Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет410/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Иммунитет
– антигендік гомеостазды қамтамасыз ету және қолдау жолы. Ішкі 
ортаның антигендік тұрақтылығы, яғни организмде тек «өзінікі» болуы өз
жасушаларының қабілетін реттеу үшін қажет (өзге бақылаудан «қашу»). «Өзгені» 
инфекциялық агент немесе оның өнімдері, аллогендік жасушалар (құйылған қан, 
трансплантат), вирус, химиялық-физикалық заттарды бойдан шығару немесе жою өзіндік 
гомеостазының «тазалығын» қамтамасыз етудің шарты. Осылайша инфекция, қатерлі ісік, 
аутоагрессиядан қорғану іске асып отырады. 
«Өзінің» тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, оны танитын тетік кажет, 
яғни «өзін өзі тану», бұл үшін жасушаларда гистосәйкестіктің басты кешенінің (ГБК, 
МНС-Маjог histomcopatibiliti соmрlех немесе НLА-Нuman lеuсосуtе antigen) молекулалары 
бар. Өзін өзі тану тетігінің қалыптасуы антенатальды кезеңде тимуста жүреді; бұл Т-
лимфоциттер клондарын таңдаудан (селекциядан) тұрады, соңғылар НLА – қатынасы 
арқылы өз жасушаларымен жарасымды қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. 
Иммундық жауаптың кез келген түрі (иммунитет, толеранттылық, аллергия, 
иммундық жад т.б.) спецификалық: антигеннін (АГ) қарсыденемен (спецификалық 
иммуноглобулин молекуласының комплементаралық бөлігімен, немесе Т-клеткалық 
рецептор – ТКР) әрекет-қатынасқа түсуі; және спецификалық емес: адгезия, 
цитокиндер, екіншілік жасушаішілік «қосушы» молекулалардың араласуы, антиген-
антидене реакциясының іске асуы мен реттелуі үшін қан мен дәнекер тіндердің түрлі 
жасушаларының жұмысқа қосылуы. 
«Өзгені (бөтенді) жоюдың тәсілдері әртүрлі: 
1. 
Спецификалық (Jеll мен Сооmbs бойынша аллергия жіктелуінің П-типі) және 
спецификалық емес цитолиз (ІІІ-тип-иммунокомплекстік), бұлар антиденелер және 
комплемент жүйесі протеазаларының қатысуымен жүреді. 
2. 
Қарсыденелер, спецификалық емес киллер-жасушалар, олардың Ғс-рецепторлары 
және жасушаішілік протеазалар экзоцитозы араласуымен жүретін спецификалық 
цитолиз (қарсыденелерге тәуелді жасушалық цитотоксикалық – КДТЖЦ). 
3.
Спецификалық жасушалық цитолиз (IV-тип) ТКР цитотоксикалық Т-лимфоциттер 
(ЦТЛ - Т-киллерлер) араласуымен; 
4. 
Табиғи киллерлер жұмысымен жүретін спецификалық емес клеткалық цитолиз (NК – 
Natural killer cells). 
5. Опсонинденуге ұшыраған клеткалардың фагоцитозы және олардың лизосомальдық 
ферменттер мен әсіресе тотықты радикалдар көмегімен жасушаішілік жойылуы. 
ИММУНДЫҚ ЖАУАПТЫҢ ЖАСУШАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДІК НЕГІЗДЕРІ 


613 
Спецификалық иммундық жауаптың морфологиялық субстраты – лимфоидтық 
тін, бұл орталық (тимус, сүйек майы) және шеткі (лимфа түйіндері, көк бауыр, ішекпен 
бірлес лимфа құрылыстары) агзалардан құралады. Лимфоциттер популяциясы: Т-В- 
жасушалар және табиғи киллерлерге бөлінеді. 
Т-В-клеткалар және табиғи киллерлердің алдындағылар полипотентті гемопоэздік 
жасушалардан дамиды. 
Иммундық жауап – гендік орайласқан антиген беретін (презент) клеткалар (АПК) 
және Т-клеткалардың субпопуляциялары арасындағы клетка-аралық қарым-қатынас, ал 
гуморальдық жауап іске асуы – Т- жасуша -хелперлер мен В-лимфоциттерге байланысты. 
Тимусқа түскен Т-клетка алдындағылар оның стромальды клеткаларымен, оның еритін 
өнімдерімен өзара байланысып, жетілу мен бөлінудің бірнеше сатысынан өтеді. Бұл кезде 
клетка мембранасында ажыратылудың этаптарына сәйкес кластерлер (молекулалар) – СД 
– С1аstег оf differentiation – пайда болады.
СД – молекулалары субпопуляциялар маркері ретінде рецептор рөлін атқарады, 
мысалы СД-8 МСН І-класс гендері өнімдері үшін (бұлар организмнің барлық 
клеткаларында бар және «өзінікінің» белгісі), ал СД-4 ІІ-ші класстық МСН 
клеткаларының рецепторы (бұлар АПК клеткаларында болады). Кептеген СД-клеткалар 
адгезия молекулалары орнында (селектиндер мен ингтегриндер) клеткааралық қатынас 
қалыптастырып, клеткалық ортаға сигналдар таратуға қатысады, сонымен бірге, СД-
молекулалар вирустардың рецепторы да бола алады (мысалы, СД 4 АИТВ, ал СД21 
Эпштейн-Барр вирусы үшін). 
Т-клеткаларынын тимуста ажыратылуының 2 жолы бар: біріншісінде g/dТ-клеткалар 
туындайды, бұлардың рөлі әзірше белгісіз; екіншілері - а/b СД 3 Т-клеткалар, бұлар НLА 
I- және II-класс молекулаларымен байланысып, СД4+ (хелперлердің алдындағылар) не 
СД8+ (супрессорлар мен цитостатикалық, лимфоциттер алдындағылар – ЦТЛ) 
лимфоциттеріне айналады. 
Сонымен, тимуста аса мәнді екі процесс жүреді: 
1. Өзін өзі тани алатын клондар бөлінуі (селекция), бұл кезде МНС ІІ-класы 
қатысуымен СД 4+ лимфоциттер жауабы шектеулі, ал СД 8+ жауабы да І-класс 
бойынша шектеулі. 
2. Өзінің антигендерімен қатынаса келе лимфоциттердін клональдық инактивациясы 
болады («тиым» салынған клондардын өлімі – Т-клеткалық аутотолеранттық тетік). 
Т-лимфоциттердін әрі қарай жетілуі тимустан шыққан соң: Т-хелперлер дамуы 2 
жолмен жүруі мүмкін: Т-хелперлердің І-типі (ТҺ1), бұлардан негізінен JL-2 және 
интерферон гамма; Т-хелперлердің ІІ-типі (ТҺ2), бұлардан туындайтындар JL- 4, -5, -10. 
Цитокиндер Т-лимфоциттердің жетілу бағытын өздері шеше алады. Өзіндік ТСК 
болғандықтан (АГ-ге сай) Т-лимфопиггердін клональдык рестрикциясын анықтайды, 
демек, тек белгілі антигенмен байланысу қабілеті – спецификалық жауап тегі. 
В-лимфоцит алдындағылар да сүйек майынын стромальды клеткалары әсерінен 
жетілудің түрлі этаптарынан өтіп, кейін мембраналық иммуноглобулиндер (mig) түзе 
алатын болады. Сүйек майынан шығып, В-клеткалар mig Д алған соң комплементарлық 
белокпен араласуға және СД 4+ Т-хелпер арқылы плазматикалық клеткаға ауыса алу 
қаблетіне ие болады. Бұл лимфа түйіндерінің герминативті орталығында жүреді. Жетілген 
В-клетканың антигендік кешені антиген байланыстыратын мембраналық иммуноглобулин 
мен трансдуктор/транспортер қабілетті белоктардан тұрады. Трансдуктор-белоктарды 
кодтайтын гендер де иммундық жауапты гендік байқауға қатысады. 
В-лимфоцигттердің жетілуі соңында әр плазматикалық клетка тек белгілі изотипті 
және өзіндік иммуноглобулин түзіп, шығара алады. Иммуноглобулиндер – тетрамерлер, 2 
жеңіл және 2 ауыр тізбектерден тұрады. В-клеткалар беткейінде олар антигендер үшін 
рецептор рөлін атқарады, ал түзілген қарсыденелер гуморальдык иммундық жүйенің 
эффекторлары болады. 


614 
Иммундық жауаптың реттелуі мен іске асуында (яғни эффекторлық фаза) ерекше 
орынды цитокиндер мен олардың рецепторлары алады. Бұл еритін медиаторлардың үлкен 
тобы: интерлейкиндер, колониестимулдаушы факторлар (КСФ), интерферондар, бұларды 
негізінен Т-лимфоциттер мен моноциттер түзеді. Бұлардың кабілеті кең түрде, мысалы, 
бір цитокин түрлі қабілетті болып, олар әртүрлі жасушаларға арналса; және де түрлі 
цитокиндердін эффектісі бірдей болуы да мүмкін. 
ИЛ-1, -6, -8 жедел фазалық реакцияны ынталандырады және де иммундық жауап 
этаптарына да қатысады: ИЛ-1 СД 4 Т-лимфоциттерді (хелперлер) белсендіреді, соңғылар 
ИЛ-2 түзеді. ИЛ-6 В лимфоциттердің жетілуі мен қарсыденелер түзуін ынталандырады. 
Цитокиндер әсерінің спектрі кең: пролиферацияны бақылау, лимфоидты 
клеткалардың жетілуі, иммуноглобулиндер кластарын түзу (мысалы, ИЛ-4 мен ИЛ-13 Іg Е 
түзілуіне жауапты) ж.б., демек, біржола иммунитет, қабыну және гемостаз
құбылыстарына бақылау жүргізеді. 
Иммунды компонентті клеткалар, олардың рецепторлары (оның ішінде 
иммуноглобулиндік), цитокиндер мен оның рецепторлары және адгезия молекулаларын 
(селектин- мен интегриндер) қалыптастыруға қатысатын гендер түрлі хромосомада 
орналасқан; НLА жүйесінің гені 6-хромосоманың қысқа иығында. Іg-дердің ауыр тізбегі 
және ТСR-дің α, ß, g тізбектері 14-хромосоманың гендерімен кодталады. Іg-дің женіл 
тізбектері 2 және 22-хромосомалар гендерімен кодталады. Иммундық жауаптың гендік 
байқауы Х-хроморомада орналасқан біраз гендерге қатысты, бұл біріншілік 
иммундытапшылық синдромы - ИТС-дардың Х-қиулас тұқым қуалауында байқалады. 
ИТС-тың түрлі дерттермен байланысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет