай ұғынып алу, білік дағдыларын қалыптастыру үшін
маңызды мақсат болып табылады.
3. Әсіресе, оқушылар көп қателік жіберетін іс - әрекет түріне басты назар
аудару керек.
4. Жасаланатын бұйым немесе іс - әрекет, қимыл түрлері саналы болу үшін
жақсы көрініске ие болғаны жөн: көрсетілітін жер дұрыс таңдалып алынғаны
абзал, жарыс болуы керек, шебер мен оқушылардың ара қашықтығы анық
көрінетіндей жағдайда болғаны дұрыс.
5. Әрбір қимыл элементтерін көрсететін үлкен плакаттар, көрнекі құралдар,
немесе мультимедиялық жүйелер арнайы экранда көрсетілсе оның тиімділігі
анағұрлым артық еді.
6. Өндірістік оқыту шебері алдындағы жұмыс орнында атқарылатын іс -
әрекет операцияларының әрбір қимылына нұсқау картасы болуы қажет, әрбір
тәсілге арналған ұсыныс беріледі де қимыл - әрекет көрсетіледі. Сөз бен қимыл -
әрекетті есту әрі көру арқылы оқушыларда қабылдау, игерту әрекетін
жеңілдетеді.
7. Бұл әдісте шебердің қимыл- әрекеті мен оны сипаттап тұрған сөйлеу
процесі өзара үндесіп, біртұтас көрінуі үлкен маңызға ие. Әрине, мұнда
көпсөзділікке, артық қимылға әдеттенудің қажеті жоқ. Іс – қимыл нақты, оны
сөзбен сипаттау бір мезгілде кезек – кезегімен іске асуы қажет.
Еңбек қимылын
біртұтас,
қалыпты жұмыс
жағдайындағы
қимылмен
көрсету
Еңбек қимылын
өте баяу, тақтап,
әрбір кезеңге
сипаттама беріп,
іс - әрекеттерді
элементтерге
бөліп көрсету
Еңбек қимылын
біртұтас,
қалыпты жұмыс
жағдайындағы
қимылмен
көрсету
8. Сөз бен істің бірлігі оқушылардың тәсіл мәнін сапалы игеруіне, дұрыс
қабылдауына жағдай туғызады. Кейін олардың өзіне де шебердің осы істегенін
сөзбен қайталау арқылы көрсетіуі қажет. Бұл олардың өзін - өзі бақылауын,
қимылдың дұрыс бағытта жүргізілуіне септігін тигізеді.
Бірақ шебер жұмысшы, сөзі – оларға үлгі. Сондықтан, өндірістік оқыту
шеберлерінің әдістемелік қабілетін арттыруға, педагогикалық біліктілігін
көтеруге айрықша мән берілуі тиіс. Оны білім жетілдіру институттары, өндірістік
оқыту шеберлерінің арнайы семинарларында, педагогикалық үйірмелерде,
практикумдарда ұдайы жетілдіріліп, оқушылар арасында түрлі мамандықтар
бойышша байқаулар, жарыстар өткізу арқылы шеберлігін арттыруға болады.
Енді, өндірістік оқыту сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдар
түрлері, оларды тиімді пайдалану әдістері жайлы:
Көрнекі құралды көрсету қимыл – тәсілдермен үйлестіріліп, техникалық –
технологиялық, талаптар сақталуы қажет.
Жұмыс үлгілері, бұйымдар, құралдар, жабдықтар, аспаптар, бөлшектерді
арнайы стендке орнатқан жөн, ол салыстыру, талдау, түсіндіруде тиімді, егер ұсақ
үлгілері болса, әр оқушыға үлестіріп берген дұрыс.
Технологиялық процестерді түсіндіргенде өңдеу, жинау және бөлшектеу
жұмысында дайын өңделген, құрастырылған өнімдер үлгісін пайдалану
керек.Мұнда технологиялық бірізділік қатаң түрде сақталуы тиіс.
Көрнекі құрал ретінде көлемді қораптар, қозғалтқыштар (двигательдер),
агрегаттар, аспаптар мен құрылғыларды пайдаланған кезде, олардың сыртқы
қорғаныштары, қақпақтары ашылып, айшықты, түгел көрінуі тиіс.
Көрнекі құралдардың келесі түрі – экрандық (аудио, бейне) материалдарды
пайдалану тәсілдері. Өкінішке орай, алдыңғы айтқан көрнекі құрал түріне
қарағанда мұны пайдалану сирек. Өйткені, оқу фильмдері, диафильмдер, слайдтар
т.б. экрандық көрнекі құралдар орталықтандырылып шығарылып, пәнді
теориялық оқытуда көбірек қолданылады. Өндірістік оқытуда негізінен ертеректе
шығарылған фильмдер мен диафильмдер қолданылады (олар көбінесе слесарлық
жұмыстарды атқаруға, олардың операцияларының орындалу бірізділігін
көрсететін фильмдер). Бұл салада кейінгі кезде кең өріс алған бейнефильмдер мен
ақпараттық технология қызметін пайдалану мүмкіндіктері мол. Өндірістік оқыту
материалдарын игертуде пайдаланылатын әдістің бірі – оқушылардың өзіндік
бақылауы. Бұл әдіске жататындар - өндірістік экскурсия, практика өткізілетін цех,
учаскемен ондағы құрылғылар мен жабдықтармен таныстыру.
Оқушыларға алдын – ала бақылаудың мына тәсілдерін үйрету керек:
Бақылаудың мақсаты мен тәртібін хабарлау;
Негізгі нысанды ажырататын бақылау;
Бақылау біткен соң, нәтижесін білу үшін жауап беретін сұрақтарды беру;
Бақылау кезінде кездесетін қиыншылықтарды ескертіп, оны жою жолдары
туралы нұсқау беру;
Оларды ұдайы назарда ұстап, көмек беріп отыру;
Оқушылардың өзіндік бақылауының қорытындысын жүйелі шығару;
Өндірістік оқыту шебері нұсқауымен 2-3 оқушы іс – қимыл әрекеттерді
қайталап көрсетіп береді. Олар кәсіби қимылдық тірек элементтері болып, бірдей
немесе әртүрлі әрекеттер болуы да мүмкін.
Мысалы: Слесарь – жөндеуші мамандығы үшін бұл тегістеу тәсілдері,
қиғаштап аралау не кесу, жону жұмыстарының кезеңдерімен атқарылуы болып
табылады. Сондай – ақ әмбебап – жонғылағыш, бақылау - өлшеу аспаптарын
ретке келтіруші. Сәндік бұйымдар шебері (мастер декоративных изделии)
мамандақтары бойынша тиімді практикалық жұмыстың соңына таман бүкіл
оқушылар ұжымы, іс - әрекеттерді өз бетінше қайталап, тұтастай атқарады.
Оқытушы не өндірістік шебер бұл кезде бұрынғы жіберген кемшіліктерін
қайталау жағын ескетеді. Сонымен қорытып, өз пікірін білдіреді.
Жаттығу - өндірістік оқытудың негізгі әдісі оқулықтарда, әсіресе, практикалық
жұмыстар кезінде жаттығудың мәні, оның дидактикалық маңызы, басшылық ету,
өндіріс шеберінің алдындағы нұсқау беруі туралы т.б. мәселелер жеткілікті
айтылған. Практикалық курс бағдарламасы жаттығу әдісі арқылы материалды
игертуге бағытталуы тиіс. Оқулықтарға жазылған тәсілдерді іске асырып, оны
дағдыға айналдыру үшін шебер де, оқушы да ерінбей тер төгуі қажет, онсыз
кәсіпке машықтану – қиын іс. Өндірістік оқыту шебері өтілетін практикалық
жұмыстарды бөлімдерге бөліп алдын – ала мұқият өзі танысып алуы қажет. Әрбір
өтілген әрі алда өтілетін практикалық жұмыстар кезең – кезеңімен бір – бірімен
сабақтасып жатқаны жөн. Жаттығуды өтпес бұрын алдымен атқарылар іске
жалпы сипаттама беріп оған талдау жасалынады. Сосын қимыл - әрекеті бірнеше
рет қайталайды, мұнда сандық көрсеткіштер бірте – бірте сапалық көрсеткішке
ұласуы тиіс. Кейде, бұл әрекеттер біліктілік дағдыларын қалыптастыруға септігін
тигізуі де мүмкін. Өндірістік оқыту шебері бұл жағдайда әрбір қимылдарды, оның
кезеңдерін конспект етіп жаздырып мына талап – сипаттамаларға қысқаша түсінік
беруі тиіс:
1. Жаттығу – бұл тек қайталау ғана емес, сонымен бірге алға қарай жылжу.
әрбір жаттығу – кәсіп игеру машығы.
2. Әрбір жаттығудың өз алдына мақсаты болуы тиіс: нені оқу керек?, не істеу
керек?, қалай істеу керек?, нәтижесі қандай?т.б .Жаттығу мақсаты оқушыларға
саналы түрде түгел жеткізілуі тиіс, оны бес саусағындаq білуі керек.
3. Жаттығу шебердің басшылығымен жүгізіледі. Шебер мақсаты мен оқушы
мақсаты – бір. Жаттығу кезінде оқушы қызметіне түзету енгізу – оқу мақсатына
бағытталуы тиіс.
4. Оқушылар жаттығуды саналы түрде атқаруы тиіс, мұнда саннан сапаға
көшу ұстанымы негізгі бағытқа ие.
5. Жаттығудың тиімділігі, нәтижесі оқушы қызығушылығы мен ынта –
жігеріне де тікелей байланысты.
6. Жаттығу барысында оқушылар өз ісіне бақылау жасап, оның нәтижесін
білуі қажет. (қимылды бейнелі көрсету, эталон, жұмыстық сызбалар, техникалық
талаптар, тренажер белгілері, істеген өнім т. б.)
7. Іс - әрекетің, қимылдың әрбір кезеңінде оқушы қандай жетістіктерге
жететінін білуі керек, түпкі мақсат жолында әлі де не қажет екенін бағдарлай
алуы қажет. Оны мына сызба арқылы байқауға болады.
Жаттығуларды жіктеу. Оны екі жақтан қарастыру керек:
1. Дидактикалық мақсаттылығы;
2. Жаттығу мазмұны;
Жаттығуларды мазмұнына қарай жіктеу өндірістік оқыту кезеңдеріне сай
келеді. Мына төмендегі кесте бойынша (үлгі) жаттығуларды түрлі санаттарына
қарай жіктеу соңғы уақытта кәсіптік білім беру саласында жиі қолданылып жүр.
Кесте 3 Жаттығулардың жіктелуі
Жаттығу
түрі
Негізі
Мақсаты
Ерекшелік
белгілері
Жұмыс
тәсілдерін
орындауы
Оқушылардың
теориялық білімдері,
өндірістік
оқу
шеберінің түсіндіруі
мен көрсетуі;нұсқау
картасындағы
тәсілдерді
орындау
операцияларына
сипаттама;
көрнекі
құралдар
арқылы
тәсілдерді бейнелеу.
Оқушылардың алғашқы
істе икемділігін дұрыс
қалыптастыруға үйрету,
нұсқау
картасындағы
сипаттама мен шебердің
көрсеткеніне сай болуы
керек.
Өндірістік оқытудың барлық
кезеңдеріне
тән
сипаттамалар:ережеге
сай
өте қысқа мерзімде оқыту,
кейін қйын тәсілдерді қайта
жұмыспен
өтуі
үшін
ұйымдастырылады,
кейбір
қиын бөліктеріне жаттығуға
дайындық
жұмыстарын
кіргізеді,
жеңілдетілген
жағдайда
жаттығулар
жасатады,
тренажерлік
құрылғылар арқылы кері
байланыс
процесін
іске
асырады. Түпкі нәтижеге
біртіндеп жету, дұрыс іс -
әрекет, дәлдік – қарқынын
жылдамдық.
Жұмыс
операциял
арын
Оқушылардың
теориялық білімдері:
жұмыс
операцияларына
Оқушыларды жұмыстың
тәсілдерін дұрыс әрі
сапалы
орындауға
икемділігін
Өз
бетінше
жұмысты
атқаруға
қол
жеткізу.
Жұмыстың
тұтастығын
қамтамасыз ететін арнайы
атқаруы
кіретін
кейбір
бөліктерін
алдымен
жеке атқару еңбек
операцияларын
нұсқауға сай жазбаша
сипаттау; құжаттама
жасау
көрнекі
құралдар
арқылы
операцияларды
орындау.
қалыптастыру.
Шебер
көрсеткен үлгі де нұсқау
құжатын
толтыру
оқушылардың
арнайы
білімдерін
кеңейтіп
дамыту.
жаттығулар жасау.
Еңбек
процестері
н орындау
Оқушылардың
теориялық
білімі
еңбек операцияларын
қалыптастыру
икемділігі,
еңбек
процесінің бірізділігін
шебердің көрсетуі мен
түсіндіруі
еңбек
процестерін оқу –
техникалық
құжаттама
ретінде,
сипаттама
жазу.
Шебер көмегімен я
өзінше творчествалық
еңбектері арқылы.
Оқушылардың
икемділігін бекіту және
дамыту,
кәсіп
иесі
ретінде
жұмысты
атқаруға қол жеткізу.
Басқа
жұмыстармен
кешенді түрде ұластыру.
Арнайы
білімін
өз
бетінше
өндіріске
творчествалықпен
жолдама білу.
Оқушыларға бұрын таныс
емес
жаңа
жұмыс
операцияларын
орындауға
игерту,
жеке
бөліктерін,
операцияларды
автоматты
түрде атқара білу, еңбек
өнімділігін,
жұмыс
қарқынын арттыруды ұдайы
басты назарда ұстау, еңбек
процестерін
жоспарлап,
атқаруды енді шебер көмегі
емес
өздігінше
орындау
мүмкіндігіне қол жеткізу,
күрделі оқу – техникалық
және нұсқаулық құжаттарды
өз бетінше әзірлеу,
Технологи
ялық
процестерд
і басқару
Оқушылардың
теориялық білімдері,
оқу және өндірістік
нұсқау мен
алгоритмдер, білікті
жұмысшылардың
қызметіне талдау
жасау, шебердің
нұсқауы, көрсетуі
және түсіндіруі.
Технологиялық
процестерді өндірістік
жағдайда реттей білу,
аспаптар мен
қондырғылар негізінде
арнайы тапсырмалар
орындау.
Еңбекке творчествалық
көзқарасты қалыптастыру,
алдыңғы қатарлы білікті
жұмысшылармен өндіріс
тапсырмаларымен бірге
еңбек ету, бұл
технологиялық құрал –
жабдықтар, аппаратураларға
қызмет көрсетушілерге тән
төтенше және қауіпті
жағдаяттарда шешім таба
білу, рөлді, жағдаятты
ойындар, тренингтер, білікті
жұмысшыларға жекелеп
бекітіп беру. Еңбекті ғылыми
ұйымдастыру туралы
қорытынды пікірлерін білу.
Өндірістік оқыту барысында жаттығуларды осылай жіктеу арқылы бұл
процестің бірізділіктен, біртұтас және сабақта жүретін еңбек процесі екендігін
байқауға болады. Неғұрлым оқушылар көбірек жаттығып, машықтана бастаған
сайын олардың бойында білім, білік және дағдылық әрекеттері қалыптасып,
байыту мақсат кәсіп шеберлігіне деген негіз қалана бастайды. Демек, жоғарыда
айтып
кеткен
жаттығу
-
өндірістік
оқытуда
«кәсіптік
біліктілікті
қалыптастыратын, ірге тасын қалайтын негізгі әдіс» атты дидактикалық қағида
дұрыс.
Шынында, кәсіп шеберлігінің негізін игеру үшін біртіндеп қарапайымнан
күрделіге, оңайдан қиынға кезең – кезеңімен жаңа оқу - өндірістік міндеттерді
игеру, оған машықтану, жаңа биіктерге көтерілу жаттығудың басты белгілері.
Әрбір жаттығудан соң белгілі бір дәрежеде өндірістік тәжірибе жинақталып,
жетілдіріледі. Өндірістік оқыту процесі кезінде басты тірек болып тұрған, күрделі
мақсаттарға жетуде және тұлғаның бойындағы еркешелікті көрсетіп тұратын – ол
өндірістік өзіндік еркіндік, қандай жұмысты өз бетінше атқарушылық, одан
туындайтын басты нәтиже – кәсіби шеберлік. Ол шексіз, оның деңгейі де,
мүмкіндігі де жеке тұлғаның танымдық қасиеті мен творчествалық қабілетінің,
ізденісінің жемісі. Өндірістік оқыту барысында тыңдаушыларға «жаттығу» және
«өз бетінше орындау» деген ұғымды жиі қайталап, айту қажет, мұны ажырата
білуді үйрету қажет. Өндірістік оқыту мазмұнын, оның орындалу кезеңдерін
әбден машықтанып, шебер білікті жұмысшы арқылы игеріп алған соң, оны өз
бетінше орындауға дағдылана бастаған дұрыс. Демек, бұл екеуі тізбектелген
біртұтас құбылыс.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын
ұйымдастырудың негізгі формалары
2. Сабақ – оқушылар еңбегін ұйымдастырудың негізгі формасы.
3. Оқу және өндірістік жаттығулар арасында өзара қандай байланыс бар?
4. Оқу жаттығуларының мақсаттарын сипатта?
5. Жаттығулар жүйесінің негізгі талаптарына сипаттама бер?
Тест-тренинг
1. Кәсіптік мектептегі оқытудың негізгі формасы:
A) жеке, жеке-топпен;
B) жеке-топпен, жеке, ұжыммен, сынып және сыныптан тыс;
C) ұжымдық және жеке-дара;
D) сыныптан тыс, жеке,ұжымдық;
E) мектеп және мектеп ішілік
2. Кәсіптік мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары.
A) қазіргі өтілетін сабақтың түрлері;
B) әр түрлі көп бейнелі оқытудың дәстүрлі түрлерін қолдану;
C) әр түрлі аудиториялық оқытудың түрлері;.
D) аудиториядан тыс оқытудың түрлері және сабақ типі;
E) қалай оқытамыз деген сұраққа жауап беретін дидактиканың;
3. Кәсіптік мектепте кәсіби және жалпы білім беру келесі ?атынастарды ?ұрайды?
A) 1:1;
B) 1.5:1;
C) 2:1;
D) 2,5;
E) 3:1.
4. Кәсіптік мектептерде оқыту, тәрбиелеу, дамудың біртұтастығын біріктіруін
қамтамасыз ету:
A) арнайы пәндердің негіздерін оқып үйрену;
B) жалпы білім беру пәндерін оқып үйрену;
C) өнімді еңбекпен қатар қоғамдық-саяси пәндерді оқып-үйрену;
D) барлық сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;
E) жалпы және арнайы пәндердің негіздерін оқып үйрену, өнімді еңбекпен қатар
қоғамдық-саяси пәндерді және барлық сыныптан тыс жұмыстар жүйесін оқып-
үйрену.
5. Сабақ дегеніміз:
A) оқушылар мен оқытушылар бірігіп істейтін жұмыстың түрі;
B) өзгеріссіз құрамды оқу тобына оқытушымен жүргізілетін, белгілі бір уақытпен
шектелген оқу процесінің бөлімі;
C) оқытушылар мен оқушылардың бір-бірімен тәрбие жұмыстары;
D) бірнеше дидактикалық мақсаттардың орындалуын талап етеді;
E) үй тапсырмасын тексеру, оқушылардың білімдерін естеріне түсіру.
5 КӘСІПТІК ОҚЫТУ САБАҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
5.1 Сабақтың мақсаттары мен дидактикалық талаптары
Пәнді, бөлімді, берілген сабақ тақырыбын оқыту барысында білім беру,
тәрбиелеу және дамыту мақсаттарымен толық таныстыру; тақырыпты
қарастыруда жас ерекшелігін, оқушының психологиялық және басқа да
ерекшеліктерін ескере отырып, тақырып мақсаттарын нақтылау өте маңызды. Кез
келген сабақ үштік мақсатқа: оқыту, тәрбиелеу, дамыту негізделген.
Оқыту мақсаттарының құрамына:
...жайлы түсініктің болуы
... таныстыру
...оқу
... қарым-қатынастарын көру
... меңгерілуін қамтамасыз ету
... қалыптастыру
... қайталау
Төмендегі ғылыми білімдерді жалпылау....
Объектерді, түсініктерді, терминдерді, даталарды, фактілерді, есепті шығару
тәсілдерін, схемаларды, құрылымын....білуі керек
.... ақаулығын анықтай алу
.... объектерді таңдай алу, ерекшелей алу, іріктей алу
.... есептей алу, анықтай алу, таба білу, параметрлерді бағалай білу,
сипаттамалар, шамалар, амалдар, алгоритмдер, заңдарды білу
.....жалпыеңбектік білімдер мен іскерліктерді бекіту
.... берілген немесе анықталған критерийлер бойнша алынған нәтижелерді
жалпылау, түсіндіру кіреді.
Тәрбиелік мақсаттар құрамына:
Еңбекке тәрбиелеу – табандылықты жетілдіру, тапсырылған істі жедел, әрі
сапалы орындауға тырысу, тәртіпті, жауапкершілікті, шеберлікті силауды,
саналылықты, сыпайылықты ыждаһаттылықты қалыптастыру.
Кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу – оқушыларды таңдап алған мамандыққа
еркін, саналы түрде, өз бетінше келуіне әзірлеу, еңбекке психологиялық тұрғыдан
дайын болуын жетілдіру, мамандыққа деген мақтаныш сезімін қлыптастыру.
Эстетикалық тәрбие – өндірістік эстетика жайлы білімдерін қалыптастыру,
эстетикалық тартымдылықты қалыптастырушы білім мен іскерлікті жетілдіру,
эстетикалық зерде мен талғамды дамыту.
Құлықтылық тәрбие – адалдық, шынайылық, сезімталдық, қайырымдылық,
өз істеріне деген жауапкершілік, басқа адамдардың құқығы мен еркіндігіне деген
силастық, жақсылық пен жамандық, әділдік, абырой, арөнамыс түсініктерін
қалыптастыру,....
Дене тәрбиесі – күш, ептілік, батылдық, табандылық секілді қасиеттерді
дамыту, спортпен айналысу әдетін қалыптастыру.
Санитарлық-гигиеналақ тәрбие – кәсіптік іс-әрекетте гигиеналық іскерлік
пен дағдыны қалыптастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету, жұмыстың
қауіпсіз шарттарын үйрету,...
Валеологиялық тәрбие – слауатты өмір салтының қажетті пайымдары,
түсініктері мен тұжырымдарын қалыптастыру, гигиеналық, физиологиялық,
экологиялық және медициналық білімдерді меңгеру.
Дамытушы мақсаттар құрамына:
Көркемдеу шеберлігін қалыптастыру....
Сипаттау....
Елестету....
Жоспарлау....
Топтай білу....
Жүйелей білу....
Сұрақтар қою шеберлігін дамыту....
Есептер, олардың жауаптарын құрастыру шеберлігін дамыту....
Бақылау....
Өзгерту....
Толықтыру....
Проблемалық ситуацияларды шешу....
Болжау....
Модельдеу....
Қорытынды жасау....
Жалпылау....
Алынған білімді практикада қолдана білу....
Өзін-өзі бақылау шарттарын дамыту.... кіреді.
5.2 Сабақ түрлері
Сабақ түрлері мен оның құрылымы:
Сабақтың мынадай негізгі түрлерін атауға болады:
1)
Кіріспе
2)
Жаңа білімді хабарлау сабағы
3)
Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағы
4)
Жаттығу және практикалық сабақтар
5)
Лабораториялық сабақ
6)
Қайталау-қорыту сабағы
7)
Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын
тексеру және бағалау сабағы
8)
Аралас сабақ
Сабақтың дәстүрлі түрлерімен қатар лекция сабағы, семинар сабағы,
конференция сабағы, пікірталас сабағы, зачеттық сабақтар т.б. түрлері бар.
Мұғалімдердің ізденістерінің нәтижесінде мектеп тәжірибесінен де орын
алып отыр.
Сабақтар құрылымы жағынан да әртүрлі болып келеді.
Мәселен, жаңа білімді қабылдау сабағын жоспарлағанда мынандай
құрылымды белгілеуге болады:
1/ үй тапсырмасын тексеру, оқушылардың тірек білімдерін естеріне
түсіру, жаңғырту;
2/ жаңа тақырыпты оның мақсатын, сабақтың міндеттерін хабарлау
және оқушылардың оқу әрекетіне ынтасын, ықыласын туғызу;
3/ оқушылардың жаңа білімді алғашқы түсінуін, оқу материалының
өзара байланысына зер салуын, ойлануын ұйымдастыру;
4/ қабылданған білімді жинақтау, бір жүйеге келтіру;
5/ сабақтың қорытындысын шығару, үй тапсырмаларын хабарлау.
Іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы көбіне
мына төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
а/ үй тапсырмасын, оқушылардың тірек білімдерін, практикалық
тәжірибелерін тексеру;
ә/ оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын бекіту сабағының
құрамына проблемалық әртүрлі есептер шығару, графикалық жұмыстар
(кесте, диаграмма, әртүрлі сызулар), тағы басқа жаттығулар және модельдер,
макеттер жасау;
б/ білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға арналған жоғарыдағы
аталған алғашқы бекіту жаттығулардан мұғалім біртіндеп оқушылардың
шығармашылық іс-әрекеттерге көшуін сабақтар жүйесінде жоспарлайды;
в/ оқушылардың іскерліктері мен дағдылары, шығармашылық
жұмыстары соңғы жылдары мектеп тәжірибесінде орын алған әртүрлі
әдістермен (зачет, байқау, сайыс, жазба жұмыстар, рефераттар) есепке
алынады, тексеріледі. Сонымен қатар, әр баланың өз жұмысына өзі бақылау
жасауы, баға беруі, оқушы-консультант, оқушы-ассистент, оқушы-
лаборанттар арқылы оқушылардың бірін-бірі немесе топ бойынша әртүрлі
байқау, тексеру жолдары ұйымдастырылады (аннотация жазу, пікір айту,
пікірталас туғызу, баға қою, ұсыныс жасау т.т.);
г/ сабаққа қорытынды жасау, оқушылардың жеке қабілеттерінің
дамуына әртүрлі шығармашылық ізденістеріне бағыт беру, өздігінен білім
алу жолдарын көрсету.
Сабақтың басқа түрлерінің де құрылымына жоғарыда көрсетілгендей
оқытудың заңдылықтары мен принциптерінің незізінде методикалық
жағынан тиімділігі қарастырылады.
Соңғы жылдарда тәжірибелі мұғалімдер семинар сабақ түрін өз
пәндеріне кеңінен өткізіп жүр. Сабақты ұйымдастырудың семинар түрі
көбінесе оқылған лекция тақырыбы немесе курстың тараулары бойынша
талдау үшін алдын ала белгіленген сұрақтарды тағайындауды көздейді.
Сабақтың бұл түрін оқушыға оқылатын материалдарға саналы түрде
қарауды, өз ойын өрбітіп, дәлелдеп айтуды үйретеді. Семинар сабақтары
көптеген жағдайларда мәселені қызу, тікелей талқылағанда оқушылардың
ойлануы мен шешімділігін дамытатын айтыс пен пікірталасқа ұласады.
Семинарды талқылау үшін белгілі бір тақырыптың анағұрлым маңызды
мәселесі немесе бірнеше тақырыпты қамтитын мәселелер алынады.
Дайындау барысында оқушылар жеке мәселелер бойынша хабарламалар
әзірлеуі, оған қажетті әртүрлі материалдар жинап бақылау жүргізуі, белгілі
нақтылы материалдарды жинауы, қосымша әдебиет оқуы, құжаттармен
танысулары мүмкін.
Семинар сабағын жеке оқушылар күні бұрын дайындаған баяндамалар
мен хабарламаларын жасағанда өзгелері бұларды толықтырып, сұрақтар
қойып, айтысқа қатысатындай етіп құруға болады. Семинарлардың ең
маңыздысы – оқушылар жасайтын негізгі баяндамалардың мамұны мен
формасы, мұғалімнің бағыт берудегі ролі, оның айтыс пен талқылауды
ұйымдастыра білу қабілеті болып табылады.
Семинар сабақ – оқушыларды шығармашылық ойлауға, өз мүмкіндігі
мен бейімділігін тануға, танытуға, ең негізгісі – белгілі бір сұрақ төңірегінде
ізденіп, өз бетінше білім алуға жетелейтін сабақ. Бұл – шығармашылық
еңбектің ең алғашқы, негізгі баспалдағы, әрі бұл сабақтар оқушылардың
басым көпшілігінің сөйлеуіне, яғни оқушылардың не сабақта жауап беріп, не
жолдасын толықтырып, не келіспейтін пікірін айту, немесе жауап берген
оқушының дайындығын бағалау арқылы сабаққа қатысуына жағдай
туғызады. Осылай өткізілген семинар сабақтары оқушылардың ойланғыштық
қызметін жандандырудың көңіл аударарлық формасы болып табылады,
олардың білім алудың түрлі құралдарымен өздігінше жұыс істеу
құштарлығын тудырады.
Семинар дұрыс өткізілмесе ол әдеттегі ауызша сұрау сабағына айналады.
Сонымен, бүгінгі мектепке қойылып отырған талап осындай семинар
сабақтарының болуын қажет етеді. Себебі семинар сабақтарының оқушының өзін
іздендіруге, оларды дербес ойлауға, оқу еңбегін шығармашылық дәрежеге
жақындатуға мүмкіндіктері өте мол.
Лекция сабағы оқыту процесінің ең бір күрделі түрі. Негізінен ол жоғарғы
кластарда өткізіледі.
Мектеп лекциясының әңгімелеу мен түсіндіруден айырмашылығы сол, ол
айтып түсіндірудің аумайтын дәлдігімен сипатталады. Мектеп лекциялары, әдетте
оқу программасының үлкенді-кішілі және принципті маңызды мәселелері
бойынша оқылады. Лекцияның мақсаты оқушылардың басқа білім көздеріне
мәліметтер мен деректерді қорытындылау т.б.
Лекцияны тыңдау әңгімені тыңдаудан қиынырақ, өйткені ол оқушының
ырықты зейінін күшті аударуды талап етеді. Материалды проблемалық жолмен
баяндау және оның жоспарын хабарлаушы оны қабылдауды жеңілдетеді. Алайда,
кейбір шолу лекциялары емтихан алдында материалды қайталау қажеттілігімен
байланысты 8-9 кластарда да оқылуы мүмкін.
Мектеп лекциясының ЖОО оқылатын лекцияларға қарағанда өзіндік
ерекшелігі бар. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі ескеріледі, оқу
материалдары өте күрделі, логикалық байланысы басым, оқулықтарда толық
қамтылмаған және жаңа деректер, мәліметтермен байланысты болған жағдайда
мектепте лекция сабағы өткізіледі. Мұғалім лекция-сабақты өткізуді методикалық
тұрғыдан алдын ала ойластыруы керек.
Мұғалімдер алғашқы лекция-сабақтарда оқушыларға сабақтың мұндай түрі
кездейсоқ таңдалмағанын, ал оқушыларды материалды таңдай білуге, баяндалған
информацияны қабылдауға талдап жинақтауға, лекцияның маңызды тұстарын
бөліп көрсетуге, қысқаша тұжырымдар жазып конспектілеуге үйрететінін
ұғындырады.
Мектептегі лекция өзінің дидактикалық мақсатына қарай үшке бөлінеді:
Кіріспе лекция
Жаңа материалды түсіндіруге арналған лекция
Өтілген материалға қорытынды жасауға арналған лекция. Олардың
ұзақтығы 30-35 минуттан аспау керек.
Көптеген мұғалімдердің педагогикалық озық тәжірибелері оқу-тәрбие
жұмысын жаңа сапалық сатыға көтеруге, әрбір сабақтың білімділігін, тәрбиелік
дамытушылық міндеттерін тиімді шешуге әртүрлі мүмкіндіктер мол екендігін
көрсетеді.
Осындай мүмкіндіктердің бірі – конференция сабағы. Бұл сабақ әртүрлі
методикалық амалдарды үйлесімді пайдалану нәтижесінде оқушының таным
белсенділігін туғызуға, мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас
орнатуға және шәкірттердің дербестігін дамытуға ықпал жасайды.
Конференция сабағы мұғалімдер тәжірибесінде біртіндеп орын алып келеді.
Конференция түріндегі сабақты төменгі кластарда көбінесе тараулар
бойынша, ал жоғары кластарда жеке тақырыптар бойынша құрған дұрыс. Сабақты
өткізудің мұндай әдісіне алдын ала әзірленген жөн. Ол үшін класс екі топқа
бөлінеді. Бірінші топ сұрақ берушілер, «тілшілер» қызметін атқарады, ал екінші
топ жауап берушілер, түрлі саладағы «мамандар» тобын құрайды.
Конференция-сабақты өтерден 3-4 күн бұрын кабинетте арнайы «пошта
жәшігі» ілінуі тиіс. Оған оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды тастап,
жауап күтеді. Ал сабақ процесіне қатысты негізгі сұрақтар алдын ала беріліп,
оларға оқушы-мамандар тарапынан жауаптар әзірленеді. Бұл жұмысқа басшылық
жасауды, оған көмектесуді мұғалім өз міндетіне алады.
Конференция пайдалы, әсерлі болуы қойылатын сұрақтардың сапасы мен
мәнділігіне байланысты. Сондықтан да «тілшілерге» әзірленген сұрақтарының
мәнді болуы талап етіледі және осы сұрақтарының қызықтылығына, ізденісті
тудыратын мәнділігіне байланысты сол оқушыларға баға қойылады.
Конференция-сабағы өтілер алдында класс тақтасы алдын-ала қатар-қатар
столдар қойылып, оған «мамандар» орналыстырылады. Отырған орындарында
шағын кестеде олардың мамандық қызметі жазылады.
Практикум — қандай да бір қондырғының құрылысын, жұмыс істеу
принципін, жөндеу және реттеудің практика жағынан оқып білу мақсатында
қолданылатын оқу процесін ұйымдастырудың бір формасы.
Практикумды өткізудің типтік план-схемасы.
Оқытушы машина, механизм, прибор, агрегат немесе басқа да
қарастырылатын қондырғының құрылысы жайлы негізгі мәліметтерді түсіндіреді.
Қорытынды әңгіме жүргізу мақсатында сұрақтарды тізу - 8... 10 мин.
Оқушылардың өз бетінше практикалық жұмысы (қондырғыны бұзу, қайта
жинау, кемшіліктер диагностикасы, жөндеу, реттеу) - 50...60 мин.
Өткізілген практикум бойынша әңгіме өткізу, оқытушының қорытындыны
жариялауы, оқу бригадаларының жұмысын бағалау— 20 мин.
Оқушылардың практикумның негізгі нәтижелерін конспектілеуі - 8... 10 мин.
Сабақтың келесі түрі ойындар – семинар сабақтарында қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |