Сырғанау
Осы топтық жаттығулары тірексіз көлденең қалыпты жетілдіруге және жүзушінің бастапқы қалыпын үйренуге бағытталған: дене созылған және күш салу қалпында жылжиды, аяқ пен қол түзу және қосылған, аяқ ұшы созылған, бас қол арасында орнласқан, бас суға түсірілген, көз ашық, кеудеде сырғанау. Бастапқы қалыптың дұрыстығы кейінгі қозғалыстардың жөн болуын анықтайды, сондықтан сырғанауды меңгеруге арналған жаттығуларға өте маңызды көңіл бөлу керек. Дұрыс орындалған сырғанау келесі факторларды айқындайды: итерілу алдында бастапқы қалып, серпудің күші мен бағыты, сырғанау кезінде дененің қалпы. Алдында орындалған көптеген жаттығулар сырғанауды меңгеруге, жекелікте екі аяқпен бір мезетте итерілу (аяқтың бұлшық етінің күшеюі), суға кұлауға («Бағаналар»), «Қалтқы» және тағы басқаларға бағытталған. Енді төменде келтірілген жаңа жатығуларды зерттеу күтіп тұр.
Бастапқы қалып – су түбінде тұру, қол жоғары және екі жаққа созылған. Отырып демді ішке тарту, тыныс алуды тоқтату, еңкею, суға бетті түсіру; қолды суға салу, оларды қосып, алға созу; су түбінен итеріліп, кеудеде сырғанау.
- «Мергендер жүзіп кетті». Жатып таяну қалпында бүгілген аяқтарды қабырғаға қою- демді ішке тарту; басты түсіріп (бетпен суға) және тыныс алуды тоқтату; қолдарды тез қосып, алға түзеу, итермелеп, кеудеде сырғану, көзді жұмбау (Б.қ); сол сияқты, бірақ дене көлденең қалыпты қабылдаған кезде, сол (оң) қолмен есуді орындау, денеге оны қысып, осы қалпында сырғанау (Б.қ); сол сияқты екі қолмен бір уақытта есуді орындау, қолды денеге қысып, осы қалпында сырғанау (Б.қ). Соңғы екі жаттығулар берілген топтамаларда бір, және екі қолмен есу бір мезгілде тек қана бір рет орындалады, есуді орындаған қол денеге қосылып қалады, ал сырғанау жалғасады. Сырғанауды тоқтату тек қана осы жағдайларда: кейінгі тыныс алуды тоқтату қиындатылса, дене тоқтатылады (сырғанау таусылды). Бұны қайдан білуге болады? Егер сырғанау ашық көзбен орындалса, онда көз алдында «су түбі қашқандай болса». Аяқтар белсене түседі, батады, қозғалуға кедергі келтіреді; Нұсқаушының тапсырмасы орындалады. Еске саламын, осы жаттығуларды ұзақ тыныс алуды тоқтатумен байланыстырған, сондықтан олардың аяқталуымен суға кеміне 10 рет дем шығаруды орындау қажет.
Сырғанауды үйрену кезінде, қандай да бір бастапқы қалыптан орындалса да, қатты итерілу керек емес, қатаң қимыл бағытымен маңызды жасау. Кеудеде және арқада сырғанауды меңгеру өлшеміне қарай серпуді қатты орындау керек, өйткені осыдан сырғанаудың ұзақтығы да байланысты.
Бастапқы қалып – тұру, қол жоғарыда, отыру, артқа еңкею; дене тіректі жоғалтқан кезде және құлаған уақытында, екі аяқпен бір мезгілде артқа итерілу; арқаға жатып, сырғанау (Б.қ); сол сияқты, бірақ қабырғаға бетпен қарау және оған аяғын қою.
Қолдар денеге қосулы, иекті суға түсіру, екі аяқпен итерілу және осы қалпында арқада сырғанау жаттығуларын орындау. Жаттығуды орындау- демді ішке тарту, бетті суға түсіру, қолды тез түзету (бас қолдардың арасында), тыныс алу тақтадай тура- итеріліп, кеудеде сырғанау; сол сияқты 3 жаттығу, бірақ қолды бастың артына апару, денені баяу түсіру (батырыңқырау), итеріліп, арқада сырғанау; сырғанауды меңгеру өлшеміне қарай, серпу алдында әлсін суға батып, қатты итеріліп, кеудеде сырғанау, қолдың қалпы таспырмаға сәйкес анықталады. Алдыңғы жаттығуларда берілген топтамада серпуді, дене көлденең қалыпты қабылдағанда, ал қолдар созулы және қосулы болғанда маңызды орындау. Дененің бір қалыпта сақталуын қамтамасыз етеді.
Кеудеде сырғанау, қолдар алда. Есуді сол (оң) қолмен орындау, қолды денеге кысу және сырғанауды жалғастыру; сол сияқты, бірақ екі қолмен бір мезгілде есуді орындау.Арқада сырғанау, қолдар бастың артында. Сол (оң) белге бұрылыс, кеудеге бұрылыс 360; көрсетілген қалыптарды белгілеу (Б.қ.)
«Шыр айналау», «Шырмауық»; кеудеде сырғанау, тапсырмаға сай қолдың қалпы, аяқ ұшы «қалтқымен», «имек таяқпен», «көсеумен», «талтақтаумен». Ал, кейбір балалар өз еркімен немесе басқа да себептермен көлденең қалыпты қабылдап, аяқпен қимылдауға тырысады. Осы ұмтылысты шешуші техникаға мән бермей, көз жұму қажет. Жоғары келтірілген жаттығулар кейінгі сабақтардың негізгі мақсаты болып табылған емес, олар тек қана басқа жаттығуларды және тапсырмалардың кезінде шешуші рөл атқарды. Одан астам, кез келген балабақшада және хауыздың абонементтік топтарында аяқ пен қолдың қимылдарын үйренуін бастамай, сырғанауды меңгерген балалалар болуы мүмкін. Жүзудің әр түрлі тәсілін меңгеруге бейімі байқалады, яғни тыныс алуды тақтатумен толық үйлесімділікте жүзуіге ұмтылады. Осындай балаларды мақтаған жөн, өйткені олар еліктеуге үиір болады. Аз бейімі бар балаларға жүзудің бір тәсілін үйренуі ұзаққа созылады, брақ соңғы жиынтықта жүзуді барпығы үйренуі тиіс. Енді барлық балалалр қолмен және аяқпен қимылдаудың зерттеуіне көшеді, өйткені олар жайлы бастапқы қалпын (көлденең) үйренеді; бұл ендігі сабақтардың негізгі тапсырмасы болады. Егер аяқтың қимылын орындаған кезде мәнді техникалық ақаулар туындаса, онда оларды кетіру керек (осыны қалай істеу керектігі төменде айтылады). Алғашқыда қолмен жайлы қимылдарды зерттеу, барлық спорттық жүзу тәсілдерінің негізгі техникасын кұрайды. Барлық осы қимылдар екі қолмен бір мезгілде орындалады. Өйткені, профессор В.С. Фарфель мен оның оқушыларының зерттеулерімен белгіленген: адамның туа біткен қолмен қимылдары – бұл бір мезгілде бас салу, алма-кезек кимылдар ағзаның өсу және даму процесінде пайда болады. Кішкентай балаға көбірек екі қолмен бір мезетте жеңіл қимылды орындау. Олардың маңыздылығы келесі себептермен турақталады. Біріншіден, осы жағдайда үлкен күшімен туады, дене және бас жоғары орналасқан. Екіншіден, екі қолмен бір мезгілдегі қимылдың құрылымы спорттық жүзу техникасының тәсілдеріне жақын, өйткені су бетіндегі тірек көлемі осы жағдайда жоғарылайды, техникалық қателіктердің туындауы азаяды. Бұл келешектегі жүзушілерді прогресивтік техникаға оқыту қорының бірі.
Кеудеде сырғанау, кейінгі екі қолмен бір мезгілдегі қимылдармен. Түзу қолдар екі жақ арқылы төмен жамбасқа дейін; денеге қосылып; сырғанауды жалғастыру, тыныс алу тоқтатылған. (Б.қ) Түзу қолдар төмен және артқа, жамбасқа дейін (Б.қ) Бүгілген қолдар төмен-артқа, жамбасқа дейн (Б.қ) бүгілген қолдар ортаға, артқа, жамбасқа дейін.
«Ромб» (Б.қ) кеуде астында бүгілген қолдармен шеңберлі қимылдар, бастапқы қалыпқа түзете, - «Жапырақ» Б.қ «Құмды сағат» және «Жабылған құлып» түрінде бүгілген қолдар.
Есу бір қолмен жамбасқа дейін, басқасы әуемен (пронос) қимылды бастайды және кеиін тақтаусыз. «Қолда жүрмін» Б.қ алма –кезек жаттығулары.
Арқада сырғану келесі қол қимылдармен.
Жамбастан «Сегіздіктер» көлденең немесе еңкейкен түрінде, тербеліс аралығын өзгерте, қолдарды бүгіп және жауып, еркін аяқпен қимылдау. Бір мезгілде екі қолмен қимылдап, судан (шығару), еркін аяқпен қимылдау, қолдар жамбастың немесе бастың артында тоқтауы мүмкін. Қолмен алма-кезек қимылдар: аяқпен еркін қимылдау немесе құлаштап жүзу қимылын еске түсіреді. Б.қ Нақты бұл кеудеде құлаштап жүзу ұмтылысы толық үйлесімді. Егер де кейбір балаларда кеудеде жату және сырғанауда қиындықтар туатын болса, ал жоғарыда келтірілген жаттығулар үлкен еңбекпен орындалады, онда міндетті түрде менгерілуін кеуделемеу керек. Кеудеде құлаштап жүзу немесе брас оларға қызықты да, қол жетімді болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |