Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет251/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Клиникасы.
Біріншілік Аг-ның белгілері көп түрлі және құбылмалы. Негізгі белгі 
мектеп жасындағы (10 жасқа дейін) балалардың артериялық қан қысымының сынап 
бағанасы бойынша 90/40 мм-ге тең немесе онан да төмен болуы. Аг-сы бар балалардың 
негізгі шағымдары бас ауыруы (цефалгия), шаршағыштық пен әлсіздік, ұйқының бұзылуы 
(немесе ұйқысының қанбауы), ұмытшақтық, зейіннің төмендігі, ашушаңдық, өкпелегіштік, 


412 
жылауықтық, қорқыныш сезімі, басы айналып, орнынан тұрғанда көзі қарауытуы, жүрек 
тұсы шаншып ауыруы, тәбеттің төмендеуі, іштін ауыруы, үлкен дәреттің тұрақсыздығы 
мен іштің қатуы; солармен қатар, буындары мен түтікше сүйектердің сырқырап ауыруы, 
бұлшыкеттердін ауыруы мен қол-аяқ ұйып, мұздауы, мұрыннан қан ағуы, субфебрилитет, 
талып қалуы (синкопе). Осы шағымдар мен белгілерді – 
жастық неврологиялық, 
церебральдық, жүрек-қантамырлық, асқазан-ішектік
белгілері кешені деп топтап, төртке 
бөледі. Ауа-райы өзгерген кезде бұл шағымдардың көбейетіні байқалады. Бас ауыруы мен 
басқа да неврологиялық шағымдар мидың қанмен қамтамасыз етілуінін, оның артериялық, 
веналық бөліктеріндегі өзгерістеріне байланысты. 
Клиникалық белгілер бірден-ақ немесе кейінірек вагоинсулярлық немесе аралас 
жүретін пароксизмдер, криздермен ұштасады. Көбінесе криздер баланың аз уакытқа 
есінен айырылуы, талып кетулерімен айқындалады. Олардың көрінуіне себепші үрейлену, 
ашулану сияқты эмоциялар (вазовагальдық немесе рефлекторлық ес жоғалту) немесе
қапырық бөлмеде, қатты шаршағанда, орнынан тез тұруға байланысты жағдайлар 
(ортостатикалық немесе синокаротидтік ес жоғалту). Гипотониялық криздер кей жағдайда 
басының қатты ауырып, жастықтан басын көтере алмауы, тым әлсіздік байқалады. Сирек 
жағдайда бас ауыру жүрек айнуымен бірге білініп, тек құсқан соң ғана басылады. 
Аг-сы бар балаларда жүрегінің соғуы жиілеуі немесе сиреуі, жүрек тондарының 
бәсең естілуі, қысқа систолалық шу естілуі жиі кездеседі. Қанның минуттық көлемі
жоғарлап, осы кезде шеткі қантамырлардың тарылуы Аг-ның гиперкинетикалық түрінде 
жиі, ал, керісінше, гипокинетикалық түрінде минуттық көлемнің төмендеуі – сиректеу 
байқалады. Көздің артқы жағында (түбінде) Аг-ға тән ұсақ артериолалар мен веналардың 
бірдей кеңейгені көрінеді. Көз түбі артериолаларының тарылуы (ангиоспазм), сонымен 
қатар, веналардың кеңеюі бас сүйегі ішіндегі гипертензиялық синдромға тән. Соңғы 
синдром перинатальдық немесе жүре болған ми жарақаттарының қалдықты салдарында, 
ликвордың қысымы көбейіп немесе азайғанда жиі кездеседі. 
Диагнозы мен ажырату диагнозы
. Артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойын-
ша 40 мм (7-10 жасқа дейінгі балада), немесе одан төмен екеніне қарап, жоғарыда көрсе-
тілген шағымдар мен клиникалық белгілеріне сүйеніп, анамнез (тұқымында, әсіресе ана-
сында Аг бары) жинаумен біріншілік Аг-диагнозын қоюға болады. Диагноз қоюға, әсіресе 
екіншілік, бас сүйегі ішіндегі гипертензиялық синдромды анықтауға краниограмма (екі 
проекцияда), электро-, рео-, эхоэнцефалографияның (III-ынша көлемі кеңеюі) деректері 
жәрдем береді. Екіншілік Аг-ның эндокриндік, бүйрек, бүйрекүсті бездері ауруларында 
кездесетінін ескеріп, ажырату керек, соған сай тексерулер жүргізуге тура келуі мүмкін. 
Кризбен білінетін Аг-ны (аз уақытқа естен
 
айырылу, бастың ауыруы үдей түскенде) 
эпилепсия, жүрек ырғағы бұзылысы мен блокадасынан, ми шеменінен ажырату қажет.
Емі.
Дәрі-дәрмексіз ем: 
а) күн тәртібін жөнге келтіру, тәулігіне 9-10 сағаттай ұйықтау 
(күндіз ұйықтау), жастықтарды көтеріңкіреп салу, салқын таза ауада тәулігіне сағаттан аса 
болу; б) ертенгі гимнастика, су процедуралары (салқын сумен жуыну, душқа түсу, шырша-
минеральдық ванналар, бірақ су ыстық болмауы керек; в). тағамға ас тұзын жеткілікті 
(немесе көбірек) косу, шәй, кофе ішкізу; г) дене шынықтыру (жай жүгіру, тез жүгіру, 
велосипедпен жүру, бірақ ауыр спорт түрлері емес); д) массаж – қолды, желкені уқалау; е) 
физиотерапия. Магний, кальций, бром-кофеин, мезатонмен электрофорездер, кейде (бас 
сүйегі ішінің гипертензиясында) эуфиллинмен жасау. Рефлексті ем, лазерлік пунктура, 
бүйрекүсті безі тұсына индуктотермия пайдалы нәтижелер береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет