38
Ағылшын тілі бүгінгі күні орта мектептерде білім алып жатқан оқушылардың барлығымен
тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ», - деп атап
өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырды,
әрі кез – келген ұстаз бен ата – ана бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін шын жүрегінен қолдайды.
Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу ұлы байлық. Ағылшын
ілгерілеушілік пен технологиялардан тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз деді.
Сонымен қатар, еліміздің орта мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізілуде, ондағы негізгі
мақсат – білімді әлемдік білім кеңістігіне енгізу.
Жаңашылдық деген қызығушылық – басты ішкі талпыныс болып табылады.
Оқушыда
жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер оқушының бар ақыл
– ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Қызығушылықтың арқасында
білімді де, әрі оны игеру де, жан – жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор
саналады.
«Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім, дамыған ақыл тудыра қояр ме екен?» - деген
екен ғұламалар. Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болу керек. Осы
тұрғыда ағылшын тілі пәні мұғалімдері ағылшын тілін оқыту сапасын жақстару мақсатында
тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялық
әдістерді барынша
қолдануда.[2-27б]
Бұл технологиялық әдістерді оқытудағы алға қойған мақсат оқушының біртұтас жүйе
ретінде белгілі бір бағытта дамуына мүмкіндік беру жаңа модульдік жүйенің негізгі идеясы;
тұлғалық бағдарлық білім беруге; түсіндіруден – түсінуге; монологтан – диалогқа; әлеуметтік
бақылаудан – дамытуға; басқарудан – өзін – өзі басқаруға көшегу бағытталған.
Ал мұғалімнің негізгі міндеттері: қарым – қатынас орнату; оқушылардың өзара
әрекеттестігіне жол ашу; оларға шығармашылық еркіндік беру.
Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен
бірге ағылшын тілінде еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын
үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Қазіргі таңда жаңа
педагогикалық технолгиялар түрлері өте көп, мұғалімдер
қауымы оларды тәжірибеде
қолданып, тиімділігіне көз жеткізуде.
Инновациялық оқыту технологияларының білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол.
Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу, ақпарат жинап, онымен жұмыс
істеу деңгейін арттырады.
Топтық жұмыс барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптаса бастайды.
Тақырыпты оқушылар топтаса отырып бір – біріне түсіндіреді, ақылдасады, ешқандай
оқушы қалыс қалмайды. Жаңа ақпараттық құралдары ағылшын
тілі сабағында қолданғанда
күтілетін
нәтижелер:
үлгерімі
төмен
оқушыларға
көмектеседі;
оқушылардың
шығармашылығын арттырады; оқуышларды жеке жұмыс істеуге; оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын өсіреді; сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын молайтады;
грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі; оқушылардың есте сақтау, есту,
көру, сөйлеу,
ойлау қабілеттерін дамытады; пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін
арттырады. Сондықтан инновациялық технолгияларды қолдану мұғалімнің әрекетін
белсенділендіріп, сабақтың нәтижелілігін ұлғайтады, ал оқушылардың білім меңгеру
ынтасымен талабын, зияткерлік мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Оқушылардың тілін қалыптастыру мен дамыту – педагогикалық өзекті мәселелердің бірі.
Ағылшын тілін меңгертуде оқушылар өмірінде сөйлеу тілімен бірге жазба тілі де ерекше
орын алады. Оқушының жазба тілінің қалыптасып
дамуында оқулықтардың, оқу
құралдарының ықпалы айрықша. Алайда, оқушының сөйлеу тілінің де қалыптасуы мен
дамуы назардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені, оқушының сөйлеу тілі мен жазба тілін қатар
дамытудың қажет екендігі белгілі. Оқушы айтайын деген ойын жазба тілі, сөйлеу тілі арқылы
да дұрыс, емін – еркін, еш қиындықсыз, әсерлі түрде жеткізе білуі тиіс.[3-17б]
Қорыта келгенде, шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты – әр түрлі әдістерді
пайдалана отырып оқуышлардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру. Мұғалім