Әлеуметтік бағыт баланың әлеуметтік дәрежесінен туындайды. Бұл жұмыс баланы балалар үйіне
орналастырған сәттен басталады. Баланың әлеуметтік даму дәрежесін даму дәрежесін айқындау үшін
әлеуметтік біліктілігін, дағдыларын анықтайтын диагностикалық зерттеу баламен алғаш сұхбат жүр-
гізуден басталады.
Бұл бағыттағы маңызды жұмыстардың бірі кәмелетке жетпеген тәрбиеленушілердің әлеуемттік-
құқықтық қорғауы болып та табылады; Тәрбиеленушілердің үй-тұрмыстық және т.б. құқықтары мен
қызығушылықтары; балалардың қорына қаржының түсуін қадағалау (зейнетақы, алимент, дивиден
т.б.) олардың ата-анасы, туысқандары мен аға-қарындастарына іздеу салу, туыстық қарым-қатынас-
тарды жандандыру, туыстарына балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаға деген жауапкершілік сезі-
мін қалыптастыру. Сонымен қатар, әлеуметтік бағыттағы іс-әрекет бітіріп кеткен тәрбиеленушілер-
мен 3 жыл кӛлемінде байланыс жасап отыруды қарастырады. Олардың арасын жалғастырушы ретін-
де түрлі постинтернат бағытындаы мекемелер жұмыс істейді.
Ал, педагогикалық бағыт бір-бірімен байланысқан бірнеше аспектілерді құрайды. Бұл бағытта
тәрбиешінің індетіне тәрбиешінің міндетіне тәрбиеленушілердің мектепке алған білімін нығайту,
оның теориялық және практикалық білімін кеңейту, оқу материалымен жұмыс істеуде ӛз бетімен
жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, ақыл-оймен жұмыс жасайтын үлкен ұжымдағы мәдениетті
үйрету (тыныштық сақтау, жолдастарына жұмыс уақытында әр түрлі сұрақтар қоймау); ӛз уақытын
ұтымды пайдалануға, сондай-ақ, тәрбиеленушінің ӛз жұмыс уақытын жоспарлай алуға, ӛзіне-ӛзі
бақылау жасауға, қиындықтарды ӛз бетінше жеңе білуге, балалардың ӛзін-ӛзі басқару және бос
уақыттарын ұйымдастыруға үлкен кӛңіл бӛлуге негізделген. Балалар үйіндегі педагогикалық бағыт
іс-әрекетін жүзеге асыруда алғашқы балалар ұжымын ұйымдастырудың маңызы зор.
Балалар үйі, мектеп-интернаттағы әлеуметтік-психологиялық бағыттағы жұмыс ғылыми-зерт-
теулер және практика кӛрсеткендей, ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың психологиялық
дамуында болатын кӛптеген ауытқулар, кӛңіл-күйлері мен эмоцияларының бұзылуы, ӛзін-ӛзі тану
мәселелеріне бағытталады. Мекемелердегі балалар мен педагогикалық қызметкерлерге кеңес беру
және профилактикалық жұмыстармен психологиялық жағынан қамтамасыз ету психологиялық жағы-
нан қамтамасыз ету психологиялық қызмет немесе педагог-психолог арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |