74
көгінің ерітіндісі бар майсыздандырылған сүтті қалпына келтіреді, 60°C
температура кезінде 30 мин. бойы қыздыру теріс әсер етеді. Құрамында 2%, 4%
ас тұзы бар сүт гидролизатында өсімі жақсы, ал құрамында 6,5% ас тұзы
ерітіндісі бар қоректік ортада өспейді. Құрамында 0,4% фенол бар сүтте өсімі
жақсы.
Минералды азоты бар синтетикалық ортада жақсы өседі. Глюкозадан
көмірқышқыл газын, сондай-ақ аргининнен аммиак түзбейді. Глюкоза, лактоза,
фруктоза, мальтоза, арабиноза, сорбит, салицин қосылған ортаны
қышқылдандырады. Сахароза, галактоза, раффинозаны аз ферменттейді.
Маннит, крахмал, глицеринді мүлдем ыдыратпайды. Тест-бактерияларға
қатысты (
Sarcina, Bac.mycoides, St.aureus, Е.coli, Proteus, Diplococcus,
Salmonella
) антагонистік белсенділікке ие (тежеу аймағы 14 мм дейін).
Антибиотиктерге сезімтал.
Lb. acidophilus
018k-3
–
үш тәуліктік қымыздан бөлініп алынған (Алматы
облысы, Кеген ауданы, 2012ж.), ұштары дөңгелектелген тік таяқшалармен
сипатталады, әдетте, 4,0-4,6x0,9 мкм көлеміндегі қысқа тізбектер. Грамм оң,
теріс каталазды, қозғалмайтын, аспорогенді. Агардағы макроколониялары сәл
кедір-бұдырлы жиегімен көтеріңкі, консистенциясы майлы, колонияның беті
тегіс, жылтыр, түсі көгілдір түсті ақ, мөлдір емес. Тереңдік колониялары тегіс,
мақта кесектері түрінде, ақ. Гидролизденген сүтте, сүт сарысуында, MRS,
ашытқы ортада және олардың агаризденген қоректік орталарында жақсы өседі.
Микроаэрофил, факультативті анаэробты. Ең төменгі өсу температурасы –
20
0
C, оңтайлы – 39-41
0
C, ең жоғарғы – 53
0
С.
Желатинді ыдыратпайды. Сүтті жағымды дәмі мен иісі бар ұйынды
түзумен қышқылдандырады. 15 сағат ішінде майсыздандырылған сүтті
ұйытады. Белсенді қышқылдығы – 142
0
Т. Шекті қышқылдығы – 275
0
Т. pН-8,3
кезінде ЕПС өсім байқалмайды. Құрамында 2%, 4% NaCl және құрамында 20%,
40% өт бар гидролизденген сүтте жақсы өседі. Құрамында 0,4% фенол бар
майсыздандырылған сүтте де өсуі жақсы. 60
0
С температурада 30 мин.
қыздыруға төзімді.
Минералды азоты бар синтетикалық ортада жақсы өседі. Картоп қоректік
ортасында өспейді. Глюкозамен, лактозамен, галактозамен, фруктозамен газсыз
ортаны қышқылдандырады. Раффинозаны нашар ферменттейді. Тест-
бактерияларға қатысты (
Достарыңызбен бөлісу: