401
11.5.1. Эндок ардиальді (субэндокардиальді) фиброэласт оз (ЭФЭ)
–
бүгінгі
күнде этиологиясы анықталмаған, ерте жастағы балалардың ауруы.
Біріншілік ЭФЭ
жүктіліктің 4-7 айларында болған құрсақішілік жайылған инфекция фонында туындайтын
құрсақішілік кардиттің («ерте фетопатия», ерте туа пайда болған кардит) немесе
эндокардтың қанмен жабдықталуы бұзылуы нәтижесінде дамиды деп есептейді.
Өзгерістер миокард зақымдалуына негізделген, ол кезде эндокард керілуі мен
фиброэластикалық талшықтардың пролиферациясы болады. Екіншілік ЭФЭ ауыр ТЖА-да
(стеноз, атрезия, аорта коарктациясы; жүректің сол жақ бөліктерінің гипоплазиясы және
т.б) орын алады. ЭФЭ-нің генетикалық түрлері де сипатталған.
Клиникалық көрінісі.
ЭФЭ бала өмірінің алғашқы айларында пайда болып,
вариабельділігімен ерекшеленеді. Бұрын сау балада ауыр жүрек жетіспеушілік белгілері
дамиды. Балаларда айқын ентігу, физикалық дамудың қалыс қалуы,
жиі респираторлы
аурулар анықталады. Жүрек жетіспеушілік ұстамалары жиілейді. Жүрек гликозидтері мен
диуретиктер еш нәтиже бермейді. Көп жағдайда дерт өліммен аяқталады.
ЭКГ-да жиі ригидті ырғақ, QRS кешенінің жоғары амплитудасын, сол қарынша
гипертрофия белгілерін; ЭхоКГ – миокардтың жиырылу қабілетінің төмендегенін, сол
қарынша өлшемінің үлкейгенін, митральді қақпақшада региргутациялық ағысты
анықтайды. Рентгенологиялық көрінісі: өкпе суретін аз ғана күшейген, жүрек көлеңкесі
ұлғайған – шар тәрізді, оволоид немесе трапеция пішінді.
ЭФЭ диагнозы әдетте, патологоанатомиялық зерттеуде ғана қойылады.
Емі
жүрек жетіспеушілігімен күресуге және қосымша инфекцияға қарсы
бағытталады. Кейде
глюкокортикоидтар қолданады, бірақ гормондармен ем нәтиже бере
бермейді.
Болжамы
қолайсыз.
КАРДИОМИОПАТИЯЛАР
Кардиомиопатия –
бұл миокардтың жиырылғыш бұлшықетінің зақымдалуымен
байқалатын аурулар жиынтығы
(балаларда салыстырмалы сирек кездеседі). J. Goodwin
(1982ж) анықтамасы бойынша «кардиомиопатия – жиі эндокард, кейде перикард зақым-
далуымен қатар жүретін себебі анықталмаған жүрек бұлшықеттерінің жедел, жеделдеу
немесе созылмалы ауруы, бірақ атеросклеротикалық емес». Негізінен генетикалық
факторлар роль атқарады.
Кардиомиопатияның негізгі белгісі
: 1. кардиомегалия және 2.
жүрек жетіспеушілігі.
Балаларда кардиомиопатияның негізінен үш түрін анытайды.
Дилатациялық
(кідірісті)
кардиомиопатия
әртүрлі
аурулардың
(вирусты
миокардиттің де)
соңғы кезеңі болып табылады, туа және жүре пайда болған болуы
мүмкін. Көп жағдайда негізгі себебін анықтау мүмкін болмайды. Жүректің анатомиялық
құрылысы сақталғанмен екі қарынша да кеңейеді. Ерте жастағы балаларда дерт аз салмақ
қосуымен, тамақтандыру кезінде қиындықпен, ентігумен көрінеді; ересек жаста – жүрек
жетіспеушілік белгілері (енжарлық, ісіктер, дене салмағының артуы, тыныс бұзылысы
және т.б), кез келген жаста шоктың жедел клиникалық көріністері болуы мүмкін.
Еміне
инотропты әсермен дәрілік заттарды тағайындау, диуретиктер мен жүктемені
жеңілдететін препараттар қолдану кіреді. Ауру өршіген кезде жүрек трансплантациясы
жалғыз ем.
Сол қарыншадан қан лақтыруына кедергісіз гипертрофиялық кардиомиопатия.
Ауруды әдетте, зат алмасудың жүйелік бұзылыстарында,
әсіресе жиналу
ауруларында (ІІ типті гликогеноз, митохондриалды ферменттер жетіспеушілігі), ТЖА
кезінде (жүрекше аралық перде мүкісі, өкпе артериясының стенозы және т.б) кездеседі.
Аурудың идиопатиялық вариантын эндокринді бұзылыстармен байланыстырады
(катехоламиндер қызметі мен өндірілуінің бұзылысы). Ауруға сол жақ қарынша
қабырғасының
асимметриялық
немесе
симетриялық
гипертрофиясы,
миокард
жиырылысының төмендеуі, жүрек жетіспеушілігі тән.
Емі
. Инотропты препараттар, диуретиктер, негізгі ауруды емдеу.
402
Сол қарынша лақтырысына кедергімен жүретін гипертрофиялық кардиомиопатия.
«Идиопатиялық гипертрофиялық субаортальды тарылу», «өсіндінің асимметриялық
гипертрофиясы» деген атаулары да бар. Көп жағдайларда аутосомды-рецессивті жолмен
тұқым қуалайды. 90% ауруларда сол қарынша лақтырысына кедергі қарыншааралық
перденің субаортальді бөлігінің аномальді гипертрофиясы нәтижесінде екіншілік болып
келеді. Бұл ауруларда қарыншалық аритмия және кенеттен өлім байқалады.
Емі.
β-блокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары.
Кейде обструкция
шақырып тұрған қарыншааралық өсіндіге оталау жолымен миоэктомия жасайды.
Кейбір авторлар рестриктивті кардиомиопатияны бөліп көрсетеді, ол қарыншалар
қабырғасының керілуінің төмедеуі мен диастолалық қызметінің бұзылысымен
(гиподиастола) сипатталады. Ол эндомиокардиальді фиброзда, эозинофильді Леффлер
эндокардитінде, жүрек амилоидозы және басқа да ауруларда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: