405
96 КЕСТЕ
БАЛАЛАРДА АЗ ЖҮРЕК ЛАҚТЫРЫСЫ СИНДРОМЫ
(Э.К. Цыбулькин бойынша 1999 ж.)
Сатысы
Б е л г і л е р і
І
ІІ
ІІІ
Қызбаға байланыссыз тахикардия және ентігу. Пульс пен жүрек соғу жиілігі
қатынасы: 1жасқа дейінгі балаларда 3,5
немесе одан да жоғары, 1жастан
үлкендерде 4,5 немесе одан жоғары.
Үлкен қан шеңберіндегі кідіріс белгілері: бауыр ұлғаюы, периорбитальды
ісіктер, мойын веналарының ісінуі, беттің ісінуі.
Кіші қан шеңберіндегі кідіріс белгілері: цианоз, бронхоспазм,
өкпеде крепи-
тация және кіші көпіршікті сырылдар, өкпе артериясында ІІ тон акценті.
Жүрек тондарының тұйықталуы, шекараларының кеңуі
Жоғары белгілерге қосылады: олигурия (сирек анурия), перифериялық
ісіктер (аяқта, жамбаста, сегізкөз аймағында),
өкпе шемені
Тотальды іркіліс фонында бірінші систолалық, кейін диастолалық қысымдар
төмендейді. Жүрек шекаралы айқын кеңейеді.
97 КЕСТЕ
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДАҒЫ ҚАНАЙНАЛЫМ
ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНІҢ ЖІКТЕЛІСІ
Сатысы
Б е л г і л е р і
І
ІІА
ІІВ
ІІІ
Қанайналым жетіспеушілігі белгілері болмайды. Тек физикалық жүктеме-
ден соң (ұзақ жылау,
мазасыздану, тамақтану) балада ентігу, бозғылттық,
әлсіздік пайда болады. Кейде бала емуден шаршайды,
емшектен бас
тартады немесе ему кезінде жиі үзіліс жасайды.
Белгілері тыныштық кезінде де байқалады. Аздаған ентігу: тыныс жиілігі
қалыпты көрсеткіштен жоғарылығы 50% дан көп емес. Тахикардия: пульс
қалыптыдан 10-15% жоғары. Бауыр ұлғаймаған немесе сәл ғана ұлғайған
(қабырға доғасынан 3см шығып тұрады). Рентгенологиялық жүрек
көлеңкесінің мөлшерлі ұлғаюы.
Айқын ентігу (тыныс жиілігі қалыптыдан 50-70% жоғары), тахикардия
(пульс жиілігі қалыптыдан 15-25% жоғары), және гепатомегалия (бауыр
қабырға доғасынан 3-4 см шығып тұрады). Асцит болуы мүмкін. Жүрек
өлшемдерінің айқын өсуі. Бала мазасыз. Тәбеті төмендеген.
Кейде құсық
болады.
Жедел ентігу (тыныс жиілігі қалыптыдан 70-100% артық), тахикардия
(пульс жиілігі 30-40% жоғары), үлкен тығыз бауыр. Жүрек шекаралары
кеңейген. Окпеде кідірісті ылғалды сырылдар. Пульс толымдылығы төмен,
асцит, ісіктер, анасарка. Бала әлсіз, қуарған, тәбеті төмендеген.
Достарыңызбен бөлісу: