Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет144/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Реllаgrе -
рrеvепtіvе 
– пеллаграның алдын алушы) деп аталады. 
РР гиповитаминозына терідегі, ішек-қарындағы және орталық нерв жүйесіндегі 
өзгерістер тән болып келеді. Теріде дерматит байқалады. Оған ашық жерлердегі терінің, 
артынан орны түлейтін қарқынды пигментациясы ерекше тән болып келеді. Ұдайы іші 
өтеді. Тілі ашық қызыл түстеніп, беті тегістеледі (глоссит). Ешнәрсеге ынтасы болмай, 
тұйықтанып, қасындағы адамдарға деген ынтасы жойылады (деменция). Күн тиетін 
жерлерде симметриялы орналасқан эритема («пеллагралық қолғап», «шұлық», «жаға», 
«галстук») пайда болады. Ұрты мен маңдайында қоңырқошқыл пигментация байқалады. 
РР гиповитаминозының ауыр түрлерімен қатар маңдайындағы, мойындағы, 
саусақтарының сыртқы бетіндегі жеңіл пигментациямен білінетін жеңіл түрлері де 
болады. Бұндай жағдайда баланың терісі тазаланып, жуылмаған деген қөзқарас туады. 
Емшек жасындағы балаларда гиповитаминоздың алдын-алу үшін РР витаминін 
тамақпен тиісті мөлшерде беру керек. РР витамині бауырда, ашытқыда, етте, бұршақта, 
жұмыртқа сарысында, балықта, тауықта, қарақұмықта, жасыл өсімдіктерде, көкөністерде, 
жер жаңғағында көп болады.
Емдеу үшін Никотин қышқылы 0,01 - 0,03 г-нан тәулігіне 2 рет беріледі. Айқын 
гиповитаминозда тәулігіне 100 мг беріледі. 
В

витамині (аденин). Бұл витаминнің маңызы толық анықталмаған. Аденин 
нуклеопротеидтердің, әсіресе, клетканың ядросының құрамына кіретін, синтезделуіне 
қажет деп есептелінеді. В
4
витамині ет пен балықта көп болады. В
4
витаминінің 
жетіспеушілігінің клиникалық белгілері суреттелмеген. 
В

витамині (пантотен қышқылы). Ацетилдену және тотығу процесстерінде 
маңызды орын алатын Коэнзим А-ның негізгі бөлігі. Пантотен қышқылы көмірсулар 
және май алмасуына, ацетилхолинді синтездеуге қатысады, кортикостероидтардың 
пайда болуын стимулдейді. Жұмыртқа сарысында, бүйректе, бауырда көп болады. 
В

витамині (пиридоксин). Малдардың бауырында болады. Зат алмасу процессінде 
маңызы үлкен. Организмге түскеннен кейін фосфарилденіп, пиридоксальфосфат 
коферментке айналып, амин қышқылдарын қайта аминдейтін ферменттер кұрамына 
кіреді. В
6
витаминін активтеу процессі ішектің кілегей қабығында жүреді. Пиридоксин 


249 
көптеген амин қышқылдарының (триптофан, метионин, цистеин, глутамин және басқа) 
алмасуына және май алмасу процессіне белсенді қатысады. 
В
6
витамині жетіспегенде, ерте жастағы балаларда дене дамуы тежеледі, алақаны мен 
аяқ басы ісініп, қызарады, қозу жоғарыланып эпилепсия тәрізді тырысулар байқалуы 
мүмкін. Макроцитарлық гипохромды анемия байқалады. 
В

витамині (Н витамині, биотин). Организмде май қышқылдарын синтездеуге 
қатысады. Жұмыртқаның сарысында, бауырда, бүйректе болады. Биотиннің жетіспеу-
шілігінде дерматит, психикалық бұзылыстар байқалады. Тәуліктік мұқтаждық 20 мг. 
В

витамині (фоль қышқылы). Мегалобластардың жетілуіне және кейбір 
аминқышқылдарының метаболизміне қажет. Күшті антианемиялы әсері бар. Фоллаттар 
көптеген тағамдарда болады, бірақ көк өсімдіктерде және кейбір шикі еттен жасалған 
тамақтарда көп мөлшерде болады. Ана және жануарлар сүттерінде фоллаттар аз болады. 
Жаңа туылған балаларда қоры көп емес, ал шала туылған балаларда өте аз. Гиповитаминоз 
дамығанда фоль қышқылы тәуелігіне 1-2 мг-нан беріледі. 
В
12
витамині (цианокобаламин). Эритроциттердің пайда болуына, жеті-луіне және 
майлардың метаболизміне қажет. В
12
витамині адам организмінің тінінде пайда болмайды. 
Табиғатта негізінен микроорганизмде синтезделеді. Адам организмінде ішек флорасымен 
синтезделіп, қанға түседі де бүйрек, бауырда, ішек қабырғасында қор күйінде тұнады. 
Цианокобаламиннің бауырдағы қоры 12 айдан артық сақталады. В
12
витамині 
жетіспегенде гиперхромды мегалобластикалық анемия, атрофиялық гастрит, глоссит, 
нейропатия, витилиго (алапес), жұлын-ми бұзылысы байқалады.
В
12
витамині бауырда, қызылшада, бүйректе, етте, балықта, ірімшікте, сүтте көп 
болады. В
12
тәулігіне 5-8 мкг/кг есебінен бұлшықет ішіне күнара тағайындалады.
В
15
витамині (пангам қышқылы). Липотроптық қасиеті бар. Холиннің синтезіне 
көмектеседі, дегидрогеназалардың активтілігін арттыру арқылы тканьдық тынысты 
стимулдейді. Пирожүзім және сүт қышқылының тотығуын арттыру арқылы 
детоксикацияны үлкейтеді. Мал және өсімдік тағамдарының құрамында кең тараған (бұл 
витаминге өсімдіктердің тұқымы бай). Осыған байланысты пангам қышқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет