Тҥзету-дамыту бағыты. Интернат типтес мекемелердегі балалар дамуында әртүрлі: денсаулығы
нашар, психикалық дамуында тежелуі бар, тілі дұрыс дамымаған, балалар үйіне түскенге дейінгі
девиантты мінез-құлқы және т.б. кӛптеген қиын мәселелер кездеседі. Сондықтан, балалар үйіндегі
барлық іс -әрекет түзету бағытында болады.
Барлық түзету-дамыту жұмысы екі негізгі бағытта жүреді: балалар мекемесіндегі ӛмірді ұйымдас-
тыру және баланың жеке қажеттілігіне қатысты арнайы шаралар ұйымдастыру. Балалармен жеке
түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу тӛмендегідей: дене және психикалық денсаулығы, неврология-
лық кӛріністер, әлеуметтік бейімделмеушілік, мектептік бейімделмеушілік, тіл дамуы және т.б. кӛр-
сеткіштерді анықтап алуымыз қажет.
Осы кӛрсеткіштер негізінде түзету-дамыту жұмыстарын қажет ететін балалар категориясы аңықта-
лады. Бұл бірқатар оқу бағдарламаларын меңгере алмайтын, балалар ұжымына бейімделуі қиын, ден-
саулығы нашар, эмоциялық-еріктік аймақтарының дамуында бұзылуы бар балалар.
Достарыңызбен бөлісу: |