Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет261/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(105 кесте).
 
105 КЕСТЕ
РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТТЫ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАБЫНУ ПРОЦЕССІНІҢ 
АКТИВТІЛІК ДӘРЕЖЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМДЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ 
Активтілігі 
Маңызды ем 
Базисті ем 
Қосымша ем 
Төмен
(І дәрежелі) 
Орташа
(ІІ дәрежелі) 
Жоғары
(ІІІ дәрежелі) 
Ремиссия 
Стреиодты емес қабы- 
нуға қарсы дәрілер 
(СҚҚД) – ішуге; 
СҚҚД жағар май, крем 
түрінде жергілікті.
СҚҚД – ішуге 
СҚҚД – ішуге. 
Преднизолон (септи-
калық түрінде). 
Метилпреднизолонмен 
пульс-терапия 
СҚҚД-ны споради-
калық қабылдау 
Делагил, 
салазопиридазин 
D-пеницилламин; 
метотрексат 
Метотрексат; 
азатиоприн. 
Метилпред және 
циклофосфанмен 
пульс-терапия. 
Базистік дәрілерді
қабылдау 
Димексидпен апплика-
ция, буын аймағына 
лазер- немесе магнитоте-
рапия. Парафинмен аппли 
-кация (озокеритпен). 
Массаж, ЕДШ.
Буын аймағына индукто-
термия. Гидрокартизон-
мен фонофорез жергілік-
ті. Дипроспанды сустав 
ішіне енгізу; Массаж; 
ЕДШ. 
Плазмофорез; гемосорб-
ция; дипроспанды буынға 
жіберу; УКС немесе 
УЖЖ ток буын аймағына 
ЕДШ (жедел қабыну 
құбылысы жойылғаннан 
кейін). 
ЕДШ, санаторлық-
курорттық ем.


425 
Брюэр (Brewer) ауруы
сүйектік-шеміршектік аппарат дисплазиясында байқалатын 
салмақтық артропатия болып келеді. Шеміршектің және басқа дәнекер тіндерінің төмен-
деген резистенттілігі фонында шектен тыс салмақ түскенде кішкене микронекроздар және 
қабыну аймақтары пайда болады.
Ревматоидты артриттердің ерте сатысында қол басының буындарының зақымдалуы. 
110 сурет.
 Қол басыны буындарының ревмотоидтық зақымдалуы 
Брюэр ауруына тән белгілер:
1.
ерте остеоартритер немесе остеохондроздар отбасылық түрлері; 
2.
анамнезінде байламалардың, буындардың, зақымдалулары мен жыртылуларының, 
буын таюлардың, буында және сүйектегі ауырсынулардың болуы; 
3.
ауырсыну синдромының физикалық салмақпен байланыстылығы; 
4.
қабынудың активтілігінің жоғары болмауы, оның салмақты азайту барысында 
төмендеуі, ауырсынудың тез жойылып, қимыл-әрекетінің қалыптасуы; 
5.
ось бойынша бір немесе екі буынның зақымдалуы; 
6.
сұйықтықтың шектелулігі; 
7.
буындарда жергіліктелінген ауысынудың байқалуы; 
8.
буындарда остеопороздардың, гипермобильдігінің болуы және дәнекер тіндердің 
дисплазиясының басқа белгілерінің болуы. 
Маңызды (актуальды) ем.
Көп жағдайда емді стероидты емес қабынуға қарсы 
дәрілерден (СҚҚД) бастайды: Вольтарен (2-3мг\кг), индометацин (1-3мг\кг), напроксен 
(10-20мг\кг), ибупрофен (20-30мг\кг) және т.б. Соңғы кездерде селективті циклооксиге-
наза-2 ингибиторлары тиімді қолданылады: нимесулид, мелоксикам, лорноксикам, 
целекоксиб. Глюкокортикоидтар (ГК) қабынуға қарсы және иммуносупрессивті әсер етеді, 
балаларда онымен емдеуді ішкізуден бастайды (2мг\кг, бірақ 75кг\кг-нан аспау керек). 
ГК, оның ішінде преднизолонды, тағайындауға көрсеткіштер:
1. жоғары қызбамен немесе кардитпен (субсепсис) басталған жүйелік түрі; 
2. ГК жергілікті қолданғанда басылмайтын увеит немесе басқа буыннан тыс ауыр 
көріністері; 
3. Полиартритикалық түріндегі буындық синдромының қозуында, базисті ем әсер ете 
бастағанша (әдетте, тәулігіне 0,5мг\кг -нан артық емес); 
Жүйелік көріністер басылғаннан кейін 2-3 аптадан соң преднизолонның дозасы 
сүйемелдеуші (көмектесуші) дозаға дейін төмендетеді, сосын алма-кезекті (интермитер- 
леуші) қабылдауға ауыстырады, содан соң алып тастайды. Әдетте, преднизолонның 
қолданылатын дозасы неғұрлым аз болса, солғұрлым дозасын аздап азайту керек деген 


426 
қағида қолданылады. Жүйелік түрінде ГК болжамының жағымды болуына ықпал етеді, ал
полиатритттік түрінде, керісінше, жағымсыздыққа әкеледі, симптоматикалық ем ретінде 
қолданылады. Әдетте, ішкізілетін ГК-ы ұзақ қолданылатын, таңдаулы ем препараттары 
ретінде қолданылу тиімсіз болып келеді. 80 жылдардан бастап ГК «bridge»-терпия 
(«көпір» ем) ретінде, базистік препараттардың әсері басталғанша қолданылып жүр. 
Бұлардың ішінен буынға кеналог, дипроспан, әсіресе олиго- және моноартриттерде, 
жіберу тиімді деп саналады. Жоғары активтілігі байқалатын жүйелік түрлерінде ГК 
(метилпреднизолон) пульс-терапия үшін қолданылады: үш күн бойына тез тиімділікке 
жету үшін, демалып, ем таңдап алу үшін гепаринмен қоса 30мг\кг есебінен (бірақ 1000 мг-
нан артық емес) венаға тамшылатып жібереді. Пульс-терапия иммунодепрессанттарға 
сезімталдығын артырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет