Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет262/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Базистік ем.
Ерте мерзімнен бастап ұзақ уақытқа (айлап, жылдап) тағайындайды. 
Өйткені, СҚҚД мен ГК айырмашылығы, олар сүйек және шеміршек тіндерінің бұзылуын, 
яғни аурудың үдеуін, баяулатады.
Көрсеткіштері: 
1. СҚҚД тиімсіздігі
2. аурудың тез үдеуі; 
3. ГК-ң дозасын азайтудың қажеттілігі. 
Процесстің активтілігі төмен болғанда және СҚҚД жеткілікті тиімділігі байқалмаған-
да 4 -6 айдан кейін ұзақ және баяу әсер етін (базисті ) дәрілер тағайындалады: 20 шақты 
аптаға сульфасалазин, сиректеу алтын тұздары (кризанол, тауредон); D- пеницилламин. 
Агрессивті дамитын аурудың полиартритикалық, жүйелік түрлерінде, увеитте иммуноде-
прессанттар қолданылады. ФРА-да ең тиімді болып метатрексат (әдетте 5-12,5мг 
апатасына 1 рет). Жағымсыз әсерін азайту үшін фоль қышқылы тағайындалады. Цикло-
спорин А тиімділігі жоғары бола тұра, өзін жақсы көрсетті (тәулігіне 4-6 мг\кг, 6-8 айдан 
кем емес). Аурудың жүйелі түрінде, буындардың ауыр зақымдалуларында тиімді, бірақ 
қымбат тұратындықтан сиректеу қолданылады. Сиректеу азатиоприн (1,5-2мг/кг күнде), 
циклофосфан (тәулігіне 4-5мг/кг) қолданылады. Иммуносупрессиялық жоғары тиімділікке 
аурудың алғашқы сатыларында қол жеткізген жөн, себебі тіптен азды-көпті үдеуі органи-
змде қалыптаспайтын өзгерістерге әкеледі. Ревмотоидті артритте базисті ем үшін арнайы 
қолданылатын, ревматоидтық фактордың концентрациясын төмендететін лефлюномид 
препараты жасалған. Моноклональды антидене-ісіктер некрозы факторларының 
ингибиторлары (инфликсимаб, этанерцепт), әсіресе метотрексатқа беріктік білдіретін, 
аурулар түріне ерекше үміт арытылып отыр. Жүйелік түрлерінде венаға жіберілетін 
иммуноглобуллиндер пайдаланылады.
Қосымша ем. 
Асқынған түрлерінде плазмофорез, кейде метилпреднизолонмен 
немесе циклофосфанмен қосарланып, қолданылады. ЕДТ, массаж, физиотерапиялық 
процедуралар (гидрокортизонмен фонофорез), гидрокортизон мен гепаринмен қосып 10-
30% 
димексидпен 
аппликация 
жасалады, 
аяқ-қол 
бұзылыстарының 
және 
контрактураларының алдын-алу, ревмоортопедиялық емдеу әдістері қолданылады.
Ағымы және ақыры. 
Болжамы процесстің өзінің сипатымен және мерзімінде және 
ауруға сәйкес ем жүргізілуімен анықталады. Жедел дамуы және Стилл синдромы аурудың 
болжамын ауырлатады, дегенмен ЮРА науқастың өміріне сирек қауіп туғызады, негізінен 
болжамы жағымды болып келеді. Көбіне ұзақ ремиссия (75%-да) байқалады. 
Болжамы 
серопозитивті науқастардың полиартритикалық және жүйелі түрлерінде 
буын функциялары тұрғысынан жағымсыздау болып келеді. Мүгедектік әдете, ұршық 
буыны зақымдалғанда және увеитте байқалады. Негізгі ауру болып келетін ревматикалық 
аурулардан көрі өлім себебі ретінде инфекциялар қарастырылады. Болжамының 
жағымсыздығы бүйрек амилоидазы дамығанда ауырлай түседі.
Дипансерлік бақылау.
Әдетте, ересектер арасына ауысқанға дейін жүргізіледі. 
Арнайы емханаларда таңдалып алынған емдеу жобасы емханалық жағдайда ұзақ уақыт 
қолданылады. Негізінен остеопороздың алдын алу үшін кальций және стреоидты емес 


427 
қабынуға қарсы дәрілер, глюкокортикоидтар, иммунодепрессивті дәрілер қолданылады. 
Интеркурентті инфекциялар қосылғанда антибиотиктер, жиі кең әсерлілері қолданылады. 
Алдын-алу үшін антибиотиктер берілмейді. Жеңіл инфекцияларда базисті ем жүргізіле 
береді, ауыр инфекцияларда тоқтатылады. Интеркурентті инфекциялар қосылғанда 
гормандар мен циклоспоринмен емдеу бұрынғы дозаларында жалғастырыла беріледі. 
Инфекцияның дамуы ауырлай түскен жағдайда, негізгі аурудың өршуі байқалмаса да 
ауруханаға жатқызылады.
 
9.8.2. СКЛЕРОДЕРМИЯ 
Склеродермия (СД) - 
коллагеноздар тобына кіретін, өзіне тән терінің Рейно 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет