Шыдамдылық деңгейін бағалау. Білімгерлердің жеңіл атлетиканың
осы түрі бойынша шыдамдылықтарын бағалау үшін Купердің 6 минуттық
жүгіру тестін пайдалануға болады. Мұның қолайлылығы – ол жүгіріп
өткен қашықтық бойынша да және жүгіру уақыты бойынша да баға
шығаруға мүмкіндік жасайды. Мәселен, оқушыға «қанағаттанарлық» баға
қою үшін ол 6 минутта 1330 метр жүгіруі тиіс, «жақсы» баға – 1430 метрге
және «өте жақсы» - 1530 метр үшін қойылады, ал қыздар нормативтері
басқаша, тиісінше: 1120 метр – «қанағаттанарлық» 1180 метр - «жақсы»
және 1240 «өте жақсы» .
Немесе: егер білімгер 1450 метрді 6 мин. 40 секундта жүгіріп өтсе,
онда «қанағаттанарлық» баға алады, 6 мин. - «жақсы» және 5 мин. 20
секунд - «өте жақсы»; ал қыздар 1150 метрді 6 мин. 40 секундта жүгіріп
өтсе, онда «қанағаттанарлық» қойылады, 6 мин. - «жақсы» және 5 мин. 20
секунд - «өте жақсы».
|