Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік техникалық



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата01.04.2020
өлшемі1,2 Mb.
#61347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Кәсіптік оқыту әдістемесі дәрістер курсы,бакылау тестері, сұрақтар (1)


5.3  Сабақ типтері мен  құрылымы 

 
Дидакикалық  мақсаттарға,  сабақты  ұйымдастыру  мақсаттарына,  сабақты 
жүргізудің  мазмұны  мен  тәсілдеріне,  оқу  процесінің  негізгі  этаптарына,  оқыту 
әдістеріне,  оқушылардың  оқу  еңбегін  ұйымдастыру  тәсілдеріне  байланысты 
сабақтардың топталуы.   
Сабақтардың бес типі болады: 
1.  Жаңа оқу материалын оқыту сабақтары; 
2.  Білімді,  іскерлікті  және  дағдыны  жетілдіру  сабақтары  немесе  білімді, 
іскерлікті және дағдыны бекіту сабағы; 
3.  Жалпылау және жүйелеу сабақтары; 
4.  Біріктірілген сабақтар; 
5.  Білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау және коррекциялау сабақтары
 
Кесте 1 Сабақ типтері, олардың мақсаттары мен құрылымы 
 
Сабақ 
типі 
Негізгі 
дидактикалық мақсат 
Сабақтың типтік құрылымы 
Жаңа 
білімді 
меңгеру 
Оқу  материалын  қабылдау 
және  алғашқы  ой  түю, 
негізгі  маңызды  актылерді, 
түсініктерді, 
заңдылықтарды есте сақтау 
Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсатын ашу, үй 
тапсырмасын  орындалуын  тексеру,  жаңа  материалды 
ретімен  түсіндіру  немесе  оқушылардың  өз  бетінше 
кітаппен  жұмысы,  оқушылар  сұрақтарына  жауаптар 
беру,  жаңа  материалдың  қабылдануын  тексеру  және 
қосымша түсіндіру, үй тапсырмасын тарату 
Білімді, 
іскерлікт
і 
жетілдір
у 
және 
бекіту 
сабағы 
 
Оқылатын 
материалды 
екінші  рет,  білімді  шығару 
және қолдану арқылы, білім 
беріктігін  қамтамасыз  ете 
отырып, қайта мән беру 
Тақырыптың өткен материалдары бойынша оқушымен 
фронталь тілдесу; зертханалық-практикалық жұмыстар 
жүргізу;  түрлі  есептерді  шығару,  технологиялық 
процестерді 
құру,құжаттарды 
оқу 
және 
т.б. 
жаттығулары;  өз  бетінше  түрлі  жұмыстар  орындау; 
бағдарламалық құрылғыларды қолдана жұмыс істеу 
Қайталау-
жалпылау
шы 
Білімді 
жүйелеу; 
оқушылардың 
білім 
ақаулықтарын 
толтыру; 
тақырыптың 
түйінді 
мәселелерін тереңірек ашу 
Өткен  материал  бойынша  шолушы  –  жалпылаушы 
дәріс; 
оқушылармен 
ашық 
кең 
әңгімелесу, 
оқушылардың  тұтас  тақырып  метериалы  бойынша 
жаңғырту 
және 
шығармашылық 
сипаттағы 
жаттығуларды өз бетімен орындау 
Бақылау-
тексеру 
 
Жете  түсіну  деңгейін  және 
оқушылардың 
білім 
тереңділігін 
айқындау; 
үлгерімді  бағалау 
үшін 
мәліметтер алу 
Тақырып,  бөлім,  курс  бойынша  ауызша  сұрау; 
жазбаша,  графикалық  немесе  практикалық  бақылау 
жұмыстары;  бақылаушы  техникалық  құрылғылар 
көмегімен білімді тексеру; сынақтар өткізу 
Біріктіріл
ген 
 
Оқушылардың  білімі  мен 
шеберліктерін 
кешенді 
түрде  қабылдау,  бекіту, 
жетілдіру,  қолдану  және 
бақылау  
 
Сабақтың  құрылымдық  элементтері:  оқушыларды  оқу 
материалын  оқуға  дайындау,  оқытушының  хабарлауы 
немесе  оқушылардың  оқу  материалын  өз  бетінше 
оқуы,  алғашқы  бекіту,  ағымдық  бақылау,  жаттығулар 
және  оқушылардың  білімді  жетілдіру  бойынша  
орындалатын  жаттығулар  және  өзіндік  жұмыстары, 
жалпылама  қайталау,  бақылау  және  бағалау 
(мазмұны,  мақсаты,  сабақтың  педагогтық  түпкі  ойы, 

оқушының  бастапқы  деңгейіне  байланысты  өзгеруі 
мүмкін) 
 
Сабақ  құрылымы  –  сабақтың  ретті  кезеңдері,  белгілі  бір  мазмұны, 
міндеттері, өткізілу орны  мен уақыты, сол секілді осы міндеттерді жүзеге асыру 
тәсілдері  бар,  оның  аяқталған  бөлімдері.  Сабақтың  құрылымы  қойылған 
мақсаттарға,  оқылатын  материал  мазмұнына,  сабақта  қолданылатын  оқытудың 
әдістері  мен  әдістемелік  жолдарына,  оқушылардың  дайындық  және  даму 
деңгейіне, оқу процесіндегі сабақтың алатын орнына байланысты.  
Сабақтың  негізгі  құрылымдық  элементтеріне  (әсіресе,  арнайы  пәндер 
сабағының):  
ұйымдасыру бөлімі; 
педагогтың оқу материалын хабарлауы; 
оқушылардың жаңа білім мен іскерлікті өз бетінше меңгеруі
алғашқы бекіту және сабақ материалын ағымдық қайталау; 
бекіту,  жүйелеу,  оқылған  бөлім  материалы,  оқу  бағдарламасының 
тақырыбы  бойынша  білім  мен  іскерлікті  қолдану  мақсатында  оқушылардың 
жаттығулары, өз бетінше жұмыстары; 
білім, іскерлік және дағдыны бақылау және бағалау; 
оқушыларға үй тапсырмасы жатады.   
Білім мен іскерлікті жетілдіру сабақтарының құрылымы: 
ұйымдасыру моменті; 
алда тұрған жұмыс мақсатын хабарлау; 
ұсынылған  тапсырмаларды  орындау  үшін  қажетті  білім,  іскерлік  және 
дағдыны оқушылардың жаңғыртуы; 
оқушылардың түрлі тапсырмалар, есептер, жаттығулар орындауы; 
орындалған жұмыстарды тексеру; 
жіберілген қателіктерді талдау жән олардың корреляциясы; 
сабақ қорытындысын жасау; 
үйге тапсырма. 
Іскерлік пен дағды қалыптастыру сабағының құрылымы: 
ұйымдасыру моменті; 
сабақ мақсатын қою
тірек болатын қалыптасқан білім мен іскерлікті қайталау; 
тексеру жаттығуларын жүргізу; 
жаңа іскерліктермен танысу, типтік есептер орындалу алгоритмін көрсету; 
оларды игеруге жаттығулар
оларды бекіту жаттығулары; 
үлгі, алгоритм, нұсқама бойынша жаттығулар; 
ұқсас ситуацияға өту жаттығулары; 

шығармашылық сипаттағы жаттығулар; 
сабақ қорытындысы; 
үйге тапсырма. 
 
 
Білім, іскерлік пен дағды қолдану сабақтарының құрылымы:  
сабақтың басталуын ұйымдастаыру (оқушыларды психологиялық әзірлеу); 
сабақ тақырыбы мен міндеттерін хабарлау; 
іскерлік қалыптастыруға қажетті жаңа білімдірді оқу; 
алғашқы  іскерлікті  құру,  бекіту  және  оларды  ұқсастығына  байланысты 
стандартты ситуацияларда қолдану; 
білім мен шеберлікті өзгерген ситуацияларда қолдану жаттығулары
білім мен іскерлікті шығармашылық тұрғыда қолдану; 
дағдыларды қалыптастыру бойынша жаттығулар; 
үй тапсырмасы; 
оқушылар  атқарған  жұмыстарын  бағалай  отырып,  сабақ  қорытындысын 
жасау. 
Білімді жалпылау және жүйелеу сабақтарының құрылымы: 
қайталау сабағы: 
сабақ басталуын ұйымдастыру; 
білім беру, тәрбиелік, дамыту міндеттерінің қойылуы; 
негізгі  түсініктер,  тұжырымдар,  негіз  қалаушы  білім,  іскерлік,  іс-қимыл 
әдістерін қайталауға бағытталған үй тапсырмасының тексерілуі. Алдыңғы сабақта 
қайталау болатындығын ескере келе сәйкес үй тапсырмасын таңдау;  
қайталау  қорытындысын  шығару,  сабақтағы  оқу  жұмысының  нәтижелерін 
тексеру; 
үй тапсырмасы. 
Қайталаушы – жалпылаушы сабақ: 
ұйымдастыру кезеңі;  
оқылған  тақырыптағы  материалдың  маңыздылығы  атап  көрсетілетін 
оқытушының кіріспе сөзі, сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау; 
жалпылаушы  және  жүйелеуші  сипаттағы  ауызша  және  жазбаша 
тапсырмаларды оқушылардың жеке және ұжыммен орындауы; 
орындалған жұмыстарды тексеру, қажет болған жағдайда түзету; 
оқылған материал бойынша қорытндылар жасау; 
сабақ нәтижесін бағалау; 
қорытынды жасау; 
үйге тапсырма. 
Біріктірілген сабақ: 
сабақтың басталуын ұйымдастыру; 
үй тапсырмасын тексеру, сабақ мақсатын қою; 
оқушыларды жаңа материал қабылдауға әзірлеу; 
жаңа материалды оқу, түсіндіру; 

осы сабақта оқылған материалды және оған дейін өткен, осы тақырыппен 
байланысты  материалдарды бекіту; 
білім мен іскерлікті жалпылау және жүйелеу, жаңа алынған материал мен 
оған дейін алынған, қалыптасқан білммен байланысы; 
сабақ қорытындысы мен нәтижесін шығару; 
үйге тапсырма
жаңа тақырыпты оқуға әзірлік. 
 
 
5.4 Кәсіптік оқытудың типтік сабақтары 
Кәсіптік  оқыту  сабақтарын  олардың  типтік  мазмұнына  қарай  топтау 
тиімді.  Осылайша  әрбір  сабақтың  жетекші  дидактикалық  мақсаттары  мен 
міндеттері айқындалады.  
Кәсіптік оқытудың типтік  сабақтары:  
кіріспе;  
еңбек амалдары мен операцияларын оқу мен пысықтауға арналған;  
қарапайым кешенді жұмыстарды орындау бойынша;  
күрделі кешенді жұмыстарды орындау бойынша;  
бақылау - тексеру.  
Кәсіптік  оқыту  сабақтарының  негізгі  типтерінің  сипаттамалары  мен 
мақсаттары кестеде келтірілген.
  
К
есте
   Кәсіптік оқыту сабақтарының негізгі типтері  
 
Сабақ типі 
Мазмұнының сипаты мен мақсаттары 
Кіріспе 
Оқушыларды  мамандықпен  таныстыру,  істелінетін  жұмыс 
сипатымен,  мазмұнымен,  оқу  шеберханасында  және  оқу 
орнында 
өзін-өзі 
ұстау 
ережелерімен, 
қауіпсіздік 
ережелерімен таныстыру  
Еңбек  амалдарын 
оқу 
мен 
пысықтауға 
арналған 
Оқушыларда  оқылатын  операцияларды  инструкциялық 
ережелермен 
және 
мастердің 
түсініктемелерімен, 
инструкциялық  карта  ұсыныстарына  сәйкес  орындау,  әрі 
сапалы орындаудың алғашқы білімдерін қалыптастыру 
Қарапайым 
кешенді 
жұмыстарды 
орындау бойынша 
Мамандыққа  тән  әртүрлі  еңбек  қағидалары  мен  тәсілдерін 
оқу  шеберханалары  мен  зертханаларында  кешенді  түрде 
орындауда  -  оқушылардың  біліктіліктерін  бекіту  мен 
жетілдіру  
Күрделі 
кешенді  Мамандыққа  тән  алдын-ала  оқылған  технологиялық 

жұмыстарды 
орындау бойынша 
операциялар мен еңбек тәсілдерінен тұратын, оқу өндірістік 
жұмыстарды 
орындауда, 
оқушыларды 
шеберханада, 
зертханаларда,  өндірісте  оқытуда  білім  мен  шеберлікті 
қалыптастыру   
Бақылау-тексеру 
 
 
Соңғы  кезде  кәсіптік  оқыту  сабағының  жаңа  типі  –  бірлескен, 
интеграцияланған түрі кеңінен қолданылуда (оны бинарлы деп те атайды).   Оның 
мәнісі  арнайы  пән  мен  кәсіптік  оқытудың  бір-бірімен  байланысты  материалын 
бірлестіруде.  
Сабақтың бұл түрін арнайы пән оқытушысы және өндірістік оқыту мастері 
бірлесіп жүргізе алады, немесе тек өндірістік оқыту мастері жүргізе алады.  
Сабақтың құрылымы дегеніміз - мастер немесе оқушылардың сабақтың оқу-
өндірістік  міндеттерін  орындауға  бағытталған  іс-әрекетінің  қадамдары,  процесс 
этаптарының реті.  
КО сабақтарының құрылымын қарастырғанда мынаны білген жөн: 
1) КО сабағы құрылымында төмендегілерді ерекшелеген жөн:  
 
кірспе инструктаж;  
 
негізгі  бөлім  –  оқушылардың  жаттығулары  (өз  бетінше  жұмыс)  және 
мастердің ағымдық инструктажы;  
 
оқушылардың қорытынды инструктажы;  
 
оқушылар білімі мен тәжірибесін маңызды ету (актуальдандыру);  
   оқушы әрекетінің бағытты негізін құру;  
 
әрекеттің жаңа тәсілдерін құру;  
 
меңгерілген әрекет тәсілдерін қолдану (бекіту, дамыту, тереңдету);  
 
қорытынды жасау;  
2) ұйымдастыру және дидактикалық құрылымдар бір-бірімен тығыз 
байланысты;  
3) сабақтың ұйымдастыру және дидактикалық құрылымының әрбір 
элементін мастер әрекеті тұрғысынан да, оқушы әрекеті тұрғысынан да 
қарастыру қажет;  
4) сабақтың ұйымдастыру құрылымы әдетте, тұрақты;  

5) сабақтың дидактикалық құрылымы әртүрлі, оқу процесіндегі сабақтың 
мазмұны мен орнына байланысты оның элементтерінің реті мен толықтығ 
сан алуан.  
КО сабақтан тыс формалары 
Оқушыларды өндірісте оқытудағы формалары:  
  оқушыларды оқу бригадалары құрамында оқыту;  
  оқушыларды  квалификациялы  жұмысшылар  бригадалары  құрамында 
оқыту;  
  оқушыларды квалификациялы жұмысшыларға жеке-жеке бекіту.  
Кәсіптік  оқытуда  осы  аталған  формалардан  басқа  ондірістік  топсеруендер 
(экскурсиялар) қолданылады.  
КО үшін оқушылардың үй тапсырмасын орындауы секілді формасы да тән, 
олардың негізгі түрлері:  
 
келесі  сабақта  практикада  қолдануға  қажетті  оқу  материалын  оқулық 
бойынша қайталау;  
 
өз бетінше бақылау материалдарын жүйелеу;  
 
өндірістік-техникалық міндеттерді шешу;  
 
инструкциялық және технологиялық карталарды оқу;  
 
сабақта  орындалатын  жұмыстарға  өз  бетінше  технологиялық  процестер 
құру;  
 
жаңа  жұмыс  орнында  қондырғыға  қызмет  көрсету  үшін  схемалар  мен 
инструкцияларды оқу және т.б.  
Оқушылардың оқу-өндірістік еңбегін ұйымдастыру формалары 
КО оқушылардың оқу-өндірістік еңбегін ұйымдастырудың үш  негізгі түрі 
қолданылады:  
  фронталь-топтық;  
  жеке;  
  бригадалық(звенолық).  
-  Фронталь-топтық  форма  бойынша  оқушылар  біртекті  тапсырма 
орындайды.  Соның  арқасында  мастер  топ  жұмысын    біруақытта  басқара 
алады, жіберілетін қателіктерді топ болып талдайды және т.б.  

-  Оқушы еңбегін жеке ұйымдастыру формасы бойынша оқушылар мазмұны 
және  мақсаты  бойынша  әртүрлі  тапсырма  орындайды.  Жеке  ұйымдастыру 
формасы  «мықты»,  «әлсіз»  оқушылармен  жеке  жұмыс  жүргізу  үшін 
қолданылады.  
 
Бригадалық (звенолық) форма  бойынша оқу тобы сипаты бойынша әртүрлі 
оқу-өндірістік тапсырмалар орындайтын бригадаларға бөлінеді.  
Өзін өзі бақылау сұрақтары 
1.  Сабақтың мақсаттары мен дидактикалық талаптары.  
2.  Сабақтың түрлері. 
3.  Сабақтың құрылымы 
4.  Кәсіптік оқытудың типтік  сабақтары 
 
Тест-тренинг 
1. Сабақтың бес типін ажыратады: жаңа білімді меңгеру сабағы, іскерлік пен 
дағдыны толық жетілдіру мен бекіту сабағы, қайталау мен жалпылау сабағы
бақылау-қайталау сабағы, дәстүрлі сабақтар. Сабақтарды типтендіру неге 
негізделеді? 
А) сабақтағы жетекші әдістің белгісіне қарай;   
В) сабақтың негізгі дидактикалық мақсатына қарай; 
С) баяндалатын тақырыптың сабақ орнына қарай; 
D) өткізілу уақыты мен орнына қарай; 
Е) сабақтың тәрбиелік міндетіне қарай. 
2. Қай кезде бір сабақта топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.  
А) оқытудың фронтальдық-топтық түрі кезінде; 
В) жекешелей оқыту кезінде; 
С) оқытудың бригадалық түрі кезінде
D) жеке меншік оқыту кезінде; 
Е) оқытуды ұйымдастыру кезінде 
3.
 
Сабақ – бұл... 
A) оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы 
B) оқытудағы құрылымдық салалар 
C) оқыту әдісі 
D) оқыту құралдары 
E)  оқытудың тәрбиелеу формасы 

4.  Оқу  материалын  алғашқы  ұғыну  және  қабылдау;  негізгі  түсініктерді,  
зандылықтарды есте қалдырудағы сабақ типі: 
A) жаңа сабақты меңгеру;  
B) іскерлікті жетілдіру; 
C)  қайталау;  
D) бақылау; 
E)  қорытынды 
5.  Келесі  анықтама  қайсы  ұғымға  сәйкес  келеді:  Берілген  жағдайға  қажеттіні 
таңдап  әрі  қолдана  отырып,  оқушының  еңбек  әрекеттерін    саналы  түрде  дұрыс 
орындауға дайындығы. 
А) Білім; 
В) Дағды; 
С) Іскерлік; 
D) Оқыту тәсілі; 
Е) Дұрыс жауабы жоқ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

6  КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ 
 
6.1 Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама 
 
Оқыту  әдісі  -  дидактиканың  ең  басты  құрамды  бөлігінің  бірі.  Оқыту 
әдістері,  білім  берудің  мазмұны  сияқты,  оқытудың  жалпы  мақсаттары  және 
міндеттерімен анықталлады.  
Оқыту  процесінің  нәтижелі  және  сапалы  болуы  оқыту  әдістерін  тиімді 
шығармашылықпен  жүзеге  асыруына  байланысты.  Бүгінгі  күн  шындығы 
оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді.  
Оқыту әдістері туралы әртүрлі анықтамаларға тоқталып өтейік: 
Оқыту  әдістері  дегеніміз  –  оқытушы  мен  оқушылардың  жұмыс  істеу 
әдісі,  оның  арқасында  білім,  іскерлік  дағды  қалыптасып,  оқушылардың 
танымдылығы мен қабілеттілігі артады.   
Оқыту  әдістері  дегеніміз  –  мұғалім  мен  оқушылардың  бірлесе 
жасайтын әрекеті /Г.И.Шукина/.  
Оқыту  әдістері  дегеніміз  –  мұғалім  мен  оқушылардың  өзара 
әрекеттерінің барысында білім алу жолдары /И.Д.Зверев/. 
Оқыту әдістері дегеніміз  – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің 
негізінде  білім,  тәрбие  және  таным  процесін  жетілдіру.  Дегенмен,  осындай 
анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарама-
қайшылық жоқ /Ю.К.Бабанский/.  
Білімдену  процесінің  табысты  болуы  көбіне  қолданылатын  оқу  әдістеріне 
тәуелді.  
Оқу  әдісі  –  білім  игеру  мақсаттарына  қол  жеткізуге  бағытталған  оқытушы 
мен оқушының бірлікті іс -әрекеттік қимыл - тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы 
ұстаздың  оқыту  жұмысы  мен  шәкірттің  оқып-  үйрену  әрекеттерінің  өзара 
байланыстылығы және анайылығы осы оқу әдісінен көрінеді.  
Дидактикада кең қолданым тауып жүрген және бір түсініктер легі –бұл “оқу 
тәсілі” және “оқу ережелері”.  
Оқу  тәсілдері-  оқу  әдісінің  құрамды  бөлігі  немесе  бір  қыры,  яғни  жалпы 
“әдіс”  түсінігіне  байланысты  жалқы  ұғым.  Бұл  екі  ұғымды  өз  алдына  шектеп 
болмайды,  олардың  ара  қатынасы  ауыспалы,  өзгермелі.  Кей  жағдайларда  әдіс 
педагогикалық  міндетті  шешудің  дербес  жолы  есептелсе  және  бір  ықшам  оқу-
тәрбие  мәселесіне  орай-  тәсіл  болуы  мүмкін.  Мысалы,  егер  мұғалім  жаңа 
білімдерді сөздік, ауызша әдіспен (түсіндіру, әңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында 
көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тәсіл ретінде қабылданады. 
Егер  де  көрнекіліктер  білім  игертудің  негізгі  құралы  болып,  солар  негізінде 

оқушылар  жаңа  білім  ақпараттарын  қабылдаса,  онда  көрнекілік  -  әдіс,  ал 
мұғалімнің қалған оқу іс-әрекеттерінің бәрі тәсіл болып есептеледі.  
Сонымен,  әдіс  көптеген  тәсілдерден  құралады,  бірақ  олардың  жәй 
жиынтығын  білдірмейді.  Тәсілдер  арқылы  оқытушы  мен  оқушының  оқу 
жұмыстарын  орындаудағы  өзіндік  ерекшелігі  көрініп,  оқу  субъекттері  іс-
әрекеттеріне даралық сипат береді.  
Оқу  ережелері  (дидиактикалық  ережелер)  –  оқу  процесінің  қалыпты 
педагогикалық  жағдайларында  қандай  және  қайтіп  әрекет  жасау  қажеттігін 
көрсететін нақты ұсыныс.  
Ереже  әрқандай  тәсілдің  сипаттамасы,  норматив  моделі  есебінде 
қолданылады.  Нақты  міндет  шешіміне  пайдаланатын  ережелер  жүйесі  -  әдістің 
норматив-сипаттама моделін құрайды.  
Оқу әдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік 
қатынастар  сипаты  педагогикалық  процестің  мақсаттарына,  мазмұнына,  құрал 
жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске 
келеді.  
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең әулетке тәжірибе өткізу 
ересектер мен балалардың бірлікті іс-әркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл 
дәуірлердегі басты оқу әдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай 
әрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау 
ж.т.б.  үйренді.  Негізгі  оқуды  өзгертпей,  қайта  жасау  (репроедуктив),  (“мендей 
етіп істе”) әдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша әдістер осы қайталай жасау 
әдісінен өз бастауларын алды.  
Мектептердің  ресми  формаларының  ұйымдастырылуы  заманынан  оқудың 
сөздік (ауызша) әдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп 
отырды, оқушылар оны есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға жазудың келуі, 
кітап  баспасының  өркендеуі,  білімді  жария  етуде,  жинақтауда  және  әулеттен 
әулетке  жеткізуде  (код)  таңбаны  пайдалануға  мүмкіндік  берді.  Енді  сөз  негізгі 
ақпарат  ұсыну  құралына  айналып,  ал  кітап  бойынша  оқыту  мұғалім  мен 
оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау әдісі болды.  
Кітап әрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни 
мазмұндағы мәтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды 
оқу  (догматикалық)  әдісі  үрдіске  айналды.  Бұл  әдістің  сәл  жетілген  түрі  сұрақ 
қою, дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды.  
Ұлы  жаңалықтар  ашу  және  ойлап  табу  дәуірінде  бұрын  оқытудың  жалғыз-  ақ 
жолы  болған  сөздік  әдіс  өз  маңызын  жоғалта  бастады.  Өркендеудегі  қоғам 
қажетіне орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни 
оқушыда  белсенділік,  саналылық,  ынталылық  оятуға  бағытталған  әдістер  ене 
бастады. Көрнекі оқу әдісі де кең тарады.  
XІХ-ХХ  ғ.ғ.  шектерінде  сөздік  әдіске  балама  ретінде  бала  қажеттері  мен 
қызығуларын біршама толық ескеретін, оның өзіндік  әрекеттерінің дамуына жол 
ашатын  эвристикалық  (шығармашылдық)  әдіс  маңызды  орын  иелей  бастады. 
“Кітаби”  әдістердің  орнына  “табиғи  ”  әдістер  келді.  Яғни  оқу  шынайы  болмыс, 
қоршаған дүниемен байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың 
практикалық  әдістерін  қажет  ететін  “іс-әрекет  арқылы  оқып-  үйрену”  әдісі 

қызықтыра  бастады.  Мұндай  оқуда  қол  еңбегіне,  еңбекпен  байланысты  іс-
әрекеттерге,  сонымен  бірге  оқушылардың  кітаппен  жұмыс  істеуіне  көп  мән 
беріліп,  балалардың  өз  тәжірибесі  негізінде  дербестік  қабілетін  дамыту  басты 
назарға  алынды.  Шамалап  ізденіс,  зерттеу  әдістері  қалыптасты.  Дегенмен,  білім 
дамуының  әр  кезеңдерінде  қолданымға  келген  әдістердің  қай-қайсысы  да  өз 
бетінше  жеке  қажетті  педагогикалық  нәтижені  қамтамасыз  ете  алмайды.  Оқу 
әдістерінің әрбірі өз алдына әмбебап қызмет атқармайды. Оқу барысында әрқилы 
әдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана тиімді өнімін береді.  
 
6.2 Оқу әдістерін топтастыру  
 
Осы  заманғы  педагогикалық  процесте  қолданылатын  әдістер  саны,  түрі 
орасан  көп.  Осыдан,  оларды  ғылыми  топтастыру  қажеттігі  туындайды.  Бұл  оқу 
әдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мәнділік пен кездейсоқтықты анықтауға 
жәрдемдеседі, оларды мақсатқа орай әрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.  
Қазіргі күнде педагогикада әдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.  
1. Оқу әдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.  
Мұндай топтастыруға байланысты әдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын 
назарға  алады.  Бұл  жағдайда  оқу  мақсатына  қол  жеткізуге  бағытталған  мұғалім 
әрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген әдістер тобына енетіндер:  
- білім жинақтау әдісі;  
- ептілік және дағды қалыптастыру әдісі;  
- білімді қолдану, пайдалану әдісі;  
- білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) әдістері.  
2. Оқу әдістерін білім көзі бойынша топтастыру.  
Тәжірибеде  негізгі  үш  білім  көзі  нақты  танылған:  сөз,  көрнекілік,  іс-
әрекеттік  (практика).  Осыған  орай  ажырататынымыз:  сөздік  әдістер  (білім  көзі 
ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі әдістер (білім көзі- бақылауға 
түскен  заттар,  құбылыстар,  көрнекі  құралдар)  және  іс-әрекеттік  әдістер  (білім 
және ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).  
Оқу  әдістері  жүйесінде  басты  орын  сөздік  әдістерге  беріледі.  Олар-
әңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дәрісбаян (лекция), кітаппен 
жұмыс.  
Әңгімелеу  –  оқу  материалын  тыңдарманға  сипаттама  не  баян  формасында 
монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.  
Түсіндіру  –  бұл  игеруге  қажет  обьект,  құбылыс,  кейбір  ұғымдар 
заңдылықтары  мен  мәнді  қасиеттерін  талқы,  талдау,  мысал  келтіру  жолымен 
дәлелдеп,  оқушы  санасына  енгізу.  Сұхбат  –  оқудың  диалогтық  әдісі:  педагог 
бірізді  сұрақтар  қоя  отырып,  оқушыны  жаңа  материалды  түсіну,  ұғу  деңгейіне 
көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.  
Дәрісбаян  (лекция)  -  көлемді  материалды  монологтық  жолмен  баяндау. 
Дәрісбаянның  басқа  сөздік  әдістерден  өзгешелігі  –  қатаң  құрылымды,  мол 
ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мәнін ашу жүйелікке негізделеді.  
Дәрісбаян  ғылыми-көпшілік  және  академиялық  болып  ажыралады.  Өткен 
материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дәрісбаяндары қолданылады.  

Қазіргі кезеңде дәрісбаян әдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен 
жеке  тақырыптарды  игеруде  оқу  материалын  топтап  ұсыну  (блок)  тәсілін 
пайдалану қажетттігінен туындап отыр.  
Оқу  сөз-жарысы  (дискуссия)  әдіс  ретінде  нақты  проблема  бойынша  пікір 
алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы 
оқушының  ой-пікірі  өзінің  меншікті  шешімі  не  басқа  тұлғалардың  ғылыми  –
теориялық  ұсыныстары  болуы  мүмкін.  Оқу  сөз  –жарысының  басты  қызметі  –
шәкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.  
Сөз  жарыс  жәрдемімен  оған  қатысушылар  жаңа  білімдерді  игереді,  өз 
пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап 
қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді.  
Кітаппен  (оқулықпен)  жұмыс  –  кітап  оқу  сөздік  әдісінің  аса  маңызды 
түрлерінің  бірі.  Бұл  әдістің  тиімділігі  –оқушы  өзіне  қолайлы  жағдайда,  өз 
түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.  
Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:  
конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу 
түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. 
Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы 
жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;  
тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;  
-  реферат  құрастыру  –  тақырып  бойынша  бірнеше  ақпарат  көздеріне  шолу 
беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;  
-  мәтін  жоспарын  жасау  -  мәтінді  бөлімдерге  келтіріп,  әрқайсысына  атама 
беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;  
-  сілтемелер  беру  (цитирование)-  мәтіннен  өзгертілместен  бөліп  алынған 
көшірме.  Сілтемеге  байланысты  қойылатын  талаптар:  әдептілік  болуы, 
мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа 
орыны мен атын, жария жылын, бетін дәл келтіру;  
-  түсініктеме  беру  (аннотация)-  оқылғанның  мәнді  тараптарын  жойып 
алмастан,  қысқа,  ықшам  баяндау  (ауызша  не  жазба);  -  пікір  беру 
(рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша 
не жазба баян.  
анықтама (справка) түзу –ізденіс нәтижесінде жинақталған ақпарат бойынша 
мәлімет.  Анықтамалар  түрі  -  өмірнамалық  дерек,  сандық-  статистикалық, 
жағрапиялық, терминологиялық және т.б.  
-  формальды  –қисынды  модель  жасау  -  оқылғанды  сөз-сүлбе  (схема)  күйінде 
жеткізу;  
тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып, бөлім не түгелдей пән бойынша 
тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау;  
идеялар матрицасын жасау - біртекті заттар, құбылыстар жөнінде келтірілген 
түрлі  авторлар  еңбектеріндегі  салыстырмалы  сипаттамаларда  кесте  формасына 
келтіру;  
пиктографиялық жазба –сөзсіз бейнелеу.  
Білім  көзіне  орай  топтастырудың  және  бір  реті  -  бұл  көрнекілік  әдістер. 
Көрнекі  әдістерді  пайдалану  барысында  ақпараттық  материалды  игеру  оқу 

процесінде  көрнекі  құралдар  сүлбе  (схема),  кесте,  сурет,  модельдер,  приборлар, 
техникалық  құралдарды  тікелей  қолдануға  тәуелді.  Бұлардың  бәрі  оқушының 
сезім  тетіктеріне  ықпал  жасауға  негізделіп,  сөздік  және  практикалық  әдістермен 
бірге пайдаланылады.  
Оқудың  практикалық  әдістері  -  оқушының  іс-әрекетіне,  оқу  қызметтеріне 
негізделеді.  Бұлардың  басты  міндеті  –тәжірибелік  ептіліктер  мен  дағдылар 
қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық және тәжірибелік 
әдістері бірігеді.  
Жаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында 
оқу әрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мәрте қайталаумен орындау.  
Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық және оқу-еңбектік болып ажыралады.  
Ауызша  жаттығулар  оқушылардың  сөйлеу  мәдениетінің,  қисынды  ойлау,  ес, 
зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.  
Жазба  жаттығулардың  басты  міндеті  игерілген  білімді  бекіту  және  олар 
бойынша  қажетті  ептіліктер  мен  дағдыларды  қалыптастырып,  қолдануға 
бейімдеу.  
Оқу-еңбектік  жаттығулар  ерекше  әдістер  тобын  құрайды.  Бұларды 
пайдалану  нәтижесінде  оқушылар  теориялық  біліктерін  еңбек  іс-әрекеттерінде 
қолдануға  үйреніп,  еңбек  құрал-саймандарымен,  лабораториялық  жабдықтармен 
қатынас  жасауға  дағдыланады,  құрастырушылық-техникалық  ептіліктерін 
дамытады. Оқушылардың өзіндік әрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты 
қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.  
Оқу  процесінің  белсенділігін  көтеру,  оқу  тапсырмаларының  сапалы 
орындалуына  түсіндірмелі  жаттығулардың  тиімділігі  орасан.  Бұлардың  мәні  – 
оқушы орындап жатқан әрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі 
көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.  
Лабораториялық  жұмыстар  әдіс  ретінде  оқушылардың  өз  бетінше  арнайы 
приборлар  мен  құралдарды  пайдалана  отырып,  тәжірибе  не  эксперимент 
жүргізуіне  негізделген.  Жұмыс  дара  не  топта  жүргізіледі.  Бұл  әдісті  қолдану 
барысында  оқушылар  жоғары  белсенділік  және  дербестікпен  қатысып,  зерттеу 
істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.  
 
3.  Оқу әдістерін шәкірттердің танымдық әрекеттеріне орай топтастыру  
Танымдық  іс-әрекет  сипаты  оқушының  ойлау  белсенділігінің  деңгейінен 
көрінеді.  Мұндай  топтастыру  тұрғысынан  келесі  әдістер  түрі  ажыралады: 
түсіндірме  –  көрнекілі  (ақпаратты  –  рецептивті,  іштей  түсіну),  қайталай  жасау 
(репрадуктивті),  проблемді  баяндау,  бөлшектеп  ізденіс  (эвристикалы)  және 
зерттеу.  
Түсіндірме  –  көрнекілі  әдістің  мәні  –  оқытушы  әрқилы  құрал-жабдықтар 
көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді 
және есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті дайын білімдерді есте 
қалдыруымен  еленеді,  бірақ  бұл  бейсаналық  деңгейде  де  болып,  ақыл-ой 
белсенділігіне  ешқандайда  әсер  етпеуі  ықтимал.  Осыдан  түсіндірме,  яғни 
ақпаратты- іштей түсіну әдісі әрдайым тиімді бола бермейді.  

Қайта  жасау  (репродуктивті)  әдісте  оқытушы  ақпаратты  дайын  күйінде 
хабарлап,  түсіндіреді,  ал  оқушылар  оны  меңгеріп,  ұстаз  тапсырмасымен  сол 
күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл 
белсенділік талап етілмейді.  
Қайта  жасау  әдісінің,  ақпараттық  іштей  түйсіну  әдісіндегідей  басты 
тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл әдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай 
ауқымды  көлемдегі  білім  қоры  мен  ептіліктерді  түсіндіріп  жеткізуге  мүмкіндік 
береді.  Сабақ  барысындағы  көп  қайталаудан  білім  бекімі  бірқанша  жоғары 
болады.  Бірақ  бұл  әдіс  те  оқушылардың  ой  белсенділігін  көтеруде  өзінің 
тиімсіздігімен байқалады.  
Проблемді оқу әдісі - оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл 
іс-әрекетке  өту  құралы  ретінде  танылады.  Бұл  әдістің  мәні  –  оқытушы  мәселе 
ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын 
көрсетеді.  Оқушылар  дайын  білімдерді,  қорытындыларды  тек  қана  түсініп,  есте 
қалдырумен шектеліп қалмай, дәлелдер қисынына, ой пайымдау тәсіліне бақылау 
қояды.  Мұндай  әдісті  қолдану  барысында  оқушылар  таным  процесінің  тікелей 
қатысушысы  болмағанымен,  мұғалімнің  ой  топшылауларына  зер  сала  отырып, 
өздеріде проблема шешуге үйреніп барады.  
Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны - бұл бөлшектеп 
ізденіс  (эвристикалық)  әдісі.  Бұл  әдіске  байланысты  оқушылар  күрделі  оқу 
проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, 
оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады.  
Оқытушы мұндайда оқушының ізденіс әрекетіндегі әр қадамына назар сала 
отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді.  
Оқудың зерттеу әдісі – оқушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне 
басты  назар  аударады.  Бұл  әдісті  қолданудағы  басты  мақсат-  оқушының  білім 
игерудегі  саналылығын  көтеру,  құбылыстар  мен  оқиғаларды  нақты  күйінде 
қабылдамай,  олардың  мән-мағынасына  тереңдей  ұғынуға  үйрету,  қорытындылар 
жасауға  баулып,  игерген  білім,  ептілік  және  дағдыларын  тұрмыста  қолдануға 
жаттықтыру.  
Бұл әдістің бір кемшілігі – көп уақыт жұмсауды талап етеді.  
Жоғарыда  аталған  дәстүрлі  әдістерінің  бәрі  оқушының  таңдау,  есте  қалдыру, 
мұғалімнің айтқанын қайталау  әрекеттерін дамытуға бағытталып, шын мәніндегі 
шығармашыл  еңбек,  белсенді  таным  мүмкіндіктерін  өрбітуде  тиімсіздік 
танытады. Бұл кемшілікті белсенді және жедел  әдістермен толықтыруға болады. 
Оқудың  белсенді  әдістері  –  оқушы  іс-әрекетіне  өнімділік,  шығармашыл- 
жасампаздық  және  ізденісті  -  зерттеу  сипатын  беретін  жол-жобалар  тобы.  Оқу 
танымдық процесте шәкірт белсенділігін көтеруге дидактикалық ойындар, нақты 
ситуатцияларды  талдау,  іскерлік  ойындар,  проблемді  мәселелерді  шешу, 
алгоритм  бойынша  оқу,  ақыл  шабуылы  (“мазговая  атака”),  жеке  ұғымдармен 
жұмыс істеу.  
Жедел  әдістер  –  қысқа  уақыт  аралығында  оқу  сеанстарына  ұзақтай  ендіру 
жолымен  көзделген  іс-әрекетке  үйретуде  қолданылады  (шомдыру  әдісі).  Бұл 
әдістер  бизнес,  маркетинг,  шет  ел  тілдерін,  практикалық  психология  мен 
педагогиканы оқытуда кең қолданылуда.  

Қазіргі уақыттары жалпы педагогикада теориялық негізін тауып, оқу-тәрбие 
процесіне  еніп  жатқан  бұрын  соңды  естімеген  әдістер  тобын  келтіруге  болады: 
суггестопедия  -  иландыру  жолымен  оқыту;  гипнопедия  –ұйқыда  оқыту; 
фармакопедия  -  дәрі-дәрмек  қолданып  оқыту.  Бұл  әдістердің  бәрі  адамның 
табиғатындағы,  ішкі  мүмкіндіктеріне  қозғау  салып  оқытуға  бағытталған. 
Сонымен,  әдіс  көп,  оның  топтастырылуы  да  сан  қилы,  әрқайсысы  өз  алдына 
тиімді де, кемшілігі де жоқ емес.Осынысына көз жібере отырып, зерделі ұстаз оқу 
мақсатына,  мазмұнына,  алдындағы  оқу  субъектіне  сай  келетін  нақты  әдіс 
таңдайды, оны қолданудың жолдарына мән береді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет