Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет47/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   96
Байланысты:
Диссертация

 
7-6С
 

 
Бифидум ортасында: балғын сүт 


70 
қышқылды иісі бар, сорпа бағанасы ұсақталған, ақ түсті тұнба түзеді. Ксилоза, 
галактоза, глюкоза, фруктоза, раффиноза, манноза, тураноза, мальтоза, лактоза, 
сахароза, целлибиоза қанттарын ашытады.Сүт қышқылын өндіреді, казеинді 
гидролизге ұшыратады. 
Оптимальды өсу температурасы 30-40°С. Бифидум ортасында: балғын 
сүт қышқылды иісі бар, сорпа бағанасы ұсақталған, ақ түсті тұнба түседі. pН 
оңтайлы мәні – 7,0, рН-8,3 кезінде де өсе алады. Өсіру уақыты: 48 сағат. 
Оттегіге қатынасы: Микроаэрофил. Сүтте 45
0
С кезінде өсу байқалмайды, 0,4 % 
фенол қосылған кезде де орташа өсу орын алды. 60
0
С температурада 30 мин. 
қыздыруға төзімсіз. 8-12 сағат ішінде сүтті орташа ұйытады, шекті қышқыл 
түзу белсенділігі – 130
0
T. 
Штаммның өміршеңдігінің ең жоғары көрсеткіші 2,6×10
8
КТБ/мл 
құрайды. Қышқыл мен өттің дәйекті әсері кезінде өміршеңдігін (10
4
КТБ/мл) 
сақтайды. 2-6% NaCl әсеріне төзімді, 20% өттің қатысуымен 10
5
КТБ/мл 
өміршеңдік көрсеткіші бар. 
Lb. paracasei
 
8-2М
– Қызылорда облысында үй жағдайында әзірленген 
құрттан бөлініп алынған. Клеткалары грамм оң, орташа ұзындықтағы таяқша 
тәрізді бактериялармен сипатталған. Таяқшалар ұзын тізбекті, жиектері 
дөңгеленген жұмыр. Агарлы қоректік ортада ақ немесе крем тәріздес түсті тегіс 
жиектерімен дөңес дөңгелек колониялармен сипатталады. Сұйық қоректік 
орталарда жеке өскен колониялардың ұзартылған формасы бар. 
Тығыз МРС қоректік ортасында шеті тегіс, ақ немесе ақшыл түсті 
дөңгелек дөңес колониялар түзеді. Сұйық қоректік ортадағы жеке өскен 
колониялар ұзын пішінді. Рибоза, целлобиоза, фруктоза, галактоза, глюкоза, 
лактоза, мальтоза, манноза, арабиноза қанттарын ферменттейді. Сорбитті, 
ксилозаны, раффинозаны мүлдем ыдыратпайды. Сірке суы және L-сүт 
қышқылын өндіреді, казеинді гидролизге ұшыратады. 
Өсіру температурасы 34-40°С кең диапазонында өзгеріп отырады. 
Культивирлену уақыты: 48 сағат. Оттегіге қатынасы: факультативті анаэроб. 
Сүтте жақсы өседі. 0,4% фенол қосылған сүтте өсе алады, 60
0
С температурада 
30 мин. қыздыруға төзімді. Сүтті біркелкі қойыртпақ түзу арқылы 9 сағат 
ішінде ұйытады. Шекті қышқылдығы (сүтте 5-7 тәулік дамығаннан кейін)
240
0
Т жетеді. 
Штаммның өміршеңдігінің ең жоғарғы көрсеткіші 9,2×10
7
КТБ/мл 
құрайды. Қышқыл мен өттің дәйекті әсері кезінде өміршеңдігін (10
4
КТБ/мл) 
сақтайды. 2-6% NaCl әсеріне төзімді, 20% өттің қатысуымен 10
5
КТБ/мл 
өміршеңдік көрсеткіші бар.
Кейінге қалдырылған антагонизм әдісімен зерттелген антагонистік 
белсенділік мм: 
S. aureus
үшін – 25, 
E. Coli
үшін – 22 құрайды. 
Lb. brevis
8-6 M
– Қызылорда облысында үй жағдайында әзірленген 
құрттан бөлініп алынған. Клеткалары жұмыр дөңгеленген жиекті, 
қозғалмайтын, диаметрі 0,7-1x2-4мm бірден немесе қысқа тізбек түрінде. Қатты 
қоректік ортада көлемі шағын 2-5 мм тұтас тегіс және жылтыр немесе 
пигментсіз түссіз колониялармен сипатталады. Сұйық қоректік ортада пленка 
түзбей үлдірсіз өседі.


71 
МРС-1 қоректік ортасында балғын сүт қышқылды иісі бар, сорпа 
бағанасы бұлыңғыр, ақ түсті тұнба түседі. Арабиноза, целлибиоза, фруктоза, 
галактоза, лактоза, мальтоза, мелибиоза, манноза, раффиноза, глюкоза,салицин
қанттарын 
ферменттейді. 
Сахароза, 
сорбит, 
раффинозаны 
мүлдем 
ферменттемейді. Сүт қышқылын өндіреді, казеинді гидролиздейді. pН оңтайлы 
мәні 5,5-5,8 тең, рН - 8,3 кезінде өсу болмады. Өсіру уақыты: 48 сағат. Оттегіге 
қатынасы: Микроаэрофил. Сүтте 15
0
С, 40
0
С, 45
0
С температура кезінде өсу 
байқалады, 0,4% фенол қосылған сүтте өсе алады, 60
0
С температурада 30 мин. 
қыздыруға төзімді. Сүтті біркелкі қойыртпақ түзу арқылы 6-8 сағат ішінде 
ұйытады. Шекті қышқылдығы (сүтте 5-7 тәулік дамығаннан кейін) 180
0
Т 
жетеді. 
Штаммның өміршеңдігінің ең жоғары көрсеткіші 2,0×10
7
КТБ/ мл 
құрайды. Қышқыл мен өттің дәйекті әсері кезінде өміршеңдігін (10
4
КТБ/мл) 
сақтайды. 2-6% NaCl ерітіндісімен әрекетке төзімді, 20% өт қатысуымен 
10
5
КТБ/мл өміршеңдік көрсеткіші бар. 
C. pyogenes
-15, ішек таяқшасы – 20, 
Salm. typhimurium-
10, 
Ser. marcescens
-4 мм антагонистік белсенділікке ие.
Lb. crustorum


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет