Жiктелуi.
Ауырлық дәрежесіне сәйкес гипотрофия үш дәрежеге бөледі. Диагнозда
негізгі этиологиясы, қосалқы аурулар, асқынулары көрсетілуі тиіс. Гипотрофияны
біріншілік және екіншілік деп те бөледі. Біріншілігі негізгі диагнозда да, қосалқы болуда
мүмкін. Әдетте, ол тамақ жетіспеушілігінің салдары болады. Екіншілік гипотрофия негізгі
аурудың асқынуы болады. Шет елдік әдебиеттерде гипотрофияның І-ІІ дәрежесін жеңіл
және орташа белок-калориялық (белоктық-энергетикалық) жеткіліксіздігі деп, ал ІІІ-
дәрежесін алиментарлық маразм немесе квашиоркор деп атайды.
Клиникалық көрiнiсi.
Гипотрофияның I-дәрежесiнде
дененiң барлық жерiнде, ең
алдымен іште шел қабаты азаяды. Чулицкаяның толықтық (семiздiк) индексi 10-15-ке тең.
Май қабаты болбыр, тiндер тургоры мен бұлшықет тонусы төмен. Терi мен клегей
239
қабаттың шамалы бозғылтығы, терiнің серпiндiлiгi мен эластикалығының (созылмалығы)
төмендеуi байқалады. Бойы тетелестерiнен қалыспасада, салмағы қалыпты көрсеткіштен
11-20%-ға азаяды. Салмақтың қосу сызығы жазықтау. Баланың жалпы көңіл-күйi
қанағаттанарлық. Психомоторлық дамуы жасына сай, дегенмен ашушаң, мазасыз, тез
шаршап, ұйқысы бұзылады. Лоқсуға, құсып жiберуге бейiм келеді.
ІІ дәрежелі гипотрофияда
тиісті дене ұзындығының аздығы 2-4 см азайған, тиісті
дене салмағының жетіспеушілігі 15-30% құрайды. Бала белсендлігі төмендеп, селқостық,
адинамия, тітіркеншіктік дамиды. Терісі сұр реңді, бозғыл түсті, құрғақ түлеген. Тері
серпінділігі мен тіндер тургоры төмендеген, бұлшықет гипотониясы айқындалады. Іш пен
аяқ-қолдарындағы тері асты шел майы қабаты жұқарған немесе жойылған, бетінде
сақталған болып келеді. Жылу реттелуі бұзылған. Тәбеті төмендеген. Ұйқысы тынышсыз.
Жиі жүрек аритмиясы, тахикардия, гипотония байқалады. Нәжісі тұрақсыз: Іш қату
диспепсиялық нәжіске ауысады. Көмірсуларды шектен тыныс бергенде ұн тәріздес нәжіс
болады: нәжіс көпіршікті, ботқа тәрізді немесе шырыш аралас қорытылмаған крахмал
тұқымдары бар сұйық сипатта болады. Сиыр сүті, сүзбені көп қабылдағанда, ақуызды
нәжіс байқалады: нәжіс әкті-сабынды түрде және қоңыр түсті домалақ түрінде
құрғақтанып, ұсақ үгітіліп шашылады, шірік иіс шығады. Тамаққа тоймауда «аш» нәжіс
пайда болады – нәжіс құрғақ, аз мөлшерде, түссіз, шірік-өткір иісті болады.
ІІІ дәрежелі гипотрофияда
(атрофия) дене салмағының жетісеушілігі 30% артық
болады. Бой ұзындығы жасына сай мөлшерден 7-10 см қалады. Баланың сыртқы келбеті
терімен қапталған қанқаға ұқсайды. Тері асты шел майы қабаты ішінде, денесінде және
аяқ -қолдарында жойылған, бетінде жұқарған немесе мүлдем жоқ болады. Терісі сұр-
бозғылт түсті, құрғақ, аяқ қолдары салқын болып келеді. Тері эластикалық қасиетінен
айырылады (көптеген әжімдер білінеді). Биш кесектерінің (түйіндерінің) жоғалуына
байланысты, беті түсіңкі, қарт тәрізді, әжімді, үшкір болып келеді. Тіндер тургорлары
мүлдем жойылған. Бұлшықет атрофиясы және бүккіштер гипертонусы дамиды, сусыздану
белгілері айқындалады. Шөлдеу, үлкен еңбек пен көз алмасының түсіңкі болуы,
конъюктива мен мүйізді қабаттың құрғақтығы, ауыз қуысының құрғақ, алқызыл кілегей
қабаттары, дене қызуы төмендеген, балалар тез салқындауға бейім келеді. Нәжісі
тұрақсыз. Иммунитет күрт төмендеген, қабыну аурулары дене қызуының көтерілуінсіз
және жиі асқынулармен өтеді. Туа біткен гипотрофияда ОНЖ түрлі бұзылыстары
байқалады. Баланың физикалық дамудың төмен көрсеткіштерімен туылады.
Диагноз қою.
Гипотрофия диагнозын қою мен оның дәрежесін анықтау үшін тері
асты шел майы қабатының қалыңдығы негіз болып табылады.
Емі.
Ем кешенді болуы тиіс және оған жатады:
1) гипотрофия тудырушы факторларды анықтап, оларды түзету немесе жою;
2) емдік тамақтандыру;
3) тиімді режим, күтім, тәрбие, уқалау мен гимнастиканы ұйымдастыру;
4) созылмалы инфекция ошақтарының, қосалқы ауруларды анықтау және оларды емдеу;
5) ферменттік, дәрумендік, белсендіруші және симптоматикалық ем. Емдік тамақтанды-
ру – тиімді емдердің негізі.
Негізгі принципі 2 сатылы ем болып табылады:
1) тағамға толеранттылықты анықтау кезеңі.
2) күшейтілген тамақтандыру кезеңі.
Тағамдық үлкен жүктеме кенеттен және ерте енгізілсе, науқаста диспепсия мен
күйзеліс шақыруы мүмкін. Емдік тамақтандырудың маңызды принциптері келесілер:
1) емнің бастапқы сатыларында тек жеңіл қорытылатын тағам (ана сүті, ол болмаса, бей-
імделген немесе жартылай бейімделген қоспалар, ең дұрысы сүтті – қышқылды
ацифильді «Малютка», «Малыш», «Балбөбек», «Биолакт», «Бифилин» және т.б.);
2) жиірек тамақтандыру;
3) тамақтануға, нәжіске, диурезге, ішкен және парентеральды енгізілген сұйықтық
көлеміне, тұз мөлшеріне адекватты жүйелі бақылау жасау.
240
Тағамға толеранттылықты анықтау І гипотрофияда әдетте 1-3 күн, ІІ дәрежесінде -3-
5 күнге және ІІІ дәрежесінде 7-10 күнге созылады.
І дәрежелі гипотрофияда емдеу басынан бастап тағамның тәуліктік мөлшері
баланың жасына және дене салмағына сәйкес жүргізіледі. ІІ және ІІІ дәрежелі
гипотрофияда сүт немесе қоспаның бастапқы тәуліктік көлемі салмағының 2/3-1/2 бөлігі
есебінен болуы тиіс. Жетіспейтін тағам мөлшері сұйықтықпен (шай, итмұрын тұнбасы,
жеміс шырындары, көкөніс және жеміс қайнтпалары) толтырылады. Баланың жағдайы
жақсарған уақыттан бастап, тағам мөлшерін қалыпты көлемге дейін жеткізеді.
І дәрежелі гипотрофияда тамақтануды есептеу және түзету болуға тиіс салмағының 1
кг-на саналады. ІІ дәрежелі гипотрофияда тәуліктік рациондағы белок пен көмірсу болуға
тиіс (орташа салмаққа немесе шамалап алынған салмақ) салмағының 1 кг-на есептеліп,
май мөлшері қазіргі салмаққа есептеледі. ІІІ дәрежелі гипотрофияда белок пен көмірсу
мөлшері орташа болуға (шамалап алынған салмақ) тиісті салмағының 1 кг-на (қазіргі
салмағы + қазіргі салмақтың 20 %), ал май мөлшері – қазіргі салмаққа есептеледі. Бала
жағдайының қалпына келуі мен салмақ қосудың тұрақтануы кезінде тағам мөлшерін
болуға тиіс салмаққа шағып есептейді. Белок қажеттілігін қамтамасыз ету ақуыздық
қоспалар мен тағамдарды (ақуыздық энпит, айран, ақуыздық сүт, сүзбе, сарыуыз ет
өнімдері); көмірсуларды – қант сиробын, жеміс шырыны мен пюресі, ботқаларды қосу
арқылы, ал майды – май энпиті, қаймақ, өсімдік майы немесе сары майды қосу арқылы
жүзеге асырылады.
Баланың ең тиімді тағам түрі – емшек сүті болып есептеледі, ол болмаса –
бейімделген сүт қоспалары қолданылады. Сүтті-қышқылды тағамдар қабылдаған жөн,
өйткені олар асқорыту сөлінің бөлінуін белсендіріп, дисбактериозды азайтып, тез қоры-
тылу мен сіңірлуге жақсы әсер етеді. Ішек микрофлорасын жақсарту үшін биологиялық
белсенді қоспалар (БАД-1, БАД-2, БАД-1Л) тағайындау қажет. Бірақ, әрбір науқас балаға
диета тағайындау мен, оны кеңейту жеке шешілуі қажет, ол міндетті түрде копрограмма,
дене салмағының қисығы мен қант қисығын ескере отырып, қарастырылады.
І дәрежелі гипотрофиямен ауыратын баланы ауыр қосалқы ауруы мен асқынуы
болмаса, үйде емдеуге болады. ІІ және ІІІ дәрежелі гипотрофияны міндетті түрде
ауруханада емдейді. Науқасты жарық, кең, үнемі желдетілетін бөлмеге жатқызу керек.
Палатадағы ауа температурасы 24-25
о
С төмен болмауы, бірақ 26-27
о
С аспауы керек,
өйткені бала тез салқындап, тез қызып кетеді. Серуендеу ауа температурасы –5
о
С
болғанда рұқсат етіледі. Күз бен қыста серуендеуге аяққа жылытқыш қойылады. Балада
жағымды тонус шақырған жөн, жиірек қолға алу қажет. Қосарланатын инфекцияның
алдын-алу қажет, науқасты оқшай бокске ауыстыру, бокста күнделікті кварцтау жүргізу
керек. Жылы гигиеналық ванналардың (су температурасы 38
о
С) жағымды пайдасы көп.
Уқалау мен гимнастика міндетті түрде жасалуы тиіс.
Гипотрофиямен ауыратын балаларды емдемейді, оларға күтім жасайды деп
есептеледі.
Гипотрофияның емінде, тамаққа толерантығын анықтау кезінде, кеңінен ферменттер
қолданылады. Осы мақсатта абомин, асқазан сөлдері, фестал, мексаза, мезим сияқты
ферменттер қолданылады. Егер копрограммада бейтарап майлар мен майлық қышқылдар
көп болса, қосымша панкреатин, панзинорм, креон беріледі.
Витаминдермен емдеу гипотрофия емінің ажырамас бөлігі. Витаминдер алғаш
парентеральды түрде ішуге тағайындалады. Алғашқы күндері С, В
1
, В
6
, беріледі. Кейіннен
А, РР, В
15
, Е, фолий қышқылы, В
12
витаминдері беріледі.
Организмнің белсенділігін көтеру емінің негізі апилак, дибазол, пентоксил, метацил,
жень-шень, пантокрин және басқалар бірінен соң бірі емдік курс түрінде жүргізіледі.
Белгілеріне сәйкес ем гипотрофияның клиникалық көрінісіне байланысты. Анемия
болса, фолий қышқылы, темір дәрі-дәрмектері және басқа тиімді ем жүргізіледі.
Ультракүлгін, массаж, физиоем пайдалы болып келеді.
241
Достарыңызбен бөлісу: |