Алдын-алу.
Табиғи қоректендіру, гипогалактияны ерте анықтап, ұтымды емдеу,
жасына сәйкес дұрыс тамақтандырып, оны кеңейту. Тағамның дәрумендермен жеткілікті
толтырылуы, күтім мен режимді жасына сай ұйымдастыру, рахиттің алдын алудың
маңызы зор, фондық ауруларды ерте анықтау және дұрыс емдеудің орны ерекше. Алдын-
алудың маңызды бөлігі тұрақты деңсаулығын антенатальды корғау болып табылады.
5.2. ГИПОСТАТУРА
Гипостатура – (гр. – hypo – аз (төмен); statura – бойы, мөлшері)
баланың дене
ұзындығы
мен
салмағының
бірдей
деңгейде,
қоректілігінің
(торлануының)
қанағаттанарлығымен қалыс қалуы байқалатын дистрофия.
Этиологиясы.
Торланудың созылмалы бұзылыстарының бұл түрі туа біткен жүрек
ақауларымен, мидың даму ақауларымен, эндокриндік немесе тұқымқуалайтын аурулармен
байланысты. Гипостатура себептерін жойғаннан кейін (егер ол мүмкін болса) балалар дене
дамуында өз құрдастарын қуып жетеді. Сонымен қатар, гипостатура біріншілік
гипотрофияны емдеу кезінің сатысы болуыда мүмкін. Гипотрофиядан сауығу кезінде
теріасты шел майы тезірек жиналады да дене ұзындығы айтарлықтай жәй қалыптасады.
Гипостатураның
патогенезінде
трофикалық
процесстің
нейроэндокриндік
реттелуінің екінші реттегі бұзылыстары негізгі орын алады.
Клиникалық көрінісі.
Бала өзінің физикалық және психомоторлық даму деңгейі
бойынша кішірек жастағы бала сияқты болып көрінеді. Дене ұзындығы жасына сәйкес
тиісті көрсеткіштен төмен болады, ал дене салмағы ұзындығына сәйкес келеді, теріасты
шел майы қанағаттанарлық деңгейде болады. Жүйке жүйесінің дамуы құрдастарынан
қалыс қалады, тістердің шығуы, сүйек тінінің жетілуі («сүйектік» жас) кеш жүреді.
Баланың биологиялық жасы күнтізбелік жастан кем қалады, дене ұзындығы мен
салмағына сәйкес келеді. Бұндай балаларда ІІ-дәрежелі гипотрофияға тән клиникалық
белгілер (терідегі трофикалық бұзылыстар, полигиповитаминоз, диспротеинемия, ішектен
майдың абсорбциясының төмендеуі, қандағы фосфолипидтердің, α-липопротеиттердің
деңгейінің төмендеуі, аминоацидоурия) сақталып қалады.
Ажырату диагнозы.
Гипостатура байқалатын балаларды гипопластик балалардан
(дене ұзындығының өсуінің конституциональды тоқырауы) ажырата білу керек. Оларда
трофиканың бұзылыстары анықталмайды, тіндер тургоры, бұлшық ет тонусы жақсы
болады, нервтік-психикалық даму деңгейі жасына сәйкес келеді, тағамға толеранттылығы
және иммунитет бұзылмаған болып келеді.
Гипостатура байқалатын балаларда әртүрлі нанизмнің болуы мүмкін екендігін естен
шығармау керек:
дене қаңқасының дөрекі бұзылыстары тән болып келетін пропорциональды
емес нанизм (хондриодистрофия, сүйектердің туа біткен сынғыштығы, рахиттің
Д витаминдеріне берік түрлері, ауыр Д витаминге тәуелді рахит)
әдетте, ересек кезеңде байқалатын пропорциональды нанизм (премордиальды,
гипофизарлық, тиреоидты, церебральды, жүректік және басқалар).
Емі.
Гипостатураның емі дистрофияның себебін (біріншілік ауруды) жоюға
бағышталады, емдәм қағидалары ІІ-дәрежелі гипотрофиядағы сықылды болып келеді.
Алдын-алу
гипотрофияның ауыр түрлерінің алдын алу шараларынан, ауыр сомати-
калық және нейроэндокриндік аурулардың алдын алу және оларды қалыптастырудан
тұрады.
5.3. ПАРАТРОФИЯ
Паратрофия –
дене салмағының жетіспеушілігі болмайтын, заттек алмасуының
ауытқулары байқалатын торланудың созылмалы бұзылыстары
. Паратрофияның бірнеше
варианттары бар: дене салмағы мен ұзындығы қалыпты паратрофия, жасқа сәйкес
242
көрсеткіштерінің пропорциональды артуы байқалатын партрофия, дене салмағы шектен
тыс артық паратрофия. Қазіргі кезде торланудың созылмалы бұзылыстарының кең тараған
түрі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |