256
Ибобруфен екі жақты антипиретикалық – орталықтық жән шеткі – әсер етеді.
Ауруды басу әсері парацетамолға қарағанда, басым. Ибубруфен-суспензияны балаларға
бір ретте 5 мг\кг есебінен тағайындайды.
Балада қызбаның «ақшіл» түрі болса (қалтырау, тері жамылғысының бозғылтануы
және мрамор түстенуі, аяқ-қолының мұздауы) салқындатудың физикалық тәсілдері
қолданылмайды. Ем тамырға әсер ететін дәрілерден басталады: никотин қышқылы – 1
мг\кг; дибазол – 0,1 ммг\кг; но-шпа – 1-2 мг\кг. Аяқ жылып, ыстық сезінуі пайда болғанда,
парацетамол мен ибобруфеннің жасына сәйкес мөлшерлерін тағайындауға болады.
Ішкізген препараттардан пайда болмаса немесе бала құсу байқалатын болса, бұлшық етке
литикалық қоспа енгізеді: дибазол 1% – 0,1 мг\кг; анальгин 50% – 10 мг\кг; пипольфен
2,5% – 0,25 мг/кг. Фебрильді құрысуларды басу үшін бұлшықетке немесе венаға 0,5%
диазепам (седуксен) ертідісін 0,5 мг\кг есебінен жібереді. Осымен бірге дене қызуын
түсіру шараларын жалғастыра береді. Құрысу пайда болған жағдайларда басқа
құрысулардан (гипокальцемиялық, гипогликемиялық, гипербилирубинемиялық, тұқым
қуалайтын арулардағы құрысулар, нейроинфекциялар, эпилепсия және т.б.) ажырату
керек, себебі құрысудың себебін дұрыс анықтау, одан әрі дұрыс ем жасауға және дұрыс
бағытта зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Тіптен бір рет құрысу ұстамасы
байқалған балалардың өзіде невролог маманмен қаралуы керек.
6.1.1.7. А Д Е Н О И Д И Т
Достарыңызбен бөлісу: