Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет142/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Ажырату диагнозы.
Дене салмағы мен ұзындығының пропорциональды дамуымен 
дамитын паратрофияны, гиперпластик балалардан (дене дамуының конституциональды 
озық болуы) ажырата білу керек. Ол балалардың тін тургоры және бұлшықет тонусы 
жақсы, трофикасы қалыпты, нервтік-психикалық дамуы жасына сәйкес, иммунитеті 
бұзылмаған болып келеді. Паратрофияны ерте жасынан бастап, семіру байқалатын тұқым 
қуалайтын аурулардан ажырату керек. 
Бардле-Бидл синдромында
(16-хромосомдағы мүкістікпен аутосомды-рецессивті 
тұқым қуалау) булемия фонында семірумен бірге олигофрения, полидактилия, пигментті 
ретинопатия, артериальды гипертензия, бүйрек жетіспеушілігі, созылмалы гепатит, қант 
диабеті байқалу тән болып келеді. 
Альстрем синдромы 
(атосомды-рецессивті тұқым қуалау) үшін ерте жастағы 
семірумен қатар, нистагм, жарықтан қорқу, пигментті ретинопатия, нейросенсорлы 
саңырау тән. 
Паратрфияның емі
баланың тамағын қалыптастыруды қарастырады. Тамақтану
рационындағы қателікті қалыптастыру өте маңызды болып келеді. Тамақ мөлшері, қажетті 
ингредиенттер баланың тиісті салмағына есептелінеді. Бұл балалар сау бала сияқты 
тамақтанады. Ең дұрысы емшектен тамақтандыру. Бала жасанды тамақтанатын болса,
бейімделген қоспалар қолданған жөн. Алғашқылардың бірі болып, қосымша тамақ 
ретінде, көкөніс пюресін бастап берген дұрыс. Күнделікті тағамының құрамындағы 
жетіспейтін витаминдерді, тағамдық ингредиенттерді толықтырып, жеңіл сорылатын 
көмірсуларды шектелуін қадағалау керек. Бала аш болмауы керек. Емнің негізгі шарттары 
жүйелі массаж, гимнастика, тұрақты қыдыртып отыру, шынықтыру, қарқындандыратын 
ем (қуаттандыратын адаптогендермен пентоксил, дибазол, және витаминдермен (А, Е, В
6

В
12
, Вс, В
5
, В
15
) ауысып отыратын курстар, қосарланған аурулардың (рахит, анемия) 
тиімді профилактикасы (немесе емі). 
Болжамы. 
Әдетте, жағымды. Дұрыстап емдесе бала сауығып кетеді. 
Паратрофияның алдын-алу
жүктіліктің барысындағы ауытқулардың алдын алу, 
патологияларды мерзімінде анықтап емдеу, туылғаннан кейін сәбилерге дұрыс тамақтан-
дыруды қамтамасыз етіп, күту ережелерін сақтап, салауатты өмір сүруді ұйымдастыру. 
Диспансеризация.
2 аптада 1 рет дәрігер қарап, қажет болса, жекелеген мамандармен 
кеңес ұйымадстырып, қан анализін, копрограмма, қант мөлшерін анықтаудан тұрады. 
5.4. ГИПОВИТАМИНОЗДАР 
Этиологиясы
. Витаминдер тапшылығына себепшi жағдайларын 2 негiзгi топқа 
бөледi: 1) экзогендiк (сыртқы), бiрiншiлiк (алиментарлық) авитаминоздар мен 
гиповитаминоздарға әкелетін себептер; 2) эндогендiк (iшкi). 
Алиментарлық (экзогендiк) гиповитаминоздардың дамуы төмендегi жағдайларға 
байланысты: ұзақ мезгiл тек сиыр (С, В тобы, РР, Д витаминдерiнiң тапшылығы) немесе 
ешкi сүтiмен (фолаттар кемiстiгi) қоректендiру; көкөнiстiк қосымша тамақ, шырындардың 
кеш енгiзiлуi, олардың дұрыс дайындалмауы; көкөнiс пен жемiстердiң аз қолданылуы (С 
гиповитаминозы); рационда көмiрсулар молдығы, әрi олардың тазаланған, калориясы көп 
тағамдарын – қант, ақ нан, кондитерлiк өнiмдерiн (Д, В
1
, С гиповитаминоздары) 
қолданғанда; ұзақ уақыт майы аз қоспалармен қоректендiру (майда еритiн витаминдердiң 
тапшылығы – А, К, Д және С); таза вегетериандық тамақтанумен қоса тағамда жануарлар 
белогын аз болуы (В
12
, Д, В
2
); тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және даярламау (қайта 


244 
қыздыру, қайнату, ұзақ мезгiл дұрыс сақтамау т.б.). Ерекше топқа «дәрiлiк» гиповита-
миноздар жатады, көбiнесе оған «кiнәлi» дәрiлерге сульфаниламидтер мен триметоприм 
(фолаттар кемiстiгi), дифенин мен фенобарбитал (Д, К, В, С), изониазид (В
6
), 
антибиотиктер (К), антацидтер (темiр, кальций, фосфат кемiстiгi), дигиталис (Мg, Са 
кемiстiгi), минералдық майлар (майда еритiн витаминдер – А, Е, К – тапшылығы), 
пеницилламин (В
6
) жатады.
Эндогендiк витамин тапшылығы: 1) резорбциялық, яғни витаминдердiң асқорыту 
жолдарында ыдырауы немесе сорылу бұзылысына байланысты; 2) диссимиляциялық, яғни 
тiндердiң витамин сiңiру қабiлетiнiң бұзылуы.
Резорбциялы гиповитаминоз аурулармен байланысты болуы мүмкiн 1) асқазан 
ауруларында (қышқыл түзу қабiлетi төмендегенде, әсiресе, ахилияда В, С, РР витаминдерi 
ыдырайды; ал асқазанның түбi жарақатанғанда гастромукопротеин түзiлiсiнiң бұзылысы 
бой алып, В
2
, витаминiнiң сорылуы бұзылады, сөйтiп мегалобластық анемия дамиды; 
гиперацидтық жағдайларда А, С, РР гиповитаминоздары дамиды; 2) өт қабы 
науқастарында (созылмалы гепатит пен цирроз, өт-тас ауруы, өттiң қоюлану синдромы, өт 
жолдарының атрезиясында оның жеткiлiксiз түсуiне байланысты майда еритiн А, К, Е, Д 
витаминдерiнің тапшылығы дамиды; З) iшек кеселдерi (целиакия және басқа 
мальабсорбция синдромдары, энтероколиттер) А, К, U, Д, Р, С және В тобының 
гиповитаминоздарына соқтырады.
Диссимиляциялық гиповитаминоз ауыр түрде және ұзаққа созылған әрбiр инфекция-
лық ауруларда, әсiресе, қызуы аса жоғары болғанда дамиды; бұдан басқа себепші жағдай-
лар: тамақта көмiрсулардың мол болуы, белоктар кемiстiгi, шамадан тыс жүктемелер әсерi 
т.б. «Витаминге тәуелдi аурулар» терминi заттек алмасу бұзылыстарымен жүретiн ерекше 
кеселдер тобын бiрiктiредi. Ю.Е. Вельтищев бойынша бұл ауруларда негiзгi кемiстiк 
себептерi төмендегiдей болуы мумкiн:
1) апофермент молекуласының мутациясы салдарынан кофермент пен апофермент 
байланысынын өзгеруi;
2) витаминдердi кофермент немесе аллостериялық әсерлi заттарға ауыстыратын фермен-
ттер мутациясы;
З) витаминдердi қанмен немесе мембрандық тасымалдауына қатысы бар белоктардың 
мутациясы.
Витаминтәуелдi жағдайларда аздап болса да ферменттердiн қалдық белсендiлiгi 
болады, осыдан организмге витаминдердiн көп мөлшерi түскен кезде (витаминдердiң 
фармакологиялық мөлшерi) фермент кемiстiгi бар белокпен қосылып, оның белсендiлiгi 
арытады. Кей кездерде витаминдердiң фармакологиялык мөлшерi ферменттер түзiлiсiн 
күшейтiп, олардың катысуымен белсендi қосылыстар мен кофакторлар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет