422
– синовиальды сұйықтықты зерттеу.
Әдетте, ЮРА-ның субсепсистік түрін анықтау қиынға түседі, балалар жиі ауруханаға
бактериальдық сепсиске күмәнмен түседі. Қанды бактериалық зерртеу барлық уақытта
теріс болады, сепсистің жергілікті ошақтары анықталмайды, антибактериальдық ем
нәтижесінде белгілер жойылмайды, бірақ преднизолон тағайындағанда басылады.
Сонымен қатар, диагноз қою үшін басқа да буындардың зақымдалуы байқалауы мүмкін
ауруларды жоққа шығару керек.
Ажырату диагнозы.
ЮРА термині көптеген елдерде ювениль ді соз ылмал ы
артрит (ЮСА) деген терминмен қатар жүреді. Аурудың басталу кезінде ЮСА
артриттердің барлық созылмалы түрлерін қосып қарастыру үшін қолданады да, кейін
ЮРА диагнозы қойылады. Бұл заңды болып келеді:
-
аурудың үдемелі дамуында (буын синдромының жайылуында (генарализациясын-да),
патологиялық процес ішкі мүшелерге тарағанда);
- зақымдалған буындардың бұзылуында (қирап қалғанда) (шеміршек тінінің бұзылуы,
буын бетінің узурациясы, анкилоздардың қалыптасуы);
-
буындар функциясының тұрақты бұзылуы және олардың үдемелілігі.
ЮСА термині балаларда созылмалы артриттердің тобын анықтау үшін қабылданған.
Бұл терминнің ішінде ЮРА, анкилозданған спондилоартрит, псориаздық және басқа
артриттер анықталуы қиын болуына байланысты «жасырынуы» мүмкін.
Басқаша айтқанда, толық нозологиялық диагноз қойылғанша қолданылатын
кезкелген генезді артриттің уақытша диагнозы. Бұл термин, аруға тиісті диагноз қою
қажеттілігіне байланысты, шектеліп қолданылуы керек.
Негізгі қиындық басқа ревматикалық арулуармен ажыратуда байқалады. Бұл жағдай-
да клиникалық белгілерінде буындық синдром байқалатын нозологиялық түрлерін – жүй-
елі қызыл жегі (ЖҚЖ), спондилоартропатия, дерматомиозит, ревматзим – ескеру керек.
Жүйелі қызыл жегіде бетінде осы ауруға тән бөртпе байқалады, ал буынның зақымдалы
эрозиялануға бейімдік байқалайды. Дерттің ерте сатыларында бүйректің және ОНЖ
зақымдалуы жиі байқалады. ЮРА-дан айтарлықтай айырмашылығы ДНК-ға антидененің
анықталуы, кейде лейкопения мен тромбоцитопенияның байқалуы болып келеді.
Серонегативті спондилоартриттер
(ювенильді спондилоартропатиялар) ЮСА-ға
жатады; қабыну процессі аяқтар буындарында орналасады; жалғамалардың, тарамыстар-
дың, буын капсулаларының (энтезопатиялар) зақымдалуына байланысты ауырсыну
компоненті айқын білінеді, увеиттер өте жиі байқалады. Клиникалық тұрғыдан, омыртқа
жотасының зақымдалуы байқалғанша, олигоартриттің ІІ түрінен ажырату қиын. Ауруда
айтарлықтай отбасылық бейімділік байқалады.
Спондилоартропатияның (СА) ЮРА-дан айырмашылығы:
1. СА-ның белгілері – арқаның ауруы, қимлдың шектелуі немесе қозғалудың қиындауы.
2. Жиі өстік қаңқа (омыртқа жотасы, құйымшақ-мықындық буындар) зақымдалады.
3. Энтезопатиялар жиі кездеседі.
4. HLA B27 – анықталуы мүмкіндігі жоғары болып келеді (СА-да – 90%, ЮРА-да – 15%).
5. РФ және АНФ болмайды.
6. СА ересектеу балаларда (>10 жас) дамиды.
7. Ербалалар жиірек ауырады (ЮРА керісінше).
Достарыңызбен бөлісу: