Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік техникалық



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата01.04.2020
өлшемі1,2 Mb.
#61347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Кәсіптік оқыту әдістемесі дәрістер курсы,бакылау тестері, сұрақтар (1)


6.3  Оқу құрал – жабдықтары  
 
Оқу  әдістері  белгілі  оқу  (  дидактика)  құрал  -  жабдықтарымен  іске 
асырылады.  Оқу  құрал-жабдықтары  -  бұл  білім  алу,  ептіліктер  қалыптастыру 
көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. 
Тар  мағынада  бұл  түсінік  оқу  және  көрнекі  құралдары,  көрсетпе  жабдықтар, 
техникалық  саймандар  және  т.б.  байланысты.  Ал  кең  мағынада  оқу  құрал-
жабдықтары  деп  білім  мақсатын  іске  асыруға  жәрдемші  жағдаяттардың  бәрін 
түсінеміз,  яғни  оқу  әдісі,  формасы,  мазмұны,  сонымен  бірге  оқудың  арнайы 
бұйымдарының  бәрі  осы  оқу  жабдықтарын  құрайды.  Оқу  құралдарының 
көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар,  әдістер сияқты 
оқу,  тәрбиелеу  және  дамыту  қызметтерін  атқарып,  оқушыларды  ынталандыруға, 
оқу-танымдық іс-әрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық 
құралдар төмендегідей тіркеледі:  
көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;  
есіту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, ән-күй аспаптары ж.т.б.;  
есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;  
сөздік құралдар - оқулықтар, мәтіндер;  
оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, 
ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;  
сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.  
 
6.4 Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу  
 
Педагогикалық қызмет әдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объектив 
және субъектив себептерге тәуелді, атап айтатын болсақ, олар:  
- оқу заңдылықтары және оларға негізделген принциптер;  
- адамның оқу, тәрбие және дамуына байланысты жалпы мақсаттар;  
- нақты білімдену –тәрбие міндеттері;  
- оқуға болған ынта деңгейі;  
- нақты оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктері;  
- материал мазмұны;  
- материал игеруге бөлінген уақыт;  
- оқу материалының саны мен күрделілігі;  
- оқушылардың дайындық деңгейі;  

- шәкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дәрежесі;  
- дәріс түрі мен құрылымы;  
- оқушылар саны;  
- балалар қызығулары мен ықыласы;  
-  оқу  еңбегі  процесінде  қалыптасқан  ұстаз  бен  шәкірт  арасындағы  қарым-
қатынас (қызметтестік не әміршіл - әкімшіл);  
- материалды – техникалық қамсыздандырылуы;  
- педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей- дәрежесі.  
Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты әдіс пен 
құрал  –  жабдықты  іріктеу,  таңдау  жөнінде  шешім  қабылдайды  немесе  дәріс 
өткізудің жағдайына орай бірнеше әрқилы әдіс не құралды біріктіре пайдалануды 
көздейді.  
Оқыту – жоспарлы  процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын 
жүйелі  қамтамасыз  етуі  үшін  оқыту  процесін  жоспарланған,  ұйымдастырылған 
түрде  жүзеге  асырады.  Оқушы  білімді  қысқартылған,  педагогикалық  тұрғыдан 
өзгертілген  жолмен  мұғалімнің  және  арнайы  жазылған  оқу  құралдарының 
көмегімен сүйене отыра меңгереді. 
    
Оқыту – күрделі  процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу жіне ақыл-ойы 
мен  дағдысын  дамыту  негізінде  жүзеге  асырылатындығын  жоғарыда  айттым. 
Яғни,  жеке  тұлғаға  біртұтас  ықпалды  көздейді.  Осыған  орай.  Оқыту  процесінің 
бірінші қызметі – оқушыларға білім беру.   
    
Екінші  қызметі  –  тәрбиелеу.  Оқыту  процесі  барысында  оқушыларды 
теориялық  білімдер  жүйесімен  қаруландырып,  жеке  тұлғалық  қасиеттерін 
қалыптастырып  дамыту.  Сонымен  бірге,  оқыту  барысында  тәрбиенің  мақсат-
міндеттері  және  мазмұны  мен  тәсілдері  анықталады.  Оқытуда  тәрбие  мен 
оқытудың  байланысы  біржақты  қарастырылмайды,  керісінше  біртұтастық 
принципіне негізделіп, бірлікте қолданылады. Яғни, тұлғаға білім бере отыра, оны 
тәрбиелейміз,  тәрбиелей  отыра  білім  береміз.  Себебі,  тәрбие  процесі  дұрыс 
ұйымдастырылған  жағдайда  оқытудың  барысына  қолайлы  ықпал  етеді,  соның 
негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.  
    
Үшінші қызметі – дамыту. Бұл қызмет оқыту барысында оқушыларға білім 
беру, 
оларды 
тәрбиелеу 
негізінде 
тұлғаның 
ақыл-ойы, 
сана-сезімі, 
шығармашылық  қабілеті,  т.б.  көптеген  тұлғалық  қасиеттерінің  дамуына, 
біліктіліктері  шыңдалып,  қабілеттерінің  артуына  оң  әсер етеді.  Яғни,  тұлға жан-
жақты қалыптасып дамиды. 
Ғылыми  педагогикалық  әдебиеттерде  оқыту  әдістерінің  басқа  да 
анықтамалары  кездеседі.  Онда  оқыту  әдістері  оқытушының  оқушыларға  оқу 
материалынан  білім  беру  тәсілдерінің  жиынтығы  немесе  оқытудың 
құралдары  ретінде,  сонымен  қатар  оқыту  әдісі  мұғалімнің  оқу 
материалдарын  оқушыға  жеткізу  тұрғысында  ғана  қарастырған.  Бұл 
анықтамалар  оқыту  әдістерінің  сипаттамасын  толық  бере  алмайды. 
Сондықтан  оқу  процесі  барысында  мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  қарым-

қатынасын  білген  дұрыс.  Дәлірек  айтқанда,  қарым-қатынас  субъект-объект 
түрінде болады.  
Ал,  соңғы  оқыту  әдісіне  берілген  анықтамада  мұғалім  мен  оқушы 
арасындағы  қарым-қатынас  көрсетілмейді.  Сондықтан,  оқыту  әдісінің 
субъективті-субъективтілік  ішкі  заңдылық  негізі  ашылмаған.  Бұл  жағдайда 
оқыту  процесі  барысында  оқуы  пассивті  поцизияда  қалады.  Ал  оқушының 
оқыту  процесінде  белсенді  ролі  болу  үшін  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы 
қарым-қатынас субъекті-субъектілік негізде құрылуы керек.  
Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқуылардың білімді меңгеру 
және  олардың  дамуы  мен  тәрбиесіне  бағытталған  оқушы  және  мұғалім 
арасындағы  бірлесіп  жүргізілетін  іс-әрекеттің  субъект-субъектілік  қарым-
қатынас құралдары ретінде анықталады. 
   
6.5 
 Кәсіптік оқыту әдістері 
Кәсіптік оқытудың тиімділігі оны кім жүргізетіндігіне тікелей байланысты. 
Осы орайда ұйымдар төмендегі нұсқалардың бірін таңдай алады:  

 
Қызметкерлерді өз бетінше оқытуды ұйымдастыруға ықпал ету. 

 
Оқытушы  немесе  жаттықтырушы  ретінде  компанияның  тәжірибелі 
қызметкерлерін алып жұмыс орнында оқытуды жүзеге асыру. 

 
Өз оқу орталығы мүмкіндіктерін пайдалану.  

 
Мамандандырылған тренингтік компаниялар қызметіне жүгіну. 

 
Қосымша оқыту жүйесі мүмкіндіктерін қолдану (отандық және шетелдік). 

 
Ұсынылған нұсқалардың бірнешеуін немесе барлығын бірлестіре қолдану. 
Ұсынылған нұсқаларды кеңінен қарастырайық. 
 
1.Өз бетінше оқыту 
Персоналды өз бетінше оқыту ұйымның дамуының бірден бір қайнар көзі.  
Ол қажетті білім, дағды және іскерлікті өз бетінше жұмыс орнында немесе одан 
тыс  алу жүйесі және үрдісі.   
Өз бетінше оқытуды әдетте дұрыс бағаламайды. Бірақ, өз бетінше оқуды тек 
ұйымдасқан,  өзіне  талап  қоя  алатын,  жеке  бас  потенциалы  және  ішкі 
ынталандыру    дәрежесі  жоғары,  өз  дамуының  мәнін  жете  түсінетін  адам  ғана  
атқара алады. Сол себепті дәл осы оқытудың түрі ең тиімді болып табылады. Ол 
үшін  бірқатар  шарттар  орындалуы  тиіс.  С.В.  Шекшня  «Заманауи  ұйымның 
персоналын  басқару»  атты  кітабында  «өз  бетінше  оқыту  -  оқытудың  ең 
қарапайым  түрі  болып  табылады,  себебі  ол  үшін  инструктордың  да,  арнайы 
бөлменің  де,  арнайы  уақыттың  да  қажеті  жоқ  …»  деп  жазады.Бірақ  өз  бетінше 
оқыту  ұйымға  өзі    тікелей  осы  процеске  қатыспайынша  ешқандай  нәтиже 
әкелмейді. Ұйымның персоналды өз бетінше оқытудағы рөлі: 

1). Ұйым персоналды басқару қызметі ретінде персоналдың өз бетінше оқу 
дағдысын  дамытуға  міндетті,  немесе  «оқуға  оқыту».  Ұйымдасқан  оқытудың 
негізгі  атрибуттары:  мақсаттың,  жазбаша  жоспардың  болуы,  приоритеттерді 
ерекшелеу.    
2).  Оқуға  ынталандыру  жүйесін  құрумен  байланысты  өзін-өзі  оқытуға  
мотивация жасау өте маңызды. 
3).  Қызметкерлерге  өзін-өзі  оқытуға  қажетті  барлық  шарттарды  жасауы 
керек:  
 
арнайы бөлмелер бөлу; 
 
мамандандырылған  оқу,  анықтамалық  және  әдістемелік  әдебиетпен, 
сол  секілді  баспа  әдебиетімен,  мультимедиялық  компьютерлік  курстармен, 
интернетпен қамтамасыз етуі керек; 
 
Қызметкерлерге  семинар,  конференция,  симпозиум,  курстар  және 
тағы басқаларға қатысуға мүмкіндік жасау; 
 
Қызметкерлерді түрлі көрмелер мен жәрмеңкелерге жіберу; 
 
Қызметкерлердің  оқуға  жұмсаған  шығындарының  бір  бөлігін  немесе 
түгелдей өтеп беру;  
 
ақылы оқу демалыстарын беру және т.б. 
Өз бетінше кәсіптік оқытудың екі жүйесі бар: 
1.  Толықтай  өз  бетінше,  адамнан  қажетті  ұйымдастырушылық  дағды  мен 
шеберлік талап етіледі. 
2.  Құрамдас,  онда  өз  бетінше  жұмыс  та,  сол  секілді  қандай  да  бір 
ұйымдастыру формаларын (тақырыптық семинарлар, кеңестер, талқылау, қандай 
да бір кеңес немесе ғылыми қоғамның жұмысына қатысу) қолдану.  
Өз бетінше оқудың өз технологиясы бар, ол белгілі бір реттілік, логикалық 
схема,  білім,  дағды  және  іскерлік  қалыптастыру  нысандары  мен  әдістері.  Өз 
бетінше оқудың кең тараған технологиялары: 
Жоғары  класты  маманмен,  өз  ісінің  шеберімен  әңгімелесу  (тәлімгерлікке 
ұқсас); 
басқа жұмысқа, басқа бөлімге ауысу (алмастыруға (ротация) ұқсас); 
практикалық мәні бар міндетті, проблеманы шешу; 
персоналды  жоспарлы  алмастыру  (ротациялау)  немесе  кезең  бойынша  бір 
жұмыс орнынан басқаға алмастыру; 
қателіктер, жаңсақ кету, келеңсіздіктер және оларды келешекте ескеру. 

Кейбір  авторлар  өз  бетінше  оқуға  ҚАШЫҚТЫҚТАН  ОҚЫТУДЫ  да 
жатқызады.  Бірақ  бұл  тәсіл  тек  жартылай  ғана  жатады,  себебі  қашықтықтан 
оқытудың  қазіргі  түсінік  бойынша  міндетті  түрде  оқытушы  (тьютор)  оқу 
процесіне  қатысуы  шарт,  оның  міндеті  -  топқа  немесе  жеке  студентке  кеңестер 
беру, оқу процесін ұйымдастыру және мазмұны бойынша рекомендациялар беру, 
материалды  меңгеру  бойынша  бақылау  жүргізу.  ҚАШЫҚТЫҚТАН  ОҚЫТУ 
дегеніміз  -  ақпараттық  технологиялар  және  мультимедиа  жүйелерінің 
мүмкіндіктерін  пайдалануға  негізделген  оқыту  түрі.  Олар  -  компьютерлік  оқыту 
жүйелері,  аудио  және  видео,  электрондық  пошта,  электрондық  және  бейне 
конференциялар, компьютер желілері, сол секілді ғаламтор Интернет және т.б.  
2.Жұмыс орнында оқыту 
Жұмыс  орнында  қолданылатын  оқыту  тәсілдері  әдеттегі  жұмыс 
ситуациясындағы әдеттегі жұмыспен тікелей әрекеттесумен сипатталады. Мұнда 
анықтаушы  белгі  ретінде  оқыту  қандай  да  бір  ұйымға,  ұйым  жұмысшыларына, 
олардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып,    арнайы  ұйымдастырылып  жүргізіледі. 
Сонымен  қатар,  ол  өзінің  тәжірибеге  бағытталуымен  ерекшеленеді,  сол  себепті 
жұмыс  орнында  оқыту  тәсілдері  ағымдағы  өндірістік  міндеттерді  орындау  үшін 
қажетті  дағдыларды  қалыптастыруға  көп  ықпал  етеді.  Жұмыс  орнында  оқыту 
тәсілдерінің артықшылығы мен кемшіліктері 2 кестеде көрсетілген.  
2  кесте  Жұмыс  орнында  оқыту  тәсілдерінің  артықшылығы  мен 
кемшіліктері. 
Артықшылықтары 
Кемшіліктері 
Курстың мазмұны мен өткізілу мерзімі ұйым 
қажеттіліктеріне сай болуы 
Қатысушылар 
тек 
өз 
ұйымы 
жұмыскерлерімен ғана кездесе алады  
Қатысушылар 
өндірістік 
қажеттілікке 
байланысты жұмыста туындаған мәселелерді 
шешу  үшін  қарапайым  хабарлама  арқылы 
шақыртылады  
Ақысы  төленіп  қойған,қайтарусыз 
сыртта 
оқылатын 
курстарға 
қарағанда  қатысушылар  қарапайым 
шақырту 
арқылы 
жиірек 
шақыртылады  
Оқуға 
бірдей 
қажеттіліктері 
бар 
жұмыскерлер  саны  жеткілікті  болса,  қажетті 
жабдықтар болса, кәсіпорында оқыта  алатын 
оқытушылар  бар  болса,  кәсіпорын  үшін 
тиімді болады 
Қатысушылар  кейбір  мәселелерді  өз 
әріптестері 
арасында 
немесе 
басшының  қатысуымен  ашық,  әрі 
батыл талқылай алмайды  

Егер  оқу  материалы  жұмыспен  тікелей 
байланысты  болса,  онда  оқу  мысалдарынан 
жұмысты тікелей орындауға көшу мүмкіндігі 
бар 
 
 
Жұмыс  орнынан  тыс  қолданылатын  оқыту  тәсілдерінің  артықшылықтары 
мен кемшіліктері 3кестеде келтірілген. 
3  кесте.  Жұмыс  орнынан  тыс  қолданылатын  оқыту  тәсілдерінің 
артықшылықтары мен кемшіліктері. 
Артықшылықтары 
Кемшіліктері 
Қатысушылар 
ақпарат 
алмаса 
алады, 
проблемаларымен  бөлісе  алады,  басқа 
ұйымдарда  олардың  шешілу  жолдары 
тәжірибесін ала алады  
Ұйымның 
қажеттіліктеріне 
сай 
келмеуі мүмкін 
Ұйым  қабырғасында  қол  жетпейтін  аса 
қымбат оқу қондырғысы қолданылуы мүмкін  
Жиілігі  мен  қол  жетімділігі  сыртқы 
ұйым арқылы орнатылады 
Қатысушылар 
өндірістік 
қажеттілікке 
байланысты жұмыста туындаған мәселелерді 
шешу  үшін  қарапайым  хабарлама  арқылы 
шақыртыла алмайды  
Егер 
қатысушы 
курстан 
шақыртылып алынса, онда төлемақы 
қайтарылмайды,  ал  оқу  тиімділігі 
төмендейді 
Квалификациялы  оқытушы  персонал  ұйым 
қабырғасынан тыс қана қол жетімді 
Оқудан  тікелей  жұмыс  орындауға 
көшуде проблема туындауы мүмкін  
3.Корпоративтік оқу орталықтары 
Ұйымның  оқу  орталығының  міндеті    -    қызметкерлерді  мақсатты  түрде 
оқыту, олардың квалификациясын фирма талаптарына сай етіп ойластыру. Кейбір 
оқу  орталықтары  жаңа  қызметкерлер  үшін  кіріспе  курс  жүргізеді,  соның 
арқасында  адам  ұйымға  бірден  бейімделеді,  оның  тарихын,  корпоративтік 
мәдениетін,  бөлімдер  жұмысы  ерекшеліктерін,  қолданылатын  терминологияны, 
қондырғылар сипаттамаларын және т.б. біледі.  
Жетекші  халықаралық  компаниялар  тәжірибесінде  менеджерлерді  даярлау 
орталықтары кеңінен қанат жаюда, олар бизнес-мектеп ретінде жұмыс істейді де, 
корпоративтік  колледж,  институт  немесе  университет  деп  аталады,  мысалы: 
Disney  University,  Federal  Express  Leadership  Institute,  General  Electric 

компаниясындағы  Crotonville  оқу  орталығы,  AT&T  фирмасындағы  бизнес 
мектебі, Motorolla университеті және т.б. 
Өз оқу орталығын ұйымдастыру кезінде лицензия алу қажеттілігі, оны білім 
басқарудың мемлекттік органы эксперттік комиссияның қорытындысы және басқа 
да  нормативтік-құқықтық  актілер  негізінде  беріледі.  Осындай  жағдайда  ғана 
кәсіпорын қызметкерге кәсіптік дайындық бойынша құжат бере алады.  
4.Қосымша оқыту жүйесін қолдану 
Қосымша  оқыту  жүйесінің  бір  деңгейі  ретінде  оқытудың  ұзақ  мерзімді 
(1000 сағаттан артық) бағдарламаларын атауға болады, оларға әртүрлі магистрлік 
бағдарламалар, екінші жоғары білім бағдарламалары және МВА бағдарламалары 
жатады. МВА бағдарламасы (Master of Business Administration – Мастер Делового 
Администрирования)  жоғары  білімі  бар  адамдарға  іскерлік  басқару  облысында 
тереңдетілген білім алуға мүмкіндік береді.  
МВА дипломын әлемнің 1250 түрлі оқу орындарынан алуға болады, соның 
ішінде  Қазақстанда  да.  Алғашқы  МВА  бағдарламалары  10  жыл  бұрын  елімізде 
пайда 
болды. 
Шетелдегі 
бизнес-мектепке 
түсу 
үшін 
TOEFL

GMAT
тестерінтапсыру керек, интервью өту керек, ұсынылған тақырыптарға эссе 
жазу  керек,  жұмыс  орнынан  мінездеме  әкелуге  тиісті.  Сонымен  қатар  жас 
бойынша шектеу болуы мүмкін, жұмыс өтілі міндетті түрде талап етіледі.  
МВА бағдарламаларының ұзақтығы да әртүрлі, 12-18 ай көлемінде үздіксіз 
оқыту, күндізгі, кешкі және сырттай оқыту нысандары бар.  
 
 
Өзін өзі бақылау сұрақтары 
1.  Кәсіптік  окытудың әдістері мен құралдары. Олардың ерекшеліктері 
2.   Өзіңізге таныс әдістер топтамасына сипаттама беріңіз?  
3.   Оқу әдістерін іріктеуге ықпал етуші жағдаяттарды атап беріңіз?  
 
Тест-тренинг 
1. Оқыту әдістемесі дегеніміз? 
A) оқытушының  іс-әрекеттері  процесіндегі нақты оқыту әдісі; 
B) оқытушы мен  оқушы арасындағы  білім беру, тәрбиелеу іс-әрекетінің тәсілі; 
C) нақты пәндерді  оқып үйрену процесінде басқа  пәндерді  меңгеру; 
D) бағдарлама материалдарын оқып -үйрену әдістемесі; 

E) жеке дидактика, нақты оқу  оқып-үйрену процесінде оқушыға тәрбиені, оқыту 
құралын, әдістері мен формаларын,  оқыту зандылықтарын үйретеді. 
2.
 Оқыту әдістемесі дегеніміз? 
A) оқытушының  іс-әрекеттері  процесіндегі нақты оқыту әдісі; 
B) оқытушы мен  оқушы арасындағы  білім беру, тәрбиелеу іс-әрекетінің тәсілі; 
C) нақты пәндерді  оқып үйрену процесінде басқа  пәндерді  меңгеру; 
D) бағдарлама материалдарын оқып -үйрену әдістемесі; 
E) жеке дидактика, нақты оқу  оқып-үйрену процесінде оқушыға тәрбиені, оқыту 
құралын, әдістері мен формаларын,  оқыту зандылықтарын үйретеді. 
3. Оқыту әдістері деп нені түсінеміз: 
A) оқу-тәрбие мақсаттарына  жетудегі  оқытушының жұмысы; 
B) өзгеріссіз құрамды оқу  тобына  оқушы мен оқытушының жүргізетін белгілі 
уақытпен шектелген оқу процесінің  бөлімі; 
C) кезектілікте және байланыста берілген сабақ элементгерінің  қатысы; 
D) оқушылардың таным қызметінің сан қырлы түрі; 
E) оқушылардың ғылыми білім түрі. 
4. Кәсіптік мектептегі  оқытудың негізгі формасы: 
A) жеке, жеке-топпен; 
B) жеке-топпен, жеке,  ұжыммен, сынып және сыныптан тыс
C) ұжымдық және жеке-дара; 
D) сыныптан тыс, жеке,ұжымдық; 
E) мектеп және мектеп ішілік 
5. Білім беру мазмұнын анықтаңыз. 
A) оқытудың әдістері жүзеге асырылады
B) оқушыларды білім,  іскерліктермен қаруландырады; 
C) оқушы мен оқытушының  өзара әрекетіне бағытталады; 
D) танымдық  құбылыстарды оқушының қабылдауы; 

E) жеке адамның жан-жақты дамуы мен қалыптасуы үшін меңгеретін білім, 
іскерлік, дағдылар жүйесі. 
 
7  КӘСІПТІК ОКЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 
7.1 Оқыту технологиялары түсінігі  
 
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар 
қорынан  тыс  қалып  келді.  Шынайы  мәні  («шеберлік  жөніндегі  ілім») 
педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, 
жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.  
Педагогикалық  әдебиеттерде  қандай  да  педагогикалық  технологиялар 
сипатын  айқындаушы  көптеген  терминдер  ұшырасады,  мысалы:  оқу-үйрену, 
тәрбиелеу,  оқыту  технологиялары,  білімдендіру  және  дәстүрлі  технологиялар, 
бағдарламаластырылған  және  проблемді  оқу  технологиялары,  авторлық 
технология және т.б.  
Алғашқыда 
педагогтар 
«педагогикалық 
технология», 
«оқу-оқыту 
технологиясы»  және  «тәрбиелеу  технологиясы»  ұғымдарының  өзіндік  мән-
мағыналарына  назар  аудармай  келді.  Ал  бүгінде  педагогикалық  технология  оқу 
және  тәрбие  аймағындағы  педагогикалық  міндеттердің  шешілуіне  байланысты 
орындалатын  педагог  іс-әрекеттерінің  бірізді  жүйесі  ретінде  танылуда.  Осыдан 
«педагогикалық  технология»  мәні  «оқу  технологиясы»,  «тәрбие  технологиясы» 
ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.  
Педагогикалық  технология  –  бұл  педагогикалық  әрекеттер  табысына  кепіл 
болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.  
Педагогикалық  технология  кешенді,  бірігімді  процесс.  Ол  өз  құрамына 
адамдарды,  идеяларды,  құрал-жабдықтарды,  сонымен  бірге  жоспарлау, 
қамсыздандыру,  бағалау  және  білім  меңгерудің  барша  қырлары  жөніндегі 
проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.  
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске 
асуының  екі  ғана  жолы  бар.  Біріншісі  –  теориялық  негізде  орындалуы 
(В.Б.Беспалько,  В.В.Данилов,  В.К.Дьяченко  және  т.б.),  екіншісі  –  тәжірибемен 
жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).  
Сонымен,  технология  астарында  не  жатыр?  Оқу  технологиясы  жөніндегі 
идея қай заманда пайда болған? Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңалықты емес. 
Кезінде  оны  Я.А.Коменский  де  дәріптеген.  Ұлы  педагог  –  ғұлама  16-ғасырда-ақ 
оқудың  «техникалық»  (яғни  «технологиялық»)  болатынын  уағыздап,  оның 
мүлтіксіз  тиімді  нәтиже  беретін  жолдарын  іздестіріп  бақты.  Я.А.Коменский 
еңбектеріне  үңіле  түссек,  педагогикалық  технологияға  бастау  берген  даналық 
пікірлерді  табамыз:  «Дидактикалық  машина  үшін  қажет  нәрсе  –  1)  түбегейлі 
ойластырылған  мақсаттарды;  2)  сол  мақсаттарға  жетуге  дәл  икемдестірілген 
жабдықтарды;  3)  мақсаттың  орындалмауына  мүмкіндік  бермейтін  нақты 
жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».  

Коменский  заманынан  бастап,  оқуды  мүлтіксіз  әрекеттегі  механизмге 
сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу 
технологиясы  жөніндегі  көптеген  тұжырымдар  толықтырылып,  нақтыланып 
отырды.  Әсіресе,  техникалық  прогрестің  әрқилы  теориялық  және  практикалық 
қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске 
асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский және т.б.).  
Осы  заманғы  дидактикада  әрқилы  оқу  технологиялары  көрініс  беріп  жүр. 
Олардың  көп  түрлі  болу  себебі  -  әр  автор  мен  орындаушының  педагогикалық 
процеске  өзінше  жаңалық  қосып,  технологияға  өзгеріс  ендіріп  баруымен 
байланысты.  
Дидактикада  оқу  технологиялары  төмендегідей  сипаттарымен  жіктеліп, 
топтастырылады:  
қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік (модульдік);  
-  философиялық  негізі:  ғылыми  және  діни,  гуманистік  және  әміршіл-  әкімшіл 
(авторитарлы);  
-  тәжірибе  меңгерудің  ғылыми  негіздемесі  (концепция):  байланыс-жауапты 
(ассоциатив-рефлекторлы); 
іс-әрекетті 
(бихевиористік), 
іштей 
ұғу 
(интериоризаторлы), дамытушы;  
тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік және дағдылар 
қалыптастыру), нақты қимыл-әрекеттік (оперативті- ақыл-ой әрекеттері әдістерін 
қалыптастыру),  шығармашыл  (эвристикалы-дарын  қабілеттерін  дамыту), 
қолданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер қалыптастыру).  
-  Дәстүрлі  оқу  жүйесін  жаңалау  бағыты  (модернизация):  оқушы  іс-әрекетінің 
белсенділігін  көтеру  және  жеделдестіру  технологиясы;  мұғалім  және  оқушы 
арасындағы  қатынастарды  адамиластыру  мен  демократияластыру  негізінде 
жасалған  технология;  оқу  материалын  дидактикалық  қайта  түзуге  негізделген 
технология  және  т.б.  Оқу  технологиясының  топтастырылуы,  сонымен  бірге, 
нақты  кезеңде  басым  болған  мақсаттар  мен  міндеттерге,  оқуды  ұйымдастыру 
формасының  қолданылуына,  дәл  кезеңде  қажет  болған  әдістерге  және  басқа  да 
негіздемелерге тәуелді келеді.  
Оқу  технологиясын  оқу  әдістемесінен  ажырата  білген  жөн.  Олардың  бір-
бірінен  айырмасы  –  оқу  технологиясын  қайталап,  көбейте  таратуға  болады.  Қай 
жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және 
педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің 
соңғы  тиімді  нәтижеге  жете  алмауы  жиі  кездеседі.  Сонымен  бірге,  әдістеме 
технологиялық  деңгейге  дейін  көтерілуі  мүмкін.  Мысалы,  жаңа  материалды 
түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, сенім, сәйкестік 
талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.  
Оқу  технологиясы  педагогикалық  шеберлікпен  өзара  байланысты.  Оқу 
технологиясын  жете  білудің  өзі  –  шеберлік.  Бір  технологияны  әрбір  оқытушы 
жеке  іске  асырып  отыруы  мүмкін,  ал  осы  іске  асырудағы  технологиялық 
ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет