Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет149/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Өткінші, организмнің қорғаныс жүйесінде қалып-
тастыруға болатын және оларда тұрақты органикалық өзгерістер болмайтын жоғары 
және төменгі тыныс жолдарының зақымдалуына бейім балаларды жатқызу 
қабылданған.
ЖАБ нозологиялық бірлікте, диагнозда емес. Жасына және әлеуметтік жағдайына 
байланысты бұндай балалар балалар популяциясының 15-75 % құрайды. ЖАБ тобына 
жатқызу жылына байқалатын ауру эпизодтарының жиілігіне және жасына байланысты 
жүргізіледі. 
 
70 КЕСТЕ 
БАЛАЛАРДЫ ЖАБ ТОБЫНА ЖАТҚЫЗУ КРИТЕРИЯЛАРЫ 
(Альбицкий В.Ю., Баранов А.А., 1989) 
Жасы 
ЖРА жиілігі (эпизод\жыл) 
Бір жасқа дейінгі балалар 
3 жасқа дейінгі балалар 
4-5 жас аралығындағы балалар 
5 жастан асқан балалар 
4 рет және оданда көп 
6 рет және оданда көп 
5 рет және оданда көп 
4 рет және оданда көп 
Балалардың жиі респираторлық аурулармен ауру себептерін 2 негізгі топқа бөледі:
Қауіптің эндогенді факторлары:
- баланың анте- және постнатальды кезеңдерде жағымсыз дамуы: шала туылу, 
морфофункциялық жетіспеушілік, гипотрофия, анемия, рахит, ерте жасанды 
тамақтануға ауысу және басқалар; 
- конституцияның лимфатикалық-гипопластикалық және экссудативті-катаральды 
ақаулары; 
- жасына сәйкес арнайы дәнекер тіндердің дисплазиясы; 
- орталық және вегатативті нерв жүйесінің патологиясы; 
- клегейлердің, терінің, ішек- қарын жолдарының, бронх-өкпе жүйесінің дисбиозы; 


258 
- мұрынжұтқыншақ (аденоидит, тонзиллит және басқалар) және ауыз қуысының 
созылмалы инфекция ошақтары; 
- туберкулез микобактерияларымен инфекциялану; 
- біріншілік және екіншілік цилиарлы дискинезия; 
Қауіптің экзогендік факторлары: 
- ЖРА қоздырғыштарының контагиоздығының жоғары болуы; 
-
халықтың салауатты өмірдің маңызын түсінбеуі; 
-
отбасының әлеуметтік жағдайының жағымсыздығы, материалдық және мәдениеттілік 
деңгеінің төмендігі; 
-
отбасында созылмалы инфекциялы ошақтары бар ересектер мен балалардың болуы; 
-
балалардың мектепке дейінгі балалар мекемелеріне ерте баруы; 
-
пассивті шылым шегу
-
тағамында микронутриенттердің тапшы болуы; 
-
иммундық жүйеге йатрагенді әсер ету (антибиотиктерді, дифенинді, салицилаттарды 
және басқаларды жиі және ұзақ қолданғандағы иммуносуприссивті әсер); 
-
экологиялық бұзылыстар. 
-
Ерте жастағы ЖАБ-да алғашқы және екіншілік иммундықтапшылықтың, құрсақішілік 
инфекцияның: муковисцидоз, жүрек ақаулары, бронх және өкпе даму ақаулары, бронх-
өкпе дисплазиясы – бар жоғын анықтау керек. Сонымен қатар ЖАБ деген түсінікпен 
рецидивті обструктивті бронхиттер, аллергиялық респираторлық аурулар, алғашқы ци-
лиарлық жетіспеушіліктері, бронхоэктатикалық аурулар, қант диабеті болуы мүмкін. 
Емі
, ал дұрысында ЖАБ-ды сауықтыру бұл жағдайдың даму экзогендік себептерін 
жойып, эндогендік себептерін жұмсақтап қалыптастырудан тұрады. Ата-аналарын 
слауатты өмірдің қажеттілігіне сендіріп, шылым шегуден бас тартуға, тұрған мекенінің 
жақсартуға, дәстүрлі тамақтану қағидаларын өзгертуге үгіттеу.
Мүмкіндігінше мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кештеу бару. Отбасының 
барлық мүшелеріндегі созылмалы инфекциялық ошақтарыд тазалау. Баланың күн тәртібін 
және келістірілген тамақтануын ұйымдастыру. Шынықтыру. Ауаны тазалайтын және 
аэрроиндардың концентрациясын жоғарлататын құралжабдықтар (аэроионотерапия) 
қолдану. Тиімді витаминотерапия (С, В
1

6
, РР, фоль қышқылы, бетакоротин), 
микроэлементтер тапшылығын (кобальт, маргенец, мырш, мыс, молибден) қалыптастыру. 
Тапшылық жағдайларды, орталық және вегатативті нерв жүйесінің аруларын анықтап, 
емдеу. Балада созылмалы инфекция ошағын микобактерияларымен инфекциялануды 
анықтау және емдеу. Дәрілік заттарды тек қатаң көрсеткішетрі болған жағдайда ғана 
тағайындау. Организмнің инфекцияға қарсы тұру қасиетін артыру үшін қолданылатын 
заттарға адаптагендер мен биогенді стимуляторлар жатады: апиликвирит ( мия қосылған
ара сүті), прополис (ара желімі). Өсімдіктектес адаптагендерге жатады: қызғылт родиола, 
левзей, элеутерококк сығындысы, заманиха, қытай лимонының, аралиидің тұнбасы. 
Пурпурлы эхинацеядан дайындалған тиімді дәрілер: эхинацин, иммунал. Балалар жиі 
респираторлық ауруларының алдын алу үшін бактериялық иммуномодулыторлар 
қолданылады: рибомунил, бронхомунал. 
6.1.3. БАЛАЛАР БРОНХИТТЕРІ 
Балалар бронхиттері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет