Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет239/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

 
антибактериальдық дәрілерді пай-
даланып (парентеральді) жүргізу тек 
жоғары қауіп байқалғанда
жүргізіледі. Эндокардит 
даму қаупі жасанды жүрек қақапақтары бар ауруларда, сонымен қатар биопртездері бар 
ауруларда; ревматикалық жүрек ақауы бао науқастарда байқалады. Туа жүрек ақауында 
және митральды қақапақтардың пролапсінде эндокардит даму мүмкіндігі төмен болады.
Бұндай жағдайда антибиотиктер хирургиялық емдерде, стоматологиялық 
араласруларда, эндоскопиялық зерттеулерде және т.б. қолданылады.
Диспансерлік бақылау.
Тұрақты жүргізіледі. Инфекция ошақтары тиімді санацияла-
нады, температуралық реакция байқалатын кезкелген аруларды антибактериальдық ем 
жүргізіледі.
Инфекциялық эндокардиттің 
болжамы 
әрқашан қатерлі болып келеді. 
. ПЕРИКАРДИТ 
Перикардит – 
перикардтың инфекциялық немесе инфекциялық емес этиологиялы
зақымдалуы.
Балаларда перикардит негізгі кеселдің білінуі немесе асқынулары болып 
есептеледі. Балаларда перикардит сирек кездеседі.
Этиологиясы.
Инфекциялық факторлар (көп балаларда байқалады).
Вирустар
– Коксаки В (көбіне), А және В грипптің, паротиттің, Эпстайн-Барр 
(инфекциялық мононуклеоз), жел шешек, гепатиттер, қызылша, цитомегалия, ЕСНО-
вирустары, аденовирустар және т.б. 
Бактериялар –
стафилококктар, пневмококктар, H. Influеnzae, менигкокктар, 
стрептококктар, туберкулез микробактериялары, анаэробтар және басқалар. 
Саңырауқұлақтар

гистоплазмоз, коксидиодомикоз, аспергиллез, кандидоз, 
бластомикоз, критпококкоз. 
Басқа инфекциялар – 
риккетсиоздер, микоплазмалық инфекция, спирохетоз, 
хламидиоз, токсоплазмоз, қарапайымдылар (амебиоз, эхинококкоз) және басқалар. 


394 
Инфекциялық емес факторлар
: дәнекер тіндердің иммунопатологиялық аурулары,
уремиялық жағдайлар, сәулелік радиациялардың әсерлері, залалды ісіктер және басқалар. 
Патогенезі. Иммунпатологиялық реакциялар 
(вирусты инфекциялар, туберкулез
ревматизм және басқалар).
Метастатикалық процесс
(перикардиттің іріңді зақымдалулары). 
Токсикалық әсерлер
(уремия және басқалар). 
Жіктелісі.
Перикардиттер шартты түрде бөлінеді:
- құрғақ (фибринозды) – перикад саңалауында минимальды мөлшерлі сұйықтықпен 
және фибринозды тұнбалармен анықталады; 
- экссудативті (серозды, геморрагиялық, іріңді) – перикард қуысында сұйықтық басым-
дылығымен; 
- адгезивті – перикард қабаттары жабысып қалғанда (басынан кешірген перикардиттің 
ақыры). 
Клиникалық көріністері.
Шағымдары
: кеуденің ауырсынуы, қызба, көңіл-күйінің 
нашарлауы, әлсіздік, ашуланшақтық, ентігу, жөтел, шарасыз жартылай отыру қалпы, 
даусының қырылдауы, ықылық ату, ішінің ауруы, құсу, тамақ ішуден бас тарту, бетінде, 
мойнында ісіктің байқалуы, бозғылттық, кейде цианоз.
Экссудаттың жиналуы және фибриннің шөгу белгілері

Ауырсыну синдромы: 
1. Тұрақты ауырсыну; 2. Кішкене балаларда ішінің ауруы, 
кебуі, пальпация жасағанда ішінің ауруының артуы (әсіресе эпигастрияда); 3. Ересек 
балалар ауырсынудың кеудесінде байқалатынын көрсетеді және оның сол иығына және 
мойнына берілетінін атап көрсетеді; 4. Ауырсыну қалпын өзгерткенде және терең тыныс 
алғанда арыта түседі. 
Перикардтің үйкелу шуы 
отырған балада жүрек негізінде төстің сол жақ қырында 
естіледі. Шу стетоскопен басыңқырағанда немесе отырған баланы ілгері қарай 
еңкейткенде жақсырақ естіледі. Шудың қарқыны нәзік экстратондардан дөрекі 
систолодиастоликалыққа дейін болады (жаңа жауған «қардың сықыры»), сұйықтықтың 
сипаты мен мөлшеріне байланысты емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет