Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет264/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Қосымша критериялары: 
1.
терінің гиперпигментациясы; 
2.
телеангиоэктазалар; 
3.
трофикалық бұзылыстар; 
4.
полиартралгиялар; 
5.
полимиалгия, полимиозит; 
6.
полисерозит (жиірек адгезивті); 
7.
созылмалы нефропатия; 
8.
полиневрит; 
9.
дене салмағын жою; 
10.
ЭТЖ артуы (20 мм\сағаттан артық); 
11.
гиперпротеинемия (85 г\л-ден жоғары); 
12.
гипергаммаглобуллинемия (23%-дан артық); 
13.
ДНК немесе АНФ-қа антидененің болуы; 
14.
РФ болуы. 
Негізгі белгілерінің үшеуінің немесе үш негізгі белгілердің біреуінің және үш немесе 
оданда көп қосымша белгілерінің байқалуы ССД диагозын дәлелдеу үшін жеткілікті 
болып есептеледі.
Емі.
Негізгі ем микроциркуляцияны жақсартатын (гепарин жағым майы, димексид), 
вазодилататорлар, глюкокортикостероидты жағар майлар (адвантан) жергілікті 
қолданумен шектеледі. Терінің зақымдалған жерін хирургиялық жолмен алып тастау 
патологиялық процессті жоя алмайды. Рейно синдромы байқалғанда антиагреганттар 
(аспирин, курантил, никотин қышқылы) ұсынылады. Терідегі процесс үдемелі болса және 
жүйелі түрлерінде ГК ішу арқылы тағайындалады. Процесстің жедел үдеуі байқалғанда 
және жайылмалы (генерализациялы) болғанда иммунодепрессивті (азатиоприн, 
метотрексат, циклоспорин) дәрілер қолданылады.
Ағымы мен болжамы. 
Балаларда ағымы негізінен созылмалы. Ошақты түрлері 
жүйелі түрлеріне сирек айналады және көбіне жайылуға бейімділігі байқалмайды. Активті 
процесс бірнеше айдан кейін тоқтап, жағымды эволюция алуы мүмкін немесе бірнеше 
жылдар бойына баяу дамиды. Жүйелік зақымдалу болмаса болжамы өмірлік тұрғыдан 
жағымды болып келеді. 


429 
9.8.3. ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІ 
Жүйелі қызыл жегі
(ЖҚЖ) – нәтижесінде көптеген жүйелер мен мүшелер 
зақымдалатын өз жасушаларына және олардың компоненттеріне антидене мен 
иммундықкешендік қабынудың пайда болуына әкелетін генетикалық иммунореттеуші 
процесстердің бұзылуы жататындықтан дамитын ауру.
Балаларда әдетте, жедел және ауыр дамиды, ересектерге қарағанда сиректеу 
кездеседі, 5 жасқа дейінгі балаларда өте сирек байқалады. 12 жастан кейін 
ауыршаңдықтың ең жоғары көрсеткіші байқалады (қызбалалар 8-10 есе жиі ауырады), 
бұның себебі эстерогендердің әсері болуы мүмкін. Пубертатты кезеңде ербалалар мен 
қызбалалар қатынасы 1:3 болады. 
Этиологиясы мен патогенезі.
Бейімделген организмде қозғаушы фактор болып 
вирустың активтелінуі есептелінеді. Басталуы интеркурентті инфекциямен байланысты. 
Тіндердің зақымдалу механизмінде аутоантидене және иммундық кешендер маңызды 
болып келеді. ЖДЖ-да негізінде иммундық механизм жататын бірнеше феномендер (С1-, 
С2-, С4- комплементтер жетіспеушілігі, иммуноглобуллиндердің, айналымдағы иммундық 
кешендердің деңгейінің артуы, лейкоциттермен, эритроциттермен, тромбоциттер
әсерленуші антиденелер; антинуклеарлы антиденелер) бар.
Жіктелісі.
ЖҚЖ – үш вариантқа айырады: жедел, жедедеу, созылмалы. Клиникалық, 
иммунологилық және морфологиялық белгілернің сипаты бойынша активтілігін үш 
дәрежеге бөледі: І – төменгі (минимальды), ІІ – орташа, ІІІ – жоғары. 
Жіктелісте жүйелілігі және аурудың жетекші синдромы (ОНЖ зақымдалуы, нефрит, 
серозиттер, жүрек-тамыр зақымдалулары, синдромдар: гематологиялық, терілік, буындық 
және басқалар) анықталады.
Клиникалық көрінісі
. Ауру жедел немесе аяқастынан басталады. Аурудың басталуы 
әлсіздікпен, арықтаумен, трофиканың бұзылуымен, қызбамен сипатталады. ЖҚЖ-ның 
негізгі үш синдромын бөледі: терілік, буындық және висцеральдық. Осыған сәйкес клас-
сикалық диагностикалық үштігі – дерматит, артрит, полисерозит тұрады деп, есептеледі.
Қызыл жегінің терілік түрі балаларда айтарлықтай сирек кездеседі. ЖҚЖ 50% 
балаларда басында терілік синдроммен білінсе, 45%-да терілік синдром дамуының әртүрлі 
сатыларында қосылады, тек 5%-да болмайды. 
Жиі кездесетін ерте байқалатын белгілеріне қызба, артрит (артралгия), дімкестік 
және бөртпелер жатады. Беттегі «көбелек» тәріздес бөртпе; алақандардағы эритроматоз-
ды макула; фотосенсибилизацияға байланысты терінің барлық бетіне шығып кететін 
бөртпелер; ауыз және мұрын қуыстарында байқалатын макулезді және жаралық 
элементтер клиникалық белгілерінің негізі болып келеді. Науқастар жиі буындардағы 
ауырсынуға, қозғалудың қиын-дауына шағымданады, бірақ объективті өзгерістер 
болмайды, тұрақты артрит сирек кездеседі. ЖҚЖ-ға плевритпен, перикардитпен, 
перитонитпен білінетін полисерозит тән болып келеді. Науқас балалардың көбінде бүйрек 
ауруының клиникалық белгілері – люпус-нефрит (жедел үдемелі; нефротикалық, айқын 
зәр немесе минимальды зәрлік синдромдармен) байқалады. Жиі гепатоспленомегалия 
және жайылған (генерализацияланған) лимфоаденопатия анықта-лады. ОНЖ-ның 
нейрондарға антидене пайда болуына және васкулиттерге байланысты зақымдалуы шеткі 
невриттердің, науқастың тұлғалық өзгерістерінің, құрысудың, ми қанайналымының 
бұзылыстарының себебі болып, ең жағымсыз болжамдық белгілер болып келеді. Көз 
ауруларынан эписклерит, ирит, көздің ішкі тор қабығының өзгерістері кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет