Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік техникалық



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата01.04.2020
өлшемі1,2 Mb.
#61347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Кәсіптік оқыту әдістемесі дәрістер курсы,бакылау тестері, сұрақтар (1)


Өзін өзі бақылау сұрақтары 
1.  Оқу технологиясы деген не?  
2.  «Оқу  әдістемесі»  және  «оқу  технологиясы»  түсініктерінің  айырмашылығы 
неде?  
3. Модульді оқу технологиясының мәні мен сипаты қандай?  
4. Проблемді оқу технологиясының мағынасын ашып беріңіз.  
5. Оқудың қандай авторлық технологияларын білесіз?  
6.  Қазіргі  инновациялық  окыту  технологияларының  мақсаттары,  міндеттер 
және ұғымы. 
7.  Сабақты  инновациялык  окыту  технологиялары  пайдалану  арқылы 
ұйымдастыру. 
Тест-тренинг 
 
1. Оқыту технологиясы мен дидактикалық міндеттерді  
құрайтын педагогикалық  жүйе құрылымы элементтерін атаңыз. 
A) дидактикалық  процестер, ұйымдастыру түрі; 
B) оқушылар, мемлекеттік тапсырыс; 
C) оқу  және тәрбие мазмұны; 
D) мұғалімдер, дидактикалық процестер; 
E) оқушылар, оқыту және тәрбие мақсаты мен мазмұны. 
2. Педагогикалық  жүйедегі  оқыту технологиясына  

жататын элементтерді  атаңыз. 
A) дидактикалық  процестер, оқытушылар; 
B) оқушылар, оқыту және тәрбиелеу мақсаттары, 
 оқыту және тәрбиелеу мазмұны.; 
C) қоғамдық -мемлекеттік тапсырысушылар; 
D) политехникалық  білім,  оқушылар;   
E) өндірістік оқыту,  оқушылар. 
3. Сабағын өткізу  үшін арнайы жабдықталған бөлмені атаңыз 
A) оқу зертханасы
B) оқу кабинеті;  
C) препарат сақтайтын бөлме; 
D) шеберхана; 
E) полигон. 
4. Оқыту әдістемесі дегеніміз? 
A) оқытушының  іс-әрекеттері  процесіндегі  
нақты оқыту әдісі; 
B) оқытушы мен  оқушы арасындағы  білім беру,  
тәрбиелеу іс-әрекетінің тәсілі; 
C) нақты пәндерді  оқып үйрену процесінде басқа   
пәндерді  меңгеру; 
D) бағдарлама материалдарын оқып -үйрену әдістемесі; 
E) жеке дидактика, нақты оқу  оқып-үйрену процесінде  
оқушыға тәрбиені, оқыту құралын, әдістері мен  
формаларын,  оқыту зандылықтарын үйретеді. 
5. Жұмыс принципі мен құрылысын оқып-үйрену, құрылысымен танысу,   білімді 
беру,  сабақ  міндеттерінің қайсысына жатады? 
A) дамыту; 

B) тәрбиелеу; 
C) бақылау; 
D) оқытуға; 
E) мотивация. 
 
 
 
 
 
8 ОҚУ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ КӘСІПТІК ОҚЫТУ 
МҰҒАЛІМІНІҢ САБАҚҚА ДАЙЫНДЫҒЫ 
8.1 Кәсіптік оқыту мұғалімінің сабаққа жайындығы 
Болашақ  оқу  үдерісін  жоспарлауда  оқытушыда  оқыту  және  тәрбиелеу 
бойынша  терең  білімі,  практикалық  жұмыстың  жеке  тәжірибесі  болуы  керек, 
себебі кәсіптік білім мен дағдыны қалыптастыру үдерісі оқушылардың теориялық 
білімдері негізінде практикалық мәселелерді шешуде тиімді шешімдерді іздестіру 
жолымен  өтуі  тиіс.    Педагогтың  жалпы  дайындығы  сабақты  сапалы  өткізу  үшін 
жеткіліксіз,  сондықтан  оқу  жылы  бойы  тұрақты  және  жүйелі  түрде  дайындық 
қажет. Сабаққа тек жас мұғалімдер ғана емес, осы бөлім, осы тақырып бойынша 
бірнеше рет сабақ сабақ өткізген тәжірибелі оқытушылар да дайындалады. Әрбір 
жаңа сабақ, дәл сол тақырыпты қайталаса да алдыңғы өткен сабаққа ұқсамайды. 
Бұл өзгешеліктер оқушылар құрамы мен олардың дайындық дәрежесіне, сабақтың 
материалдық қамсыздануына байланысты. 
Оқытушының  кәсіптік  мектепте  сабаққа  дайындығын  бірнеше  кезеңге 
бөлуге  болады:  сабақ  жүйесін  жоспарлаумен  аяқталатынперспективалық 
дайындық және тікелей осы сабаққа дайындық.  
Осы аталған кезеңдер мазмұнын  қарастырайық. 
Педагогтың    сабаққа  перспективалық  дайындығыалдын-ала  орындалатын 
үш  түрлі  жұмыстан  тұрады,  басқаша  айтқанда  оқытушы  сабақ  жүргізудің 
стратегиясын  жасайды.  Ол оқытушының оқу  жылына дайындығынан  басталады. 
Ең  алдымен,  оқытушы  оқу  үдерісін  ұйымдастыруға  байланысты  нормативтік 
құжаттармен, мамандықтың біліктілік сипатымен, өз пәнінің оқу жоспарымен, оқу 
бағдарламасымен, өндірістік оқыту бағдарламасымен, басқа да оқу жоспарындағы 
ұқсас пәндермен танысады.  
Әріптестерімен бірге педагог пән аралық байланыс жолдары мен тәсілдерін 
белгілейді,  оқыту  реті  мен  мазмұнына  қажетті  өзгерістер  енгізеді.  Әдетте  бұл 

кәсіптік мектепте жоспарланған әдістемелік семинарларда, циклдық секцияларда 
жасалады.  
Сонымен  қатар,  оқытушы  жаңа  оқу-әдістемелік  материалдармен,  соңғы 
журналдар  мен  жинақтарда  жарық  көрген  басылымдармен  танысады, 
әріптестердің 
жұмыс 
тәжірибелері 
берілетін, 
жаңа 
білім 
беру 
технологияларыкелтірілетін  Интернет  жүйесіндегі  сайттары  мен  оқу  порталын 
қарайды.   
Оқытушылар оқу үдерісінің оқу-материалдық базасын жақсартуға көп көңіл 
бөледі.  Оқытушылар  оқу  материалын  беруге  қандай  көрнекі  құралдар, 
техникалық құрылғылар және басқа да оқу қондырғылары қажеттігін анықтайды, 
жеткіліксіз  құралдарды  дайындайды,  қондырғылар  алуға  сұраныс  жасайды,  оны 
ретке келтіруге қатысады.  
Сабаққа  алдын-ала  даярлану  кезеңі  күнтізбелік  немесе  перспективті-
тақырыптық жоспар жасаумен аяқталады.  
Бағдарламамен, ғылыми және әдістемелік әдебиетпен танысқанда оқытушы 
әр  тақырыпты  қарастырудағы  қандай  негізгі  идеялар  ашылуы  керектігін 
анықтайды,  оқушылар  қабылдайтын  теориялық  материал  мен  практикалық 
іскерлікті  анықтайды,  жалпы  білім  беретін  пәндер  –  физика,  химия,  математика 
және  т.б.,  жалпытехникалық  пәндер  -  техникалық  механика,  стандарттау, 
конструкциондық  материалдар  технологиясы,  сызу  және  кәсіптік  мектепте 
алынатын  мамандығына  тікелей  байланысты  арнайы  пәндер  арасындағы  пән 
аралық байланысты жүзеге асыруды қарастырады.  
Кәсіптік  оқыту  оқытушысы  тақырыпты  оқуға  кететін  уақытты  ескере 
отырып,  материалды  сабақтарға  бөледі,  әр  сабақтың  сабақтардың  жалпы 
жүйесіндегі  орны  мен  мәнін  анықтайды.  Сабақ  барысында  тақырып  мазмұны 
қалайша  дамытылатынын  ойластырады.  Осының  арқасында  оқушылардың  білім 
алу,  дағды  мен  іскерлік  қалыптастыруының  реті  орнатылады,адамгершілік  және 
жігерлілік қасиеттері шыңдалады. 
Сонымен қатар, оқытушы осы мамандық бойынша оқылатын басқа пәндер 
оқу  бағдарламаларымен  танысады,  өз  пәні  мен  басқа  пәндер  арасындағы 
байланысты  анықтайды,  болашақ  маманға  кәсіптік  білім  мен  дағды 
қалыптастыруға ықпал ететін материалды анықтайды.   
8.2 Оқу жұмысын жоспарлау 
 Перспективті  –  тақырыптық  жоспар  оқу  жылының  алдында  жасалып,  оқу 
орны  директоры  бекітеді.  Жоспарлаудың  негізі  сабақтар  жүйесін  тақырып 
бойынша құру. Әр сабақтың оқу материалы оқушылардың алдыңғы сабақта алған 
білімі  мен  шеберліктеріне  негізделетіндіктен,  пән  бағдарламасының  мазмұнын 
қатаң логикалық тәртіппен ашуға мүмкіндік береді.   

Сабақтар жүйесін жоспарлай отырып, оқытушы сабақтар мазмұнына сәйкес 
тақырып материалын бөліп, оларды оқыту тәртібіне сәйкес орналастырады. Сабақ 
тақырыбына  сай  материалды  бөлу  төмендегі  тәртіптерге  сай  жүргізіледі:  әр 
сабақта қарастырылатын жаңа материал тереңірек оқылатын түйінді мәселелердің 
бірнешеуінен тұруы шарт; мазмұны бойынша сабақ материалы аяқталған сипатта 
болуыкерек;  тақырып  материалын  сабақтарға  бөлуде  оның  негізгі  дидактикалық 
мақсатын және оны оқытудың ұйымдастырылуы мен әдістемесін айқындау қажет; 
сабақ бойынша оқу материалының орналасу реті пән логикасына сай болуы керек, 
ішкі  өзара  байланысты  қамтамасыз  етуі  керек  және  оқу  мәселелерінің  біртіндеп 
күрделене түсуі шарт; сабаққа жоспарланатын материал көлемін анықтауда, оны 
оқу мүмкіндігін ескеру керек, сабаққа бөлінген уақыт көлемінде білім, шеберлік 
және дағды бекітілу мәселесі ескерілуі тиіс.  
Тақырып  бойынша  сабақ  жүйесін  жоспарлауда  материал  мазмұнына 
сәйкестеориялық оқыту сабақтарына қажетті уақытты ескеру керек - 90 мин. Және 
өндірістік  оқыту  сабақтары–  270мин.  Сабақта  жаңа  материалды  оқытуды  тарата 
отырып  оқытушы  бекіту  және  алынған  білімді  практикада  қолдана  алу 
сабақтарын,  қайталау  сабақтарын,  бақылау  және  зертханалық-практикалық 
сабақтарды, экскурсия және т.б. ойластырып, оларды қосады.  
Осылайша, тақырыпты толық оқу бойынша оқу үдерісі құрылымы мен реті 
анықталады.  Перспективті  –тақырыптық  жоспарда  тақырып  бойынша  сабақ 
нөмірі,  оларды  өткізуге  қажетті  сағат  саны,  сабақтар  тақырыбы  мен  олардың 
қысқаша мазмұны, сол секілді әр сабақтың мақсаты келтіріледі. Сабақтар нөмірі 
оқытушыға  оларды  өз  кезегінде  орындауға,  бағдарламаның  сағат  бойынша 
орындалуына мүмкіндік береді.    
Сабақ  тақырыбы  —  бұл  басты  ой  (оқушылар  оқуға  тиісті),  мазмұны  — 
негізгі  сұрақтар,  олар  оқу  материалының,  жоспарланатын  сабақтың  мағынасын 
білдіреді.  Тақырыпқа  перспективті  дайындықта  сабақ  мақсаттары  мөлшерленіп 
белгіленеді.  
Сабақ  мақсаттары  оның  мазмұны  мен  ұйымдастырылу  құрылымына 
байланысты  анықталады.  Көбінесе  перспективті-тақырыптық  жоспар:  алғашқы 
түсініктер  беру…,  меңгерілуін  қамтамасыз  ету..,  түсінік  қалыптастыру…, 
маңыздылығын  ашу…,  қарым-қатынасын  көрсету….  және  т.б.  секілді  түйінді 
сөздерденқұралатын  сабақтың  білім  беру  мақсаттарын  бейнелейді.  Сабақ 
мақсаттарын  кеңірек    Сабақтың  мақсаттарын  анықтау  жайлы  кеңірек  «Кәсіптік 
мектептерде  сабақтың  оқу-тәрбиелік  мақсаттарын  анықтау»  атты  практикалық 
сабақта қарастырылады.  
Перспективті  –тақырыптық  жоспармен жұмыс  істей отырыпкәсіптік оқыту 
педагогыкөптеген  факторларға:  сабақ  мазмұны  мен  мақсаттарына,  жалпы 
жүйедегі  оның  орнына,  оқушылардың  дайындық  дәрежесіне,  оқытушының 
педагогтық  түпкі  ойына,  оның  тәжірибесіне,  кабинеттің  оқу-материалдық 
базасына  байланысты  болатын  сабақтың  тәсілі,  өткізу  жолдары  және 
ұйымдастыру формаларын анықтайды.  Перспективті жоспарлау оқушылардың өз 

бетінше  жұмысын  таңдаудан,  аудио  көрнекі  және  мультимедиялық  техника 
қолданылу орны мен уақытынан, жұмыс істеу жолдарын көрсетуден құралады.  
Перспективті-тақырыптық  жоспарда  тақырып  материалының  пән  аралық 
байланысы  да  көрсетіледі.  Пән  аралық  байланыс  орнатудың  түрлері  мен 
формаларын  ойластыра  келе,  оқытушы  оқушылар  басқа  пәндерден  не  оқығанын 
және  қандай  көлемде  оқығаны  жайлы,  оларды  қалай  және  қай  жерде  осы  пәнді 
оқу барысында қолдана алатыны жайлы  толық, әрі дәл ақпарат ала алуы керек. 
Сол секілді оқытушы осы пән бойынша алынған білімдерді оқушы басқа пәндерді 
оқу  барысында  қалай    және  қай  жерде  қолдана  алатыны  жайлы  түсінігі  болуы 
шарт.  
Перспективті-тақырыптық  жоспарларда  жазу  қысқа,  ұйымдастыру  тәртібін 
және оқу үдерісін басқару тәртібін бере алатын болуы керек.  
Екінші кезеңде тікелей оқытушының сабаққа даярлығы басталады. Курсқа, 
оқу  жылына,  тақырыпқа  дайындық  жұмыстарының  жетіспеушілігін  оқытушы 
сабаққа 
дайындалу 
барысында 
толықтыра 
алады. 
Кезекті 
сабаққа 
қанағаттанарлықсыз дайындықты толықтыру, жөндеу мүмкін, себебі ол сабақтың 
сапасына тікелей әсер етеді.  
Арнайы және жалпы техникалық пәндер бойынша сабақтар ерекшелігі оқу 
материалы  мазмұнының  практикаға  бағытталуында,  оқушылардың  білімді 
меңгеруіне,  алынған  білімдерін  өндірістік  мәселелерді  шешуде  қолдана  алуына 
қойылатын  талаптардың  артуы,  оқылатын  материалдың  жалпы  білім  беретін 
пәндермен және өндірістік оқытумен үйлесуі.  
Оқытушының  сабаққа  ағымдық  дайындығы  –  ең  алдымен,  жоспар  жазу  – 
сабақ конспекті. Ол сабақтың белгілі бір тақырыбын ұйымдастыру мен жүргізудің 
негізгі  жоспарлаушы  құжаты  болып  табылады.  Бұл  педагогтың  дайындық 
жұмыстарының  нәтижесі  және  кәсіптік  біліктілігінің  қажетті  дәреже  көрсеткіші. 
Сабақ-жоспарының  қандай  да  бір  міндетті  стандарт  түрі  орнатылмаған,  себебі 
сабақ формасы бірнеше факторларға: өткізу тәсіліне, материалды ашу тереңдігіне, 
материал  мазмұнына,  сабақтың  нақты  мақсаттарына,  болашақта  жасалынатын 
практикалық және бақылау тапсырмаларына байланысты.  
Сонымен  қатар,  жоспар-конспект  жасау  және  көркемдеу  барысында 
ескеретін  талаптар  да  бар.  Ең  алдымен,  топ,  күні  және  сабақ  нөмірі  көрсетіледі, 
сабақ  типі  айқындалады,  сабақтың  негізгі  мақсаттары  –білім  беру,  дамыту, 
тәрбиелік  мақсаттары  тұжырымдалады,  оқушылар үшін  мақсаттар  айқындалады, 
материалдық-техникалық  және  дидактикалық  жарақтандыру  анықталады. 
Сабақтың  жоспар  –  конспектін  жасауда  сабақтың  өткізілу  кезеңдері,  уақыт 
бойынша  хронометраж  көрсетілетіндей  етіп  жасаған  тиімді.  Жаңадан  жұмыс 
істеген  педагогтар  үшін  тақырыпты  оқушыларға  түсіндіру  барысында  оларға  
арналған  сұрақтар,  қажетті  суреттер,  схемалар  келтірілетін  материал  конспекті 
жасалады.  

Сонымен  қатар,  оқытушының  ағымдық  дайындығы  педагогтың  өткізілген 
сабаққа өзіндік талдау жасай алуынан, сабақ өткізу барысындағы үздіктік немесе 
келеңсіздік  факторларынанықтаудан,  пән  бойынша  оқыту  үдерісін  тиімді  өткізу 
жолдарын анықтай алудан құралады.    
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудың схемасы 
№ 
р/с 
 
 
 
 
 
 
 
 
Т
ақы
ры
п 
  
Қамсы
зд
ан
ды
ры
лу
ы
 
Мазмұны  Бұйым  Материалдар 
 Қо
нд
ы
рғ
ы

са
йман
дар

құ
ры
лғы
ла
р 
Ди
дакт
икал
ы
қ қ
ұр
ал
дар
 
 П
ән
 а
рал
ы
қ б
ай
ла
ны
с 
 Е
скер
ту
 
Т
ех
ни
ко
-те
хн
ол
оги
ял
ы
қ мәл
ім
етте
р 
П
ракт
икалы
қ  
жұм
ы
стар
 
Со
ртаме
нт 
 
Шығы
н 
  
Бір
 б
ір
лі
кке
 
  
Бар
лы
қ 
бұ
йы
мға
 









10 
11 
12  13 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ағымдық жоспарлау 
 
Технология пәнінің жоспар-конспектісі (қызмет көрсетуші еңбек) 
 
Сынып________________ 
Күні ________________ 
 
Бөлім атауы: 
Сабақ тақырыбы: 
Мақсаттары: 
Білім берушілік – оқушылар танымын кеңейту 
Тәрбиелік – сапалылыққа тарту 

Дамыту – дағдыны дамыту 
Сабақты  өткізу  әдістері:  (материалды  бекіту  бойынша  әңгімелесу; 
оқытушының қадағалауымен оқушылардың өз бетінше жұмысыжәне т.б.) 
Еңбек объекті: 
Пән  аралық  байланыс:  (математика  –  пішіндерді  салу,  ұзындық  өлшемі; 
қазақ тілі – сөздердің жазылуы ….. және т.б.) 
Материалдық-техникалық қамтылу: 
Оқу шеберханалары қондырғылары, құралдар мен қондырғылар. 
Дайындалатын бұйым эталоны. 
Бұйым дайындаудың технологиялық картасы. 
Бейнефильмдер. 
Кестелер. 
Кинофильмдер. 
Оқытушыға арналған әдебиет. 
Сыныптан тыс оқуға арналған әдебиет. 
Сабақ барысы. 
1.Ұйымдастыру бөлімі –3 мин. 
Сабаққа қатысуын тексеру 
Жұмыс киімдері мен сабаққа әзірлікті тексеру. 
2.Өткен материалды қайталау –7 мин. 
2.1.    Өткен сабақтағы материал бойынша білімдерін карточка-тапсырма 
бойынша тексеру. 
Топқа сұрақтар. 
3.Жаңа материалды түсіндіру  - 15 мин. 
3.1.     Әңгімелеу… 
Бейнефильмдерді демонстрациялау… 
 Технология получения… 
 Еңбектің қауіпсіз шарттары… 
4.Кіріспе нұсқамалық (инструктаж)   – 10 мин 

•  4.1.    Эталондық  бұйымды  көрсету  және  дайындау  технологиясы  картасы 
бойынша әзірлеуді талдау  
Еңбек әрекеттерін мейлінше ақырын көрсету… 
Жылдам көрсету… 
•  5.Оқушылардың өз бетінше жұмысы – 40 мин 
Ағымдық нұсқамалық (инструктаж)  - мақсатты аралау. 
Бірінші  аралау:  жұмыс  орнының  дайындығын  және  еңбектің  қауіпсіз 
шарттарының сақталуын тексеру. 
Екінші  аралау:  еңбек  шарттарының    дұрыс  орындалуын  және 
операциялардың технологиялық ретінің сақталуын тексеру. 
Үшінші аралау: өлшемдер дұрыстығын тексеру және оқушылардың өзіндік 
бақылауын  іске  қосу.  Жұмыстарды  қабылдау  және  бағалау.  Жақсы  үлгерген 
оқушыларға қосымша тапсырмалар беру. 
•  6.Қорытынды нұсқамалық (инструктаж)   –7 мин. 
Көп кездесетін қателіктерді талдау, олардың себебін айқындау. 
Әр оқушы жұмысы бағасын хабарлау. 
Үйге тапсырма. 
•  7.Жұмыс орнын жинастыру –8мин. 
Оқытушы ______________________ 
Өзін өзі бақылау сұрақтары 
1.  Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері  
2.  Кәсіптік  оқыту  педагогының  перспективалық  дайындық  барысында  
атқаратын жұмыс түрлерінің мазмұнын ата.   
3.  Кәсіптік  оқыту  педагогының  ағымдық  дайындық  барысында    атқаратын 
жұмыс түрлерін ата. 
4.  Пәннің  перспективалық-тақырыптық  жоспарын  жасауға  қойылатын 
негізгі талаптарды анықтау. 
5.  Оқытушының  сабаққа  дайындық  схемасын  жасау.  Ол  схемада  кәсіптік 
оқыту  педагогы  атқаратын  жұмыс  кезеңдері,  мазмұны  мен  талаптары 
келтірілуі тиіс.  
6.  Еңбек 
технологиясы  және  кәсіптік  оқыту  сабақтарын  өткізу 
ерекшеліктері 
Тест-тренинг 
1. Қашықтық-тақырыпты жоспарлау: 

A) оқу орындарының дәрежесін ескере отырып, логикалық байланысқан оқыту 
жүйесін құруға, оқыту түрін, оқытудың әдістері мен құралдарды тандауға,  
пәнаралық  байланыстарды анықтауға мүмкіншішік береді; 
B) тақырып бойынша сабақтардың мерзімін анықтайды, сабақтардың байланысын 
көрсетеді; 
C) сабақтың материалды - техникалық жабдықтарын көрсетеді,  пәнаралық 
байланысын аныќтайды; 
D) сабақ  кезеңнін логикалық  байланысын ќөру,  әр кезеңнің өту әдістемесін  
анықтау; 
E)  тақырыптың  сабақ  жоспарында  көрсетілген  негізгі  оқу  элементтерін 
ќөру. 
2. Қашықтық-тақырыптық жоспар қандай құжаттарға  сүйеніп құрылады? 
A) оқу  пәндерінің  күнтізбелі-сеткалық кестеге; 
B) оқу жоспарына; 
C) оқу  бағдарламасына
D) тақырыптың құрылым-логикалық  схемасына; 
E) оқу жоспары мен пәннің  бағдарламасына. 
3. Сабақ жоспарын құрастыруда қандай құжаттарға сүйенеміз? 
A) оқу бағдарламаларына; 
B) оқу жоспарына; 
C) кұрылымдық - логикалық сұлбаға; 
D) оқу  бағдарламалары мен қашықтық-тақырыптық жоспарға; 
E) оқу жоспарлары мен күнтізбелік-сеткалық кестеге. 
4. Қашықтық-тақырыптық жоспардың мүмкіншіліктері: 
A) оқу орындарының жұмыс режимін ескере отырып,  логикалық байланысқан 
оқыту жүйесін құруға,  оқыту түрін,  оқытудың әдістері мен құралдарды таңдауға, 
пәнаралық  байланыстарды анықтауға мүмкіншілік береді; 
B) тақырып бойынша сабақтардың мерзімін анықтайды, сабақ формуласын 
анықтайды; 

C) сабақтын техникалық жабдықтарын көрсетеді, пәнаралық байланысын 
анықтайды; 
D) оқушылардың оқу  мүмкіндіктерінің даму деңгейін анықтау, ерекшелігін таба 
білу; 
E)  оқытудың  мазмұнына    қарамастан  тақырып  бойынша  білім  деңгейін 
қалыптастыру. 
5. Тақырыптың оқу - материалына құрылымды-логикалық сұлбасын құрудың 
бірінші кезеңін атаңыз. 
A) оқу элементтерін тандау
B) түсініктерді деңгейі; 
C) оқу материалының мазмұны; 
D) оқу элементтерін іріктеуде әрекеттерді меңгеру; 
E) логикалық өзара байланысу. 
 
9 ОҚУШЫЛАР БІЛІМДЕРІН, ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН 
БАҚЫЛАУ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ 
9.1 Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бақылау 
Үлгерімді есепке алудың түрлері: ағымдағы, мерзімді, қорытынды.  
Оқушылар  білімдерін,  ептіліктерін  және  дағдыларын бағалау  критерийлері 
материалдарды      өңдеудегі      дәлдігі      мен      сапасы;      еңбек      тәсілдеріін  дұрыс 
орындауы;  тапсырмаларды  өз  бетінше  орындау  дәрежесі;  жұмыс  орыньн  тиімді, 
ұйымдастыруы; санитарлық, тазалық және қауіпсіз еңбек ету ережелерін сақтауы. 
Оқушылардың білім мен ептіліктерін тексерудің түрлері: ауызша, жазбаша, 
бағдарламалап  сұрау  (машинмен  және  машинасыз,  бақылау,  үй  тапсырмаларын 
тексеру  және  оқушылардың  жұмысқа  ықыласы,  жабдықтарға,  материалдық 
құндылыктарға қатынасы). 
Білімдену  процесінің  ажырамас  бір  бөлігі  диагностика  болып  табылады. 
“Диагностика” түсінігінің мәні “білім, ептілік және дағдыларды тексеру”. 
Диагностикалаудың маңызды бөлігі–бұл қадағалау. Қадағалау–білім, ептілік 
және  дағдыларын  тексеру.  Мән–мағыналық  тұрғысынан  бақылау,  қадағалау  кері 
байланыс түзуді қамтамасыз ету. 

Бақылау – бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық 
іс-әрекетін  меңгертудің  функциясы.  Бақылаусыз  жеке  адамның  дамуы  мен 
қалыптасуын  басқаруға  болмайды.  Бақылаудың  психологиялық  педагогикалық 
мәні  оқушыларға  дер  кезінде  көмек  көрсету.  Олардың  шығармашылық  күшіне, 
қабілетіне  сенім  білдіру,  оқушыларды  оқу  тапсырмасын  нәтижелі  етіп  орындау 
үшін  ынталандыру  және  іске  жұмылдыру.  Бақылау  процесінде  мұғалім 
оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. 
      Сабақтың  барлық  кезеңдерінде  бақылаудың  мазмұны  оқушылардың  іс-
әрекетіне  ынталандыру  және  олардың  белсенділігін  дамыту  тиіс.  Бақылау 
процесінде  оқушылардың  алған  білімді  игеруі  және  баянды  етуі  бойынша  оқу 
жұмысының  сапасы  туралы  толық  хабар  алу  өте  қажет.  Осыған  байланысты 
бақылаудың  бірнеше  түрлерін  атауға  болады.  Олар  тақырыптық  бақылау, 
тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау, қорытынды бақылау. 
      Тақырыптық  бақылау  оқу  бағдарламасындағы  белгілі  тақырыптар  бойынша 
өткізіледі.  Сонымен  бірге,  мұғалім  жаңа  тақырыптың  кейбір  басты  мәселелерін 
өткен  сабақтағы  оқу  материалдарымен  толықтырады,  кейбір  ұғымдарды, 
анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады. 
      Тараулар  бойнша  оқтын-оқтын  бақылау  әрбір  тоқсанның  аяғында  оқу 
бағдарламасының  белгілі  тарауын  оқып  болғаннан  кейін  өткізіледі.  Бақылаудың 
мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық 
құралдар арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын 
оқып  болғаннан  кейін  өткізіледі.  Бақылаудың   мақсаты  оқу  бағдарламасы 
негізінде  бақылау  жұмыстары  және  түрлі  техникалық  құралдар  арқылы  әрбір 
тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және 
санасын, іскерлігін, дағдысын анықтау. 
       Қорытынды  бақылау  –  барлық  пәндер  бойынша  жыл  аяғында  өткізіледі. 
Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке 
алынады.  Оқушылардың  жыл  бойында  алған  теориялық  және  практикалық 
білімдері  анықталады.  Сондықтан  қорытынды  бақылаудың  негізі  емтихан  және 
оқушылардың  жылдық  үлгерім  бағалары  болады.  Емтихан  мен  жылдық  үлгерім 
бағаларынан  педагогикалық  кеңестің  шешімі  бойынша  қорытынды  бағалар 
шығарылады. 
     Бақылау  әдістері  арқылы  оқушылар  жұмысының  тиімділігі  мен  мазмұны 
туралы  кері  байланыс  қамтамасыз  етіледі.  Бақылау  әдістеріне  ауызша,  жазбаша 
және  графикалық  бақылау  әдістері  жатады.  Бұл  әдістерге  қарағанда 
бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және 
машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді. 
     Машинасыз  бағдарламалап  бақылау  әдістері  бойынша  перфокарталар  және 
бақылау  карталарын  қолданып,  оқушылардың  теориялық  және  практикалық 
білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 

20  –  25  сұрақтар  дайындап,  әрбір  сұраққа  4  вариантты  жауаптың  мазмұнын 
жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар 
варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді. 
      Бақылаудың  тиімділігі  оны  оқыту  процесінде  дұрыс  ұйымдастыруға 
байланысты.  Оқыту  процесінде  бақылаудың  жаппай  топтық  және  дербес 
формаларын еске алған жөн. 
     Жаппай  бақылау  жағдайында  барлық  оқушыларға  сұрақтар  немесе  мазмұны 
бірдей  тапсырмалар  беріледі.  Оларды  орындаудың  барысында  оқушылардың 
арасында  ынтымақтастық,  жолдастық  сезім  пайда  болады,  бір-біріне  сұрақтар 
қойып,  жауаптарын  толықтырады,  орындалған  жұмыстарды  өзара  тексеріп,  іске 
асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады. 
      Оқыту  процесінде  оқушылардың  өзін-өзі  бақылауы  өте  қажет.  Өзін-өзі 
бақылау,  олардың  оқу  бағдарлама  материалы  мен  игерген  іскерлігі  мен 
дағдысының  беріктігі  ақпарат  алуын  қамтамасыз  етеді.  Өзін-өзі  тексеру  арқылы 
оқушылардың  алған  біліміне  сенімі  артады,  орындаған  жаттығу,  есеп  шығару 
және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. 
      Топтық  бақылауда  белгілі  оқушылар  тобы  сабақта  тапсырмалар  алып 
орындайды.  Кейде,  кейбір  оқушылар  түрлі  себептерге  байланысты  қосымша 
қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше есепке алған жөн. 
     Бақылаудың  дербес  формасы  әрбір  оқушының  білімін,  іскерлігін  және 
дағдысын  терең,  жан-жақты  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Дербес  бақылау 
бағдарламалап  және  дифференциялы  оқыту  барысында  жақсы  нәтиже  береді. 
Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бір ізділігі, олар өз пікірлерін 
қалай  пайымдайды,  қалай  дәлелдейді,  міне,  осы  мәселелерге  аса  көңіл  аудару 
керек. 
     Сонымен,  оқушыларды  өзін-өзі  бақылау  тәсілдеріне  үйрету,  олардың 
жауапкершілігін, өз күштеріне сенушілігін арттырады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет