Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет242/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Емі: 
Негізгі ауруларды емдеу. 
Экстрасистолия. 
Жүрекшелік экстрасистолалар кейде сау балаларда кездейсоқ-
та анықталады. 
Жиі немесе клиникалық көріністері байқалатын экстрасистолаларда 
жүрек ауруларын іздеу керек. ЭКГ-де мерзімінен бұрын өзгерген Р-тісшесі пайда болады 
да, одан кейін қалыпты QRS кешені келеді, компенсаторлық үзіліс толық болмайды. 
Емі.
Негізгі ауруы болмаса емді қажет етпейді. 
Атривентрулярлы экстросистолалар жиі кездеспейді және жүректің ауыр 
кеселдерімен байланысты емес. ЭКГ-де мерзімінен бұрын, қалыпты немесе аберранты,
алдыңғы Р-тісшесісіз, кешені QRS, жиі компенсаторлық үзіліс толық емес. 
Емі.
Әдетте ем тағайындамайды.
Қарыншалық экстрасистолиялар
 
көбіне дені сау балаларда байқалады, бірақ 
жүректің зақымдалуының белгісі болуы да мүмкі (жиі, полиморфты, жұп 


397 
экстрасистолиялар, қарыншалық тахикардияның пароксизмдері). ЭКГ-де мерзімінен 
бұрын, кең деформацияланған, Р-тісшесіз QRS кешені, компенсаторлық үзіліс толық.
Емі. 
Мақсаты – қарыншалық тахикардияның және қарынша фибриляциясының 
алдын алу. Шұғыл көмек ретінде лидокаин 1мг\кг венаға, ағымды, содан кейін минутына 
10-50мкг\кг жылдамдықпен инфузия түрінде жүргізіледі. Ұзақ емдеген жағдайда β- 
адреноблокаторлар, хинидин, прокаинамид, фениотин тағайындайды.
Жіңішке QRS кешенімен байқалатын тахикардия. Аритмияның бұл түріне барлық 
өзгермеген GRS кешенімен байқалатын қарыншаүстілік тахикардияларды жатқызады.
Синустық тахикардия ызбаға, күйзеліске, дегидратацияға немесе анемияға 
физиологиялық реакция болып келеді, кейде идиопатиялық болуы да мүмкін. ЭКГ-де әр 
QRS кешенінің алдында қалыпты Р-тісшесі анықталады; R-R арақашықтығы шамамен 
бірдей. ЖСС жиілігі нәрестелерде 200-ден артық, ал басқа балаларда 150-ден артық.
Емі.
Тахикардия себебін жою.
Автоматтық жүрекшелік тахикардия (күшейген эктопиялық ырғақ) жүрек-
шеде автоматизмнің күшеюнің (кардитте, кардиомиопатияларда жиі кездеседі) әсерінен 
пайда болады. ЭКГ-де Р-тісшесі өзгерген; жүрекшелік ырғақ минутына 160-240 рет, 
физикалық салмақ түскенде жиілейді, атривентрикулярлы өткізгіштік баялауы мүмкін.
Емі:
арнайы ауруханада жүргізіледі. Дигоксин, β-адреноблокаторлар, кейде – 
амиодарон 
(96 кесте)
қолданылады. Берік тахикардия байқалған жағдайда патологиялық 
активті аймақты катетордың көмегімен немесе хирургиялық жолмен деструкциялайды.
Жыбыр аритмиясы кардиттердің, жүрек ақауларының, гипертрофиялық 
кардиомиопатиялардың, тиреотоксикоздың, WPW cиндромының нәтижесі болып келеді. 
ЭКГ-де дұрыс емес, аласа амплитудалы жүрекшелік активтілікті дұрыс емес қарыншалық 
ырғақпен жазады. Кейде аберрантты QRS кешені анықталуы мүмкін.
Емі
. Арнайы ауруханада жүргізіледі. Дигоксин, хинидин, прокаинамид қолданылады 
(95 кесте)

Кейде синхронизацияланған кардиоверсия (электроимпульсті ем) қолданады.
Жүрекшенің қалтырауы (дірілдеуі ) әдетте, жүрек зақымдалғанда байқалады. 
ЭКГ-де минутына 250-350 жирылумен «аратәрізді» жүрекшелік толқындар байқалады; 
импульстардың қарыншаға өтулері өзгеріп отырады.
Емі.
Арнайы ауруханада жүргізіледі. Дигоксин, хинидин, прокаинамид қолданылады 
(96 кесте)
. Синхронизацияланған кардиоверсия, өңеш арқылы немесе жүрекішілік 
электродпен жылдамдатылған электрокардиостимуляция жасайды. 
WPW (Вольф-Паркинсон-Уайт) cиндромы антиовентрикулярлы түйіннен тыс 
қосымша өткізгіш жолы пайда болғанда байқалады және жиі туа біткен жүрек ақау-мен 
(әсіресе Эбштейн ақауымен) қосарланады. WPW синдромында 
ортодромды қарын-
шаүстілік тахикардиямен
(енсіз QRS кешенімен) қатар антидромды қарыншаүстілік 
тахикардияны (кең QRS кешенімен), сонымен қатар жыбыр аритмиясын және жүрекше 
дірілдеуін (қалтырауын) кездестіруге болады.
ЭКГ-де қысқарған Р-Q арақашықтығы және QRS кешенінің өрлеу бөлігінің
дельтатолқындылығы байқалатын синустық ырғақ анықталады. 
Емін
арнайы ауруханада жүргізеді. Ортодромды тахикардяда және ваготропты 
тәсілдердің тиімсіздігінде аденозинді венаға қолданады; антидромды тахикардияда – 
прокаинамид береді немесе электрлік кардиоверсия жасайды. Қолдау емін жүргізу үшін, 
хинидин, амиодарон (ішкізіп) қолданады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет