Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков


Резюме  В статье рассматриваются особенности психолого-педагогической работы с детьми сиротами.     Summary



Pdf көрінісі
бет62/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Резюме 
В статье рассматриваются особенности психолого-педагогической работы с детьми сиротами.  
 
Summary 
The features of psychological and pedagogical work with orphan children are considered by author. 
 
ҦЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ 
ЖЕТІЛДІРУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҦРАЛЫ 
 
С.А. Абилдабеков, Ж.Б. Спанов, А.А. Сегізбаев – Дене мәдениеті және 
Бастапқы әскери дайындық факультеті, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Қазақ халқының ұлттық ойындары алуан түрлі, сан қырлы, мазмұнға бай, адам баласының сәбилік 
шағынан бастап, бүкіл ӛмірін тұтас қамтуға негізделіп жасалған. Бүл мемлекеттік тәрбие беру меке-
мелері жалпақ елге жайылмай түрған кезде, халық жасаған барлық мәдени істерді ӛз бойына жинақ-
тап,  кайта  халыкка  беру  мәселесін  шешіп  отыру  үшін,  әдейі  ӛмірге  келгендей  әсер  береді.  Ӛйткені 
ұлт ойындары балалардың жас ерекшеліктеріне орайластырып жасалғандай. Баланың сәби шағынан 
бастап ер жетіп, азамат санатына косылғанға дейінгі ӛмірін қамтып қана қоймайды. Адамның бүкіл 
ӛмір бойғы жан  серігіне айналады. Атап айтқанда, дүниеге жаңа келген нӛрестеден бастап, ер жетіп, 
етек-жеңін жинағанға дейін ойын арқылы тәрбие алады. Жігіттік шағында байсалды ұлт ойындарына 
қатынасып, жарыс аренасына шығады. Одан кейінгі жігіт ағасы жасында, ойынды үйымдастырушы 
ретінде.  Келесі  кезеңде  сол  халық  дәстүріне  ӛз  ұрпағын  тәрбиелеуші,  баулушы,  ақылшы-кеңесші 
ретінде де, сондай-ақ кӛрермен ретінде де қатынасады. Қай халыктың болмасын ұлттық ойындарына 
тән негізгі ортақ қасиет – дидактикалық негізі, кӛздейтін мақсат жас ұрпақты  – ӛз ортасының салт-
санасы, әдет-ғүрыпы мен дәстүріне сай, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты білім беріп тәр-
биелеу. Олай болса, әр ұлт ойындарының бойында педагогикалық әлеуметтік негіз бар. 
Ұлт ойындарының әрқайсысына тән қасиет, кӛздейтін негізгі мақсат – адамға әсер ету, оған қор-
шаған  орта  туралы  мағлұмат  беріп,  ықпал  ету.  Әр  ұлт  ойынының  бойында  адамға  білімге,  білуге, 
үйренуге, ӛмірді танып білуге деген ынтаны оятатын, ұжымға деген ынтымак, жолдасқа деген ілти-
пат, сыйластык, тіл табысу, басқалармен санаса білу т.б. ӛмірге аса қажетті адамгершілік негіздерін 
қалыптастыру секілді дидактикалық негіз, тұтас педагогикалық процесс, іргелі идея бар. 
Осы күнге дейін бағзы біреулер ойын десе, күлкіні, сайқы-мазақты, жеңіл-желпі кӛңіл кӛтеруді кӛз 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
67 
алдына елестетеді. Дәл осылай ойлағанның ӛзіңде де ойын ӛз дегеніне жетіп, әлеуметтік-педагогика-
лық бір мақсатты кӛздеп, тәрбие құралы қызметін атқаратыны анық. 
Кеңестер одағының құлап, тоталитарлық құрылыстың ыдырауына байланысты, еліміздің еркіндік 
алуы, ел ӛмірінің барлық саласына айтарлықтай жаңалықтар әкелді. Ендігі жерде еткен ӛміріміз бен 
ӛнерімізге жаңаша қарап, ұрпақ тәрбиесін халкымыздың ежелгі арманы болып келген, ӛз халқының 
мүддесіне сай қайта қүруға мүмкіншілік алды. Бүгінде оқу орындарының алдында түрған негізгі мақ-
сат  –  заманымызға  сай  ұлттық  мүддені  кӛздейтін,  отанын  сүйе  білетін,  қазақстандық  патриотизмді 
тәрбиелеу  оны  ӛмірдің  ӛзі  талап  етіп  отырғандай  етіп  күн  тәртібіне  қою.  Оқу-тәрбие  жүмысының 
негізі  идеялық  арқауына  айландыру  міндеті  тұр. Бұл  міндетті  орыңдауда  әлеуметтік-педагогикалық 
идеяларды іс жүзіне асыруда негізгі кӛмекші болатын ұлт ойындары екендігі дау туғыза қоймас. 
Қазақстан Республикасы Конститутциясының негізгі заңының бірінші бабының екінші тармағын-
да: "Республика қызметінің  түбегейлі  принциптері: қоғамдық  татулық  пен  саяси  тұрақтылық; бүкіл 
халықтың  игілігін  кӛздейтін  экономикалық  даму;  Қазақстандық  патриотизм;  мемлекет  ӛмірінің  аса 
маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе 
парламенттік дауыс беру арқылы шешу" – деп кӛрсеткен. 
Ата заңымыз Конститутцияда атап кӛрсетілген тақырыптарды іс жүзіне асырып, ӛмірге енгізудегі 
негізгі тірек – оқу, ағарту орындары. Соның ішінде ең бастысы – жалпыға бірдей білім беретін мек-
тептер. Елбасы, Президентінің Қазақстан халқының алдына қойып отырған "Қазақстан-2030" бағдар-
ламасында "...біздің ұрпақтың, келер ұрпақтың алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайты-
ғын" атап кӛрсеткен. 
Осы  талаптарды  іс  жүзіне  асыратын,  бүгінгі  ғылыми  негізде  білім  беруді  ұйымдастыру  міндеті 
жүктеліп  отырған  оқу  орындарының  жүгі  аз  емес.  Сондықтан  бүгінгі  күні  педагогика  ғылымының 
алдында зор міндеттер күтіп тұр. Ол міндеттер ғасырлар бойы бостандықтың бұғауында болып, ата-
бабалар  жасаған  асыл  мұра,  ұлттық  негізден  айырылуға  айналған  ұрпаққа,  сол  жоғалтқан  ӛзіндік 
негіздерді  қайтара  отырып,  бүгінгі  күн  талаптарына  сай  ғылым  негіздерін  олардың  бойына  сіңіру 
болып табылады. Еліміздің ӛз алдына егеменді ел болуына байланысты мектептердегі тұтас педагоги-
калық процестерді жетілдіру мақсатында. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалык жағдайын жақсар-
ту  қолдарынан  келетін,  ел  мүддесіне  еңбек  ететін  жастарды  ӛмір  талабына  сай  тәрбиелеу  мәселесі 
күн тәртібіне қойылды. Осы мақсаттарға сай "Білім беру Заңы", "Жоғары білім беру Заңы туралы", 
"Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру туралы тұжырымдамасы" сияқты аса қажетті 
құжаттар ӛмірге келді. 
Сол секілді педагогикалық ілімді алға қарай дамыту мәселесі Республикада қарқынмен іске асуда. 
Бұл салада жаңа зерттеулер жүргізілді, кӛптеген докторлық диссертациялар қорғалды. Республикада 
жалпыға  бірдей  білім  беретін  мектептерден  бастап,  жоғары  оқу  орындарында  педагогикалық  кадр-
ларды  бугінгі  күннің  талаптарына  сай  әзірлеу  мәселесіне  кӛп  кӛңіл  бӛлінуде.  Солардың  кагарында 
Адамбеков Қ.І., Бейсенбаева А.А., Ахметов К., Нүрғалиева Г.К., Сабиров I.С., Исаева З.А. т.б. зерттеу-
лері  бар.  Кӛптеген  ғалымдардың  еңбегі  жастарды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  қыр-сырын  зерттеуге 
арналған  еңбектерден  тұрады.  Балалар  ұжымы  арқылы  жеке  тұлғаларды  тәрбилеудің  барысында, 
әсіресе, дене шынықтыру, спорт пәндерінің ролін ашып беретін Баженов В.Т., Ким В.А., Керимов Л.К., 
Трифонов В.В., Уманов Г.А. еңбектерін атап айтуға болады. 
Тұтас  педагогикалық  процестің  негіздері  мен  жалпыға  білім  беретін  мектептердегі  оны  жүргізу 
жолдары  мен  басқару  процестерін  және  педагогикалық  процесті  басқарудың  ерекшеліктері  туралы 
жан-жақты зерттеулер жүргізген Н.Д. Хмельдің еңбектерін атап ӛткен жӛн. 
Ұлт  ойындарын  тәрбие  жұмысына  пайдалану  туралы  зерттеуде  Анаркулов  Х.Ф., Таникеев  М.Т., 
Қуанышев Т.Ш., Тулегенов Ж.Т., Турсунов Н.Т. т.б. жастарды моральдық жағынан қалыптастырудың 
ерік-жігерін ұштап, адамгершілік негіздерін шындауды қажетті тәрбие құралы деп бағалайды. 
Алайда, кӛптеген авторлар ӛз зерттеулерінде, ойынды халық педагогикасының бір саласы ретінде 
ала отырып, оны тек тәрбие құралы ретіңде ғана қарастыруды ӛздерінің басты міндеттері ретінде кӛр-
сететіндіктерін айта отыруды жӛн кӛрдік. Ұлт ойындарын, жалпы ойын атаулыны, тек тәрбие құралы 
бӛліп алып қарау, біржақтылыққа апарып соғатынын ескерген жӛн. 
Біздің пікірімізше, ұлт ойындары-кешендік тәрбиенің, тұтас педагогикалық процестің таптырмай-
тын  құралы.  Осы  идеяларды  басшылыққа  ала  отырып,  біз  алғашқы  зерттеулеріміздің  ӛзінде-ақ  ұлт 
ойындарын кеңестік кеңістіктің аумағында тұңғыш рет ана тілі математика сабақтарының барысында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет