Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет243/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(96 кесте)
. Тиіді болмаса электрофизиологиялық 
зерттеулер жүргізіп: 1. қосымша өткізгіш жолынының орналасқан жерін және тиімді
антиаритмиялық дәрілерді анықтау жолдарын іздейді; 2. ақаулы өткізгіш жолдарын 
эндокардиальды деструкциялау.
Синустық түйіннің автоматизмін басудан пайда болатын брадикардия. 
Синустық 
брадикардия
көбіне гипоксия, ОНЖ аурулары, гипотиреоз, гипотермия, дәрілік заттармен 
улану, спортпен белсенді шұғылдану нәтижесінде кезбе нервтің тонусының артуына 
байланысты пайда болады. ЭКГ – Р-тісше және атриовентрикулярлық өткізгіштік 


398 
қалыпты; нәрестелерде жүрек соғу жиілігі минутына 100-ден аз, ерте жастағы балаларда 
80-нен, ересек балаларда 65-тен аз болады.
Емі: 
әдетте қажет етпейді. Қажет болған жағдайда атропин 0,01 мг\кг венаға 
жібереді.
Синустық түйіннің әлсіздігі синдромы 
– аурудың көңіл-күйі мен жалпы жағдайының 
ауырлауымен жүретін синус түйінінің айқын дисфункциясы. ЭКГ-де жиі үзіліспен жәй 
ырғақ (жүрекшелік немесе атриовентрикулярлық құрылымнан) жазылады. Қарыншаүсті-
лік тахикардия пароксизмі (тахикардия-брадикардиялар синдромы), жыбыр аритмиясы, 
жүрекше қалтырауы болуы мүмкін.
Емі: 
Белгілері айқын болғанда электоркардиостимулятор қояды. 
Өткізгіштігі бұзылуына бай ланысты брадикардия.
Атриовентрикулярлы блокада – І дәрежесі
ваготонияның, жүрек гликозидтерін 
және β-адреноблокаторлар қабылдау, кардиттер, туа біткен жүрек ақаулары (ЖАПМ, 
атриовентрикулярлы канал, қалыптастрылған магистральды тамырлардың транспозиция-
сы және басқалар) нәтижесі болып келеді. ЭКГ-де емшек жасындағы балаларда Р-Q 
арақашықтығы 0,15 секундке, басқа балаларда 0,18 секундке дейін ұзарады. 
Ем
талап етпейді.
АВ-блокада ІІ дәрежесі – импульстің жүрекшеден қарыншаға өтуінің кезекті үзілуі.
ЭКГ-де Мобитц І типтес блокадада (Венкебах кезектісімен), QRS кешенінің түсіп 
қалуымен аяқталатын Р-Q арақашықтығының қарқынды ұзаруы байқалатын синустық 
ырғақ анықталады. Мобитц ІІ типтес блокадада QRS кешенінің түсіп қалуы кенеттен 
дұрыс синустық ырғақ және Р-Q арақашықтығының тұрақтылығы фонында жүреді.
Ауруларда Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасы (бозғылттық, цианоз, есініен айрылуы, 
құрысу) пайда болуы мүмкін. 
Емі:
клиникалық белгілері байқалмаса жүргізілмейді. АВ-блокаданың ІІІ-дәрежесі 
дамуы мүмкін. 
АВ-блокаданың ІІІ-дәрежісі (толық), кардит немесе туа біткен жүрек ақаулары 
негізінде, туа біткен немесе пайда болған болуы мүмкін; ЭКГ-де қалыпты, ырғағы QRS 
кешенінің баяу (алмастырушы) ырғағынан (енсіз немесе кең) тәуелді болмайтын, қалыпты 
Р-тісшесі анықталады. 
Емі: 
көптеген жағдайда электрокардиостимуляция жасалады. 
Балалар ырғақ және өткізгіштігінің бұзылуларын емдеу қағидалары:
▪ барлық антиаритмиялық препараттардың айқын және көптеген жағымсыз әсерлері 
болғандықтан оларды мүмкіндігінше аз қолдану 
(95 кесте);
▪ негізінен жалпы бекітуші және кардиотрофикалық дәрілерді қолдану; 
▪ негізгі ауруларды табандылықпен емдеу. 
Диспансерлік бақылауды балалар кардиологы жеке жоба бойынша жүргізеді. 
95 КЕСТЕ 
ПЕДИАТРИЯДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АНТИАРИТМИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР 
(Graef J.W. бойынша, 1994) 
Препараттар 
Көрсеткіштері 
Дозалары 
Ескерту 
I классы (натрий каналдарының блокаторлары)
Хинидин
(Ia классы). 
Синонимдері: 
хинидин 
сульфаты 
Жыбыр аритмиясы 
және жүрекше қалты-
рауы (дигоксинмен 
қосарлап). 
Қарыншаүстілік 
тахикардияның WPW 
синдромында, β-
адреноблокаторлардан 
тиімділік байқалмаған 
Тәулігіне 15-60 
мг\кг-нан 3-4 рет 
тек ішкізеді. 
Жағымсыз әсері: 
жүрек айну, іш кету, 
гемолитикалық 
анемия, 
тромбоцитопения, 
пируэтті қарыншалық 
тахикардия, QRS, Q-T
араралықтың ұлғаюы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет