Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет240/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Жүрек мөлшерлерінің ұлғаюы 
– ең бірінші жүректің абсолютті тұйықтығында 
байқалады, ал сұйықтық мөлшері айтарлықтай болса, шартты жүрек тұйықтығының 
мөлшеріде арытады. Жүрек ұшы соғуы әлсірейді, жүрек тондары күрт тұйықталады.
Максимальды артериальдық қысым төмендейді, минимальды қысым – қалыпты немесе 
жоғары болып келеді. Кейде парадоксальды пульс (пульстің соғуы тынысты ішке тартқан 
кезде анықталмайды) анықталады.
Жүрек қуыстарының басылу белгілері (гиподиаста дия). 
Жоғары қуыс вена жүйесінде веналық қысымның артуы емшек жасындағы балаларда 
бас сүйегі ішіндегі қысымның көтерілуіне және неврологиялық белгілер кешенінің (құсу, 
желке бұлшықеттерінің сіресуі, еңбегінің томпаюы және басқалар) пайда болуына әкеледі. 
Мойын веналар, кубитальды веналар және қол басының веналараның ісінуі (томпаюы) 
байқалады. Әдетте, тырнақтың және құлақ сырғалығының цианозы білінеді. 
Гепато- және спленомегалия 
цианоздың пайда болуымен қатар жүреді, әдетте жүрек 
жетіспеушілігінің көрінісі куәсі болып келеді. Бауырдың ұлғаюы басым келеді. Бауыр 
қырының ауырсынғаны байқалады.
Ісіктер әуелі бетінде, содан кейін мойнында байқалады.
Диагностикасы. ЭКГ-де
тән өзгерістер жоқ. Тісшілер вольтажының төмен екенін, Т-
тісшесінің төмендеуі, анықтайды, ST сегментінің изосызықтан төмен ығысуы байқалады.
ЭхоКГ 
перикард қуысында сұйықтық болғанда және айқын гиподиастолия 
байқағанда маңызды диагностикалық әдіс болып келеді. Құрғақ перикардитте перикард 
қуысында фибриноздық шөгіндіні анықтау қиынға түседі.
Рентгенографияда 
өкпе тамырлық суреті өзгермей, кардиомегалия анықталады.
Жүректің пульсациясы (рентгеноскопияда) төмендейді.


395 
Қосымша зерттеулер 
(көрсеткіштері болса) қабыну процессінің активтілігін анық-
тау, себулер және серологиялық тексерулер, туберкулиндік сынамалар, иммунологиялық 
зерттеулерді және басқаларды қамтиды. 
Ажырату диагнозы. Адгезивті перикардит 
туберкулездік, ревматикалық, 
септикалық процесстерден кейін пайда болуы мүмкін. Клиникалық көрінісінде 
гиподиастолия типтес гемодинамикалық бұзылыстар басым келеді. Кейде тері жүрек ұшы 
соғуы анықталады. Жүрек шекаралары шамалы өзгереді. Тахикардия, өкпе артериясында 
ІІ тонның акценті, протодиастолалық қосымша тон (перикардиальды тон) тән болып 
келеді. Рентгеноскопияда жүректің пульстік тербелісі азаяды, ал жүректің мөлшерлерінің 
ұлғаю байқалмайды.
Емі мен алдын-алу. Негізгі ауруды емдеу 
(антимикробты, антигистаминді ем, 
химиотерапия, диализ және т.б.). 
Перикард қуысының пункциясы және дренаж
(іріңде перикардитте) жасалады.
Ота жасау емі
(адгезивті перикардитте). 
Перикардиттің арнай алдын-алу шаралары жоқ.
Диспансерлік бақылау
. Негізгі ауруларға байланысты жүргізіледі. 
Ақыры 
іріңді және адгезивті перикардиттерде қатерлі болады.
9.4. ЫРҒАҒЫ МЕН ӨТКІЗГІШТІГІІҢ БҰЗЫЛУЫ 
Балаларда жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылулары – 
әртүрлі 
факторлардың әсерінен пайда болатын, өткінші немесе тұрақты сипатты және 
жағымды немесе гемодинамиканың бұзылуымен өтетін, физиологиялық немесе 
патологиялық жағдайлар.
Аритмиялар көптеген балаларда кездеседі. Олардың көбі жеке даму процессін, 
әсіресе белсенді даму кезеңінде, функциялық (өткінші) болып келеді. Жүрек ырғағы 
бұзылған балалардың шамамен 20-30%-да жүрек аурулары немесе басқа патологиялық 
жағдайлар анықталады. 
Этиологиясы.
Импульстің жасалуы мен өтуінің бұзылуы т уа бітк ен немесе п айд а 
болған сипатты және әртүрлі себептердің әсерінен болуы мүмкін.
Жүрек аурулары
– туа біткен және пайда болған жүрек ақаулары, кардиттер 
(негізінен миокардиттер), кардиомиопатиялар және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет