413
Болжамы.
Сәтті. Емделмеген жағдайда Аг созылмалы түрге айналып, криздері
көбейеді.
Ересек адамдарда ишемиялық инсульт, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз,
коллапсқа бейімділік және кенет өліп кету қаупі –
бала кезде басталған Аг-ны
емдемегеннің салдары. Аг-сы барлардың 1/3-інде кейін гипертония ауруы дамиды.
Алдын алу
. Жоғарыда көрсетілген этиологиялық факторларға сай. Тиімді күндік
режим, дене шынықтыру, инфекция ошақтарын, басқа да ауруларды тиісті емдеу.
11.7.2. АРТЕРИАЛЬДЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ
Артериальдық гипертензия (АГ) –
артериялардағы қан қысымының
жоғарылауы – әртүрлі аурулардың белгісі саналатын патологиялық симптом
. Ол
артериялардағы қан ағысына кедергінің және жүректің қан айдауының артуына немесе
осы екеуінің де қатар орын алуына байланысты.
Эссенциальдық артериялық гипертензия немесе біріншілік артериялық гипертензия
деген ұғымдарды ересек адамдарда кездесетін «гипертония ауруы» мағынасында түсінеді,
оның белгілері де артериальдық қан қысымының (АҚҚ) тұрақты жоғарылауымен бірге
мидағы қантамырлар тонусының бұзылуы, сол қарынша
миокардының гипертрофиясы,
көз түбіндегі қантамырлар тонусының өзгеруімен сипатталады. Қазақстанда АГ мектеп
жасындағы балалардың 3,4%, ал пубертаттық кезеңдегі балалардың 10%-да кездеседі
(В.В.Қожанов, ж.б., 1979; Қ.Б. Абдрахманов, 2001).
Патогенезі.
АҚҚ деңгейін құрайтын төрт түрлі факторлар: шеткі тіндердің жалпы
қарсылық
көрсетуі, жүректің насостық қызметі, айналыстағы қанның мөлшері және
қантамырларының тонусына байланысты. Осылардың өзгеріп тұруына орталық және
вегетативтік нерв жүйесі, әсіресе өзіне тән психикалық,
эмоциялық құбылмалықтар,
денедегі натрий мөлшері, бүйректің прессорлық және депрессорлық жүйелері, бүйрекүсті
бездерінің гормондары және т.б. әсер етіп отырады. Демек, АГ патогенезінде нейрогендік,
бульбарлық-вазомоторлық, гипоталамустық, гуморальдық, катехоламиндер мен ренин-
ангиотензин-альдостерондық тетіктердің орны бар. Циклдық нуклеотидтер (цАМФ,
цГМФ), простагландиндер (Е, Ғ, О
2
, А топтары), калликреинкинин жүйесінің түрлі
биохимиялық қасиеттері жүректің, қантамырларының жағдайын өзгертіп,
АҚҚ деңгейін
көтеріп тұруына қарай АГ дамуы мүмкін.
Пубертаттық кезеңде алғаш рет байқалатын АГ көбінесе біріншілік АГ, гипертония
ауруының ерте білінетін тұрақсыз көрінісі деп саналады. Бұлардан жасы кішірек
балалардағы гипертензиялар көбінесе екіншілік, бүйрек, эндокрин бездерінің, жүрек
қантамырларының іштен біткен ақауларының, сиректеу жағдайда – нерв жүйесі
ауруларының белгісі екені анық.
Гипертониянын шығуында тұқым қуалаушылықтың үлкен манызы бар.
Оған қоса,
мінездің ерекшеліктері, эмоциялық стресстер, экстремальдық жағдайлар, сыртқы ортаның
әсерлері, отбасындағы қолайсыздықтар, зиянды әдеттер (темекі, үнемі режим бұзу т.б.)
гипертонияның алғаш шығуына да, кейін қалыптасуына да әсер етеді. Адренорецепторлар
сезімталдығының артуы, прессорлық-депрессорлық жүйелердің тепе-теңдігі бұзылуының
АГ дамуында өзінше орны бар.
Жіктелуі.
Гипертония ауруын 3 сатыға бөледі. I сатысы – таза функциялық. Оны
Достарыңызбен бөлісу: