Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет50/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96
Байланысты:
Диссертация

Sarcina, Bac.mycoides, St.aureus, E.coli, Proteus, 
Diplococcus, Salmonella
) антагонистік белсенділікке ие (тежеу аймағы 14 мм 
дейін).
Lb. acidophilus 021ch-4
– Алматы облысы, Іле ауданының қымызынан 
бөлініп алынған, көлемі 3,0-3,3 x 0,9 мкм тұйық ұштары бар таяқшалар болып 
табылады және тізбектің пайда болу үрдісі бар. Грамм оң, каталазаға теріс, 
сорғыш, қозғалмайтын. Агардағы макроколониялардың тұтас шеті дөңес, беті 
тегіс, жылтыр, түсі ақ, мөлдір емес.
Тереңдік колониялары мақта, маталы кесек түрінде. Гидролизденген сүтте 
pH 5,5–6,0 шегінде өте жақсы өседі, тұнбамен, сондай-ақ сүт-сарысулық, MRS, 
ашытқы ортада және олардың агаризденген ортада тұнбаны береді. 
Микроаэрофил, факультативті анаэробты. Ең төменгі өсу температурасы – 


75 
20
0
C, оңтайлы – 37-39
0
C, максималды – 45
0
C. 
Сүтті жағымды дәмі мен иіспен тығыз газсыз ұю арқылы 
қышқылдандырады. 16-18 сағаттан кейін оңтайлы температурада ұйытады. 
Белсенді қышқылдық – 125
0
Т. Шекті қышқылдық – 220
0
Т. Минералды азоты 
бар синтетикалық ортада өсуі өте әлсіз. Картоп және сілтілік ортада (МПБ) рН 
8,3 болғанда өспейді. Құрамында 2%, 4% NaCl бар гидролизденген сүтте және 
құрамында 0,4% фенол бар майсыздандырылған сүтте жақсы өседі. 60
0
С 
температурада 30 мин. қыздыруға төзімді. 
Құрамында 20%, 40% өт қосылған гидролизденген сүтте өседі. 
Құрамында 0,01% метилен көгілдір бар сүтте өспейді. Аргининнен аммиакты 
синтездемейді, глюкозаны газ түзусіз ашытады.
Глюкоза, галактоза, маннит, ксилоза, манноза, фруктоза, сорбитті 
ыдыратады. Лактоза, сахароза, мальтоза, раффиноза, салицинді әлсіз 
ферменттейді. Крахмал мен глицеринді қолданбайды. Антагонистік 
белсенділікке ие.
Str.thermophilus
042k-2

грамм оң шар тәрізді бактериялар, қысқа немесе 
ұзын тізбектермен сипатталады. Қозғалмайды, спора және капсула түзбейді. 
Оттегіге қатынасы бойынша: факультативті анаэробты. Каталазаны түзбейді. 
Өсудің оптималды температурасы – 40-45°С, максимальды – 45-50°С. Қатты 
қоректік ортада өсу кезінде түйіршікті құрылымы бар дөңгелек пішінді, кейде 
колония өсуімен беткейлік және тереңдік тұнбаны құрайды. Термофильді 
стрептококктің оңтайлы даму температурасы кезінде сүтті 3,5-6 сағат ішінде 
ұйытып, қаймақ тәрізді консистенцияның тегіс, берік ұйыған қоюлығын түзеді; 
шекті қышқылдығы 110-120°Т. Мальтоза, декстрин және салицинді 
ыдыратпайды. Лактозаны сүт қышқылына дейін ферменттейді. Құрамында 20, 
30 және 40% өт бар гидролизденген сүтте және 0,4% фенолы бар сүтте штамм 
жақсы өсім береді. pН-8,3 кезінде де өсе алады. 60
0
С температурада 30 мин. 
қыздыруға төзімді. 
Ашытқылардың композициясын құру барысында «Микробиоценоз және 
пробиотиктерді құрастыру» зертханасында бөлініп алынған 2 ашытқы 
штаммдары аталмыш зерттеу жұмысында қосымша қолданысқа ие болды. Бұл 2 
ашытқының толық сипаттамасы төменде келтірілді.
T.sphaerica
 
034y
-
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының бір 
тәуліктік қымызынан бөлінген. Клеткасы біршама сопақ, көлемі шамамен 3,2-
5,3 мкм тең. Бүршіктену арқылы көбейеді. Штамм спора және псевдомицелий 
түзбейді. Олар сусло агардың беткейінде жақсы дамиды және дөңгелек, дөңес 
пішінді, шеттері тегіс, ақ түсті, диаметрі 2-5мм болатын күңгірт колонияларды 
түзеді. Сусло, сүт-сарысуында, гидролизденген сүтте және олардың тығыз 
қоректік орталарында, сондай-ақ Сабуро ортасында жақсы өседі. 
 
Тереңдік өсіру кезінде қатты қоректік ортаның түбінде жасымық дәнге 
ұқсайтын сұр-күңгірт колониялар пайда болады. Сұйық қоректік ортада мөлдір 
болып қалады, түбінде шөгінділер пайда болады, ол шайқау кезінде ғана 
лайлануды тудырады. Ең төменгі өсу температурасы – 10
0
С, оңтайлы – 28-30
0
С, 
ең жоғарғы – 42
0
С. pН 3,0-5,0 аралығында жақсы дамиды. Қоректік ортаға 


76 
спиртті немесе ас тұзын 2-5% қосу өсу қарқынын төмендетпейді, керісінше, 8-
9% оларға жойқын әсер етеді. 
10 %, 40 %, 55% сахароза қосылған ет пептон сорпасында өте жақсы өсу 
байқалады. Жалпы қышқылдық 60
0
Т дейін жетеді. Калий нитратын сіңірмейді. 
Штамм майсыздандырылған сиыр сүтін тәулік бойы 28-30
о
С-та ұйытпайды. 
Жалпы қышқылдығы – 40
0
Т. 
Көмірсулардан глюкозаны, лактозаны, сахарозаны, галактозаны, инулинді 
ферменттейді; раффинозаны, арабинозаны әлсіз, мальтозаны, левулезді, 
мелицитозды, целлобиозды, трегалозды, мелибиозды мүлдем ыдыратпайды. 
Органикалық қышқылдардан сорпада сүт және сірке қышқылдары сіңіріледі. 
Тест-бактерияларға қатысты (
Sarcina, Bac.mycoides, St.aureus, E.coli, Proteus, 
Diplococcus, Salmonella
) антагонистік белсенділікке ие (тежеу аймағы 14-25 
мм). 
T.kefir var. kumis
017y 
– қымыз ұйытқысынан бөлінген. Жасушалары 
жұмыртқа тәрізді, сопақ пішінді, олардың көлемі 2,5-7,0 х 3,3-10,2 мкм 
құрайды. Бүршіктену арқылы көбейеді. Тығыз қоректік ортада тереңдікте 
күңгірт түсті жасымық дән түрінде өседі. Сұйық ортаға себілген кезде ашытқы 
24 сағаттан кейін пробирканың қабырғасы бойынша өсу байқалады. Бұл ретте 
орта мөлдір болып қалады, ал түбінде тұнба пайда болады. Ең төменгі өсу 
температурасы – 10
0
С, оңтайлы – 28-30
0
С, ең жоғарғы – 42
0
С. pН 3,0-5,0 
белсенді қышқылдығы шегінде ортада жақсы дамиды. Құрамында 7% астам 
хлорлы натрий бар ортада өсу тоқтатылады. 
10%, 40%, 55% сахароза қосылған ет пептон сорпасында өте жақсы өсім 
байқалады. Жалпы қышқылдық 55-тен 70
0
Т дейін жетеді. Сүт-сарысуының 
қоректік ортасында, гидролизденген сүтте және олардың тығыз орталарында, 
сондай-ақ Сабуро ортасында жақсы өсу байқалады. Ашытқы өсіндісінің 
майсыздандырылған сиыр сүтінде өсуі кезінде тұнба түзіледі, қышқылдығы – 
40
0
Т. Штамм глюкозаны, лактозаны, сахарозаны жақсы ыдыратады; 
галактозаны, раффинозды әлсіз ферменттейді. Мальтоза, левулеза, арабиноза, 
целлобиоза, меллибиозаны мүлдем ферменттемейді. Антагонистік белсенділігі 
өте жоғары. 
Лактобактериялар мен бифидобактериялардың таза өсінділерін бөліп алу 
кезеңдері 1 суретте көрсетілген. Аталмыш ғылыми зерттеу жұмыстары 
нәтижесінде олардың түрлік идентификациясы анықталды. Сонымен қатар 
негізгі биохимиялық қасиеттері зерттеліп, болашақта пробиотикалық өнімдер 
үшін тиімділігі расталды. 


77 
Сурет 1 – Лактобактериялар мен бифидобактериялардың таза өсінділерін 
бөліп алу кезеңдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет