омыртқалардың қалпы әжептәуір өзгерістерге ұшырайды. Жаңа туған сәбидің жұлыны III
бел омыртқаның төменгі жиегіне жетеді, ал ересек кісінікі – II бел омыртқаның жоғарғы
жиегінің тұсында орналасады. Бірақ, түбірлер бұрынғысынша омыртқа аралық тесіктерден
шығатын болғандықтан, осыған сәйкес түбірлердің бөлінген жері мен омыртқа каналынан
шығатын жерге дейінгі жолы ұзарады (әсіресе төменгі бел, сегізкөз бөлігінде). Бұл жерде
ол «ат құйрығын» (Саudа еguіnа) түзейді.
Жұлынның салмағы және басқа мөлшерлерінің арту қарқыны, миға қарағанда, жәйлау
болып келеді
.
Жұлынның салмағы 10 айлығында 2 есе, 3–5 жаста 3 есе арытады. Жұлын ұзындығы
7–10 жаста екі есе арытады.
Жұлын пункциясын (тесуін) мандреналы инемен 3 жасқа дейінгі балаға бүйіріне
(қырына)
жатқызып, ал үлкен балаларға отырғызып жасайды. Арқасын доға сияқты иеді.
Мықын сүйектерінің жота сызықтарын қосады
(8 сурет).
Осы сызықтың омыртқамен
түйісетін жері III–IV омыртқа аралығына сәйкес келеді немесе бір омыртқа жоғарыға, II
және III бел омыртқалар аралығына сәйкес келеді.
Жұлын сұйығының қалыпты қысымы су бағанасымен есептегенде, 100—120 мм
деңгейінде болады. Сұйық минутына 20–40 тамшыдан, аздап тамады. Ликвор құрамының
алғашқы 6 айда өз ерекшеліктері болады.
Достарыңызбен бөлісу: