Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г.
68
дидактикалык материал ретінде пайдалануды ұсындық. Оны нақты материалдармен бекіттік. Атап
айтқанда, ұлт ойындарын қазак тілі, математика пәндерінде жӛне сыныптан тыс тәрбие жүмыстарын-
да: сабақ аралық үзілістерде, ертеңгіліктер мен кештерде және ұзартылған күн топтарында пайдала-
нудың нақты жолдарын кӛрсеткенбіз. Мұны тәптіштей айтуымыздың себебі: біздің осы жұмыстары-
мыздың байыбына бармаған зерттеушілер, ӛз ойларына ӛздері иланып, ұлт ойындарын тек дене
шынықтыру сабақтарына пайдалану туралы ғана сӛз етіп, осы бағытта жұмыс істеп жүргендердің
тізіміне тіркей береді. Қарапайым кӛзбен қарағанда, ойын деген атынан кӛрініп түрғандай, ол дене
шынықтыру пәніне кӛбірек жанасатыны белгілі. Алайда ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай,
ойынның ӛзінше бір ерекше мағыналары болған. Олай болса, барлық ұлттардың ойындарын бір үлгі-
ге салып пішуге болмайтынын біз жоғарыда айтқанбыз. Оның ӛмірге келуі әр халықтың ӛзіндік әлеу-
меттік-экономикалық ерекшелігіне, түсінігіне, материалдық мүмкіншілігі мен наным-сеніміне байла-
нысты. Сондықтан "идеялық ӛндіріс, түсіну, сана әуел баста адамдардың материалдық іс-әрекетінен
ӛмірінің ақиқат тілі".
Қазақтың ұлттық ойындары – адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің шыңдалып ӛсуі-
не жан-жақты әсер ететін әмбебап құрал. Ол ӛзін-ӛзі тәрбиелеп, ӛзіне-ӛзі білім берудің бүгінгі біртұ-
тас педагогикалық талаптарға сай келетін дидактикалық негізге бай педагогикалық-әлеуметтік ахуал-
ды байыта түсетін оқу-тәрбие құралы.
Ұлт ойыңдарының бойында тұтас педагогикалық процестің негіздері бар. Тұтас педагогикалық
процестің құрамына – оқу, оқыту, білім беру, тәрбие, даму процестерінің табиғи бірлігі – жатады. Ал
ұлт ойындарының бойына – ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиесінің негіздері
сіңіскен. Сондықтан ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық негіздері туралы сӛз еткенде оның
дидактикалық негіздері туралы сӛз айтпай ӛтуге болмайды. Дидактика – оқу теориясы ретінде "нені
оқыту керек", "қалай оқыту керек" деген сұрақтарға дәйекті жауап беруді іздейді. Оқу-оқушының іс-
әрекеті болса, оқыту екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеті-
нен тұратын күрделі процесс. Оқушы білім алуға, оның қажеттігіне түсінбейінше оқытушы ӛз мінде-
тін дәйекті түрде атқаруы қиын. Олай болса, оқытушы ең алдымен оқудың мотивін оқушының анық
ойын түсініп білуіне жол ашуы керек. Ал мотив белгілі бір әрекеттің мақсаттылығы, соған итерме-
лейтін, бағыттайтын қозғаушы күш. Оқудағы оқушы мақсаты – білу, құбылыс пен уақиғаның сырын
білуге ұмтылу. Сондықтан оқыту – оқушы мен оқытушының іс-әрекеті болғанымен, кӛп жағдайда
абстракциялық рӛл атқарады. Егер оқушы оқу мотивін анық, айқын түсінген болса, оқушы мен оқы-
тушының бірлескен іс-әрекеті оң нәтижесін береді.
Қазақтың ұлттық ойындарын ұзақ жылдар зерттеп, тәжірибеде қолданып, ғылыми еңбектер жазу-
мыздың барысы біздің ұлттық ойындарға деген кӛзқарасымызды айқыңдап, адам баласының адам
тәрбиесіне арнайы жасаған дүниелерінің ішінде, оның кӛп қырлы жан-жақты, алуан салалы тәрбие
құралы екендігіне кӛзімізді әбден жеткіздік. Олай болса егеменді елдің жас ұрпағын дара тұлға етіп,
денсаулығын мықты, салауатты ӛмір салтына бағдарлай тәрбиелеуде бүгінгі талапқа сай мектептегі
тұтас педагогикалық процесті жетілдіре түсудің дидактикалық құралы қызметін атқарары сӛзсіз деп
білеміз.
Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік негіздерін бір сӛзбен ашып жеткізуге болмайтын, күр-
делі негіздердің басын құрайды, ұлт ойындарының жастарға берер тәрбиелік негіздерін, олардың
тәжірибедегі қолданыс мүмкіншілігінің пайдалы сыбағалы салмағын есепке ала отырып, біз былайша
топтастыруды ылайық деп таптық. Атап айтқанда: Ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, дене
тәрбиесі, дене саламаттылығы тәрбиесі, салауатты ӛмір салты тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикатық
және ӛнер тәрбиесі патриоттық тәрбие, интернационалдық тәрбие т.б.
Бұлар мектептегі тұтас педагогикалық процесті жетілдіру жеке дара тұлғаны, салауатты ӛмір сал-
тына бағыттайтын жастар бойына дарытатын оқу орындарындағы басқа да дидактикалық құралдар-
мен астасып, ұштасып негізгі мақсатқа лайықты тәрбие жүйесіне үйлесері анық (1-кесте).
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
69
Сонымен бірге қазақтың ұлттық ойындары мектепте оқушыларды даралық тұлға ретінде қалыптасу-
ына, олардың жеке басының жан-жақты ӛсіп-ӛркендеуіне де айтарлықтай әсер ететіндігін кӛрсетеді.
Ұлт ойындары халық педагогикасының құрамды бір бӛлігі ретінде, бүгінгі оқу-тәрбиелік жұмысы-
ның белсенді, кӛкейкесті мәселесін құрап, ӛсіп келе жатқан еркін елдің жас ұрпағын бірлікте, ынты-
мақта, ӛз Отанын сүйе білетін, патриоттық, интернационалдық рухта тәрбиелеуге қызмет етеді.
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. // Қазақстан мұғалімі, 1998, 25 ақпан, – 8 б.
2. Қазақстан Республикасының Заңы. // Қазақстан мұғалімі, 1992, 21 ақпан, – 4 б.
3. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан, 1993, – 32 б.
4. Адамбеков Қ.І. Педагогические основы физического воспитания учащихся. Автореферат на сочинении
уч. степени ДПН. – Алматы: 1995.
5. Құралбекұлы А, Әкімбайұлы С. Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық негіздері. Моногра-
фия. ҚазСТА. – Алматы, 2000 ж. – 295 б.
Достарыңызбен бөлісу: |